Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім-ұстаз, иноватор,иннотехник болуы тиіс.мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілуі үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«XXI гасыр мугалiмi»
Курманова Ханслу Жексенбетовна
Ақтау қаласы
Топ №110
17.11.2017 жыл
ХХІ ғасыр мұғалімі
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», дей келіп, ҚР «Білім туралы» Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен зор ізденісті, асқан білімділік пен біліктілікті қажет етеді.
Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беру керек. Себебі, қазір ХХІ ғасыр екенін ескеретін болсақ, ақпараттық ағынға ілесіп, оқушыларды қызықтыратындай өзгеше әдістермен білімді дарыту - мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселе. Осындай жан – жақты тұлғаны қалыптастыру үшін оқытудың жаңа тәсілдері қажет.
Елбасы жолдауында көрсетілгендей, елімізде білім сапасын арттыру бағытында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ерекше мән берілген. Себебі, мұғалім – мектептің жүрегі. Әр адам баласын білімге шақырып, тәрбиелеп өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан өлмейді. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник (инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог) дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді. Яғни әрбір мұғалім инновациялық технологияларды меңгереді, меңгергеннен соң сабақ барысында қолдану өткізеді.
Осындай мәселелердің шешімі: ХХІ ғасырда оқушылардың әртүрлі топтарына мән-жайды түсініп, тәуелсіз, инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алатын әдіс-тәсілдерді табу және оны оқу процесінде қолдану болып табылады. Сондай тәсілдердің бірі, орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген танымал оқу әдістерінің бірі сындарлы («конструктивті») оқыту әдісі.
Сындарлы оқытудың мақсаты: оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту теориясының түпкі нүктесіне — түсіну жатады, қоршаған орта туралы білімдер статикалық және тиянақталатын білім болғандықтан, өздігінен ұғынылатын нәрсе болып табылады. Осылайша, мұғалім ғасырлар бойы жинақталған білімдер мен ұғымдарды береді.
Тағы бір ерекше әдіс - Kahoot әдісі болып табылады. Kahoot— бұл онлайн-викториналарды, тестерді және сауалнамаларды жасайтын сервис. Оқушылар мұғалімдер арқылы жасалған тестерге планшет, ноутбук, смартфон немесе кез келген құрылғымен интернет арқылы жауап бере алады. Бұл онлайн-қосымша арқылы жасалған тапсырмаға суреттерді немесе видеофрагменттерді де қосуға мүмкіндік туғызады. Мұғалім уақытты бақылау үшін әр тапсырмаға ойланатын уақыт шегін белгілей алады. Оқытушы оқушыны дұрыс жауап бергеніне және жылдамдығына байланысты бағалай алады. Kahoot әдісінің бір ерекшелігі: енгізілген тестті көшірме жасауға немесе оған өзгеріс енгізе алуында. Бұл мұғалімнің уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді. Бұл сервисті қолдану қатысушылармен кері байланыс орнатудың жақсы тәсілі болып табылады.
Осындай кереметтей әдістерді талдай отырып мынадай қорытындыға келуге болады: дәстүрлі оқыту әдістері мен қазіргі заманғы интерактивті әдістердің арасы жер мен көктей. Себебі, жетілген теxнологияларды меңгеретін озық балаларды оқыту өте көп ізденісті қажет етеді. Интерактивті әдістердің мәні – әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесе отырып , компьютермен жұмыс жасап , оқу – танымдық нәтижеге жетуі. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді. Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс: мақсатты нақты белгілеу; мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін ережесін түсініп , топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек.
Қорыта келе, мынаны атап өткім келеді: мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбиелік үдерісті ұйымдастыруға жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейтесті тақырып деп есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек. Мұндай әдістердің негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңсе, білімді де тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары белгілі.