kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жамбыл облысында?ы т?з ?орын химиялы? ??деу ар?ылы медициналы? препараттар?а ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі уа?ытта ?лемдік жаhандану ?рдісіне бет б?ру кезе?інен бізді?

еліміз ?аза?стан Республикасыны? да ілгері дамы?ан 50 ел ?атарына енуіне

?ажетті ал?ы шарттарыны? бірі халы? шаруашылы?ын дамыту, ?леуметтік-

экономикалы? саясатын ж?зеге асыру керектігі Елбасыны? жолдауы с?здерінен ай?ын болып отыр. «Елімізді? болаша?ы білімді жастарды? ?олында» деген с?з жолдары Жамбыл облысы жастарыны? да жа?а серпінмен е?бек етуін ж?не ?здеріні? барлы? к?ш-жігерін елімізге ж?мсауын міндеттейді.

       Жамбыл облысыны? орталы?ы болып табылатын Тараз ?аласын

к?ркейту м?селесіне байланысты жастар?а арнайы ба?ыттарда?ы

та?ырыптарды? берілуі ж?не ?ылыми-жобалы? зерттеу ж?мыстарыны?

орындалуы, пайдалы жобалар мен ?сыныстары саналы ?рпа?  т?рбиелеуде,

сондай-а? Жамбыл облысыны? жанашыр патриот азаматы болып

?алыптасуына ?сері бар б?гінгі к?нні? ?зекті м?селелеріні? бірі.Осы

т?р?ыдан ?арастыр?анда , осы уа?ыт?а дейін мемлекет тарапынын

?ор?алмай ашы? т?рде жат?ан, ресейлік ?алымдар ашып к?рсеткен

облыста?ы Сарысу ауданынан басталатын т?з  бассейндерін ?ор?ау,

онда?ы т?здарды іс ж?зінде халы? ?ажеттілігіне жарату ба?ытында

орындалатын зерттеу ж?мыстарыны?  та?ырыптары ?зекті болып келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жамбыл облысында?ы т?з ?орын химиялы? ??деу ар?ылы медициналы? препараттар?а ?олдану »

Кіріспе

Қазіргі уақытта әлемдік жаhандану үрдісіне бет бұру кезеңінен біздің

еліміз Қазақстан Республикасының да ілгері дамыған 50 ел қатарына енуіне

қажетті алғы шарттарының бірі халық шаруашылығын дамыту, әлеуметтік-

экономикалық саясатын жүзеге асыру керектігі Елбасының жолдауы сөздерінен айқын болып отыр. «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында» деген сөз жолдары Жамбыл облысы жастарының да жаңа серпінмен еңбек етуін және өздерінің барлық күш-жігерін елімізге жұмсауын міндеттейді.

Жамбыл облысының орталығы болып табылатын Тараз қаласын

көркейту мәселесіне байланысты жастарға арнайы бағыттардағы

тақырыптардың берілуі және ғылыми-жобалық зерттеу жұмыстарының

орындалуы, пайдалы жобалар мен ұсыныстары саналы ұрпақ тәрбиелеуде,

сондай-ақ Жамбыл облысының жанашыр патриот азаматы болып

қалыптасуына әсері бар бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.Осы

тұрғыдан қарастырғанда , осы уақытқа дейін мемлекет тарапынын

қорғалмай ашық түрде жатқан, ресейлік ғалымдар ашып көрсеткен

облыстағы Сарысу ауданынан басталатын тұз бассейндерін қорғау,

ондағы тұздарды іс жүзінде халық қажеттілігіне жарату бағытында

орындалатын зерттеу жұмыстарының тақырыптары өзекті болып келеді.

Жұмыстың зерттеу нысанасы: Жамбыл облысы аймағындығы тұз кеніштері және тұз қорлары.

Ғылыми-зерттеу болжамы: Жамбыл облысы минералдық ресурстар

қорлары бойынша тек қана шикізат аймағы болып қана емес, ірі химия

өндірісі бар орталыққа айналу мүмкіндігі бар деуге болады.

Жамбыл облысы аймағындағы тұз қорындағы тұздарды медициналық

тағы да басқа шаруашылықтарының салаларына тиімді пайдалануға,ғылыми

негіз бар.Мысалы, кез келген органикалық заттарды синтездеуде оларды

бастапқы галогендеу үрдісінде қарастырады.Ал, галогендерді негізінен

галоидтардан алуға болады.Галоидтар қоры облыс аймағында ресейлік

ғалымдардың есептеуінше жүздеген жылдарға жетерлік. Сонымен қатар,

фосфаттар, сульфаттар,карбонаттар, оксидтер түрлері де облыс аймағының

басты ресурстары болып табылады.Ендеше, осы ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, кішігірім зауыттардан бастап ірі өндіріске дейінгі сатылы инновациялық өндірістер ашу-еліміздегі бірқатар шешімін таба алмай келе жатқан мәселелерді шешуге болатындағын көрсетеді. Сонда, облыс көлемінде белең алып отырған жұмыссыздық мәселесі де қоса өз шешімін тапқан болар еді, себебі, «Жасыл ел », «Таза қала » сияқты бағдарламалармен көптеген жылдар бойы жұмыс істеп уақыт өткізу куш-қуаты сол жастар үшін жеткіліксіз сияқты.Осы тұрғында қарастырғанда , облыс аймағындағы пайдалы ресурстарды көздерін қарастыруға және зерттеуге бағытталған мұндай жұмыстардың теориялық және практикалық маңызы бар деуге болоды.

Бұл жұмыста тұз қоры бойынша теориялық шолулар мен облыс

аймағынан ашуға болатын өндіріс орындары жайлы жобалар және тұз

қорларын тиімді пайдалануға байланысты ғылыми негізделген ұсыныстар

келтірілген.

































1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ

ТАБИҒИ РЕСУРСТАРҒА СИПАТТАМА

    1. Жамбыл облысы аймақтарының табиғи ресурстарына сипаттама

Облыста өндірістік мақсаттарда қолданыла алатын тұз қорларының екі типі белгілі: «Прибалхашская» және «Чуская» ауыспалы тұз қорлары, Шу

аймағының құрылымдық (структуралық) тұз кеніштері.

Бірінші типтік тұз орындырына:Шу өзенінің төменгі аңғарындағы негізінен натрий хлоридінен тұратын аталмыш көл түзінді тұздар жатады.

Қамқалы көлінің маңында ас тұзының өте үлкен қорлары анықталған.

Біраз бөлігінен магний, натрий, кальций қоспаларын кездестіруге болады.Ал жалпы алатын болсақ, өндірістік маңызы бар кен орындарына тек қана Айнакен,Бұралкентұз,Жабар,Қамқалыкөл, Қарақыр,Майдегенкөл,Тұзкөл т.б жатады.

Осында бірнеше жылдар бұрын Ресей геолог ғалымдары Қазақстанда минералдық ресурстар қорын зерттеген.Сол кездерде Жамбыл облысының аймағындағы Сарысу ауданы мен Жезқазған облысына дейінгі аралықтарда бай тұз қорларының бар екендігін анықталған болатын.Олардың зерттеу нәтижелері бойынша аймақтарда табылған тұз қоры бассейндерінің саны 54 шамасында болған.Осы уақытқа дейін бұл тұз бассейндеріндегі тұздарды тек қана техникалық мақсатта пайдаланып келеді.Ал бұл бассейндердегі тұздардың құрамында әр түрлі минерал тұздардың бар екендігі табылған.Атап айтқанда , кейбір тұз бассейндеріне магний сульфаты, магний карбонаты, калций хлориді , натрий хлориді бар екендігі белгілі болған . Мұндағы тұздарды химиялық құрамына қарай бөліп алып, әр түрлі салаларға пайдалану істері жолға қойылмаған . Сондықтан да Жамбыл облысы аймағындағы тұз бассейндерін жете зерттеп, халық қажеттілігіне жұмсаудың теориялық және іс жүзінде маңызы бар деуге болады.Аталған тұз қорларының қуаттылығы 10 см-ден бірнеше метрге дейін өзгереді және мал шаруашылығы мен өнеркәсіпте қолдана алады.Ал натрий сульфаты қорларын қолдану қарастырылмаған.







1.2 Облыс аймағындағы тұз бассейндерінің химиялық құрамы

Майдегенкөл көлі Сарысу ауданында Қамқалы совхозынан 1,5 км жерде

Қамқалы көлінен 12 км жерде орналасқан. Тұз қоры екіге бөлінеді: солтүстік

(ауданы жағынан кішісі) және оңтүстік бөліктері.

Құрылымы жағынан қуаттылығы 0,1-6,1 м-ге дейін өзгертетін

горизонтальды, линза тәріздес қазандықтар. Үстінгі бөлігі майда кристалды

галиттен түзілген, қуаттылығы 0,15 – 0,2 м –ге жетеді. Бұл қабаттың үстінгі

қуаттылығы 2-5 м –ге жететін жұмсақ структуралы са тұзы орналасқан.

Ал астында тығыз галиттің қуаттылығы 0,5-5 м- ге дейін баратын гранатка

(қатпар) орналасқан. Тұз бассейндеріндегі негізгі компенеттері төменгідей

Химиялық қасиеттері жағынан бұл тұзда техникалық және мал шаруашылығы мақсаттарда қолданыла алады. Алайда , тұзды , сумен жуу әдісімен байытса МОСТ – 13830 стандартына сай 2 сортты ас тұзын алуға болады. Бұл тұздардың қоры С1 категориясы бойынша 3165 мың т құраса , С2 категориясы бойынша 1611 мың т –ны құрайды.

Тұз көл кешені Сарысу ауданында Ақкөл аудан орталығынан 26 км жерде орналасқан. Бұл тұздар батпақты , құмды , құм-батпақты тұз кеніштер қатарына кіреді.

Галиттің орташа химиялық құрамы мынадай (%):

Қазандықтарының өндірістік бөліктері 3-10 см-ге жететін майда кристалды галиттен түзілген. Ас тұзы техникалық мақсаттарда және мал шаруашылығына жарамды. Бұл қабаттың астыңғы бөлігінің массалық үлесі 47,47 % сульфатты тұздардан түзілген қуаттылығы 0,4 – 2,4 м-ге жететін түзілістер құрайды.

С2 категориясы бойынша тұздардың жалпы қорлары шамамен 234 мың тоннаны құрайды. Басқа категориялары тұздар аз зерттелген және мемлекеттік баланспен ескерілмеген.

«Карбонатное» кешені Қамқалы ауылынан солтүстік- шығыс бағытта 80 км және Шу өзенінің маңынан өтетін асфальтті жолдан (трассадан) 60 км жерде орналасқан. Бұл қазандықтың қуаттылығы 60-450 м-ге дейін жетеді және ангидридтік , гипстік қосылыстарға бай.

Негізгі пайдалы компоненті МОСТ-13830-84 стандартына сай тасты тұз түрінде кездесетін галит. Химиялық анализдер көрсеткіші бойынша мұнда тек қана бром қоспалары 8,4 млрд тонна тасты тұз бар. Жалпы мөлшері 10млрд т тұзды құрайды.

«Бестөбе» кешені 97 м тереңдікте. Қазіргі оның қуаттылығы анықталмаған, сәйкесінше тұз қорының мөлшері де белгісіз. Тұздардың толық химиялық құрамы , пайда болу тарихы , типі туралы мәліметтер де жоқ.

«Соркөл» кешені Түгіскенен 26 км , Соркөл көлінің 10 км жерде орналасқан . Бұл кеніш ас содасы қорларының 2 компонеті ретінде қарастырылған болатын. Бұл қазандықтың 68,7-306 м қабаттары тұз өндіруге қолайлы деп табылады. Қазандық жер қыртысынан шамамен 203-318 м тереңдікте орналасқан. Жалпы ауданы 42 шаршы км – ді құрайды. Бұл жердегі ас тұзының массалық үлесі 64,89-79,31% аралығында өзгереді.

Мемлекеттік пайдалы қазбалар қоры байланысында Жамбыл облысында тек қана Шығыс Балқаш өңіріндегі Қашқантеңіз кешені келтірілген. Қашқантеңіз темір жол станциясынан 15 км жерде орналасқан. Тұзды аймақтың ауданы шамамен 7 шаршы км –ді құрайды.

Тұзды галиттің көлденен қимасы 1-5 см шамасында. Тығыздығы жоғарырақ келетін егіншілік галиттің қуаттылығы 2-3 см . Бос күйінде кездесетін ірі кристалды қатпардың (гранатканың ) қуаттылығы 3-5 см шамасында. Бұл аймақта бұл тұздардан басқа ауданы 6 шаршы км-ге дейін жететін қуаттылығы 2-3 см-ге жететін тенардит қоры да бар. Тенардиттің жалпы қоры 1320 мың т құрайды.

1.3. Жамбыл облысы аймағындағы минералды тұздар химиясы және оларды шаруашылықтың әр түрлі салаларында пайдалану.

Әдебиет көздерінен алынған мәліметтер бойынша Сарысу ауданындағы Қамқалы ауылынан кешені 80 км және Шу өзенінің маңынан өтетін асфальтты жолдан (трассадан) солтүстік-шығыс бағытта 60 км жерде орналасқан.

«Карбонатное» қазандықтың қуаттылығы 60-450 м-ге дейін жететіндіктен және ангидридттік гипстік қосылыстарға бай болғандықтан құрылыс материалдарын алуға шикізат көзі болып табылады деуге болады.

Түгіскеннен 26 км Соркөл көлінің маңынан 10 км жерде орналасқан «Соркөл» кешенінде хлоридті карбонатты тұз қабатының шамасы 68,7-306 м,екендігі ескерілсе,ол жерлерден кішігірім ас тұзын тазалау кіші (мини) цехы мен құрылыс материалын өндіру орнын ашуға болар еді.























ІІ.Эксперименттік бөлім

2.1.Тұздар құрамының химиялық сипаттамасы

Сульфаттардың көпшілігі түссіз суда жақсы еритін тұздар.Сульфаттарды қыздырғанда байқалатын өзгерістердегі қарап оларды екіге бөлуге болады.Бірқатар сульфаттар 1000одейін қыздырғанда да балқығанмен айырылмайды,екінші бір бөлігі төмен температурада ақ металл оксиді мен күкірт триоксидіне айырылады.

Сульфаттардың біразының кристалдық суы болады,мысалы:мыс купоросы(тотыяйын),темір купоросы,мирабилит,гипс,т.б.

Натрий сульфаты-Na2SO4суда жақсы ериді.Техникада,әсіресе шыны,натрий сульфиді т.б. өндіруде көп қолданылады.Бұл тұз табиғатта ащы көлдерде шөккен түрде кездеседі.Техникада натрий сульфатын қысқартып “сульфат” дейді.Біздің еліміз сульфатқа өте бай-Қара-Бұғаз,Арал теңізі маңы,Күшік көлі,Балқаш көлінің айналасы-Қашқан теңіз,Қарашыған,Майқамыс,Тектұрмас,Қарасуат,т.б. ащы көлдері,Нұра теңіз,Тұзкөл,т.б.

Натрий сульфатын химиялық өңдеу арқылы мұрынды тазалауға,шаюға арналған медицналық дәрі алуға болады.Яғни,натрий сульфатын NaCl мен H2SO4әрекеттестіріп,арнайы “сульфат” пештерінде 500-550о алуға болады.Бір мезетте натрий сульфатын және де тұз қышқылын ала аламыз:

2NaCl+H2SO4 = Na2SO4+2HCl

Натрий сульфатын –түссіз,мөлдір,кристалды ащы тұздың дәмі болады.Суда жақсы ериді(+33оС).Қыздырған кезде өзінің кристалды суында ериді.

Дәріні ішкі органдарды әлсіздендіру ретінде қолданады.Натрий сульфатының әлсіздендіру эффекті ішектегі және асқазан ішек жолдарында су жинақталады, тұз құрамындағы заттар оны ыдыратады және кало тезірек шығатын болады.Дәрінң өсімдік дәрілерінен айырмашылығы,құрамында антрагликозид бар,барлық ішек жолдарына тұзды әлсіздендіру әрекеті болады.Дәрінің әсері 4-6 сағат өткен соң байқалады.Натрий сульфаты басқа әлсіздендіру тұздары сияқты,тамақтан улану жағдайларында қолданылады.Яғни,Жамбыл облысында Сарысу ауданында Тұзкөл кенішінде натрий сульфатының кездесуіне байланысты,осы жерден “Натрий сульфаты”дәрісін шығаруға болады.

Кальций сульфаты-CaSO4,басқаша гипс деп те атайды.Табиғатта кездеседі және суда ерімейтін зат.Гипс(грекше gypsos-бор)минералы-өз құрамына екі су молекласын кіріктіретін кальций сульфаты;негізінен гипс минералынан тұратын тұнба(шөгінді)тау жыныс;жанғыш-сульфаттар класының минералы;вулканды аймақтарда,әсіресе бу мен газдар атқылаған ыстық арасан көздер(фумаролалар)маңында кездеседі.Химиялық формуласы CaSO4*H2O.Моноклиндіксингонияда кристалданады.Гпстің жеке кристалдары қалақша,баған,призма пішінді,ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік(алебастр)немесе талшық(селенит)масса түрінде кездеседі.Гипс-ақ,мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі-түсті шыныша жылтыр;қаттылығы 1,5 ,меншікті салмағы 2,5 г/см3,балқу температурасы 32 – 410 оС.Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді,басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі,шөгінділер арасында ангидридттіңгидратталуынан тұз кендерінің бұзылуы-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады.Кристалдық сырт бейнесі көбінесе таблетка формалас жұқа келеді,кейде призма түрінде болады.Гипстің “қарлығаш құйрық” деген қоспақтары жиі кездеседі.

Гипстің жеке кристалы мен қоспасы.Агрегаттары қуыстар ішінде топталып өскен друзалар құрайды.Сонымен қатар оның майда кристалды тығыз түрлері болады(алебастр).Тастың жарықтарында шаншылып,салаланып өскен талшықты гипстер де болады.Талшықты гипс көбінесе жібекше құлпырған әдемі келеді.Гипсті қыздырса,1500 маңында,ол күйген гипс немесе алебастрға айналады,осыны суға илесе,біраздан соң қатып,қайтадан бастапқы күйіне айналады. Яғни,қол –аяқ т.б жерлер жарақаттанып қалған жағдайда,сынған жерлерді қалпына келтіру мақсатында гипсті қолдануға болады.Жамбыл облысында Қамқалы ауылының солтүстік –шығыс бағытта орналасқан «Карбонатное» кеніші гипстік қосылыстарға бай.Сондықтан «Карбонатное» кенішінде хирургияда пайдаланатын гипсті өңдеп шығаруға болады.

Магний сульфаты-табиғатта эпсомит,кизерит,каинит түрінде кездеседі.Мұны ащы тұз деп атайды.Қыздырса 2000 жоғары,суынан айырыла бастайды.Суда жақсы ериді(сілтілік жер металдарының айырмасы)

MgSO4+2NaCL+H2O/Na2SO4+MgO+2HCL

Осындай жолмен магний сульфаты әрекеттеседі азотты негіздегі тұздармен,азот қышқылын бөле отырып,әрекеттеседі.Оның қайнатылған тұзбен қоспасы және марганецтің перекисімен әрекеттесу арқылы хлорды аламыз.Егер де қайнаған қоспаға сода қоссақ,онда негізгі тұздың қалдығы қалады:

4MgSO4+4Na2CO3+4H2O/4Na2S04+CO2+Mg(ОН)2*3MgCO3*H2O



Магний сульфаты медицинада-әлсіздендіуші тұз,ағылшын немесе ащы тұз деп атайды.Есірткінің әсері секілді қалтырау мен басқа да әсерлеріне қарсы тұру (тері астына,бұлшықеттерге,тамырға енгізу).Иньекция сонымен қатар гипертонияға қарсы ем ретінде қолданылады,ерте босану мен комплексті терапияның бұзылғанда,ауыр тұзды металдармен уланғанда,мышьякпен,барийдің тұздарымен уланғанда қолданылады.Бұл тұз-емдік зат,ақ магнезия,оның жеңіл түрлері бар.

Яғни,Жамбыл облысында магний сульфаты кездесетін болғандықтан,оз жерімізде де дәрі алуымызға болады.

Мыс(II) сульфаты жақсы ериді,ерітіндісі көк түсті болады.Ол мыс катионының гидратталған комплекс ионының түсін көрсетеді .Екі валентті мыстың басқа тұздарының да судағы ерітіндісі осы түсті болады.Судағы ерітіндісінен мыс (II) сульфаты кристаллогидрат түрінде кристалданады.Оны мыс купоросы дейді.Мыс купоросын қыздырса ақ түсті ұнтақ және су түзіледі.Ақ ұнтаққа су тиген жері көгеріп шыға келеді, өйткені кристалдық су қосылады.Бұл процесс экзотермиялық процесс.

Мыс купоросы басқа металдарға жалатқанда, кейбір бояулар жасауда , ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте, т.б. жерлерде қолданылады.

Мырыш сульфаты -ZnSO4.Бұл тұз ерңтңндңден кристалогидрат түрінде бөлініп шығады.Оны мырыш купоросы деп те атайды.Электролиз жолымен мырыш алғанда,мата бояуда,медицинада қолданылады.

Тұз бассейндеріндегі тұздардың құрамында сульфат иондарының аздаған мқлшерде болуы мынадай реакциялар жүруімен байқалады:

Ba2++SO4 2- -- BaSO4(ақ түсті түнба)

Сонымен қатар хлорид иондарының болуы мынадай реакциялардың көмегімен анықталады:

Ag+ +Cl----AgCl (ақ түсті тұнба)

Тұздардың құрамында химиялық анализдің көмегімен талдаулар жасалады. Анализдер нәтижелері бойынша тұз бассейндеріндегі тұздардың құрамы әр түрлі, атап айтқанда, магний сульфаты, натрий сульфаты, натрий хлориді, магний хлориді сияқты I және II топтағы сілтілік және сілтілік жер металдарының хлориді мен сульфаттарының бар екендігі анықталды.

Рентгенфалық анализдің көмегімен тұздың химиялық құрамын зерттедім.Зерттеу нәтижелері 1--кесте көрсетілгендей болды.

Сарысу ауданындагы тұз бассейнінің химиялық құрамы

Рентгенструктуралық анализ нәтижесі бойынша тұз бассейнінндегі ең қоры жоғары көрсеткіштерге тұз натрий гидросульфиттері мен магний хлоридтері болып отыр . Бұл екі тұз да медицинада препараттар алудың негізгі шикізат көздері болып табылады.

2.2. Облыс аймағындағы тұздардың сапалық құрамына қарай олардан алынатын заттарды пайдалану жобасы

Құрылыс материалын карбонатты тұздардан алуға байланысты есептеулер.

CaSO4 және CaCO3 тұздарын өңдеу барысында олардың оксидтері түзіледі. Кальций және магний оксидтері мүсіндер, ескерткіштер және құрылыс матреиалдарының басқа түрлерін дайындауда қажетті шикізаттар болып саналады. Сонымен қатар, калий сульфатын химиялық үрдістер көмегімен калий оксидіне айналдырса, онда облыс аймағынан парфюметриялық цехтар салып, сұйфқ сабын өндіру жолға қоюға болар еді.

Ең бастысы, бұл тұз қорларындағы тқздардың барлығын да медициналық

препараттар пайдалануға ғылыми негіз бар.

2.3.ЖАМБЫЛ ОБЛЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ТҰЗ ҚОРЫН ТИІМДІ

ПАЙДАЛАНУДЫҢ СЫЗБАНҰСҚАСЫ



























ҚОРЫТЫНДЫ

Ғылыми--зеттеу жұмыстың жалпы жобасы үш бөлімнен құралған:

әдеби шолу,эксперименттік бөлім және қорытынды.

Ғылыми--жобалық зеттеу жұмысымда мынандай негізгі мәселелер

қарастырдым:

- Жамбыл облысы аймағындағы тұз қорының құрамын зерттедім;

- Тұз қорындағы тұздардың қандай түрлері бар екендігін анықтадым;

- Тұздардың химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын;

- Тұз бассейндерінің орналасу ретіне байланысты қолдану аясын;

- Тұз қорын химиялық өңдеу арқылы қандай медициналық препараттар

алуға болатындығына зерттеу жұмыстарын жүргіздім.

Менің ұсынысым:

Тұздардың құрамына химиялық --эксперименттік зерттеулер жүргіздім .

Нәтижесі бойынша Жамбыл облысы аймағындағы тұз бассейіндерін

қорғауға алу керектігі және ондағы зерттелмеген,өңделмеген тұздарды

химиялық жолмен зерттей отырып адамға қажетті медициналық препараттар

алу.























ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бірімжанов Б.А. Солеобразование в некоторых континентальных бассейнах Казахстана. Алма-Ата. Казахстан .1968г. 54-63 с.

  2. Валяшко Ж.Г. Нечаева А.А. , Поеванова Т.Б. Соляные озера Джамбульской области . В . сб. Труды ВНИИГ .1952г-В24. 106-161с.

  3. Бірімжанов Г.Ф. , Глебовская е.А., Каплан З.Г. Инфракрасные спекторы и рентгенограммы соединений. М:Химия , 1967г., 9с.

  4. М.Бек. Исследование комплексообразования новейшими метолами . Пер. с англ.М.: Мир 1989г. 413с.

  5. Толкарев С.С. таблицы межплоскостных расстояний. М.: Химия , 1972г.

  6. Браун Н.Л. Химия в центре наук. Том ІІ , М., «Просвещение» , 1996г, 28-42с.

  7. Тошкина , В.А. Химия в знаках и формулах: М.ТЕИС, 2004г. 115с.

  8. Бірімжанов Б.А. , Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы , Ана тілі, 1992ж.

  9. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М., Химия , 1988г. 14-48с.

  10. Танашева А. Бейорганикалық химия . Дарын , 2005 ж.

  11. Ақ жол газеті , №220 , 2001 ж.

  12. Ақ жол газеті , №450, 2002 ж.

  13. Бишимбаев В.К., Надиров К.С. , Сакибаева С.А. , Пути развития нефтехимия и химия отраслей про. На юге Республики. Нефть и газ. 2004г. №1. 15-20с.













Мазмұны

І.Аннотация

ІІ.Кіріспе

3.Теориялық бөлім

Жамбыл облысы аймағындағы табиғи ресурстарға сипаттама

ІІІ.Эксперименттік бөлім

1) Тұздар құрамының химиялық сипаттамасы;

2) Облыс аймағындағы тұздардың сапалық құрамына қарай олардан алынатын заттарды пайдалану жобасы;

3) «Жамбыл облысы аймағындағы тұз қорын тиімді пайдалану»

сызбанұсқасы

ІV.Қорытынды


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Жамбыл облысында?ы т?з ?орын химиялы? ??деу ар?ылы медициналы? препараттар?а ?олдану

Автор: БАЛАБЕКОВА Арайлым Шарипбековна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153640


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства