kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қанекей, білікті, химиктер!» интеллектуалдық сайысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

І. «Зымыранды сұрақтар» Әр топқа сұрақтар қойылады. Жауап бере алмаса екінші топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортада, шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

1 топ сұрақтары:

1. Атомдардың әр түрінен тұратын зат? (күрделі зат)

2. Коэфициент нені көрсетеді? (молекула және атом санын)

3. Элементтердің басқа бір элементтер атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті. (валенттілік)

4. Химия нені зерттейді? (заттарды, олардың қасиеттерін, өзара айналуларын)

5. Екі немесе одан көп заттардан тұрады? (қоспа)

6. Денелерді құраушылар? (заттар)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қанекей, білікті, химиктер!» интеллектуалдық сайысы.»

9 орта мектеп











Сыныптан тыс шара

«Қанекей, білікті, химиктер!» интеллектуалдық сайысы.





Дайындаған: Жарекешов Ж.

Сыныбы: 8-9 сыныптар





















2016/2017

«Қанекей, білікті, химиктер!» интеллектуалдық сайысы.

Іс шараның мақсаты:

білімділік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, интеллектуалдық деңгейлерін арттыру;

дамытушылық: оқушылырдың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту;

тәрбиелік: ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, слайдтар, ойынға арналған құралдар.

Іс шараның барысы

І. Ұймдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу

ә) ойынға дайындалу.

ІІ. Жүргізуші. Құрметті оқушылар мен ұстаздар, сегізінші сыныптар арасында өтетін «Білгір химиктер» сайысын ашық деп жариялаймыз.

Тапқыр,білгір дарынды

Жарыс бар бүгін арынды.

Химия пәнін сүйсен сен

Ортаға сал барыңды.

Кел, келіңдер, сайыскер,

Көрермендер, жанкүйер.

Әділдікпен жарысайық,

Бұл сайыстан қалыспайық.

Өнерлі топтар бүгін ортамызда,

Командалар сәлем берер баршамызға.

Қол соғып біз оларды қарсы алайық,

Айтқандарын тыныштықпен біз тыңдайық!

Ортаға 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушылары сайысқа шақырылады.

Сайыста:

1. «Зымыранды сұрақтар»

2. «Лаборанттар сайысы»

3. «Кім жылдам?»

4. «Полиглот»

5. «Есептер сыры»

Ойын нәтижесін қорытындылау.

Командаларды таныстыру.

І топ «Тапқырлар» - 8А ІІ топ «Ойшылдар» - 8Ә

Топ жетекшілерін тандау.

Әділ қазыларды тандау.

Ойын барысы

І. «Зымыранды сұрақтар» Әр топқа сұрақтар қойылады. Жауап бере алмаса екінші топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортада, шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

1 топ сұрақтары:

1. Атомдардың әр түрінен тұратын зат? (күрделі зат)

2. Коэфициент нені көрсетеді? (молекула және атом санын)

3. Элементтердің басқа бір элементтер атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті. (валенттілік)

4. Химия нені зерттейді? (заттарды, олардың қасиеттерін, өзара айналуларын)

5. Екі немесе одан көп заттардан тұрады? (қоспа)

6. Денелерді құраушылар? (заттар)

7. Қанттың судағы ерітіндісі қандай қоспаға жатады? (біртекті)

8. Сүттің ашуы қандай құбылысқа жатады? (химиялық құбылыс)

9. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі? (атом)

10. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы? (16)

  1. топ сұрақтары:

1.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі? (молекула)

2.Бірдей атомдар түрінен тұратын зат. (жай зат)

3.Атомдардың белгілі бір түрі. (химиялық элемент)

4.Индекс нені көрсетеді? (атом санын)

5.Қорғасынның балқуы қандай құбылысқа жатады? (физикалық құбылыс)

6.Айдау әдісімен қандай қоспаны бөлуге болады? (біртекті қоспаны)

7.Жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, иілгіш жай заттар. (металдар)

8.Әртекті қоспаларды бөлу әдістері. (тұндыру, сүзу)

9.Химиялық реакциялардың белгілері (жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі)

10.Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы. (12)

ІІ. «Лаборанттар сайысы». Әр топтан бір оқушыдан шығып тапсырманы орындайды.

Оқушылар бәрін дұрыс орындаған жағдайда 5 ұпайдан беріледі.

1 топ: пробиркадағы затты қыздыру ережесі.

2 топ: штативке пробирканың орналасуы, спиртшаммен қыздыру ережесі.

-Сынауықты ауызына жақын қысу керек. Қатты қысуға болмайды. Сынауық қысқышта емін еркін айналып тұру керек.

-Сынауықта зат 1/3 бөлігінен аспауы керек.

-Заттарды сынауықта қыздырғанда алдымен бүкіл сынауықты қыздыру қажет, тек содан кейін түбін қыздыру керек.

-Спиртшамды сірінкемен жағу керек.

-Сынауықты бір жағына қарай қисайтып ұстау керек, аузын өзіне,өзгелерге бағыттауға болмайды.

-Спиртшамын қалпағын жауып өшіреді. Үрлеп өшіруге болмайды.

ІІІ. «Кім жылдам?» Топ болып химиялық элемент таңбаларын қағазға жазады. Кім ең көп және ең тез жазса сол көп ұпай алады. Әр бір дұрыс жауап 1 ұпай. Уақыт 1 мин.

1 топ: натрий, азот, хлор, оттек, йод, кальций, литий, алтын, темір, фосфор.

2 топ: күміс, сутек, магний, кремний, бром, қорғасын, алюминий, мырыш, калий,көміртек.

Дұрыс жауаптар:

1топ: Na, N, Cl, O, I, Ca, Li, Au, Fe, P.

2 топ: Ag, H, Mg, Si, Br, Pb, Al, Zn, K, C.

ІV. «Полиглот»

Қай топ оқушылары бірінші болып қол көтереді сол топ жауап береді. Жауабын үш тілде айта білуі керек. (қазақша, орысша, латынша). Әр тілде айтқаны үшін бір ұпай беріледі.

.........қызған кезде соқ.

Жауабы: Темір, железо, феррум.

Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.

Жауабы: Қорғасын, свинец, плюмбум.



Жылтырағаннын бәрі ........емес.

Жауабы: Алтын, золото, аурум.



Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасан алтынға ұқсайды.

Жауабы: Күкірт, сера, сульфур.



Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсен пайдаланар жері табылар.

Жауабы: Алюминий,алюминий, алюминиум.



Иісі, түсі, өңі жоқ

Табиғатта онсыз өмір жоқ

Өсімдіктен аламын

Өміріме нәр қыламын.

Жауабы: Оттек, кислород, оксигениум.



Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық

Буланбас қайнатсаңда отынды үріп,

Көрсететін суықты , жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып.

Жауабы: Сынап, ртуть, гидраргирум.



Алтын .......тас екен. Арпа бидай ас екен.

Жауабы: Күміс, Серебро, аргентум.

V. «Есептер сыры» Әр топ өздеріне берілген үш тапсырмадан орындайды. Уақыты 5 минут. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі келіп тұр.

1 топ тапсырмалары:

  1. Темір мен оттектен тұратын заттын формуласын тап. (FeO, Fe2O3)

  2. Берілген заттын молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есепте: H2O. (m(H):m(O)=1:8)

  3. Заттын құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін тап: CO2.

(ω(C)=0,2727; ω(O)=0,7273)

2 топ тапсырмалары:

  1. Мыс мен оттектен тұратын заттын формуласын тап. (Cu2O, CuO)

  2. Берілген заттын молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есепте: CO2. (m(C):m(O)=3:8)

  3. Заттын құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін тап: H2O.

(ω(H)=0,1111; ω(O)=0,8889)

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай, - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

Әділ қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтағанша жұмбақтар шешейік.

Жұмбақ айтам сіздерге

Жауабын айт көрермен

Тура тапқан адамға

Әділ баға берем мен.

  1. Онсыз астың дәмі жоқ

Онсыз өмір сәні жоқ.

Ащылығы көп болса да

Бізге берер нәрі жоқ. (NaCl)

  1. Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді. Ойлаңдаршы, бұл кай элемент?

(бор-боран)

  1. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. (азот)

  2. Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі немесе кездеменін өлшемі. Ал – өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы, бұл кай элемент? (селен)

  3. Жазылуым бойынша оқысаң-элементпән, керісінше оқысаң-өткізгішпін. Ойландаршы, сонда мен кіммін. (мыс-сым)

Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды.Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Бізбен бірге болып,ойынды тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Қанекей, білікті, химиктер!» интеллектуалдық сайысы.

Автор: Жарекешов Жексенбай Калиевич

Дата: 03.02.2018

Номер свидетельства: 454394


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства