Өзекті тақырыбым: «Химия сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отыра, оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыру». Мақсаты: Білім үрдісінің жеке тұлғаларының құзырлылығын дамыту Ақпараттық технология негізінде оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыру. Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне компетенттік тәсілді алу ұсынылып жүр .В.Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-төжірибелік дайыңдық ретінде анықтама береді. В.Ландшеер, П.Симонов, М.Чошановтардың түсіндірмесі бұл анықтамаға қайшы келмейді. Дегенмен, В.Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М.Чошанов көбінесе компетенттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік),ал ВЛандшеер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсіндіріледі. Ал психологиялық сөздіктерде "компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті" деген түсінік берілген."Осы айтылғандарды қорытындылай келе компетенттілік ұғымына мына-дай анықтама беруге болады: "Компетенция — оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобилъділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер. Демек, компетенттілік ұғымы "білім", "білікгілік", "дағды" сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Компетенттілік оқу нөтижелерімен қатар, оқушылардың шығармащылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді." Білім,білік,дағды қасиеті өзінің даралығымен сипатталып,өз бетімен жетілдіріліп отырған жағдайда ғана құзіреттіліктің негізі бола алады. «Құзырлылық» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе, бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «...өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді.» Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе 12 жылдық білім беру де педагог төмендегідей құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті. 1. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет 2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті 3. Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл жайлы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында оқушы бойынан табылуға тиісті құзырлылықтарды нақты айқын көрсеткен. Мұнда: Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, бға бере білу, елжандылық қабілетті болу) Мәдениеттанымдық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті) Оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу) Коммуникативті құзіреттілік (адмдармен өзара қарыс-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болу) Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті) Әлеуметтік-еңбек құзіреттілік (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті) Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілік (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті ) Аталған құзіреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзіреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсыналатын жағдайда болғанда ғана студент құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Білім сапасы білім,біліктілік,дағды,тұлғаның қасиеттері, қабілеттерімен бағаланса,тұлға педагогикалық объект ретінде меңгерілетін,қалыптасатын адам тәжірибесі ретінде қарастырылады. Мұғалім мен оқушының арасындағы байланысын,қызметтік-тұлғалық деп айту артық,өйткені мұғалім үшін ең бастысы баланың тұлғалық қасиеттері,тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы емес,олардың жетістігі болып табылады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы В.Дьяченконың топпен деңгейлеп оқыту технологиясын қолданамын. Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын: -оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру -жекелей,жұппен,топпен жұмыс жүргізу -ойлау қабілетін дамытатын есептер беру -қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру -оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру. Бұл технологияның тиімділігі сол,оқушының әсерлену жүйесі қалыптасады. Топпен оқыту технологиясын қолдана отыра төмендегідей нәтиже күтемін: Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай үш топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге,ізденуге,шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасы арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде ,оларды баурап алу үшін қазақ халқының бай мұраларын сыр сандық жасатып ”Ақ сандығым ашылды, ішінен шашу шашылды ” деген сияқты мақалалар айтып оқушының қызығушылығын,талабын ұштап, қиялын дамытамын. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін “Дөңгелек үстел” “Бреин-ринг “ .“Бұл неліктен”. ‘Қарлы кесек”, «Кім көп біледі», «Көңілділер мен тапқырлар» оқыта үйрету ойындарын қолданамын. Ойын элементтерін пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық қызығушылығын арттыруға өткізген сабактарым: 8 сынып бойынша «Бастапқы химилық түсініктер» «Оттегі, Жану», 9 класс бойынша «Бейорганикалық қосылыстар », « Азот, Фосфор» т.б өткен тақырыпты пысықтау, үй тапсырмасын тексеру кезінде пәнге қызығушылығын арттыру үшін сұрақ-жауап ретінде миға шабуыл, кім жылдам, біліміңді байқап көр, Формулалар сайысы, Бейне сұрақ,Химик сараман, Жарқыраған шың т.б ойын элементтерін қолданып белсенділігін арттырамын. Тірек сызба, семантикалық карта толтыру,эстафеталық сұрақтар, лото ойындарын шештірту арқылы, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытамын. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып , сабақты бекітемін. . Әр тарауды өткен соң, химиялық диктант,өздік жұмыс,тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп,тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар,сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін.Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға,жүйелеуге мумкіндік береді.Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды.Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Оқушы білімін бағалауға эксперттік комиссия қабылдаған сапаны анықтау жүйесін қолданамын Егер жауап-75%-дан жоғары болса-жақсы,-50%-ға дейін қанағаттанарлық,-50%-дан төмен-білім деңгейі төмен Оқушы білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне,қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін.Баға-бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты,ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып,қорытынды бағасын шығарып отырамын.Осындай тәжірибе арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін,шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Соның шінде химия сабағында жаңа ақпараттық – компьютерлік технологиялыарды пайдаланамын, сондай жүйелердің бір түрі интерактивті құрал, яғни Интерактивті әдістерге:
1. Проблемалық шығарма әдістері 2. Презентациялар 3. Пікір-таластар 4. Кейс-стадийлер 5. Топпен жұмыс 6. Миға шабуыл әдісі 7. Сын тұрғысынан ойлау әдісі 8. Викториналар 9. Мини зерттеулер 10. Іскерлік ойындар 11. Рөлдік ойындар 12. Инсерт әдісі (белгілеулер әдісі, 7-10 минут ішінде оқушылар эссе жазады). 13. Блиц-сұрақтар әдісі 14. Анкета алу әдісі т.б. Есте сақтау қабілетін шыңдауға,ғылым мен техника жетістіктеріне,білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор.Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру,алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар викторина шешу, ребус,кроссворд құрастыру,логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін,пәнге қызығушылығын арттырып,пән аралық байланысты нығайту қажет. Осы орайда. оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін,ойлауға икемділігін:гін,өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «Бақытты сәт», КВН т.б ойындар.Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін,шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра,оқушының білім сапасын көтеремін,алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.Сонымен топпен оқыту технологиясы баланың жеке тұлғасын пән арқылы дамытуға қолайлы тұлғаның білім,біліктілік дағдысын қалыптастырады деп ойлаймын. Сөзімді: Құзырлылық адамның ол рухани байлығы, Бәсекеге кез келген сайлылығы. Кәсіби қызметінің биігінен, Көрінеді тек ұстаздың балаға жайлылығы- деп аяқтағым келеді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т. Акитбаев.,2006.15бет 2.«Топпен оқыту технологиясы» В.К.Дьяченко.-м,1991. 3.«Вестник оброзавания» №6 2002 ж,55бет 4.«Педагогическая технология в учебном процессе»М.В.Кларин - м,1989ж,17бет 5.«Педогогический менеджмент» В.П.Симонов – м,1997 6.«Виды обшения в обучении» Г.А.Цукерман – м,1993 7..Компетентностно деятельностны подход общего образования №1 2003ж,44-45бет 8.Сабыров Т.С Оқыту технологиясының негіздері Алматы Республикалық баспа кабинеті 1993,14бет 9. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу.Қ.Жүнісханов.2008.3бет,39бет. 10. «Мастер класс»- журналы Алматы 2007 ж |