Просмотр содержимого документа
«Химиялық реакция жылдамдығына шығару жолымен есептер»
Иманова Асель Нурмухамедовна
Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы.
«Химиялық реакция жылдамдығы» бойынша шығару жолымен есептер
Мақсаты: Оқушылардыхимиялық реакциялар жылдамдығы бойынша есеп шығаруға дағдыландыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін тереңдету .
Химия курсын терең түсіну үшін есептер мен жаттығуларды шығару қажет. Есептер теориялық білімдерді бекітеді, нақтылайды, теорияны белсенді күйге ауысады. Есептің шығарылуы жағдайлардың талдауын, есептеу формуланы білуді, математикалық есептеулерді талап етеді. Сонда табандылық танытқан оқушының білімдері кеңейеді, оқушы оқуда жоғары нәтиже көрсетеді.
Мұғалімдердің қолданысқа жарамды.
Есеп 1. Химиялық реакция ерітіндіде А+В=С теңдеуіне сәйкес жүреді. Бастапқы концентрациялары: А-0,080 моль\л, В-1 моль\л, 20 мин. өткеннен кейін А затының концентрациясы 0,78 моль\л мөлшеріне дейін кеміді№ В затының концентрациясы енді қандай болды? Егер реакция жылдамдығын А затымен В заты концентрациясының кемуіне қарай білетін болсақ, осы уақыт ішінде реакцияның орташа жүру жылдамдығы қандай болған?
Есеп 5. Температура80⁰С -қа жоғарылағанда химиялық реакция жылдамдығы 256 есе артты. Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?
Шешуі: v2\v1=256, ∆t=40
256=λ 80\10 ; λ 8=256; λ =2
Есеп 6. Көлемі 600 мл жабық ыдыста Н2(г)+Br2(г)=2HBr (г) реакция жүреді. Белгілі уақыттан кейін сутек пен бромның зат мөлшері сәйкесінше 0,03 және 0,02 моль болды. Егер түтікке әрқайсысынан 0,01 мольден қосымша енгізсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
Шешуі: v1=0,03*0,02=0,0006
V2=0,04*0,03=0,0012
0,0012\0,0006=2 есе артады Есеп 7. Жай заттардың қатысуымен екі реакция жүреді. Бір минуттан кейін бірінші реакция нәтижесі нде 3,5 г. күкіртсутек, ал екінші реакцияда 10 г.йодсутек түзілді.Осы реакциялардың қайсысының жылдамдығы жоғары?
0,103 ˃ 0,078, сондықтан бірінші реакция тезірек жүреді
Есеп 8. Сыйымдылығы бірдей екі түтікте екі реакция жүреді: а)SnO(қ) +H2(г)=Sn(қ)+H2O(г) b)PbO(қ)+H2(г)=Pb(қ)+H2O (г). Бірдей уақыт аралығында: а)3,36 л сутек b) 4 г. сутек жұмсалатын болса, а. реакцияның жылдамдығы b.-мен салыстырғанда неше есе аз жүреді?
Шешуі:
n=V\VM= 3,36\22,4=0,15 моль; n=m\M=4\2=2моль
v(а)=+-∆C\∆t = 0,15\1*1=0,15 моль\л сек
v(b)=+-∆C\∆t = 2\1*1=2 моль\л сек
v(b)\ v(а)=2\0,15=13,3 есе аз
Пайдаланылған әдебиет:
1. Я.Л.Гольдфарб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б. Додонов Химия есептері мен жаттығуларының жинағы, Алматы «Мектеп» 1983ж -б. 81
2. Н.А.Расщепкина, В.И.Костина Скорость химических реакций: методические указания, Самара, Изд-во СГАУ, 2012 г -с.3-13
3. Коровин Н.В. Общая химия – М.: Высшая школа, 1999.- с.167-201