kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі- ауа ар?ылы берілетін аурулар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі- ауа ар?ылы берілетін аурулар.

Саба?ты? ма?саты: о?ушылар?а тыныс алу м?шелеріні? ?ызметіні? б?зылуы,тыныс алу м?шелері? ?рт?рлі аурулары, оларды? пайда болу себебі мен оларды емдеу шаралары туралы білім беру

Саба?ты? міндеттері:

- тыныс алу м?шелеріні? ауруларымен танысу;

- о?ушыларды? білімді ?здігінен ме?геру, о?улы?пен ж?мыс істеу, ?здігінен талдау ?абілеттерін дамыту.

Саба? типі: Жа?а та?ырыпты ме?герту

Саба? т?рі: Жа?а саба?

Саба?ты? ?діс-т?сілдері, стратегиялары: СТО ?дісі, «Ми?а шабуыл»

??рал-жабды?тар: 8-сынып о?улы?ы, ж?мыс д?птері,  стикерлер, т?рлі-т?сті ?аламдар, интерактивті та?та, слайдтар, плакаттар, тыныс алу ж?йесіні? м?шелер макеті, секундомер,  дидактилы? тапсырмалар,

К?тілетін н?тиже : о?ушылар тыныс алу м?шелеріні? к?птеген аурулары,оларды? себебі, таралу жолы туралы біледі ж?не жеке бас гигиенасын о?ып-?йренеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі- ауа ар?ылы берілетін аурулар. »

Биология 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе туберкулезі- ауа арқылы берілетін аурулар.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы,тыныс алу мүшелерің әртүрлі аурулары, олардың пайда болу себебі мен оларды емдеу шаралары туралы білім беру

Сабақтың міндеттері:

- тыныс алу мүшелерінің ауруларымен танысу;

- оқушылардың білімді өздігінен меңгеру, оқулықпен жұмыс істеу, өздігінен талдау қабілеттерін дамыту.

Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері, стратегиялары: СТО әдісі, «Миға шабуыл»

Құрал-жабдықтар: 8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері, стикерлер, түрлі-түсті қаламдар, интерактивті тақта, слайдтар, плакаттар, тыныс алу жүйесінің мүшелер макеті , секундомер, дидактилық тапсырмалар,

Күтілетін нәтиже : оқушылар тыныс алу мүшелерінің көптеген аурулары ,олардың себебі, таралу жолы туралы біледі және жеке бас гигиенасын оқып-үйренеді.

Сабақтың барысы :1.Ұйымдастыру ( сәлемдесу «Шетелдік амандасу», топқа бөлу «Жемістер».3 минөт)



Кіріспе «Миға шабуыл»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау : сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді

1-топ  «Банан»

2-топ « Мандарин»

3-топ «Хурма»

4- топ «Алма»

Үй тапсырмасын сұрау:  «карусель» (8 минут )

Дидактикалық тапсырмалар (әрбір топқа карточкамен постер беріледі, топ мүшелері әрбір тапсырманы айналдырып өз ортақ шешімін жазып отырады, уақыты: 2 минут ):

1. Жануарлардың қайсысында тыныс алу жүйесі болмайды? Ондай жануарлар болуы мүмкін бе?

2. Тыныс алу мүшелерінің жасқа байланысты еркшеліктері.

3. Өкпе вентиляциясына анықтама беріп, оның суретін сал

4. «Тыныс алу» жүйесіне байланысты терминдерді ата

ІІІ.Жаңа сабақ: Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Кох таяқшасы

3-топқа Әрбір топқа «Pisa» тапсырмалары беріледі. Оқушыларға дайындалуға 10 минут беріледі музыка жүргізіп қою 

Тапсырма №1

«Темекі шегу»

Темекіні сигара және трубка арқылы шешуге болады. Зерттеулердің қорытындыларына сүйенсек жылына әлемде 13500 адам темекі шеккеннен пайда болатын аурулардан өледі. Болжамдар бойынша 2020ж. Әлемдегі адам өлімінің 12% шылым шегуден болған аурулардан болады.

Темекі түтінде никотин, смола, улы газ сияқты зиянды заттар бар.

1 сұрақ Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңіріледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді.

Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады?

А. Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады

В. Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді

С. Қанды көмірқышқыл газдан тазартады

Д. Көмірқышқыл газ молекуллары оттегіне айналдырады


2 сұрақ

Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа ауруларға шалдығу қалпын жоғарлатады.

Темекі шегу төмендегі аурулардың қасысының пайда болуына қауіпі бар:

Әр жолда «Иә» немесе «Жоқ » тапсырмаларының бірін айналдыра сызыңыз:

Темекі шеккен кезде келесі аурулардың қайсының пайда болу қауіпі жоғарлайды

«Иә» немесе «Жоқ»

Бронхит

«Иә» / «Жоқ»

ВИЧ инфекциясы немесе ЖҚТБ

«Иә» / «Жоқ»

Ішек аурулары (оспа)

«Иә» / «Жоқ»

3 сұрақ

Кейбір адамдар темекіні тастау үшін жапсырмаларын қолданады. Жапсырма теріге жапсырылып, қанға никотин бөледі. Бұл темекі шегуге құштарлықты азайтып, темекі шегуді тастауға көмектеседі.

Никотин жапсырмаларының тиімділігін зертеу үшін 100 ерікті темекі шегуші адамдар тобы таңдалып алынды. Бұл топ 6 ай бойы зерттеуден өтті. Зертттеу аяқталғаннан кейін осы топтың ішіндегі қайта темекі шегуді бастамайтын адамдар никотин жапсырмаларының тиімділігі анықталды.

Тәжірибенің келесі жоспарларында қайсысы ең тиімдісі ?

А. Топтағылардың барлығы жапсырмаларды қолданады.

Б. Бір адамнан басқа, топтағылардың барлығы жапсырманы қолданады. Бұл адам темекіні жапсырманың көмегінсіз тастағынсыз келеді.

С. Қатысушылар өз еркімен темекігні тастау үшін жапсырмаларды қолдану немесе қолданбауларын өздері шешеді.

Д. Кездейсоқ таңдалған топтың жартысы жапсырманы қолданады, келесі топ қолданбайды.


4 сұрақ

А.Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар.

Техника және технология саласының жетістіктері темекі щегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады.

Әр жолда «Иә» немесе «Жоқ » тапсырмаларының бірін айналдыра сызыңыз:

Техника және технология саласының жетістіктері темекі щегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады

«Иә» немесе «Жоқ»

Темекі бағасының жоғарлауы

«Иә» немесе «Жоқ»

Никотин тәуелділігінен арылғысы келетін адамдарға көмек ретінде никотин жапсырмаларын өндіру

«Иә» немесе «Жоқ»

Әлеуметтік жерлерге темекі шегуге тиым салу

«Иә» немесе «Жоқ»


Тапсырма №2 Тұмау


ACOL ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕРІКТІ ВАКЦИНАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Тұмаудың қысқы кезеңде қарқынды түрде пайда болуына еш кҥмән жоқ шығар. Тұмаумен ауырған адамдар бірнеше апта бойы ауруы мүмкін.

Вируспен күресудегі ең жақсы әдіс күшті және сау ағза болып табылады. Күнделікті жаттығулар мен құрамына жемістер мен көкөністер кіретін тамақтану иммундық жүйеге осы қауіпті вируспен күресуде көмек көрсету үшін ұсынылады.

ACOL біздердің арамызда осы зұлым вирустың таралуын болдырмау үшін персоналға қосымша тәсіл ретінде тұмауға қарсы вакциналау мүмкіндігін ұсынуды шешті. ACOL 17 мамыр күні жұмыс уақытында жарты күнге ACOL-да вакциналауды бақылау үшін медбикені шақырды. Бұл бағдарлама тегін және бүкіл персонал үшін қолжетімді.

Қатысу ерікті түрде. Осы нұсқаны таңдаған персонал олардың қандай да бір аллергиялары жоқ екендігін және оларда аздаған жанама әсерлер пайда болуы екенін түсінетіндігі туралы келісім формасын толтыруы тиіс болады.

Медициналық ұсыныс вакциналаудың тұмаумен аурудың себебі болмайтындығын білдіреді. Алайда ол аздап шаршау, дененің аздап қызуы және қолдардың әлсіреуі сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.

Вакциналаудан кім өтуі тиіс?

Вирустан қорғалғысы келетін кез келген адам.

Бұл вакциналау әсіресе 65 жастан асқан адамдар үшін ұсынылады. Алайда, жасынан қарамастан, созылмалы ауыр сырқаттары, әсіресе жүрек-қан тамырлары, өкпе, бронхылар немесе сусамыр (диабеттілік) бұзылулары бар кез- келген адамдарға да ұсынылады.

Кеңселік ортада барлық персоналға тұмаумен ауру қаупі төнуі мүмкін.

Вакциналаудан кім өтпеу тиіс?

Жұмыртқаға аса сезгіштігі бар тұлғалар, қатты безгек ауруларынан зардап шегетін тұлғалар және жүкті әйелдер.

Егер сіз қандай да бір медициналық препараттар қабылдап жүрсеңіз немесе сізде бұрынырақ тұмауға қарсы вакциналауға реакция болған жағдайда өз дәрігеріңізден кеңес алыңыз. Егер сіз вакциналаудан 17 мамыр күні өткіңіз келсе, бұл туралы кадрлар бөлімінің қызметкері Фиона Мак Свиниге, жұма 17 мамыр күні хабарлаңыз. Күні мен уақыты медбике жұмысының кестесіне, қатысушылар саны мен персоналдың көпшілігі үшін қолайлы уақытқа сәйкес белгіленетін болады. Егер сіз вакциналауды осы қысқы кезең үшін өткіңіз келсе, бірақ белгіленген уақытта келе алмасаңыз, бұл туралы Фионаға хабарлауыңызды өтінеміз. Егер жеткілікті қатысушылар саны болса, қосымша емшара тағайындалуы мүмкін болады.

Қосымша ақпарат алу үшін Фионамен 5577 ішкі нөмір арқылы байланысыңыз.

Фиона Мак Свини, ACOL компаниясындағы кадрлар бөлімінің қызметкері, ACOL компаниясының персоналы үшін ақпараттық бюллетень дайындады. Осыдан кейін көрсетілген сұрақтарға жауап беру үшін ақпараттық бюллетеньге қараңыз.

1 сұрақ

ACOL тұмауға қарсы вакциналау бағдарламасының ерекшелігін келесілердің қайсысы сипаттайды?

A. Дене шынықтырумен айналысу жаттығулары бүкіл қысқы кезең бойы өткізілетін болады.

B. Вакциналау жұмыс уақытында өткізілетін болады.

C. Қатысушыларға аздаған бонус ұсынылатын болады.

D. Вакциналауды дәрігер жүргізеді.

2 сұрақ

Біз бұл бөлімнің мазмұны туралы жазбаша айта аламыз (оның ішінде не бар).

Біз оның стилі туралы айта аламыз (оны ұсыну әдісі).

Фиона осы ақпараттық бюллетеньннің стилі ыңғайлы әрі рухтандырғыш болғандығын қалайды. Ол табысқа жетті деп ойлайсыз ба?

Өз жауабыңызды сызба, суреттер немесе басқа да графиканы толық сипаттай отырып, түсіндіріңіз.................................................................................................................................

.....................................................................................................................................................

3 сұрақ

Осы ақпараттық бюллетеньде сіз өзіңізді тұмау вирусынан қорғағыңыз келсе, тұмаудың вакцинациясы төмендегідей екендігі көрсетілген

A. физикалық жаттығулар мен сау тамақтануға қарағанда тиімді, бірақ қауіпті.

B. жақсы идея болып табылады, бірақ физикалық жаттығулар мен сау тамақтануды алмастыра алмайды.

C. физикалық жаттығулар мен сау тамақтану сияқты тиімді және проблемалары аз.

D. егер сіз көп физикалық жаттығулар орындасаңыз және сау тамақтансаңыз өткізілмеуі тиіс.

4 сұрақ

Ақпараттық бюллетень бөлігінде былай деп айтылған:

ВАКЦИНАЛАУДАН КІМ ӨТУІ ТИІС ?

Вирустан қорғалғысы келетін кез келген адам.

Фиона ақпараттық бюллетеньді құрастырғаннан кейін әріптесі оған «Вирустан қорғалғысы келетін кез келген адам» деген сөйлемді оның сызып тастауы керек, өйткені ол адамды жаңылыстырады дегенді айтты.

Сіз осы сөздердің адамды жаңылыстарады және олар алынып тасталуы тиіс дегенмен келісесіз бе?

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз ...................................................................................................

........................................................................................................................................................

5 сұрақ

Ақпараттық бюллетеньге сәйкес Фионамен персоналдан кім байланысуы керек?

A. Вакциналаудан өткісі келмеген қоймада істейтін Стив, өйткені ол өзінің табиғи иммунитетіне сенетін болар.

B. Вакциналау бағдарламасы міндетті болып табыла ма екендігін білгісі келетін сату бөліміндегі Джулия.

C. Осы қыста вакциналаудан өткісі келетін, бірақ екі айдан кейін бала тууы тиіс пошталық бөлімшедегі Эллис.

D. Вакциналаудан өткісі келетін, бірақ 17 мамырда демалыста болатын бухгалтериядағы Майкл.


Топ мүшелері piza тапсырмалармен жұмыс істеп болған соң, сабақты толықтыра отырып, қорытынды жасаймыз. (5 минөт )

Бағалау : топ мүшелері өз-өздерін және көшбасшы топ мүшелерінің әрбіреуін жеке бағалайды (берілген кесте арқылы)

Тыңдаушы


Менің бағалауым

1-3

Бақылаушының бағалауы

Топ ішінде өз міндетін сапалы , әрі уақытында орындады



Топта берілген тапсырмаларға сай жұмыс істеді



Басұа тыңдаушыларға көмектесіп, стимул беріп отырды



Өзгелерді мұқият тыңдап отырды



Дәлелді , құнды идеялар ұсынды



Талқылау жүргізді(сыпайы қарсылық білдіріп, келіспейтін жағдайда ортақ бір келісімге келуге көмектесті)



Комментарийлер бріп отырды, өзгелердің беріп жатқан ақпараттарына өз пікірін қосып отырды



барлығы





Үйге тапсырма :БАҚ пен қосымша әдебиеттерден тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы материалдар жинақтап, реферат жазу

Кері байланыс: «Бағалау терезесі» Оқушылар өз стикерлеріне келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер жазады.

Бағалау терезесі

Маған бәрі де түсінікті Сұрақтар пайда болады

Мен есте сақтадым Түсінбедім










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі- ауа ар?ылы берілетін аурулар.

Автор: Казбекова Жайнагул Космановна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184768


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства