kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХИМИЯ САБА?ТАРЫНДА ДЕРБЕС О?УШЫЛАРДЫ ДАМЫТУ ?ШІН МАРШРУТТЫ? КАРТАНЫ ПАЙДАЛАНУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сын  т?р?ысынан  ойлау  ар?ылы о?ушыларды?  білім  де?гейін  ?азіргі  заманда  к?теру  керек  екендігі  ?те  ма?ызды.О?ушыларды?   білім   де?гейін   арттыруда   ?олданылатын топты?   ?дістерді? ,   диалогты о?ытуды?   ма?ызы   жо?ары. Алайда   сыныпта?ы   о?ушыларды?   барлы?ы дерлік саба??а ?атыстыру ма?сатында ?олданыл?ан маршрутты? картаны? тиімділігін бай?адым.    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХИМИЯ САБА?ТАРЫНДА ДЕРБЕС О?УШЫЛАРДЫ ДАМЫТУ ?ШІН МАРШРУТТЫ? КАРТАНЫ ПАЙДАЛАНУ »

ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ДЕРБЕС ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУ ҮШІН МАРШРУТТЫҚ КАРТАНЫ ПАЙДАЛАНУ


Бекетова Нургуль Кушербаевна,

үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған химия пәні мұғалімі,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру қазіргі уақыт талабы. Оқушылардың білім деңгейін арттыруда қолданылатын топтық әдістердің, диалогты оқытудың маңызы жоғары. Алайда сыныптағы оқушылардың барлығы дерлік сабаққа қатыстыру мақсатында қолданылған маршруттық картаның тиімділігін байқадым.

Маршруттық картаны қолдану барысында оқушы мұғалім нұсқаулығын оқи отырып өз бетімен жұмыстанады. Жұмыс орындалып болғаннан кейін, мұғалімнің көрсеткен дұрыс жауабы бойынша ол өз жауабын салыстырады, қателерін түзейді және өзіне-өзі баға береді. Өз сабақтарымда оқушы жауабын тексеруде жұптық жұмыс жасап, оқушының жауабын тексеруге көршісін тартамын немесе өзім тексеріп отырамын.

Сабақтағы үдерістерге барлық оқушыларды тарту барлық оқушылардың ынталандыру алуына әкелді. Ортаңғы буын сыныптарында жұмыс істегенде мен бұның сыныптағы белсенділік деңгейін арттыратындығын байқадым. Мысалы, 8 сыныпта "Тұздар: құрамы, номенклатурасы жіктелуі, қасиеттері, алынуы" тақырыбында өткізген жаңа білімді меңгерту сабағымда әр оқушының алдына тұздардың формуласын құру алгоритмін ұсынып, жаңа тақырыпты өз беттерімен қарапайымнан бастап меңгерулеріне қол жеткіздім.

 

Тапсырма 1. а) Мына тұздардың формуласын жазыңыздар: кальций хлориді, барий нитраты, темір (III) сульфаты, кальций фосфаты.

ә) Берілген тұздарды атаңдар:  Na3PO4, K2CO3, KHSO4, NaH2PO4, Al(OH)SO4, Al(OH)2Cl.

 


Маршруттық карта 1.(тұздардың формуласын құру алгоритмі):

1. Тұз құрамындағы металл атомдары мен қышқыл қалдығының формуласын жазамыз.

2. Металл атомы мен қышқыл қалдығының валенттіліктерін анықтаймыз.

3. Ең кіші ортақ еселікті табамыз.

4. Ең кіші ортақ еселікті әрқайсысының валенттілігіне бөлу арқылы индекстерді табамыз.

5. Оттекті қышқыл қалдығы болса, қышқыл қалдығын жақшаға алып, индексті қоямыз.

Маршруттық карта 2.(тұздарды атау алгоритмі):

Орта тұздарды атау:

Металл атауы

Валенттілігі

Қышқыл қалдығы атауы

Қышқыл тұздарды атау:

Металл атауы

«Гидро-» сөзін қышқыл қалдығына қосып айтамыз

Негіздік тұздарды атау:

Металл атауы

«Гидроксо-» сөзін қышқыл қалдығына қосып айтамыз.

Оқушылар өздері орындап болған соң, жауапты қасындағы көршісіне оқып, ой бөлісіп,  жұптық  жұмыс барысында жұптарын тексеріп, бағалады.

Бағалау критерийі:

 

Критерий

Дескриптор

Ұпай

Жеке тапсырмаларды орындауы

Тұздың формуласын толық жазып, берілген тұздың атын атады.

3

Тұздың формуласын жазды, берілген тұздың атын атай алмады.

2

Тапсырмаларды толық орындамады,  толықтыруды қажет етеді.

1

 

Мен бұл жерде оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат еттім.

Топтық жұмыс барысында осы сабақ аясында "Үзілген тізбек" әдісін маршруттық карта есебінде қолданып, тұздарды алу әдістерімен таныстырдым.

Тапсырма 2.

"Үзілген тізбек" әдісімен тұздарды алу жолдарын зерделеу.

 

Тұздарды алу жолдары

1.

Қышқыл

+

Негіз

Тұз

+

Су

H2SO4

+

 

Na2SO4

+

 

2.

Қышқыл

+


Тұз

+

Сутек

 

+

Zn

ZnCl2

+

 

3.

Қышқыл

+

Негіздік оксид

Тұз

+

Су

2HCl

+

 

CuCl2

+

 

4.

 

+

Тұз

Жаңа қышқыл

+

Жаңа тұз

H2SO4

+

BaCl2

 

+

BaSO4

5.

Негіз

+

Тұз

Жаңа негіз

+

Жаңа тұз

 

 

+

СаSO4

 

+

К2SO4

6.

 

+

Қышқылдық оксид

Тұз

+

 

2NaOH

+

SO3

Na2SO4

+

H2O

7.

 

+


Тұз

СО2

 

+

СаО

СаСО3

8.

Тұз

+

Тұз

Жаңа тұз

+

 

КСl

+

 

AgCl

+

KNO3

9.

 

+


Тұз

+

Металл

CuSO4

+

Fe


+

 

10.

Металл

+

Бейметалл

Тұз

 

 


FeS

 

Оқушылар оқулықтағы мәтінмен жұмыстанады. Алдымен, жеке оқушы өз бетімен жұмыстанады, кейін топтық талқылау жүреді , тапсырманы ізденіп, толықтырады.

"Мәзір уақыты " әдісінде де оқушылар нұсқаулық бойынша жұмыс жасады. Олар тұздардың химиялық қасиеттерін өз беттерінше ұғынып, оларды тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

Тапсырма 3.

"Мәзір уақыты" әдісімен тұздардың химиялық қасиеттерін зерделеу үшін химиялық тәжірибелер жасаңыз, тәжірибелер нәтижесін шығарыңыз, реакция теңдеулерін жазыңыздар.

1-тәжірибе: Тұз + металл→ тұз + металл

2-тәжірибе: Сілті + тұз → ерімейтін негіз + тұз

3-тәжірибе: Тұз + тұз → ерімейтін тұз + тұз

4-тәжірибе: Тұз + қышқыл  →       тұз + су + көмірқышқыл газы

5-тәжірибе: Ерімейтін тұз → оксид+оксид

 

Жоғарыдағы екі әдісті қолдана отырып, мен Мерсер мен Фишер (1993) айтқандай оқыту мен оқудың оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру жағдайын топтық жұмыс барысында  ескердім деп айта аламын және бұл оқушының тақырыпты игеруіне жол ашты. Химия сабағында сандық есептер шығаруда оқушыларға деңгейлік есептерге сәйкес  маршруттық карталарды ұсыну - оқушының оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керектігін және қажет деңгейге қалай жету керектігін көрсетудің бірден-бір қажетті көмекшісі деп есептеймін.

Есеп шығарудағы нұсқаулық картасы

С деңгейі (8 сынып)

Ас үйдегі плитаға жалғанған газ баллонындағы  массасы 440 г пропан (С3Н8)  жанғанда қанша грамм көмірқышқыл газы бөлінеді?  Бөлінген  көмірқышқыл газынан құтылу үшін ас үйде қандай шаралар алу керек? Химиялық реакция теңдеуі: C3H8+…O2=…CO2+…4H2O

Есептің мәтінін оқы

Шығару жолын ойластыр.

Берілгенін жаз

Нені табу керек екендігін жаз.

Көмірқышқыл газының формуласын есіңе түсір, білмесең мұғалімнен көмек сұра.

Қауіпті жағдай

Үлгіні қара.

Жемісті қозғалыс

«Ойлау құралдарын» пайдалану: периодтық кесте, формулалар жиынтығы

Реакция теңдеуін жаз

Реакцияны теңестіру қажет болса, теңестір.

Білмесең, үш көршіннен сұра.

Берілген мәнді сол қосылыстың үстіне жаз

Табу керек қосылыстың үстіне Х белгісін қой

Берілгені және табу керек заттар үшін зат мөлшері (ν), мольдік массасын (М), массасын (m) тауып теңдеудегі сол заттардың формулаларының астына жазу.

Пропорция арқылы көмірқышқыл газының  массасын тап.

Уәждеме

Жауабынды тұжырымда.

Сұраққа өз ойыңмен жауап бер.

Мәре сызығы

Жарайсың, сенің қолынан бәрі келеді!

Бағалау критерийі:

Дискриптор

Ұпай

Есеп шығару кезеңдері дұрыс, қателіктер жоқ.

4

Есеп шығаруда формулаларды дұрыс пайдаланған, реакция теңдеуі дұрыс құрылған,  берілген мәліметтер  реакция теңдеуіне сәйкес орналастырылған, бірақ пропорция дұрыс құрылмаған.

3

Есеп шығаруда реакция теңдеуін қатесіз жазған, бірақ берілген мәліметтерді  реакция теңдеуіне орналастыруда қателіктер жіберілген.

2

Есепті шығару үшін алған реакция теңдеуі  дұрыс теңестірілмеген.

1

 

Маршруттық картаның артықшылығы – ол мұғалім уақытын босатады, оған өз кезегінде қабілеті аз оқушыларға көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Бұл мұғалімге оқушыларға материалды түсіндіруге аз уақыт кетіруге мүмкіндік береді; сондай-ақ оқушыларға есептерді шешу прогресін саралауға мүмкіндік бере отырып, оларға өз бетімен жұмыс істей алу жолында қолдау және даму мүмкіндігін береді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ХИМИЯ САБА?ТАРЫНДА ДЕРБЕС О?УШЫЛАРДЫ ДАМЫТУ ?ШІН МАРШРУТТЫ? КАРТАНЫ ПАЙДАЛАНУ

Автор: Бекетова Нургуль Кушербаевна

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179456


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства