Сабақтың тақырыбы: Тест жұмысы
Сабақтың мақсаты: Бастапқы химиялық ұғымдар тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, қорыту, пысықтау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой-өрісін, логикасын дамыту, алған білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды білімге деген оң көзқараспен қарауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Түрі: бақылау сабағы
Көрнекілігі: тест жұмыстары
Барысы: 1. Ұйымдастыру
А) сәлемдесу
Б) түгендеу
2. Тест жұмыстары. ( нұсқалар бойынша)
І-нұсқа
1. Химиялық құбылысты тап:
а) көмірдің жануы;
б) қанттың суда еруі;
в) балдың балқуы;
г) спирттің булануы.
2. Өзен құмы мен судың қоспасын бөліп алуға болады:
a) магнит арқылы;
б) қоспаны қыздыру арқылы
в) ерітіндіні сүзу;
3. Затты тап:
а) шық тамшысы;
б) мыс тиыны;
в) бор бөлігі;
г) сынап.
4. Жай заттың формуласын тап:
а) K2SО4; б) N2O; в) CuS; г) H2.
5. Мына жазу нені білдіреді : 7F2
а) 7 атом фтор;
б) 14 атом фтор;
в) 7 молекула фтор;
г) 7 молекула.
6. Мына жазуда коэффициент...... тең 3NO2
а) 3;
б) 6;
в) 2;
г) коэффициент жоқ.
7. СО2 салыстырмалы молекулалық масасы тең:
а) 32;
б) 18;
в) 44;
г) 28.
8. ZnS мырыштың массалық үлесі мынаған тең :
а) 67;
б) 50;
в) 94;
г) 80.
9. Мына қосылыстағы Cr2O3 хромның валенттілігі :
а) 2;
б) 3;
в) 4;
г) 6.
10. Мына теңдіктегі коэффициенттер болады
…N2 + …Н2 = … NH3
a) 2, 3, 2;
б) 4, 5, 2;
в) 2, 5, 4;
г) 2, 2, 6.
11. 128 г күкіртпен реакцияға түскен натрийдің массасын есепте:
2Na + S = Na2S.
a) 9,2
б) 23;
в) 184;
г) 92.
12. 2 атом калийден 2 атом хром және 7 атом оттектен құралған формуланы тап
a) CaCr2О7;
б) К2СО3;
в) К2СrO4;
г) K2Cr2O7.
13. 47% N и 53% О тұратын заттың формуласын тап:
а) N2O;
б) NO;
в) N2O3;
г) NO2.
14. Теңдеуді толықтыр
… + … = 2ZnO.
a) Zn и Р;
б) Na и О2;
в) Zn и O2;
г) 2Zn u O2.
15. 200 г СаСО3 ыдырағанда түзілетін(СО2)-нің массасы қанша:
СаСО3 = СаО + СО2?
а) 56;
б) 88;
в) 112;
г) 140.
16. 128 г О2 қанша зат мөлшері бар?
а) 4;
б) 2;
в) 3;
г) 0,1.
17.Оттектің молекуласы 2 атом екенін ескере отырып мына заттардың натрий, кальций және фосфордың оттекпен реакция теңдеулерін жаз
2-нұсқа
1. Химиялық құбылысты тап:
а)Сіріңке басының жануы;
б) Шамдағы вольфрам сымдарының жарқырауы;
в) Спирттін булануы;
г)Судың қатуы.
2.Алюминий мен темірдің үгіндісінен тұратын қоспаны бөліп алуға болады:
а)Су қосып ерітіндіні сүзу;
б)Қоспаны қыздыру;
в)Магнит арқылы;
г) Бөліктерін механикалық бөлу.
3.Затты тап:
а) Мыс купоросының кристаллдары;
б) Темір үгінділері;
в) Болат сымдары;
г) Оттек .
4. Жай заттың формуласы:
a) K2SО4;
б) Na;
в) CuS;
г) Н2О.
5. Мына жазу «6N2» нені білдіреді:
a) 6 атом азот;
б) 12 атом азот;
в) 8 молекула азот;
г) 6 молекула азот.
6. Мына жазуда «3SO3» коэффициент тең:
a) 3;
б) 10;
в) 9;
г) коэффициент жоқ.
7. SO2 молекуласының массасы :
а) 32;
б) 80;
в) 64;
г) 48.
8. ВаО барийдің массалық үлесі :
a) 50;
б) 73,7;
в) 10,5;
г) 89,5.
9. Fe2О3 темірдің валенттілігі:
a) 2;
б) 3;
в) 4;
г) 6.
10.Мына теңдеудің коэффициенттері
...Fe + ...Сl2 = ...FeCl3
а) 2, 3, 2;
б) 4, 5, 2;
в) 2, 5, 4;
г) 2, 2, 6.
11. 64 г оттекпен реакцияға түскен литийдің массасын есепте:
4Li + О2 = 2Li2O.
а) 6,3;
б) 28;
в) 56;
г) 84.
12.Кальций атомы,көміртек атомы, 3 атом оттектен тұрған формуланы тап :
а) СаSiO3;
б) K2SiO3;
в) К2СО3;
г) СаСО3.
13 46,7% N и 53,3% О тұратын формуланы тап:
а) N2O;
б) NO;
в) N2O3;
г) NО2.
14. Теңдеуді толықтыр
... + ... = Fe3O4.
а) 3Fe мен 4О;
б) 3Fe мен 2O2;
в) Fe3мен О2;
г) Fe3мен 2O2.
15. 252 г МgСО3 ( магний карбонаты) ыдырағанда қанша грамм магний оксиді(MgO)түзіледі:
MgСО3 = MgO + CO2?
а) 40;
б) 24;
в) 240;
г) 120.
16. 56 г азотта N2 қанша моль бар?
a) 1;
б) 2;
в)3;
г) 0,1.
17.Оттектің 2 атом екенін ескере отырып мына заттармен реакция теңдеулерін жаз: натрий,кальций,күкірт.
3-нұсқа
1.Физикалық құбылыс:
a)Күкірттің жануы;
б)әк суының лайлануы;
в) мыстың балқуы;
г) қанттың жануы.
2. Суды бензиннен айыруға болады:
А түсіне қарап;
б) иісіне;
в) агрегаттық күйіне;
г) бөлшектердің көлеміне байланысты.
3. Денені тап :
а) Сұйытылған оттек;
б) марганец;
в) Судың бөлшегі;
г) Су.
4. Күрделі заттың формуласын:
а) Ba;
б) Cl2;
в) S;
г) BaCl2.
5. Мына жазу «3CO2»нені білдіреді:
а) 3 атом көміртек;
б) 3 атом көміртек және 6 атом оттек;
в) 3 молекулалы көмірқышқыл газы ;
г) 3 атом көмірқышқыл және 3 атом оттек.
6. Мына жазуда «5Na2СО3» индекс болып табылады:
а) 5, 2, 3;
б) 10 мен 15;
в) 2 мен 3;
г) 10, 5, 15.
7. 2 молекула күкіртсутектің (H2S) салыстырмалы молекулалық массасы
а) 68;
б) 18;
в) 34;
г) 48.
8. Cu2O мыс(І) оксидіндегі мыстың массалық үлесі
а) 5;
б) 25;
в) 40;
г) 88,9.
9. Мына қосылыстағы Сr2О3 хромның валенттілігі
а) 2;
б) 3;
в) 4;
г) 6.
10. Теңдеудегі коэффициенттер
...N2 + ...Н2 = ...NH3
а) 2, 3, 1;
б) 1, 2, 3;
в) 1, 3, 2;
г) 3, 4, 6.
11. 4 г сутек пен хлор әрекеттескендегі түзілген хлорсутектің массасы:
Н2 + Сl2 = 2НСl.
а) 146;
б) 36,5;
в) 73;
г) 1,8.
12. Fe2(SO4)3 ... атом темір, ... атом күкірт, ... атом оттектен тұрады:
a) 2, 1, 4;
б) 2, 3, 12;
в) 2, 4, 12;
г) 2, 3, 3.
13. 92,3% С и 7,7% Н тұратын заттың формуласы:
а) СН4;
б) С2Н2;
в) С2Н4;
г) С6Н6.
14. Теңдеуді толықтыр
... + 6HCl = 2AlCl3 + ... .
а) 2Аl мен Cl2;
б) Н2мен Cl2;
в) 2Аl мен 3Н2;
г) 2Al мен Н2О.
15. 160 г CuO-н қанша грамм мыс алуға болады
CuO + H2 = Cu + H2О?
а) 160;
б) 80;
в) 128;
г) 40.
16. 12,04 • 1023 судың молекуласы қанша зат мөлшерінен тұрады?
а) 1;
б) 3;
в) 1,2;
г) 2.
17. Хлор молекуласының 2 атомнан тұратынын ескере отырып, мына заттармен реакция теңдеулерін жазыңдар: темір, натрий, кальций
Бекіту Тест жұмыстарын тексеру
Үй жұмысы: Қайталау