kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұғалімнің алдындағы мұраты -шығармашылық тұлғаға жетелеу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мұғалімнің алдындағы мұраты -шығармашылық тұлғаға жетелеу.»

Мұғалімнің алдындағы мұраты -шығармашылық тұлғаға жетелеу.


«Ғасыр мақсаты- қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа

көшу кезеңінде саяси экономикалық және рухани

дағдарыстарды жеңіл шыға алатын,

ізгілігінен өмірге икемделген,

жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны

тәрбиелеп қалыптастыру».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.



Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.

Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болшағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа  инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым.Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осынын дәлелдесе керек. Сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымыздың  тығылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің маңызы зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата- бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру –басты міндет.

Қазіргі әлемдік тәрбие үдерісінің алға қойып отырған мақсаты баланың зияткерлік дамуына ғана емес, сондай-ақ өз бетімен ойлап, өз білімін толықтыра, кеңейте білуден, өзінің ойлау жүйесін, әлеуметтік мәнді мінез-құлқын, қарым-қатынастарын, сезімдерін қалыптастыра білуден, өз елінің экономикалық, әлеуметтік мәдени және саяси өміріне арласуға дайын болу үшін жағдай жасаудан тұрады. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық қарқынды даму жағдайы азаматтардың шығармашылық деңгейі, қабілетті және белсенділігімен айқындалады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуын «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп тоқталып өтті. Ал Мағжан Жұмабаев «Жас бала-жас шыбық, жас күнде қай күйде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйіндеген екен. Сонымен әр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке-дарынды тұлғаны қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Осы мақсатта шәкірттеріміздің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, танымдық белсенділіктерін арттыруға көп мүмкіндік беретін Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық «Химик анықтамалығы» журналының әр жыл сайын ұйымдастырып отыратын «Алхимик» танымдық сайысына оқушыларым белсене қатысып отырады. Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларынан құралған «Ордабасы-2» тобы «Алхимик» сайысына белсене қатысып, шығармашылықпен жұмыс жасағандары үшін және танымды, мазмұнды жауаптарымен жоғары нәтиже көрсеткендері үшін «Ең үздік топ» атағына ие болып, медаль және Дипломмен марапатталып жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда «Ордабасы-3» тобымен жұмыс жасаудамын. Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімін терең әрі жан-жақты болғанына не жетсін.




Топ жетекшісі: Аухатова Гүлзейнет Тастемірқызы.

Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мұғалімнің алдындағы мұраты -шығармашылық тұлғаға жетелеу.

Автор: Аухатова Гулзейнет Тастемировна

Дата: 16.05.2020

Номер свидетельства: 549952

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Тренинг сабақ Арман жарқын болашақ психологиялық"
    ["seo_title"] => string(56) "trieningh_sabak_arman_zhark_yn_bolashak_psikhologhiialyk"
    ["file_id"] => string(6) "382566"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485113729"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства