kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"О?ушыны? ойлау ?абілетін дамытуда инновациялы? ?дістерді? ма?ызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

            О?ушыны? ойлау ?абілетін дамытуда инновациялы? ?дістерді? ма?ызы

?Р білімді дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасында « басты н?рсе білім, білік да?дыларды механикалы? т?рде беру емес, а?паратты? интеллектуалды? ресурстарды ?з бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ?немі даму ?стінде болатын ж?не жылдам ?згерістегі ?лем жа?дайында іске асыра алатын т?л?а ?алыптастыру болып саналады»- деп к?рсетілген.
    О?ушыны? таным белсенділігін дамыту, шы?армашылы? ізденістерге баулу- б?л білім берудегі басты м?селе. Кезінде ?аза? мектептеріндегі дидактикалы? міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин ?лкен ?лес ?осты. Ол ?з е?бегінде « Балалармен ?ыс?а, ашуланбай, байсалды с?йлеу, ?рбір п?нді бар пейілмен ж?не ?арапайым тілмен т?сіндіру керек, м??алім жан-жа?ты, білімді, ?з ісіні? шебері болуы ?ажет» деп атап к?рсетеді.Ал А.Байт?рсынов « бала білімді т?жірибе ар?ылы ?здігінен алу керек, м??алімні? міндеті бала?а ж?мысты ?ліне ?арай ша?ындап беру ж?не белгіленген ма?сат?а ?арай ба?ыттап отыру керек» деп ескертеді.
    О?ушыны? шы?армашылы? ?абілеті оны? ойлауы мен іс ж?зіндік ?рекеттері ар?ылы дамиды. Ойлау?а ?йрететін саба?тарды ж?ргізуде, алдымен, м??алім мен о?ушы арасында ынтыма?тасты?ты ?алыптастыру ?ажет. М??алім б?л жа?дайда дайын білімді т?сіндіріп ?оюшы, ба?ылаушы, ба?алаушы емес, танымды? іс-?рекетін ?йымдастыратын ?жымды? істерді? ?йыт?ысы. Сонда ?ана о?ушы интеллектісіні? к?зін ашып, шы?армашылы?ын дамытады. О?ушыларды? шы?армашылы?ын ?алыптастыру ?шін ?уелі ?ызы?тыру жолдарын іздестіру керек.  
    ?рбір м??алімні? ма?саты-о?ушылар?а тере? де тияна?ты білім беру, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру, ?здігінен шы?армашылы?пен ж?мыс жасай алатын болаша?ты? іскер де жігерлі, білімді ?рпа?ыны? ?зіне деген сенімін к?шейтіп, таным ?абілетін дамыту.
    ?Р «Білім туралы» за?ыны? 8-бабында «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті – ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тар, ?ылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а, дамыту?а ж?не к?сіби шындау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажеті жа?дайлар жасау. Жеке адамны? шы?армашылы?, рухани ж?не дене м?мкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты ?мір салтыны? берік негіздерін ?алыптастыру, жеке басыны? дамуы ?шін жа?дай жасау ар?ылы интеллекті байыту. Е?бек рыногында б?секелесуге ?абілетті ж?мысшылар мен мамандар даярлау, оларды ?айта даярлау ж?не біліктілігін арттыру» делінген. Я?ни, барша ?стаз ?ауымына ХХІ ?асыр талабына сай азамат т?рбиелеудегі жауапкершілік ж?ктелгені аны?.  
    Б?гін та?да мына а?параттар а?ыны тасы?ан ?о?амда жас ?рпа??а « Нені о?ыту? ?алай о?ыту керек?» деген м?селелер т?р. Ел Президенті Н.Назарбаев                                               
« ?аза?стан – 2030» стратегиясыны? даму ба?дарламасында  «бізді? жас мемлекетіміз ?сіп-жетіліп, кемелденеді, бізді? балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген с?зін ?стаз ?ауымына на?ты айтыл?ан аманат деп т?сіну керек.
          Б?л орайда ?лтымызды? рухани жары? ж?лдызы М.Ж?мабаевты?  « ?аза?ты? та?дыры да, келешек ел болуы да мектебіні? ?андай негізінде ??рылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымыз?а ?абысатын, ?йлесетін негізінде ??ра білсек, келешегіміз ?шін тайынбай – а? серттесуге болады»  деген даналы? ?сиетіні? м?ні ?азіргі жа?андану кезе?інде ?аза?стан мемлекеті ?шін орасан зор. ?йткені, ?аза? еліні? келешегін ай?ындайтын, оны т?ра?ты даму де?гейіне к?теретін бірден-бір ??ндылы?, ол – б?гінгі ?рпа?. Сонды?тан ?азіргі жа?а білім ?лгісін жасау аясында б?кіл ?о?амды ж?мылдыра отырып рухани, интеллектуалды? ж?не экономикалы? т?уелсіз мемлекет орнату болаша?ына ба?дарлан?ан, ?лтты? ж?не жалпыадамзатты? ??ндылы?тар?а ?йлестірілген т?рбие м?селесін т?рге ?оятын т?рбие-білім ж?йесін іске ?осу-б?гінгі к?нні? кезек к?ттірмейтін м?селесі.
           

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"О?ушыны? ойлау ?абілетін дамытуда инновациялы? ?дістерді? ма?ызы" »

Бекжігітова Ләззат Қабыкенқызы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратал орталау мектебінің химия пәні мұғалімі



«Оқушының ойлау қабілетін дамытуда инновациялық әдістердің маңызы».


ҚР білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында « басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады»- деп көрсетілген.

Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу- бұл білім берудегі басты мәселе. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде « Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан-жақты, білімді, өз ісінің шебері болуы қажет» деп атап көрсетеді.Ал А.Байтұрсынов « бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек» деп ескертеді.

Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндік әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Сонда ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі қызықтыру жолдарын іздестіру керек.

Әрбір мұғалімнің мақсаты-оқушыларға терең де тиянақты білім беру, пәнге қызығушылығын арттыру, өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасай алатын болашақтың іскер де жігерлі, білімді ұрпағының өзіне деген сенімін күшейтіп, таным қабілетін дамыту.

ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажеті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллекті байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» делінген. Яғни, барша ұстаз қауымына ХХІ ғасыр талабына сай азамат тәрбиелеудегі жауапкершілік жүктелгені анық.

Бүгін таңда мына ақпараттар ағыны тасыған қоғамда жас ұрпаққа « Нені оқыту? Қалай оқыту керек?» деген мәселелер тұр. Ел Президенті Н.Назарбаев

« Қазақстан – 2030» стратегиясының даму бағдарламасында «біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген сөзін ұстаз қауымына нақты айтылған аманат деп түсіну керек.

Бұл орайда ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы М.Жұмабаевтың « Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізінде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізінде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады» деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор. Өйткені, қазақ елінің келешегін айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол – бүгінгі ұрпақ. Сондықтан қазіргі жаңа білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды жұмылдыра отырып рухани, интеллектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға үйлестірілген тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие-білім жүйесін іске қосу-бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі.

Соңғы кезде еліміздің білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатқаны белгілі. Соның ішінде ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білім деңгейін көтеру, олардың өздігінен істейтін жұмыстың салмағын арттыру – сабақтың негізгі мақсаты.

Пәнді оқытудағы негізгі мақсатым – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, халықтық педагогикасыменмен ұштастыру және оқушыларды өздігінен жұмыс істей алатын шығармашыл деңгейге жеткізу.
Осы орайда мен өз сабақтарымда сабақ тақырыбына сәйкес әр түрлі технология әдістерін немесе элементтерін пайдаланып жүрмін. Бұл әдістер оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, ойлау, сөйлеу, шығармашылық қабілетін дамытуға болатындығын өз тәжірибемнен байқадым.Сондықтан өз тәжірибемді сіздермен бөліспекшімін. Оқу үдерісінде дәстүрлі емес сабақтар қолдана отырып үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Мұндағы мақсатым ойын арқылы пәнге деген қызығуын, белсенділігін, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыландыру. Білімді меңгеру белгілі әрекет үстінде жүзеге асады.. Белгілі ғалым А.Науменко: « Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады» , деп өте орынды айтқан. Тәжірибе көрсеткендей бір сарынды сабаққа үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болып, басқаларды өзіне қарататын мүмкіндікке ие болады. « Ойын – білімнің кілті» деген атпен химия апталығын өткіздім. Онда « Тамаша жетілік» , « 1001 мақал, 101 жұмбақ», Танымдық ойын: « Цейтнот», «Химиялық лото» , « Үшіншісі артық» , « Көршінді тап» , « Менің ойымша» , «Футбол», « Сөзден – сөз шығару» , «Полиглот» т.б. ойын түрлерін өткіздім.

«Химия-адам өмірінде» апталығында оқушылар химияның адам өміріндегі маңызы, тамақтану, таза су мәселесі жайлы білімдерін дамытып жан-жақты ізденіс жасады. «Таза ауыз су мәселесі бойынша қарапайым су тазартатын қондырғы жасау жолы көрсетіліп, бүкіл ауыл болып қолдана бастады, өйткені біздің ауылдың пайдаланылатын суы талапқа сай емес.

Оқушылардың дайындаған баяндамалары, рефераттары тыңдалды, қабырға газеттері, құрастырған сөзжұмбақтары,сызбалары, үйге берілген тапсырмалар қызығушылықпен өте жақсы орындалды. Алдын ала берілген тапсырма бойынша «Химия және тамақ» атты ауызша журнал ұйымдастырылды. Осы тәрізді сыныптан тыс жұмыстардың басқада түрлері оқушының пәнге деген қызығушылығын, топпен істеуге, ұйымшылдыққа үйренеді, оқулықта мәтінмен қосымша әдебиеттен, газет – журнал, ақпарат материалдарымен жұмыс істеуге дағдыланады. Осы сияқты оқушының білімін пәнаралық байланыс арқылы жетілдіріп, дамытып отыру-оқыту үрдісінің тиімділігін арттыратын тәсілдердің бірі болып табылады.

Оқушылардың теориялық білімін жинақтап, шығармашылық қабілеттерін арттыратын, қатемен жұмыс жүргізуге жан-жақты үйрететін Н.Оразахынованың сатылый кешенді талдау технологиясын, сын тұрғысынан ойлау технологияларының бірнеше стратегияларын, МОТ пайдаланып, сабақты тартымды өткізуге тырысамын. Осы әдіс-тәсілдер бойынша 9-сыныпта химиядан «Фосфор және оның қасиеттері» , « Азот және фосфор» , 8-сыныпта «Тотығу.Оксидтер және олардың аталуы» , « Химиялық реакция типтері»тақырыптары бойынша « Жаңаша оқыту айлығында» сабақтар өткіздім. Онда оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, білуге үйрететін қиықшамен, тірек сызбамен жұмыс, тест тапсырмалары, мәтін бойынша жоспар құру т.б. жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын.

Халықтық педагогиканы оқу -тәрбие жұмысының мазмұнына енгізу мектеп ұстаздарына жүктелер міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы орайда химия, биология сабақтарында қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрін, ұлттық ойындарын, мақал-мәтелдерін, киелі сандарын, жұмбақтарын, аңыз - әңгімелерін сабақ тақырыбына сәйкестендіріп пайдаланамын. Сөзім дәлелді болу үшін өзім өткізген кейбір сабақтарға тоқталайын, «Фосфор» тақырыбын өткенде фосфор Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде бесінші топтың негізгі топшасында орналасқан. Ал « 5» саны киелі сан, мысалы бес жақсы, бес дұшпан, « Тұздар тақырыбында тұзға байланысты ырымдар, мақал-мәтелдерді мысалы; « Тұз - астың атасы» , « Татар дәм тұзың таусылмасын» т.б. Суға байланысты «Су ішкен құдығына түкірме» , «Судың да сұрауы бар» т.б. мақал – мәтелдерді оқушылар айта білді.

Аймақтық семинарияда 9-сыныпта химия пәнінен «Металлдар әлеміне саяхат» атты конференция сабақ өтті. Онда оқушыларды болашақ мамандығын таңдауға баулыдым. Бұл сабақта алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар өздері ізденіс жасады.

Химия және биология пәндері бойынша мектепішілік олимпиада өткізіп отырамын. 8-сынып оқушылары биологиядан,9-сынып оқушылары химиядан «Ақбота» интеллектуалды марафонына қатысып, сертификаттармен марапатталды. 2009 жылдың қараша айында мектепішілік «Жыл сынып жетекшісі» сайысында «Шығармашыл ұстаз» номинациясына ие болдым.

Қызығынан қиыны басым ұстаздық қызметтің көтерер жүгі де ауыр. Әр мұғалім өз өмірінде басты қаруды – кітап, басты құрал – қалам, ал кемелді кейіпкері – оқушы деп қарап, ұстаздық қызметті сүйсе, әр жеген нанын адалдап, ұстаздықтың ұлы жолына үлкен жауапкершілікпен аттанғаны дұрыс. Шығыс философтары «Жастық шақ - бұл нағыз ерлік істейтін шақ» дейді екен. Демек, елге елеулі ерлік жасамасақ та, бір 45 минут сабағымызды түрлендіріп, жандандырып өткізе білейік.

Сіздер мен біздер қазіргі таңда айбарлы да азат Қазақстанның жау жүрек, батыл, батыр барыс бейнесіндегі ұл-қыздарын тәрбиелеп отырмыз.2030 жылғы кемелденген Қазақтың кәусар болашағының бағдарлы білімімен, толағай тәрбиесі біздің қолымызда.Олай болса көтерер жүгіміздің салмағы жеңіл емес. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, барлығымыз осы еліміздің беделін биіктетіп, абыройын асқақтата берейік.






Пайданылған әдебиеттер:

  1. Химия мектепте №4 2008 жыл

  2. Химия мектепте №6 2009 жыл

  3. Қазақстан мектебі №2 2009 жыл

  4. Биология және салауаттылық журналы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"О?ушыны? ойлау ?абілетін дамытуда инновациялы? ?дістерді? ма?ызы"

Автор: Бекжигитова Ляззат Кабыкеновна

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 167346


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства