Б?л ж?мыста сын т?р?ысынан ойлау технологиясы бойынша ??растырылды. Та?ырыбы: "?ыш?ылдар алынуы, химиялы? ?асиеттері". о?ушылар?а де?гейлік тапсырмалар бойынша ??рылды. о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту?а негізделген. О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту?а тапсырмалар берілді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Ұйымдастырушы кезең
2.Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру кезеңі
3.Деңгейлік тапсырмалар
4. Шығармашылық деңгей
Қорытынды
Кіріспе
Қышқылдар – құрамында металға алмаса алатын сутектің бір немесе бірнеше атомы бар және суда ерігенде сутек иондарын Н+ түзетін химиялық қосылыстар. XVII ғасырда неміс химигі И.П. Глаубер (1604 – 1670) тұз қышқылды мен азот қышқылын өздерінің тұздарынан алып, қышқылды көп мөлшерде өндіруге жол ашты.
Ағылшын химигі Р.Бойль (1627 – 1691) Глауберден сатып алған тұз қышқылының ерітіндісін кездейсоқ көкшіл күлгін гүлге төгіп алып, оның бірден ашық қызыл түске боялғанын байқаған. Осыдан барып ерітіндіде қышқылдың бар екендігін көрсететін индикаторларды (лакмус,фенолфталейн, метилоранж, т.б.) ашты. Ол индикаторларды зерттей келе фосфор қышқылын анықтайды. Алғаш қатты күйінде алынған бор қышқылын француз ғалымыМ.Гомберг (1866 – 1947) ашты.
Кейіннен мұндай қатты күйде алынған қышқылдын саны көбейе түсті. Мыс., шарап қышқылын швед химигі К.В. Шееле (1742 –1786) шарап тасымалдайтын бөшкенің ішкі қабырғасындағы «шарап тасы» деп аталатын қақтан тазартып алды. Ол кейіннен жемістер мен өсімдіктерден лимон қышқылын, алма қышқылын, т.б. қышқылды қатты күйдегі кристалл түрінде бөліп алды. Көмір қышқылын ағылшын химигі Дж. Б. Пристли (1894 – 1984) көмір қышқыл газын суға еріту арқылы алды.
XVIII ғасырдың соңына қарай оннан астам қышқыл бөлініп алынды. Ол кездері қышқылға суда еритін қышқыл дәмі бар лакмус индикаторының түсін қызылға бояйтын заттар жатқызылды. қышқылдың химиялық құрамы кейіннен оттек және сутек газдары ашылғаннан соң барып айқындала бастады.
Француз химигі А.Л. Лавуазье құрамы оттекпен байланысқан қышқылды зерттеген. Алайда құрамында оттексіз қышқыл да болатыны тәжірибе жүзінде анықталды. Сондықтан, қышқыл оттекті және оттексіз деп екі үлкен топқа бөлінеді. Қышқылдың табиғатын зерттеу 1838 жылы неміс химигі Ю.Либих (1803 – 1873) ұсынған қышқылдың сутекті теориясынан басталды.
Зерттеу нысаны:Қышқылдардың химиялық қасиеті, алынуы.
Мақсаты:Қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін, алу жолдарын қорытындылау және олардың жалпы химиялық қасиеттері жайлы меңгерген білімдерін саралап деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқыту сапасын арттыру,оқушылардың дамуына бақылау жасау, оған сәйкес бағалауға болатынын қарастыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мына әдістері қолданылады:
А)Ұйымдастыру кезеңін талдау;
Б) Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруын зерттеу;
В) Деңгейлік тапсырмаларды талдау
Ғылыми жаңалығы: өздігінен білім алу мақсаты.Ол дәстүрлі сабақ оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай өзгертілуін талап етеді.
Сынақты жүргізу: алған материалдарды қорытындылап, шығармашылық жұмыспен айналысу.
Зерттеудің теориялық мәнділігі:ағымдағы баспаларды кеңінен шолу болып табылады, соның нәтижесінде осы технологияның неғұрлым оңтайлы тәсілі таңдалып алынды.
1-кезең Ұйымдастырушы кезең:
Жаңа тақырыпты оқушыларға өздігінен меңгертуге қажетті және оған негіз болатындай өткен тақырыптар бойынша еске түсіруге арналған төмендегі тапсырмаларға оқушылар үйден дайындалып келеді. Сондықтан оларды жаңа сабақтың алғашқы 2-3 минут аралығында пысықтап игеруге мүмкіндік туады.
Қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника ережесін еске түсіру.
Қышқылдар дегеніміз не?
Қышқыл ерітінділерді ажырату үшін арнаулы анықтағыштар-.................
Қышқыл ерітіндісінің индикаторға әсерін сипаттайтын төменгі кестені толтырыңдар
Индикатор
Лакмус
Метилоранж
Әмбебап
фенолфтален
Қышқыл ерітдісіндегі түсі
Тұрмыста қолданылатын қандай қышқылдарды білесіңдер. Аттарын атап, қолданылуы туралы айтыңдар
Қышқылдар құрамындағы сутек атомы байланысты бөлінеді?
7.. Қышқылдар құрамындағы оттек атомына байланысты бөлінеді?
А)............................................
Б) ...........................................
8. Қышқылдарды алу тәсілдері
........+...........= күкіртті қышқыл
........+.......... = тұз қышқылы
9. Қышқылдардың химиялық қасиеттері
А) қышқылдардың металдармен әрекеттесуі
Б) қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуіне мысал келтіріңдер.
2-кезең Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру кезеңі
Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертуге жетелеуші төмендегі тапсырмалардың жауабын оқущылар оқулықтан тауып алып толтырады. Ол үшін бөлінген 8-10 минут уақыт өткен соң, мұғалім өзі оларды балалармен бірге талқылап, келесі 10-12 минутта сабақтың негізгі мақсатына жетеді.
1.Қышқылдардың жіктелуі
Оттекті Оттексіз
Құрамындағы сутегі қарай ажырату
2. Қышқылдардың құрылымдық формуласы қандай? Бейнелеңдер
А) көмір қышқылы б) метафосфор қышқылы в) фосфор қышқылы
3. Галогендердің және халькогендердің сутекті ұшқыш қосылыстарны анықтау
4. Қышқылдардың алынуы
Қышқылдарды көбінесе қандай жолмен алады?
А) қышқылдық оксидтерден алу
.........+ H2O → H3PO4
Б) Лабораторияда кейбір қышқылдарды алу үшін қатты тұзға концентрациялы күкірт қышқылымен әсер етеді
Реакция теңдеуін жазу
В) Оттексіз қышқылдардың кейбіреуін сутекпен бейметалды тікелей әрекеттестіріп алады
Реакция теңдеуін жазу
5. Қышқылдардың жалпы химиялық қасиеттері
А) Металдардың кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан металдар мыс,сынап қышқылдан сутекті ығыстыра алама?
Б) негіздік оксид + қышқыл –тұз + су сызбанұсқасын түсіндіру, мысал келтіру
В) негіз + қышқыл – тұз + сусызбанұсқасын түсіндіру, мысал келтіру
Г) тұз + қышқыл – тұз + су + газ сызбанұсқасын түсіндіру, мысал келтіру
6.Қышқылдарға тән ортақ қасиеттеріне сызбанұсқамен жұмыс
Қышқыл металл = тұз + сутек
HNO3 негіздік оксид = тұз + су
басқасы негіз = тұз + су
тұз = тұз + су + газ
(карбонат, сульфит)
3-кезең Деңгейлік тапсырмалар
Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер,т.с.с кейіпкерлер, түсін өзгертпей естігенін жатқа айтып беруге арналған қарапайым тапсырмалар. Оларға оқушылардың барлығы міндетті түрде жазбаша жауап береді, барлығы 5 ұпай жинап, зачет алады.
І деңгей (5 ұпай)
Қышқылдардың жіктелуі
Қышқылдарды қандай жолмен алуға болады? Реакция теңдеулерін жазу
Бейтараптану реакциясына мысал келтіріңіз. Үш мысал
Мына теңдеулерді аяқтаңдар
N2CO3 + HCI→
Mq+ H2SO4 →
Мына сызбанұсқа бойынша
H2 +бейметалл →қышқыл
жүретін химиялық реакцияға үш мысалдан келтіріңіздер
ІІ деңгей (10 ұпай)
Бұл тапсырмалар оқушылардың 1-деңгейден алған білімдеріне негізделіп құрылады. Олардың барлығы дұрыс орындай алған оқушы алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі толық «4» деген бағаға сәйкес келеді деп қарастырылады.
Мына тұздарды: а) мыс (ІІ) сульфаты; ә) кальций хлориді ; б) барий сульфаты в) калий карбонаты алмасу реакциясының көмегімен алуға болатын реакция теңдеуін жазып көрсетіңдер
Масассы 12,6 г натрий сульфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзіледі?
Төмендегі келтірілген металдарды екі бағанаға бөліңдер
5. 2 моль мырышты толық еріту үшін күкірт қышқылының қанша массасы жұмсалады? Бұл реакция кезінде тұздың қанша зат мөлшері түзіледі?
ІІІ деңгей (15 ұпай)
Дұрыс жауап бере алған оқушы1,2- деңгейлерден жиған 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып, 30 ұпай жинайды. Ол дәстүрлі оқытудағы «5» бағасына сәйкес келеді. Үйге 4-деңгейдің шығармашылық тапсырмасын алады. Басқа оқушылар сабақтың сабақтың соңына дейін орындап үлгерген тапсырмаларының ғана тиісті ұпайларын санап, кестелері толтырылады. Үйде калауы бойынша қалған тапсырмаларын жалғастырып орындайды, сондықтансыныпта жиған ұпай санын көбейтіп, жаңа тақырып бойынша алғашқы бағасын түзете алуға мүмкіндігіне ие болады.
7. H2SO3 мына металдардың қайсысымен әрекеттеседі?
А) Mq
Ә)Cu
Б)Hq
ІV деңгей
Шығармашылық деңгей
«Қышқылды жаңбыр» тақырыбына реферат жазу
Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады).Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH
2SO2 +О2 → 2SO3
SO3 +Н2О→ Н2 SO4
Күкірт қышқылы ауа құрамында аэрозоль және майда тамшы түрінде болады.
Азот оксиді де ауадағы ылғалмен әрекеттесіп,азот қышқылына айналады.
2 NO + O2 →2 NO2 + 2 Н2О+О2 → 4 Н NO3
Қышқыл жаңбырлар топырақ құрамына еніп,өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қорек
болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың еруіне мүм-кіндік туғызады. Өз кезегінде улы заттар келеңсіз жағдайларға алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л балықтар
үшін өте қауіпті, сонымен қатар ағаштардың өсуін тежейді.Қышқыл жаңбыр әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі нашарлайды.Ал орман – табиғат санитары.Барлық тірі ағзаның тыныс алуына қажетті оттегінің мөлшеріне де әсер ететіні белгілі. Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық қондырғыларды қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу.
«Қышқылдық тау жыныстары» тақырыбына доклад дайындау
Қышқыл тау жыныстары – құрамында кремний оксиді 64%-дан жоғары болатын магмалық тау жыныстары. Олардың орташахимиялық құрамы: SіO2 64 – 78%, кейбір ультрақышқыл түрлерінде 80 – 85%-ға, ал магмалық кварцолиттерде (Үлгі:Силексит) 85 – 100%-ға жетеді. Олар интрузия және эффузия процестерінің нәтижесінде қалыптасады. Интруз. Қышқыл тау жынысының ішінде гранит, гранодиорит, аляскит, рапакиви, чарнокит, плагиогранит көп кездеседі. Эффузия Қышқыл тау жыныстарынан мол тарағандары липарит пен липариттік порфир, кварц порфирі мен кератофир, дацит пен дацит порфирі, фельзит пен жанартаулық шыныларға жататын обсидиан, пехштейн (қарамай тас), пемза (көпіршік тас), церлит. Қышқыл тау жыныстары, негізінен, кварцтан, калийлі және калий-натрийлі дала шпаты мен плагиоклаздан (альбиттен андезинге дейін) тұрады. Фемалық минералдар аз мөлшерде (5 – 10%) кездеседі, кейбір түрлерінде ғана 15 – 20%-ға жетеді. Олар – биотит, амфибол, пироксен(сирек), тағыда басқа қышқыл тау жыныстардың көпшілігінде кварц 20 – 40%, калишпат (ортоклаз, микроклин, санидин) 20 – 40%, плагиоклаз 20 – 50% болады.Онда кездесетін акцессор минералдар (апатит, сфен, магнетит, циркон, монацит, торит,малакон, ксенотим, пирохлор, турмалин, т.б.) сирек металды, радиобелсенді болып келеді. Қышқыл тау жыныстары – қызғылтсары, қызыл, күрең қызыл, кейде ашық сұр түсті. Қышқыл тау жыныстары бірқалыпты ірі, порфир кейіптес, ал эффузия түріндегілері өте ұсақ түйірлі немесе шыны тәрізді аморфты массадан құралған. Эффузия қышқыл тау жыныстары күмбезді, тасқын, жамылғы, желі пішіндес, ал интрузия Қышқыл тау жыныстары батолит, лакколит, шток, желі тәріздес келеді. Барлығы да қалыпты, сілтілілеу және сілтілі қатарлар болып бөлінеді. Олардың арасында көбірек тарағаны қалыпты және сілтілі қатарлар. Қышқыл тау жыныстардың жанартаулық шынылардан ғана тұратындары обсидиан, пемза, перлит түрлеріне бөлінеді. Қышқыл тау жыныстары қышқыл магманың кристалдануынан, терең жер қыртысындағы шөгінді жыныстардың балқуынан (палингенезінен), метасоматикалық жолмен пайда болады. Олар әшекейлеу ісінде (рапакиви мен амазонитті гранит құрылыс материалдары ретінде кеңінен пайдаланылады.
Бақылау жұмысы
І деңгей
1.Заттардың ішінен қышқылдарды бөліп және олардың аттарын жазыңдар:
2.Күкірт қышқылының массалық үлесі 5%, көлемі 10мл ерітіндісі берілген Ерітіндінің массасын табыңдар
3.Натрий гидроксидінің массалық үлесі 2%-тік , көлемі 15мл (тығыздығы1,021 г/мл) ерітіндісін бейтараптауға тұз қышқылының массалық үлесі 2% (0,02) ерітіндісінің қандай көлемі қажет болатынын есептеңдер.
4.Қышқылдардың химиялық қасиетіне екі мысалдан реакция теңдеулерін жазыңыз.
Қорытынды
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы сабақ беруге өте тиімді екеніне көз жеткіздім. Бұл оқыту бірнеше кезеңдерден құралған және деңгейлерге бөлінген. Әрбір кезеңдер мен деңгейлердегі тапсырмалары оқушының ақыл-ойының дамуына және іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалын әр түрлі деңгейіне көтеріледі. Әңгімелесуші оқулық бойынша сабақтың бірінші және екінші кезеңдеріндеоқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертіп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Ондағы тапсырмалар сұрақ-жауап диалогы түрінде келтірілген. Жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу –мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырамлар оқушылардың өздігімен ианымдық іс әрекетін дамытуға бағытталған.
Үшінші кезең төрт деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналған.Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап, орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.
Бірінші кезеңі жаттап алуға лайықталған, тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты. Онда үйтапсырмалар оқушылардың танымдылығы мен қызығушылығын артады.
Екінші деңгейде оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруге берілген, логикалық есептер.
Үшінші эвристикалық деңгейде тапсырмалар а)танымдық-іздену түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып боынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулалар жаттау) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгертіп, өзі үшін жаңалық ашуға мүмкіндік туады. Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстары жасалады.Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болыппроблемалық жағдай туындайды.Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздейді; б)Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер; в)Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығару.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары беріледі, онда «қышқылдық жаңбырға» реферат дайындауға берілді.Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді екеніне көз жеткізіп, өзімнің химия сабағында қолдануға бел будым.
Қолданылған әдебиетер
1. 8-сынып химия оқулық. Н.Нұрахметов, К.Сарманова К.Жексембина
2. Химия. 8 сынып. Жұмыс дәптерi. Нұрахметов Н.Н., Заграничная Н.А., Сарманова К.А.. – Алматы: Мектеп, 2004.
3.Химия. 8 сынып. Есептер жинағы. Темiрболатова Ә.Е. – Алматы: Мектеп
4.Орта мектепте білім алуды технологияландыру Ж.У Кобдикова
5.«Химик анықтамалығы» журналы №5, 2011
6.Бақылау және тестік тапсырмалар жинағы М.Б.Усманова, Қ.Н. Сақариянова