Практическая работа на тему Карбон қышқылдары,спирттер,альдегидтер мен көмірсулар арасындағы генетикалық байланыстар
Практическая работа на тему Карбон қышқылдары,спирттер,альдегидтер мен көмірсулар арасындағы генетикалық байланыстар
Сарамандық жұмыс №3
«Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу
Органикалық заттарды алу және анықтауға арналған эксперименттік есептерді шешу.
Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың органикалық заттарды алу және анықтау туралы теориялық білімдерін бекіту.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: Сынауықтар, спиртшам, сынауық ұстатқыш, стақан, кристаллизатор, машина майы, өсімдік майы, глицерин, сірке альдегиді, глюкоза ерітінділері, этил спирті, қант, картоп, ақ нан, піскен алма, сабын, крахмал ерітінділері, натрий түйіршігі, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, мыс гидроксиді, күкірт қышқылы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Практическая работа на тему Карбон қышқылдары,спирттер,альдегидтер мен көмірсулар арасындағы генетикалық байланыстар»
Сарамандық жұмыс №3
«Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу
Органикалық заттарды алу және анықтауға арналған эксперименттік есептерді шешу.
Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың органикалық заттарды алу және анықтау туралы теориялық білімдерін бекіту.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: Сынауықтар, спиртшам, сынауық ұстатқыш, стақан, кристаллизатор, машина майы, өсімдік майы, глицерин, сірке альдегиді, глюкоза ерітінділері, этил спирті, қант, картоп, ақ нан, піскен алма, сабын, крахмал ерітінділері, натрий түйіршігі, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, мыс гидроксиді, күкірт қышқылы.
Жұмыстағы тапсырмалар оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін қорытындылау мақсатында органикалық қосылыстарды, олардың өкілдерін анықтауға негізделген. Оқушылар альдегид, глюкоза, глицерин, крахмалды өздеріне тән сапалық реакция арқылы анықтайды. Сабынды анықтағанда сабын ерітіндісіне бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызса, май қышқылының мақта тәрізді үлпілдек тұнбасы түзіледі.
10 гр ұнтақталған қант пен сонша көлемде күкірт қышқылын қосып араластырса, кеуек көмір массасы түзіледі. Оқушылар күкірт қышқылының қант құрамынан суды сіңіріп, оны жартылай тотықтырып, таза көміртегінің бөлініп шыққандығы туралы қорытындыға келеді. Оқушылар машина майы мен өсімдік майын химиялық әдіспен ажырата білуге үйренеді. Оқушылар спирттер, альдегидтер, қышқылдар және күрделі эфир арасындағы генетикалық байланыс туралы іс жүзінде дәлелдеп көрсетеді.
Сабақ кезінде тәжірибені орындау қауіпсіздік техникасын бақылау қажет. Экспериментте жіберілген елеулі кемшіліктерді түзетеді. Мұғалім оқушының асықпай, жан-жақты ойлап, заттар арасындаға ұқсастық пен айырмашылыққа көңіл аударып, генетикалық байланыс мәселелерін шешуіне мүмкіншілік беру керек. Эксперименттік есептерді орындап болған соң оқушылар бақылағандарынан қорытынды жасайды.
Жұмыстың тапсырмалары:
1 – нұсқа
1. Үш сынауықта этанол, глицерин және сірке қышқылы ерітінділері берілген. Әр сынауықта қай зат ерітіндісі бар екенің анықтандар
2. Қанттың құрамына көміртек пен сутек кіретіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.
2 – нұсқа
1. Берілген сірке қышқылы, альдегид және фенол ерітінділерінің қай сынауықтарға құйылғаның анықтаңдар.
2. Сабыннан карбон қышқылын алыңдар.
3 – нұсқа
1. Крахмал, сахароза және этанол ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауыққа құйылғаның анықтандар.
2. Берілген альдегидтен карбон қышқылын алыңдар.
4 – нұсқа
1. Берілген олеин қышқылы, фенол, глицирин ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауыққа құйылғанын анықтандар.
2. Картоп пен ақ нанның құрамына крахмал кіретіндігін дәлелдендер
5 – нұсқа
1. Бір сынауыққа өсімдік майы, екінші сынауыққа мұнайдан алынған машина майы құйылған. Қай сынауыққа қандай май құйылғаның дәлелдендер.