kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химия п?нінен 8 сынып?а арнал?ан саба?ты? рефлексиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?аза?стан Республикасыны? педагог ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыруда «?аза?стан Республикасыны? м??алімдеріні? к?сіби ??зыреттілігін ?алыптастыруды? ?ылымы ?дістемелік негіздері» атты  курстарыны? ?шінші (негізгі) де?гей ба?дарламасын  (б?дан ?рі Ба?дарлама) зерделеу ж?не ме?геруге к?мектесетін негізгі материал болып табылады. Атал?ан ба?дарламадан к?тілетін н?тижелер о?ушыларды? ?алай о?у керектігін ?йреніп,соны? н?тижесінде еркін, ?зіндік д?лел – у?ждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – к?з?арастары ж?йелі дамы?ан, санды? технологияларда ??зырлылы? танытатын о?ушы ретінде ?алыптасуын ?амтиды»(М??алімге арнал?ан н?с?аулы?, 6- б.).

Та?ырыбы: Д.И.Менделеевті? периодты? за?ы мен периодты? ж?йесі

Ма?саты: О?ушыларды? танымды? тапсырмалар ар?ылы инновациялы? ой-?рісін дамыту, ?ш?ырлы??а да?дыландыру, ?з бетінше ж?мыс істеуге, ізденушілік ?абілетін дамыту?а баулу, ?з ойын еркін жеткізуді дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химия п?нінен 8 сынып?а арнал?ан саба?ты? рефлексиясы»

РЕФЛЕКСИЯ

«Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда «Қазақстан Республикасының мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылымы әдістемелік негіздері» атты курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын (бұдан әрі Бағдарлама) зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды»(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6- б.).

Тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі

Мақсаты: Оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы инновациялық ой-өрісін дамыту, ұшқырлыққа дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, ізденушілік қабілетін дамытуға баулу, өз ойын еркін жеткізуді дамыту.

Қытай философы Конфуцийдің «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген сөзіне сүйене отырып өзімнің сабағымда үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылармен өзіндік жұмыс жүргізу меналған білімін қажетіне қолдана білуге бағыттадым.Сабақ нәтижелі болу үшін мұғалім–оқушы, оқушы– оқушы бірлесіп жұмыс жасауы керек. Ол үшін сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру қажет. Оқушыларды электрон, протон,нейтрон деген қағаздар таратып сол бойынша үш топқа бөлдім.

Оқушыларды тақтаға шығармай өз топтарында жартылай шеңбер болып тұрып бір - бірімізге жақсы тілектер айтудан бастады.

Сабақ үй тапсырмасын тексеруден басталды. Оқушылар «иә», «жоқ» деген тапсырмалар орындап, соңынан бірін бірі тексерді. Екінші тапсырма Венн диаграммасын толтыру болды. Бұл жерде оқушылар металл мен бейметалды салыстырды. Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен диологқа түсе отырып анықтадық. Оқушыларғапостер таратып беріп ІІІ топта «Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі» тақырыбында зерттеушілік жұмыс жасап, өз жұмыстарын жасады. Әр топ өз жұмыстарын «Джиксо» әдісі бойынша қорғады. Әр топ өз жұмыстарын жақсылап қорғады. Оқытуда жаңа тәсілдерді қолдану сабақтың түрленуіне алып келеді. Ол оқушылардың сұрақ қою және диалог арқылы жұмыс істеуге ұйретеді. Топтық жұмыста оқушылар болжам мен сұрақтар құрастырады, бір-бірімен кеңеседі, ақылдасады, шешімді бірге қабылдайды, мақсат қояды, қателер жібереді және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуда қарастырады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49-б)

Сабақты бекіту барысында сын тұрғысынан ойлаудың мағынаны тану стратегиясы қолданылды. Оны жүзеге асыруда оқушыларға химиялық диктант берілді. Бұл жерде оқушылар жеке жұмыс жасады. Осы кезсыде байқағаным орташа оқитын оқушылардың қызығушылығының артқанын байқадым. Онан кейін сұрақ жауап тапсырмалары орындалды. Топ басшылары конверт таңдайды, сол конверт ішінде топқа сұрақтар беріледі, сол сұрақтың жауабы басқа топтан табылады. Соны оқушылар табу керек. Үшінші тапсырмада «Сандарды сөйлетейік» деген тапсырма интерактивті тақтада орындалды. Әр топ өздеріне берілген сан нені білдіретінін айтты. Сабақты қорытындылау барынсында «Ыстық орындық» ойыны ойналды. Әр топтан бір оқушыдан шығып басқа топ оқушылары тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.

Сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауды жүргізу оқушылардың өз ойларын, пікірлерін айтуға, жан жақты ойлануына, дамуына алып келеді. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауды сабақта пайдалану тиімді деп ойлаймын.

Оқушыларға бүгінгі бағалау бағалау парақшалары бойынша болады деп, әр топтан бір топ басшы сайлап, сол топ басшысына бағалау парағын бердім.

Бағалау парағы

Оқушының

аты –жөні



«иә»

«жоқ»

ВеннДиаг.

постер

Химия диктант

сандар

сөйлейді


Сұрақ жауап

Ыстық орындық

Топ басшы































Бағалау парағына топ басшысы сабақ барысында бағалап отырады, өз тобының бағаларын кім қай тапсырманы орындағанын, орындамағанын жазып отырады. Сабақтың соңында әр оқушының бағасы шығады. Әрбір дұрыс жауапқа бес баллдан беріліп отырады деп түсіндірілді. Топ басшылары тапсырмаларды өз тобындағы балаларға бөліп беріп , кім нені айтатынын реттеп отырды. Олар өз топтарында өте белсенді жұмыс жасады. Өз тобындағы барлық балаларды жұмысқа тарта білді. Олардың арасында бәсекелестік пайда болды. Сабақтың соңында оқушылар баллдарын есептеп, өздерін - өздері бағалады. Сабақтың соңында топ басшылары оқушылардың баллдарын есептеп, ұпайларының нәтижесіне қарай баға қойды. Мен жиынтық қойдым. Жиынтық баға оқушының не оқып білгенін анықтап, нәтижесін шығарады.

АКТ-ны сабақ барысында қолдандым. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған міндет оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Ол ақпарат көздерін қолдана алуына назар аудару.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.

Жаңа ақпараттық–коммуникациялық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпаратты даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Сабақта технологиялық құралдарды пайдаланғанда уақыт үнемделіп, сабақтың сапасы көтеріліп , оқушының сабаққа қызығушылығы артады. Интерактивті тақтада флипчарттар, фотосуреттерді қолдана отырып, жүзеге асырдым. Сабағымда интерактивті тақтаны пайдаланып,оқушыларға берілетін, орындайтын тапсырмаларымды жаздым. Интерактивті тақтаның мүмкіншіліктері өте зор. Сабағымды Activstudio бойынша флипчартта жасадым. Ол слайдқа қарағанда жақсы, өйткені обьектілерді қозғалтуға, жылжытуға болады. Қазіргі кезде оқушылар ақпараттық технологияны жақсы меңгерген. Олар өздеріне керек материалды интернеттен іздеп тауып, қажеттеріне жаратады. Тақырыпқа сай берілген тапсырманы оқушылар қиналмай орындайды. Өйткені оқушылардың ақпаратты технологияны меңгеруге деген қызығушылығы жоғары. Олар жай ғана ұялы телефонның көмегімен де интернетке кіріп керек материалдарды табуға мүмкіндіктері бар.

Еліміздің білім заңында «Мемлекет дарынды азаматтардың элитарлық білім алуына қажетті жағдай жасайды» деп жазылған. Елбасы білім сапасын арттыру, интеллектуалдық мектеп құру талабын күн тәртібіне қойып отыр. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты танып, оның әрі қарай дамуына бағыт- бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытқа жетелеу ұстаз парызы. Ұстаз болу жауапты да қиынмамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан- жақты дамыту –бүгінгі күннің басты талабы.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Химия п?нінен 8 сынып?а арнал?ан саба?ты? рефлексиясы

Автор: Кемелова Гульбану

Дата: 01.02.2016

Номер свидетельства: 286369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства