Просмотр содержимого документа
«Иіс сабынны? адам а?засына ?сері ж?не оны ?й жа?дайында жасау технологиясы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ
Теміртау қаласының « №9 мектеп-лицейі» КММ
Секция: Химия
Иіс сабынның адам ағзасына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы
Жоба авторы: 7 «А» сынып оқушысы
Оразбаева Меруерт
Жетекшісі : Химия пәнінің мұғалімі
Асадова М.Т
Теміртау қаласы 2015
Теміртау қаласы 2013
«№ 9 мектеп - лицейі»КММ
7 «А» сынып оқушысы
Оразбаева Меруерт
иіс сабынның адам
ағзасына әсері
және оны үй жағдайында
жасау технологиясы
тақырыбындағы ғылыми жобасына
ПІКІР
«Иіс сабынның адам ағзасына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы» тақырыбындағы ғылыми жобада Меруерт ғаламтор мәліметтеріне, қалалық және мектепішілік кітаптар мен анықтамалық журналдардан, сонымен қатар мамандармен пікір алмасу нәтижесінде көптеген мәліметтер жинақтаған. Өз зерттеуінде сыныптастарымен бірге ата – анасы бірлесе отырып, арнайы жуғыш заттардың адам денсаулығына зиянымен қоса жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерлерін бірге анықтады.
Меруерт : «Иіс сабынның адам ағзасына әсері және оны үй жағдайында жасау
мен қоса пайдасын да еңбектеніп барлық керек мәліметтерді жинақтап оны жан – жақты зерттеп жасөспірімдердің осы аталып отырған зиянды заттардың арқасында түрлі ауруларға шалдығып жатқанын және түрлі аллергиялық жақтарын жас ұрпаққа таныстырып алдын алуға болатыны туралы мектепте әртүрлі іс – шаралар жүргізіп «Иіс сабынның адам ағзасына әсері» атты қабырға газеттерін ұйымдастырды, сонымен қатар өз сыныптастарымен сыныпта дебат « Өз денсаулығыңда зиянды заттардан қорға» атты тақырыпта жұмыстар жүргізді»
Меруерт өз достарымен сыныптастарымен отбасымен бірге жуғыш заттар жайлы сауалнама жүргізді. Нәтижесінде жуғыш заттардың қаншалықты зиянды екенін және олардың құрамындағы заттардың өз денсаулығына зиянын біле бермейтіндігін және сақталу мерзіміне қарау керектігі жайында үгіт насихаттар жүргізді. Болашақта дәрігер болғысы келген Меруерт өз мамандығына жуғыш заттардың адам денсаулығына зиянын қаншалықты екендігін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізіп салауатты өмір салтын қолдайтынын осы жұмыстардан көрініп тұр.
Пікір жазған: Болбаева П.А
А Н Н О Т А Ц И Я.
В данном научном проекте ученик рассматривает о вредных биологических сторонах моющих средств на органы человека, ищет различные способы изготовления душистого мыла в домашних условиях. В ходе работы учащимся были проведены анкеты среди учителей и родителей о моющихся средствах. В домашних условиях изготавливает оригинальные мыла своими руками.
Оқушының бұл ғылыми жобасында иіс сабынның үй жағдайында жасау жолдарын, құрамын, жуғыш заттардың адам ағзасына зияндылығын және биологиялық жақтарының ізденісі жайында айтылған.
Жуғыш заттардың түрлерімен сабынның жасалу жолы,тарихы , химиялық құрамы жайында толық қамтылған. Жұмыс барысында оқушылар мен ата – аналардан, мектеп ұстаздарынан сауалнама алынған. Оқушы өз бетінше ізденіп үй жағдайында, ата –анасының қолдауымен иіс сабында жасап шығарды.Жасаған өнімін достарының туылған күніне, әртүрлі мерекелерге тарту етті.
Тақырыбы: Иіс сабынның адам ағзасына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы
Мақсаты:
Иіс сабыныңадам ағзасына әсерін және оны үй жағдайындағы дайындау технологиясын зерттеу, үйрену.
Міндеттері:
-Керекті мәліметтер жинап, сұрыптау.
-Иіс сабынның және жуғыш заттардың адам денсаулығына тигізер пайдасы мен зиянын анықтау;
-Теміртау қаласындағы ашық дүкендер мен кіші маркетердегі жуғыш заттардың маркаларын анықтау;
-Үй жағдайындағы иіс сабынының жасалынуын үйрену
-Мектепте химия-биология апталығында осы берілген материалды қолдану;
-Иіс сабынды жасау жолдарын көрсететін іс – шаралар негізгі іс-шараларын ұйымдастыру
-Оқушылардың денсаулығының жақсаруына өз үлесімізді қосу және жеке өмірде қолдана білу
Тақырыпты зерттеу өзектілігі:
Оқушылар сабынның шығу тархын, жасалу жолдарын және адам ағзасындағы биологиялық жағынан пайдасы мен зиянын анықтау,балалар экологиялық таза сабынды жасауға болатындығын белмеуі, мәліметтің аздығы.
Қолданылған зерттеу әдістері:
- Зерттеу жұмыстарының мәтінін талдау;
- Сауалнама ( ата – ана мен оқушылар)
- Жуғыш заттардың құрамындағы зиянды заттарды анықтау;
- Иіс сабынының жасалу жолы;
- салыстыру, интервью, кеңес алу, мониторинг жүргізу.
- Жалпы қорытынды
Жаңашылдығы : Оқушыларға бұрын білмеген немесе толық мән бермеген кейбір әдістерді жеткізіп, адамдар арасында жанашырлық, достық, сыйластық қарым-қатынастарды нығайтуға өз үлесімізді қосу.
Зерттеу обьектісі: Мектеп оқушыларының сабын жасауын бақылау.
Болжам:
Егер біз, жасөспірімдердің осы аталып отырған иіс сабынның және жуғыш заттардың адам ағзасына кері әсер ететін биологиялық жақтарын анықтап, жуғыш заттардың ішіндегі иіс сабынын үй жағдайындағы жасалу жолын ұсынсақ,онда яғни өз айналамызда денсаулығы жақсы жандар артады деп ойлаймыз
Күтілетін нәтиже:
Егер,біз иіс сабынның жасалу жолдары таныстырып көрсетсек,сабын туралы деректер мен дәйектерді оқушылармен біргелікте талқылап, тиімді іс- шаралар қолдана білсек, өз денсаулығына сын көзбен қарайтын, іс-әрекетін басқара білетін жастар саны артуына үлес қосамыз
Кіріспе сөз
Қазір барлығын білгім келеді, қолымнан келмейтін істерді үйренгім келеді. Өмірдің толқынынан, көшкен көшінен қалғым келмейді. Үйде отырсам да, көп оқып, әлемдегі болып жатырған жаңалықтарды уақытында біліп отырғым келеді. Барлығын біліп отыру мүмкін емес, бірақ адам күн сайын өсу керек емес пе?
Бір күні ауылдағы әжемнің әңгімесінен кейін,сабын жасау үйрену осылай басталды. Жаңаша бірдеңе үйрену өте қызық сияқты көрінді. Біріншісі 2013 жылдың жазында болды. Қателіктерді көп жібердім. Сабынды ыдыстың өзіне салып күйдірген кезім де болды, май қосуды ұмытып қош иістендіргіштермен жасап шығарған сабындарым да болды. Сол кездегі қуаныш әлі есімнен кетпейді. Сабынның барлығын дерлік сыйлыққа таратып жібердім. Екі сабынды ғана саттым. Бұл жолғыларым сатып көрейін деген оймен жасалған, тағы да сыйлыққа кетіп қалмаса. Бұл сабын жасау түрін тәп-тәуір табыс табатын бизнеске де айналдыруға болады. Қазір сабындар қалыптарға құйылып тұр, ертең қатады, сол кезде сіздермен өз туындыларыммен бөлісемін. Ғаламтордан сабын жасау туралы өте көп, әрі қызықты мәліметтер табуға болады. «Өнерді үйрен де жирен» демей ме дана халқымыз.
Егер адам өмірін бағаласа барлық іске үйренуге талпынады. Өмір — мектеп, біз оқушылар, күнде оқисың, күнде оқисың, оқудан жалықпайсың да, бірақ оқу өмірдің соңына келгенше бітпейді, біздер, тіпті, сонда да жалықпаймыз. Ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятады екен, достарыммен біргелікте, таңғажайып табиғаттан алынатын - сабын және үй жағдайында жасалу жолдары туралы мағлұмат бермекпін.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
«Өнерді үйрен де жирен»
Негізгі бөлім
Жуғыш заттарды жайлы мәлімет
Жуғыш заттардың құрамы
Сабынның шығу тарихы
Қара сабынды жасау жолдары
Сабынның үйде жасалу жолдары
Жуғыш заттардың зияны мен пайдасы
Оқушылармен жүргізілген сауалнама
Қорытынды
Глоссарий
Қолданылған әдебиеттер
Жуғыш заттар жайлы.
Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген ыдыс және кір жуатын тауарлардың құрамында 55 мыңнан астам біздің ағзамызға қауіпті химиялық қоспалар бар екен. Олар көзге, тыныс алу жолдарына әсер етіп, жүйке жүйесі ауруларына шалдықтырады екен. Тіпті халық арасында «жаман ауру» деп аталып келе жатқан қатерлі ісік ауруына бірден-бір себепкер. Соңғы жылдары тұрмыста қолданылатын химиялық заттар түрі өте көбейіп кетті. Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ сияқты жуынуда, кір жуу процесінде қолданылатын заттардың құрамында әр-алуан химиялық қоспалардың бар екені шындық. Міне, осы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерінің жоқ емес екенін де ешкім жасыра алмайды.Тұрмыстық химиялық өнімдер өміріміздің бір бөлшегіне айналды десек, артық айтпаймыз. Алайда, бұл өнімдер ағзамызды улап, су, топырақ, ауаны, бір сөзбен айтқанда, табиғи ортаны кірлетіп отырғаны жайлы ойландық па? Тері, ауыз, асқазан аурулары мен жүйке жүйесінің бұзылуына себепкер екенін білеміз бе? Еуропа, Америка елдерінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде химиялық қоспасы бар өнімдердің адам ағзасы үшін қауіпті екені дәлелденді.
Мысалы: Фосфат – кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет қана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін де шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші.Үлкен перзентханада қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады. Егер кішкентайлар ұйықтар алдында белгісіз бір себептерге байланысты жыбырлай берсе, онда оған төсеніштерді жуатын ұнтақ себепші екенін ұмытпаңыз.Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен бірге ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі.Мысалы, қарапайым май кетіретін сұйықтықтардан кейін жуған ыдысымызды сірке қышқылы қосылған сумен бір-екі рет шайқап алғанымыз жөн. Себебі, құрамында ағзаға қауіпті канцероген қоспасы бар. Айғайлап жарнамалап жататын жуғыш өнімдерінің құрамында фосфат пен хлор мөлшерден тыс екен. Кір жуу ұнтағында фосфаттың мөлшері 5 пайыздан аспау керек.
Жуғыш заттардың құрамы
Ұнтақ — фармакология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтарды ішуге де, сырттай теріге себуге де болады. Ұнтақтардың 2 түрі бар: 1) қарапайым ұнтақ, бір ғана заттан; 2) күрделі ұнтақ, бірнеше заттан құралады. Ұнтақтардағы дәрілік заттар өте майда ұсақталғандықтан олардың фармакологиялық белсенділігі жоғары, әрі таблеткалармен, пилюлямен (дәрінің домалақ түрі) салыстырғанда, дайындалуы оңай және сұйық дәрілік қалыптарға қарағанда, тұрақтылығы жоғары болғандықтан, олар басқа дәрілік қалыптардан гөрі кеңірек қолданылады. Ұнтақтар құрамына сұйық заттарды (тұндырмаларды, экстракттарды, эфир майларын) енгізгенде, ұнтақтың негізгі қасиеті — себілгіштігі өзгермеуі керек. Егер ұнтақ құрамындағы улы немесе уытты заттар 0,05 г-нан кем болатын болса, олар тритурация деп аталады. Тритурацияны улы немесе уытты заттың 1:10 немесе 1:100 қатысындағы сүт қантының қоспасын қолданып дайындайды. Ұнтақтарды сұйық дәрілік қалыптармен салыстырғанда, фармакологиялық әсері баяу жүреді, кейбір ұнтақтар қоршаған ортада кристалдық суларын жоғалтады, ауадағы көміртегінің диоксидімен реакцияға түседі және ауадан ылғал тартады әрі бояғыштық қасиеттері болады және аллергиялық реакцияларды тудырады. Ұнтақтар дозаға бөлінбеген (шыны ыдысқа, пакетке, қорапшаға салынады) және дозаға бөлінген (қағаздан жасалған қаптарға салынады) болып ажыратылады.
Жуғыш заттардың зияны
Үлкен перзентханада қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады. Егер кішкентайлар ұйықтар алдында белгісіз бір себептерге байланысты жыбырлай берсе, онда оған төсеніштерді жуатын ұнтақ себепші екенін ұмытпаңыз.
Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен бірге ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі.
Ыдыс жуғанда ұнтақтың 1-1, 5 ас қасығын қосыңыз. Кір жууда көп қолданылатын ағартушы жуғыш та зиянды. Құрамында хлор, натрий гидроксиді, парфюм бар. Сонымен қатар карбон тетрахлор, хлороформ сияқты заттар бар. Бұл заттар қатерлі ісік ауруын тудыруы әбден мүмкін. Ағартушы құрамындағы аммиак тазартқыштармен қосылған кезде зиянды газдар ортаға шығады екен. Ал бұл газ адамның тыныс алуын қиындатып, өкпенің қабынуына жол ашады. Кір жуу ұнтағының құрамындағы суда ерімейтін аммиак пен мұнай қоспаларының адам денесіне залалы орасан зор.
Құрамында фосфат элементі бар кір жуатын ұнтақтар қоршаған ортаға да көп залал келтіретінін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп шықты. Кір жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауыл шаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, хлорид элементтері пайдаланылады. Олар да суды залалдап отыр. Бұдан шығатын қорытынды – адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз. Және бір мысал келтірейік. Өткен ғасырдың 70 жылдарында теңіз суының бір текше метрінде 50 грамм микроорганизмдер болған, ал бүгінде бұл көрсеткіш 1000-1200 граммға жетіп отыр. Тыныс демікпесі ауруына шалдыққандар, аллергия, экземаға сезімтал терілері барлар кір жуу ұнтақтарын қолданыстан мүлдем шығаруы керек. Сонымен қатар жұмсартушылар да зиянды. Сонымен қатар ағзамызды шипалы шөптермен тазартуға болады. Түйе тікені бауыр ауруына, жасыл шай қатерлі ісік дертіне қарсы, аю жүзімі бүйрекке, қарныжарық шөбінің дәні іш құрылысқа пайдасы бар. В1, В2, С, А, Е дәрмендері бар тағамдарды қолданғанымыз жөн.
Жуғыш заттардың пайдасы
Көбіне кірсабынды кір кетіретін көмекшіміз деп жатамыз. Ал біле білсеңіз, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да жетіп жатыр. Мәселен, адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өз-өзінен сыртқа шығады.
Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да жақсы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне бинтпен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
Отбасында қолданылатын кір сабынның немесе иісті сабынның да өзге қолдану әдісі мен пайдасы мол.
1. Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер метал заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, емханаға жеткізуден бұрын шұғыл құтқару жүргізуге болады.
Қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500ml, ал балаларға 100-200ml ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және матал заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.
2. Күйікке (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
3. Газ шелегінен газ қашу жағдайы туылған сәтте сабынды жылытып саңлауына жақсаңыз тоқтата тұруға болады.
4. Қымбат метал сағаттың білекке тиіп тұратын бөліктеріне сабын жағып, құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз тердің металды бүлдіруінен сақтануға болады.
5. Қабырғаға немесе ақ бұлға қыл қаламмен жазу жазарда түрлі-түсті сияға аздап сабын ертіндісін қоссаңыз жазу тіпті де айқын түседі әрі ұзақ мерізімге жазудың өңі ағарып кетпейді.
6. Қабырғаға қағаз жапсырғанда, аздап сабын ертіндісін қоссаңыз қағаз оңай жапсырылады және желімнің қабыршықтанып түсуінен сақтана аласыз.
Мысық еденге «бүлдіріп» қойса, дереу тазалыққа кірісіңіз. Әйтпесе жағымсыз иіс бүкіл бөлмеге тарап кетеді. Алдымен хлормен, содан кейін кір жуатын ұнтақ қосылған жылы сумен жақсылап жуып өтіңіз. Сондай-ақ су, 9%-ды сірке суы мен арақты тең мөлшерде алып, оған шамалы марганец ерітіндісін салып, осы қоспамен жуса, иісі кетеді. Бірақ ашық түсті затқа қолданбаңыз, себебі марганец ерітіндісінің бояуы сіңіп қалуы мүмкін.
Сұйық сабын гигиена талаптарына сай болып келеді. Оны қатты сабын секілді әркім қолына ұстамайды. Тек ыдысынан керектісіне қарай құйып алады
Душта қатты сабынды езгенде кейде қолымыздан сырғып түсіп кетіп жатады. Сұйық сабынды пайдаланғанда ондай ыңғайсыз жағдайлар туындамайды.
Сұйық сабын қатты сабын секілді кеуіп, не езіліп кетпейді. Ол қанша уақыт тұрса да, алғашқы құрамы мен қалпын сақтап тұрады.
Cауалнама ( 5,7 сынып оқушыларына)
1.Жуғыш заттарды жиі қолданасыз ба?
а) иә б)кейде в)жоқ
2.Жуғыш заттардың зиянын қаншалықты білесіз?
а)білмеймін б)орташа в)жоғары
3.Қандай сабынды қалданған пайдалы?
а)сұйық б)қатты в)иіс сабын
4. Сабынның шығу тарихын білесіз бе?
а) білмеймін б)білемін в)соншалықты қызықтырмайды
5.Жуғыш заттардан аллергияныз бар ма?
А) бар б) жоқ в)байқалған емес
6. Сұйық сабынынң кемшілігін білесіз бе?
А) иә б) жоқ в)қызықтырмайды
7 сынып оқушыларының сауалнамаға жауап бергенде шыққан қорытындысы оқушыларымыз жуғыш заттардың зиянын аса білмейтінін және оны сатып алғанда иісіне, көлеміне, түріне, түсіне қарайтынын анықтадық
5 сынып оқушылар бұл тақырыпта « Жуғыш заттардың зияны» « Лицей күнінде» танысып өз ойларына тоқып алғандықтан ба?жуғыш заттардың құрамына қарайтынын және денсаулығына тигізер әсерімен таныс екенін білдіреді
Cауалнама ( ата - аналарға)
1.Жуғыш заттарды несіне қарай сатып аласыз?
А)сапасына б)бағасына в)көлеміне
2.Жуғыш заттарды сатып алғанда кіммен кеңесесіз?
А) ешкіммен б)сатушымен в) өзім құрамына қарай аламын
3. Ағартқыш сұйықтықты жиі қолданасыз ба?
А) иә б)кей жағдайда в)қолданбаймын
4. Қандай жуғыш заттардан аллергияныз ба?
А) жоқ б) сабындардан в)ұнтақтардан
5.Жуғыш заттарды қайдан сатып аласыз?
А) таңдамаймын б) ашық дүкендерден в) кіші маркеттерден
6.Балаларыңызды жуғыш заттардың зиянынан қалай қорғайсыз?
ата – аналардың қорытындысы бойынша аналарымыз жуғыш заттардың құрамына сапасына қарайтыны және өз отбасы үшін зиянды заттарды мүмкіндігінше пайдаланбайтынын көрсетті.
Ата –аналармен оқушыларға «Сабанның шығу тарихы туралы жалпы мәліметтер»тақырыбындағы дөңгелек стөл жасалды.
Қазақтың қарасабыны Бағзы халқымыз көшіп - қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір - қоңын, киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.
Сақар – күлден шығады Бізде мұны «қара сабын» деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек - кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт - бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт - бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың яки алаботаның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш - төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш - төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш - төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады. Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары. Қара қазан қайнаған Біз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жасауға болатынын айталық. Ауыл - аймақта сабын жасау үрдісі үш - төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Р рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз басын болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір - қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән - маңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал. Бұзаушық Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі михнаты көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап - сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші - қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл - аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.
Сабын: түрлері, таңдау, сақтау
Археологтар сабынның пайда болу тарихын алты мың жылға шегерсе де, адамдар оған ұзақ уақыт бойында жуыну бөлмесінен орын бермей келді. Олар балшықпен, ағаш ұнтақтарымен, ұнмен, желіммен, кеуектаспен, жұмыртқа сарысымен жуынды. Мәселен, XIV Людовик патша шарап араластырылған сумен ғана жунып, әтірмен шыланған. Тек ХІХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастер көптеген сырқаттың себепкері бактерия екендігін дәлелдегеннен кейін, әлем жеке гигиенаның тазалығына көңіл бөле бастады. Сабынның мәртебесі осы сәттен бастап жоғарылай түсті.
Сабын деген не?
Сабынды алу үшін кем дегенде үш компонент керек: май (өсімдік немесе жануар майы), күйдіргіш натр (немесе күйдіргіш калий) және су. Жо-жоқ, құрамын көріп шошына көрмеңіз, терідегі май мен кірді ерітетін тап осы заттар саналады. Ғылыми тілмен айтсақ, классикалық сабын – бұл май қышқылдарының тұзы (натрий немесе калий).
Өркениет сабындарды айналып өте алмады, нәтижесінде оның құрамына бояғыштар, иістендіргіштер, пішін ұстап тұрушылар, консерванттар, біріктіргіштер сынды синтетикалық компоненттер қосылады. Мұндай сабын қарапайым суда да, теңіз суында да жақсы көпіріп, оңай сақталынады. Алайда, бұл артықшылық біздің теріміздің синтетикалық жаңалықтарды дұрыс қабылдамайтындығын ақтай алмайды. Аллергия, терінің құрғауы, қабыршақтануы, иммунитеттің жоғалуы – міне осылар көпірік пен жарқын түстердің, жағымды иістердің «ақысы». Сондықтан, ең жоғарғы сортқа табиғи майдан жасалған сабындар жатады.
Сабын түрлері
Балалар сабыны
«Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы – бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады.
Косметикалық сабын
Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі – «тазалау», екіншісі – «ретке келтіру». Иіссулық сабын (туалетное мыло) да дәл осындай қасиеттерге ие. Теріні тазарта отырып, күтім көрсетесіз. Себебі, косметикалық сабынның құрамына крем (сыртындағы орамында «крем-сабын» деген көрсеткіш болады), глицерин, дәрілік шөптердің сығындысы, ланолин, күтім көрсететін өсімдік майы кіреді. Косметикалық сабын күн сайынғы қолданыс үшін де жарайды, терінің құрғауын, қартаюын қайтарады. Алайда, бұл сабын қосымша күтімнің (крем жағу сияқты) қажеттілігін жоққа шығармайды.
Сабын-скраб.Аталған өнімді сатып алмас бұрын сабынның құрамындағы қатты бөліктерге дайын болу керек. Олар тері бетіндегі өлі жасушаларды алып тастау үшін енгізілген. Олар синтетикалық (мәселен, полиэтиленді) та, табиғи (ұсақ кофе, құлпынай сүйегі) да болуы мүмкін. Сол себепті, скрабты сабынды негізгі қолданысқа алмаңыз, онымен аптасына бір рет қана жуыну керек.
Парфюмерлік сабын
Барлық ерекшелігін сөзсіз түсіндіріп тұрған әдемі атау. Яғни, бұл сабынның тек қана иісін бағалаңыз. Сізге иіс ұнап тұрса да, ұзақ уақыт сақталып, иіссудың орнын алмастыра алады деп үміттенбеңіз. Бәрібір үнемдей алмайсыз. Іш киімдерді жусаңыз ұтылмайсыз, ұйқы алдында да жуынып қоюға болады.
Бактерияға қарсы сабын
Сөйлейтін атауы бар тағы бір сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді өлтіретін триклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз. Қиындығы көп терімен күрес үшін антибактериалды сабынды сатып алу үлке қателік. Бұл сабынды күнде қолдану арқылы терінің иммунитеті мен дымқылдылығын құртасыз.
Шипалы сабын
Сабындар шипалы сығындыларымен жиі мақтанғандығымен, олардың концентрациясы емдеуге қабілетсіз болып келеді. Алайда, саны көптің арасында сапалылар да бар. Тек маман кеңесімен таңдасаңыз жетіп жатыр. Мәселен, қарамайлы сабынды синтетикалық түстендіргіш, иістендіргіштерсіз дайындайды. Қайың қарамайының қою, өткір, шайырлы иісіне екінің бірі шыдай бермейді. Қарамай мен күкірт – халықтың тері қиындықтарымен күресте мойындаған құралы. Қабыну, іріңдеу, ұшыққа қарсы қолдансаңыз болады. Алайда, барлық теріге бірдей қолдануға тыйым салынады.
Табиғи сабын
Ең алдымен еске салатынымыз: табиғи сабын мен қолдан жасалған сабын бір емес. Қанық түстер мен жағымды иістер арнайы бояғыштар мен иістендіргіштердің (шиенің, шабдалының, жасыл алманың, құлпынайдың эфир майлары, бұлар табиғатта кездеспейді) қосылғандығынан хабар береді. Қолдан жасалатын сабындарға да күйдіргіш сода мен май қосылады. Бұл жерде сабын қайнатушының арына байланысты, ол қандай шикізат қосады, мәзірін дұрыс жасай ма? Себебі, сабын қайнату асқан жауапкершілікті, пропорция бақылауын талап ететін жұмыс. Бір грамм майдың жетіспеуінің өзі химиялық күйікке апаруы мүмкін. Екінші жағынан сабын қайнатушы нағыз маман болса, жолымыз болды дейік. Ондай сабын кокос, пальма, жүгері, манго, жожоба, майларымен, глицерин сығындысымен, бал, сүтпен байытылады. Екеуінің де сыртқы түрі сүйкімсіз болғанымен, құрамы әлдеқайда сапалы болады. Табиғи сабын алғыңыз келсе, глицериндіге тоқтаңыз, олар түссіз әрі біртегіс келеді.
Калий сабыны Бұл сабынды сұйықтардың қатарына жатқызуға болады, дегенмен сыртқы көрінісі пастаны немесе сары майды еске түсіреді. Өндіру үшін күйдіргіш сақар (поташ) мен улы калий қолданылады екен. Дәл осы әдіспен хаммамға (түрік моншасы) арналған атақты бельди дайындалады. Бельдидің 30 пайызын ұнтақталған дәрілік шөптер құрайды. Моншаға арналған сабын скрабты, нәрлендіргіш, жұмсартқыш құралдарды алмастыра алады. Бельдиді қолдану үшін моншаға бару міндетті емес, өзіңізді еркелеткіңіз келсе үйде де жуыныңыз (өте қатты қабынуларға қарсы пайдаланбаңыз). Кемшілігі – сабынды кетіру үшін едәуір уақыт жұмсайсыз.
Сабынды қалай сақтау керек
Үй шаруасындағы қыз-келіншектің көпшілігі сабын суланып, езіліп тұрса да, тұрақты қалпын жоғалтпайды деп ойлайды да, сабын салғышқа қалай болса солай салып қояды. Шын мәнінде, сабын, әсіресе табиғи болса, қасиетін жоғалтып алады. Олар шектен тыс дымқылды ұнатпайды. Пайдаланып болғаннан кейін жақсылап шайып, шамаңыз келгенше құрғаққа қойыңыз. Сабын салғышта суы сорғитын тесік болса тіптен жақсы. Әлі басталмаған сабынды құрғақ, қараңғы жерде, табиғи сабынды қағазға орап сақтаңыз.
Сабынның шығу тарихы
Сабын[1] – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен: Қара қойдың терісін, Сабындап жусаң ағармас…Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:
Сабының сақар болды дені келін,
Көрмедің шыбын құрлы мені келін
Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Синаөз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Алскифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл қатты заттар, 220 — 270C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOHR—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда,глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады. [2]
Сабынды күнде қолданамыз. Алайда қарапайым сабын түрі теріні құрғататыны белгілі. Ол сабынмен бет терісін жуған дұрыс па? Денені ше?
Бет терісі нәзік, сезімтал келеді. Күнделікті жағылатын макияж бояулары мен күні бойы жиналған май, шаң-тозаңды жуу кезінде теріні қатты зақымдай аламыз. Қазірде бұл мақсатта сабынды жуынуға арналған гель мен көбіктер алмастырды. Бұл бет терісінің саулығы мен сымбаттылығына үлкен көмегін береді.
Қарапайым иіс сабынның ортасы сілті болады, сол себепті оны тұрақты түрде қолдану бет терісінің сыртқы қорғаныс қабатын бұзады. Тері ылғалдығынан айырылып, түрлі бактерияларға төтеп бере алмай қалады. Сабынды қолдану терінің қозуына, қабыршақтану мен қабынуына әкеле алады.Ал жуынуға арналған гель, көбіктердің рН көрсеткіші 5,5-ке тең. Бұл оның ортасы қышқыл екендігін көрсетеді. Бұндай құрал эпидермиялық қабатты зақымдамай, терінің ылғалдылығын сақтап, бактериялардың дамуына жол бермейді. Құрамында болатын қосымша ылғалдандырғыш және антибактериалды компоненттер теріге қосымша күтім көрсетеді.
Бетті жууда сабын емес, жуынуға арналған арнайы құрал қолданған әлдеқайда дұрыс. Алайда қазірде көптеген косметикалық компаниялар жуынуға арналған құралдарды үйреншікті сабын ретінде шығаруға көшті. Бұндай сабындар барлық шарттарға сай, ортасы сілтіден тұрмайды, ал құрамындағы пайдалы компоненттер жуынуға арналған гель мен көбіктерден еш кем емес.
Бет жуатын құрал таңдау
Жуынатын құралды қатты не гель түріне байланысты емес, сіздің теріңізге жағатындығына байланысты таңдау керек.
Құрғақ теріге крем тектес сабын не жуынатын құрал алу керек. Ол теріні тазалап, ылғалдандырады. Оның құрамында глицерин мен вазелин болған дұрыс. Бұл құрамдас бөліктер терінің қорғаныс қабатын қорғап, қалпына келтіреді. Мұндай сабын қатты көбіктенбей, оңай шайылады, сол себепті теріні құрғатып, тартып тастамайды. Құрғақ теріге арналған сабынға кокос, зәйтүн, ши майлары қосылғаны дұрыс.
Майлы теріні қабынуға қарсы компоненттері бар сабын не жуынатын гельмен жуып жүрген дұрыс. Қырмызы не шай ағашының экстракты сынды құрамдас бөліктер терінің майлануын азайтып, безеу шығуының мүмкіндігін кемітеді.
Пилинг-сабынның құрамында теріні терең тазалайтын бөліктер болады. Бет терісі үшін мұндай сабын тым қатты болады, оны денеге аптасына 2-3 рет қолданған дұрыс.
Бет терісін ретімен жуыңыз
Біріншіден, беттегі бояуды арнайы сұйықтықпен сүртіп алу қажет. Косметиканы бірден сабынмен не жуынатын гельмен жуған дұрыс емес. Ол бояуды соңына дейін кетірмей, бет терісін зақымдай алады. Макияжға арналған сұйықтықпен бояуды кетіргеннен кейін ғана бетіңізді арнайы сабынмен не гельмен жуыңыз. Бетті ақырын, мұқият тазарту керек, әсіресе, көз маңындағы теріні абайлап жуу керек. Артынан бетті тоникпен сүртіп, крем жаққан дұрыс.
Сабын туралы 3 аңыз:
Қарапайым сабынмен бет терісін жууға болмайды, бірақ ол дене терісіне жаға береді. Әрине дене терісін иіс сабынмен жууға болады, алайда сіздің теріңіз құрғақ болса, жуынуға, душқа арналған гель қолданғаныңыз дұрыс.
Кір сабын сабындардың арасында табиғи, сондықтан пайдалы. Кір сабынның құрамында химиялық қосындылар аз, алайда оның сілтілік көрсеткіші иіс сабындардан да асады. Ол теріңізді
Небір жарнамадан бактерияға қарсы сабындардың күші мен пайдасын айтып жатады. Бактерияға қарсы сабындар ағзаны кез келген зиянды заттардан 100% сақтайды деседі. Алайда, Америка дәрігер-ғалымдары оның пайдасынан залалы көбірек екенін анықтады.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Америка ғалымдары бактерияға қарсы сабындардың онкологиялық ауруларға жол ашатынын дәлелдеді. Көбіне бұл сабындарды спортшылар қолданады екен. Өзгелерге қарағанда олар тұмау, суық тию, тері ауруларына жиі ұшырайды. Бактерияға қарсы сабындар адам ағзасындағы сыртқы ортадан сақтайтын микробтардың көзін жойып, зиянды бактериялардың орналасуына жол береді.Бактерияға қарсы сабынмен тұрақты түрде жуыну теріні құрғатып жібереді. Сондай-ақ, терідегі қорғаныш қабықшасын жұқартады. Мұның салдарынан тері аурулары пайда болады. Бұл сабындар бетке әжімнің ерте түсуіне жол ашады.Бактерияға қарсы сабындарды қолдану тері рагына, инфекциялық созылмалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Оны әрдайым пайдалану өте қауіпті. Бұл сабындарды қажетіне қарай пайдаланған жөн. Мысалы, жарақат алып, инфекция түсіп кету қаупі төнгенде бұл сабындарды қолдануға, ит-мысықты ұстап, кейін қолыңызды бактерияға қарсы сабынмен жууға болады. Ал тұрақты түрде онымен жуынуға, бет-қолды ысқылауға, моншада пайдалануға болмайды. Сондай-ақ, бұл сабындармен жас балаларды шомылдыруға болмайды.
Бактерияға қарсы сабындардың сұйық гель түрі де бар. Екеуінің құрамы бірдей болғандықтан, ағзаға деген зияндығы да бірдей. Бактерияға қарсы сабын мен оның сұйығымен шаш жууға, денені ысқылауға болмайды.Әдетте, бактерияға қарсы сабын құрамында триклокарбан немесе триклозан элементтері кездеседі. Екі элемент те ағзаға кері әсерін тигізеді. Триклозан аллергиялық ауруларды, ал триклокарбан болса, эндокринологиялық ауруларды туғызады.
Жарнамаларда бактерияға қарсы сабындар иммунитетті күшейтеді деп айтып жатады. Керісінше, бұл сабындар иммунитетті әлсірететіне көз жеткізуге болатындай.
Оқушыларға баяндама оқымастан бұрын төмендегідей сұрақтар қойылды:
Қатысқан оқушы саны 23 нәтиже: Сабын туралы сұхбат
№
сұрақтар
Бастапқы алғанда
Сұхбаттан кейін
1
Сабынның сіз білетін қандай пайдасы яки зияны бар?
19
23
2
Сабынның қанша түрі бар?
10
23
3
Ертеректе сабындар қалай жасалған?
5
20
4
Жалпы сабынның құрамы қандай? Неден жасалад
7
20
5
Сабынмен бет терісін жуған дұрыс па?
23
15
6
Бактерияға қарсы сабындарды қолданупайдалы ма?
20
18
7
Бактерияға қарсы сабындарды қолдану зиянды ма?
5
20
Ата-аналарға берілген сұрақтар:
№
сұрақтар
Бастапқы алғанда
Сұхбаттан кейін
1
Сабынның сіз білетін қандай пайдасы яки зияны бар?
19
23
2
Сабынның қанша түрі бар?
10
23
3
Ертеректе сабындар қалай жасалған?
5
20
4
Жалпы сабынның құрамы қандай? Неден жасалад
7
20
5
Сабынмен бет терісін жуған дұрыс па?
23
15
6
Бактерияға қарсы сабындарды қолданупайдалы ма?
20
18
7
Бактерияға қарсы сабындарды қолдану зиянды ма?
5
20
Сабынды үйде жасап үйренейік
Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Өйткені, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай беруініңзге болады. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.Сабын жасау үшін:үккіш,ыдыстар(кішкентай және үлкен),бояу мен қоспасыз балалар сабыны,сабынның массасын езуге таза су немесе шөп қайнатпасы,глицерин және Е дәрумені,эфир майлары,сабынға арналған қалып(міндетті түрде сабынға арналған емес,кез келген пластмасса,шыны т.б),сұлы ұны,май (зәйтүн майы,бадам майы,өрік,шабдалы т.б)
Үлкен және кішкентай екі кастрөлді алыңыз. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойыңыз. Кіші кастрөлді үлкенінің ішіне салыңыз – осылайша су моншасын жасайсыз. Енді балалар сабынын ұсақ үккіштен өткізіңіз (оны алдын ала жылытып алуға болады) немесе арнайы сабынды негізді дайындаңыз.
Үлкен кастрөлдегі су қатты қызғанда, кішкентай кастрөлге аздап зәйтүн майын құйыңыз – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық майдан есептеңіз. Май бірден дерлік ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себу керек. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырыңыз. Егер сіз сабынды арнайы дайын негізден жасасаңыз, су құйып қажеті жоқ. Егер балалар сабынынан қайнатсаңыз, қоспаның тым қою болып кетпеуін қадағалаңыз – оның консистенциясы құймаққа арналған қамырға ұқсас болуы тиіс, ал сабынды негізден жасалғаны біршама сұйық болып шығады.
Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосыңыз. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосасыз.
Қоспаны қалыптарға құйыңыз. Балалар сабынынан жасалған қоспа болса, қалыпты алдын ала майлап алған дұрыс (зәйтүн, шабдалы, өрік, бадам майы, т.б.)
Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған балалар сабынының негізіндегі қоспаны 4-5 сағатқа, ал сабынды негізден қайнатылғанын 1-2 сағатқа қойыңыз. Осы уақыттан кейін сабынды қалыптан алуға болады. Егер оңай шықпаса, қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға батырыңыз. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет.
Мен үйде сабын жасадым..
Үй жағдайында жасалатын иіс сабынның бірнеше жасалу түрлері:
1-.Балаларға арналған сабын -4-5 дана.
-Су,шай 200 мл
-Шырғанақ майы — 200 мл.Ингредиенттерді қалауынша алады. Эфир майы.Е дәрумені,скраб,кофе.
2.“Балды” глицеринді сабын,суда ерітеміз және оған 3 ас қасық шырғанақ майые құямыз,2 ас өасық бал саламыз.Қосымша мандарин,апельсин сұйықтығынан бірнеше тамшы құямыз.
Сұхбаттың мақсаты: жуғыш заттардың құрамы жайында сапасы ,бағасына арналып алынады.(адамдардың жуғыш заттарды сапасы,бағасы немесе көлеміне қарай алуын білу.)
Қазақ тілі мұғалімі:Қоңыртаева Гүлмира Мақсұтбековнамен сұхбат.
Күнделікті тұрмысқа жуғыш зат әрине керек.Жуғыш зат сатып алғанда, оның сапасына қараймын.Егер,ол жуғыш зат маған ұнамаса,онда мен басқа жуғыш зат сатып аламын.Көбіне,жуғыш затты сапасына қарай сатып алу керек деп ойлаймын.Мысалы:сабынның “Safeguard” түрін қолданамын.
Мен сұхбатты тағы да сыныптасым Тұрғанбаева Арайдан алдым.Айтуыңша:ол жуғыш заттарды кіші маркеттен алады екен.«Safeguard» сабының қолданады, «Palmolive» жуғыш су сабынын қолданады.Барынша пайдалысын алуға тырысамын --деді ол сұхбатында.
ІІІ. Қорытынды
Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай.
Небір жарнамадан бактерияға қарсы сабындардың күші мен пайдасын айтып жатады. Оның ағзаны кез келген зиянды заттардан 100% сақтайды деседі. Алайда, американдық дәрігер-ғалымдар оның пайдасынан залалы көбірек екенін анықтады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Америка ғалымдары бактерияға қарсы сабындардың онкологиялық ауруларға жол ашатынын дәлелдеді. Көбіне бұл сабындарды спортшылар қолданады екен. Өзгелерге қарағанда олар тұмау, суық тию, тері ауруларына жиі ұшырайды. Себебі, бактерияға қарсы сабындар адам ағзасындағы сыртқы ортадан сақтайтын микробтардың көзін жойып, зиянды бактериялардың орналасуына жол береді.
Мұндай сабынмен тұрақты түрде жуыну теріні құрғатып қана қоймай, сонымен қатар оның қорғаныш қабықшасын жұқартады. Мұның салдарынан тері аурулары пайда болады. Сондай-ақ, бетке әжім ерте түсе бастайды. Оның үстіне терінің қатерлі ісігіне, инфекциялық созылмалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Оны әрдайым пайдалану өте қауіпті. Бұл сабындарды қажеттігіне қарай пайдаланған жөн.
Әдетте, бактерияға қарсы сабын құрамында триклокарбан немесе триклозан элементтері кездеседі. Екі элемент те ағзаға кері әсерін тигізеді. Триклозан аллергиялық ауруларды, ал триклокарбан болса, эндокринологиялық ауруларды тудырады.
Қолдан жасалған сабын несімен тартады? • Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер. • Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды. • Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше. • Сабынды қолдан жасау барысында өзіннің,достарының қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады. • Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.
Мен осы ғылыми жобамды екі жылға жоспарладым.Бірінші жылда жуғыш заттардың жалпы зияны мен пайдасын, дүкендер кіші маркеттегі бағаларын салыстырып зерттеп шықтым.
Осы екінші жылдағы 2013-2014 оқу жылында ғылыми жобамды сол жуғыш заттардың ішінен күнделікті қолданып жүрген сабынның жасалуын жолдарын ізденіп ,иіс сабынды жасадым. Иіс сабынның құрамындағы барлық қолданған заттар табиғи заттар,адамның терісіне ешқандай кері әсері жоқ екенін зерттедім. Яғни иіс сабынның бағасы 100 теңге болса,мен жасаған сабынның бағасы сол секілді, бірақ құрамындағы заттар 240 теңгені құрады. Мен осы бағадан 4 сабын жасадым. Анама, достарыма сыйладым. 6 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған«Жуғыш заттардың пайдасы мен зияны»тақырыбында «Алты ойлау қалпағы» кешін өттіздім.
Ұсыныстар
1. Сабынның сыртқы қорабын қоқысқа тастамай пайдаға жарату керек.Ол үшін сабынның қорабының құрамына тыңайтқыш қоспаларын қосу керек. Оны гүлдің топырағына жыртып салғанда гүлдің жақсы өсуіне септігін тигізеді.
2. Оқушылар мен ұстаздар үшін: қалтада жүруге ыңғайлы, аузы дөңгелек, алақанға сипағанда тез жағылатын және микроб кетіретін қасиеті бар сабын болса. Себебі бор мен тақта сүртетін шүберекті пайдаланғаннан кейін қолымызды жай сумен жуып, ас жеу денсаулығымызға зиянын келтіреді.
3. Мектепте қолдан сабын жасау үйірмесі ашылса. Сыныптарда технология пәнінен «Үй жағдайында сабын жасау әдісі» курсы өтілсе.
Глоссарий
Радикал(radical англ.сы, онда. Radikal) - химияда термин бөлшектің белгісі үшін бір немесе тағайынды уақыт немесе химиялық реакцияларда қатынасушылардың біртұтас көріністе сақталған, бірнеше атомнан құралады.
Дебо – Но – адамның есімі
«Алты ойлау қалпағы» – алты түрлі, әр түрдің өзіндік қасиеттері бар .
Зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспары
2 жылға жоспарланған
2014-2015 оқу жылы – « Жуғыш заттармен жалпы танысу»
І
Кіріспе кезеңі
1.
Нұсқаулық сабақ: жобалар немесе зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеттері және болашақ жобалардың тақырыбын таңдау.
10.04.2014
2.
Тақырып таңдауға кеңес беру және зерттеу жобасының түрі.