Жаңа білімді өз бетімен алуға дағдыландыру үшін 7 модуль элементтерін толық қолдану тиімді болмақ. Мұның өзі мұғалімге үлкен жауапкершілік пен үнемі ізденісті қажет етеді. «Халық пен халықты теңестіретін - білім»-деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да соңғы жаңалықтардан қалмай, жаңалық жаршысы болуымыз керек. «Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.