kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жоба : «Газлал?ан сусынны? пайдасы ж?не зияны»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Газдал?ан сусын к?мір?ыш?ыл газымен ?аны??ан, минералды ж?не ароматты т?тті судан т?ратын сал?ындатыл?ан сусын. Газдал?ан су ?лсіз, орта ж?не ?атты газдал?ан болуы м?мкін. Д?кендер мен д??гіршектерде біздерге ?немі т?тті, т?рлі т?сті, газдал?ан сусындарды алу?а ?сыныс жасайды. Сонымен бірге, телеэкраннан да газдал?ан сусындар туралы жарнамаларды диі к?зіміз шалады. Онда сусындарды? ?алай ш?лді ?андыратыны туралы,оларды? керемет д?мдері туралы айтып жатады. Газет пен журнал беттерінен де  «керемет сусын» жайында жарнамалар беріліп жатады.Біра?, сонымен бірге, газдал?ан сусындар туралы ?ор?ынышты м?ліметтерді де к?руімізге болады. Мен ?зімде газдал?ан сусындарды барлы? балалар сия?ты жа?сы к?ремін, біра? адам а?засына газ сусындарыны? сондай пайдасы жо? екенін естігеннен кейін ойланып ?алдым. Сонды?тан мен, мына тоннала?ан жарнамаларды? ж?не ойлап шы?ар?ан неше т?рлі мифтарды? астарында не жат?анын зерттегім келді.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба : «Газлал?ан сусынны? пайдасы ж?не зияны»»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«№36 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ



Ғылыми жоба

тақырыбы:

«Газлалған сусынның пайдасы және зияны»

Жұмыс авторы:

Бекенова Алуа «№36ЖОББМ»

9 сынып оқушысы

Жетекші:: Шәріпхан Алма Ермекқызы

«№36 ЖОББМ»

химия және биология пәні мұғалімі

Ғылыми жетекші:

Онтагарова Динара Рахимовна

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік

университетінің химия ғылымының доценті,

аға оқытушы







Мазмұны



Мазмұны

Беттері

1. Кіріспе.

3 бет

1.1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі.

3 бет

1.2. Жұмыс мақсаты.

3 бет

1.3. Міндеттері.

3 бет

1.4. Алға қойған міндеттерге жету жолдары.

3 бет

1.5. Қажетті қор көздері.

4 бет

2. Негізгі бөлім.

5-14 беттер

2.1 Тақырыптың теориялық сараптамасы.

5-15 беттер

2. 2 Зерттеу бөлімі.

15-22 беттер

3. Қорытынды.

22 бет

4. Қолданылған әдебиеттері.

23 бет

5. Қосымша


















І.Кіріспе

І.1. Тақырыптың өзектілігі

Су жер бетінде ең көп тараған сұйық зат. Біздің жершарымыздың 3/2 бөлігін, мұхит, теңіз, өзен түрінде алып жатыр. Адам ағзасының да 3/2бөлігі судан тұрады. Олтірі ағзалардың барлығының өмір сүруі үшін қажет болып табылады. Су тек сұйық зат қана емес, жасуша үшін қорек ортасы, ағзадан улы заттарды, қалдықтарды және артық тұздарды шығарады. Адамдардың өмір сүруі үшін ең қажетті зат. Сондықтан Адамзат әртүрлі сусындар дайындауға үйренді. Осылай газдалған сусындарда пайда болды.

Газдалған сусын көмірқышқыл газымен қаныққан, минералды және ароматты тәтті судан тұратын салқындатылған сусын. Газдалған су әлсіз, орта және қатты газдалған болуы мүмкін. Дүкендер мен дүңгіршектерде біздерге үнемі тәтті, түрлі түсті, газдалған сусындарды алуға ұсыныс жасайды. Сонымен бірге, телеэкраннан да газдалған сусындар туралы жарнамаларды диі көзіміз шалады. Онда сусындардың қалай шөлді қандыратыны туралы,олардың керемет дәмдері туралы айтып жатады. Газет пен журнал беттерінен де «керемет сусын» жайында жарнамалар беріліп жатады.Бірақ, сонымен бірге, газдалған сусындар туралы қорқынышты мәліметтерді де көруімізге болады. Мен өзімде газдалған сусындарды барлық балалар сияқты жақсы көремін, бірақ адам ағзасына газ сусындарының сондай пайдасы жоқ екенін естігеннен кейін ойланып қалдым. Сондықтан мен, мына тонналаған жарнамалардың және ойлап шығарған неше түрлі мифтардың астарында не жатқанын зерттегім келді.

Газдалған сусындардың денсаулыққа зияны дәлелденген. Дәрігерлер кішкентай балаларға, бала көтерген және емізетін аналарға, асқазаны, ішек жолдары ауратын, семіздікке бой алдырған, аллергиясы бар адамдарға ішуге тиым салады. Дені сау үлкен адамдарға газдалған сусынның аздаған мөлшерінің ешқандай зияны болмайды, бірақ көп мөлшерде ішсең оның да денсаулыққа кері әсері бар екенін ескртеді.Сондықтан менің ғылыми жобамның тақырыбының өзектілігі мынада: қазіргі кезде газдалған сусындарды пайдалану өткір мәселелердің бірі болып тұр.

Мынадай екі гипотеза ұсынамын:

  1. Газдалған сусын – адам денсаулығына пайдалы.

  2. Газдалған сусын – адам ағзасына зиян.

І.2.Зерттеу мақсатым: – Газдалған сусындардың адам ағзасына пайдасы мен зиянды әсерін зерттеу.

Зерттеу нышаны: газдалған сусындардың құрамы мен қасиеттері.

Зерттеу заттары: газдалған сусындар– минеральды су «Сары ағаш», Кока-кола, Спрайт.

І.3.Жұмыс міндеттері

    • Әлеуметтік желі көздерінен, әдебиеттерден осы тақырыпқа байланысты мәліметтерді оқып, алған жаңалықтарды жинақтап тіркеу.

    • Газдалған сусындардың құрамымен оқып танысу.

    • Адам ағзасына олардың әсерін қарастыру.

    • Біздің мектептің оқушыларының қандай сусынды қалайтындығын сауалнамалар арқылы анықтау.

    • Нәтижесін анықтап, қорытындысын шығару.

Қолданған әдістер:

  • Әдебиеттермен жұмыс

  • Сауалнама жұмыс түрлері.

  • Тәжірибе жұмыстары.

  • Бақылау.

  • Компьютерде әрлеу.





IІ.Негізгі бөлім

IІ.1.Тақырыптың теориялық сараптамасы.

Газдалған сусындар. Жалпы мағұлмат. Жіктелуі.

Қазіргі заманда газдалған сусындардың түрлері өте көп. Оларды екі мынадай үлкен топқа біріктіруге болады: минералды сусындар және лимонадтар. «Лимонад» сөзі итальяның, «limonata», лимонды су сөзінен шыққан. Қазірде барлық газдалған, тәтті және көпіршікті суларды осылай атайды. Газдалған сусындар 0,3-0,6% көмірқышықылмен концентрацияланған. Көмірқышқылы сусынның рН төмендетуге және кейбір микроорганизмдердің бактериалық күшін жоюға әсер етеді.Балғын және дәмді күйін сусындар, температураны 10 – 12 градусқа дейін төмендеткенде жақсы сақтайды. Газдалған сусындардың биологиялық бағасы оны витаминдегенде артады.

Минералды сулар - құрамында белгілі минералды тұздары, газы, органикалық заттары бар табиғи, жер асты сулары болып есептеледі. Шындығында минералды судың ешқандай қауіпті ештеңесі жоқ сияқты.

Лимонад — тәтті алкоголсіз, газдалған сусын. Салқындату қасиеті бар. Лимон жемісінің шырынынан дайындалады, ал кейбіреулер кез- келген сусынды лимонад деп шатасып айтады.

Спрайт — The Coca-Cola Company компаниясы шығарған газдалған, алкогольсіз сусын. Сусынның аты XX ғасырдың 40- жылдарында шыққан болатын. Ол кезде Coca-Cola жарнамалайтын компанияда Малыш Спрайт – күміс шашты, екі езуі құлағында, басында шляпа орнында сусынның тығынын киген эльф көпшіліктің көзайымы болды.Бұл кейіпкер көпшілікке ұнаған соң оның атын жаңадан шыққан лимон дәмі бар газдалған сусынға беріп, оны «Sprite»деп атады. 1961 жылдың қазан айында шыққан бұл сусын қазіргі кезде әлемнің 190 елінде сатылады.

Фанта (нем. Fanta) — Кока-Кола компаниясынан шыққан газдалған, салқындатылған сусын. Қазіргі кеде бүкіл әлемде 90 түрлі сусындар түрі шығарылады, бірақ оның барлығы өз елдерінің аймақтық маркаларымен шығарылады. Ең алғашқы сусын 1940 жылдарда, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германияда шығарылды.

Кока - кола— TheCoca-ColaCompany компаниясы шығарған, газалған, алкоголсіз сусын, әлемде 2006-2010жылдардағы ең қымбат, ең танымал сусындардың бірі. 1902 жылдарда айналымы $120 мыңға тең кока- кола АҚШ-та ең белгілі сусындардың бір түрі болып есептелді. Сусынның аты бастапқыда кофеин орнына қолданылған, кола жаңғақшаларына сәйкес аталынған.алғашқыда коланың негізгі құрамы кофеинге бай кола жаңғақтарынан және құрамында кокаин бар кока бұтақтарынан тұрды. Кокаиннің зияны белгілі болғаннан бастап сусын құрамынан оны алып тастады, бірақ қазіргі кезге дейін кола құрамында кока өсімдігінің ештемесі болмасада аты сақталып қалды. Бір стакан кола құрамында 6 қасық қант болады, ол өзіне тән дәмді ванилин, цимтов майынан, гвоздикадан және лимоннан алады. Россиядан, Қазақстаннан шығатын «кола» сөзі бар сусындардың ешқайсысының да құрамында кола экстрактары кездеспейді, оларда тек қана дәмдеуіштер, бояуыштар және күйдірілген қант бар.

Газдалған сусындардың құрамы.

Газдалған сусын — газбен қаныққан сусын. Сусынның түрін көбейтіп тарату үшін, газдалған суға жемістердің, шөптердің экстрактарын қосады: «дюшес»- алмұрт қосылған, «лимонад» - лимон, кола –ол жаңғақ,тархун- шөпке байланысты, сол сияқты, апельсин, мандарин, бүлдірген т.б. Химиктер кейінгі кезде өзі арзан жасанды дәмдегіш қоспалар ойлап тапты. Ендеше құрамында табиғи жемістері жоқ, « жемісті газды» сусындарды жасауға да болады екен.

Жасанды дәмдеуіш қоспалардың барлығы сусындарға әртүрлі дәм береді.Бірақ олардың құрамында табиғи жемістердің қоспасы жоқ. Ендеше, оларда біздің ағзамызға пайдалы да ештеме жоқ деген сөз. Газдалған сусындар да ароматты дәм болуы үшін оған арнайы дәмдеуіштер, бояғыш заттар және сақталу мерзімін ұзарту үшін консерванттар қосады.

Газдалған сусындардың негізгі құрамы - қант. Ол барлық сусындарда болады, 3,5- тен 6 қасық қантқа дейін әрбір стаканда кездеседі. Бұл тісті тіс жегісіне апарып соқтыратыны белгілі. Сонымен бірге шөлді қандырамын деп, адам тәтті суды көбірек пайдаланады. Мен балалардан сұрастырғанымда, кімде тіс жегісі бар ,солардың кейбіреуінің біраздан соң тістері аурады екен. Бұл әрбір сусынның құрамдарының әртүлі екенін және олардың әсері де әртүрлі болатындығын көрсетеді.

Тәтті газдалған сусындардың стандарт құрамы:

Қант – газдалған сусындарда өте көп мөлшерде кездеседі, бір стакнда алты қасыққа дейін қант болады.

аспартам- қантқа қарағанда 160—200 есе тәтті, иісі жоқ, суда жақсы ериді.Температура 30°С-тан жоғарлағанда, ол азконцентірлі улы затқа айналады.

Бояуыштар және дәмдеуіштер – газдалған су құрамында кездеседі, бауырда ыдырайды. Олар зиянды емес болуы мүмкін, бірақ бәрібір бауырға күш түсіреді. Сонымен бірге, бауыр сахарозаны глюкозаға ыдыратып, глюкозадан гликоген жасайды. Сондықтан гепатиттің әр түрімен ауратын адамдарға ондай сусындарды ішуге болмайды. Бояуыштардың ішінде ең көп тарағаны «желтый-5». Ол адамдарда әртүрлі аллергиялық реакцияларды, түшкіруден бөртпелер шығуға, тіпті бронхиалы демікпеге дейін шалдықтыруы мүмкін. Табиғи қызыл бояуыш және кармин де адам өміріне қауіпті аллергиялық реакциялар тудырады.

кофеин – кейбір газдалған сусындарға қосылатын қоспа. Ол жүйке жүйелерін қосымша қоздырады, сондықтан ондай сусындарды балаларға ішуге тиым салады. Кофеин сонымен бірге сол сусынға адамның құштарлығын тудырады. Газдалған сусындардың құрамында оның мөлшері онша көп болмаса да, көмірқышқыл газынан оның әсері көбейеді.

консерванттар – лимон немесе ортофосфор қышқылы. Олар асқазанның сілемейлі қабықшасын қоздырып, гастриттің , тіпті ойық жараның пайда болуына әкеліп соқтырады. Ортофосфор қышқылы сүйек құрамындағы кальциді жойып жібереді. Кальций жетіспегенде адамда остеопороз ауруы пайда болады. Барлық газды сусындарда натрий бензоаты (Е 211) кездеседі. Ол С дәруменімен қосылып,бензол бөліп шығарады. Солнымен бірге адам ДНК бұзады.

Калий ацесульфамы аспартамның қасиеттерін көрсетеді. Кейбір сыншылар сусындарды шығарушы компанияларды олардың құрамының қосымша зиян келтіретіндіктерін, адам ағзасына зияндығын толық зерттемейтіндіктеріін айтып сынап жатады.

Көмірқышқыл газы сумен жақсы әрекеттесіп, суда ериді. Көмірқышқыл газы консервант түрінде қолданылады. Өнім қаптамасында ол Е290 кодымен белгіленеді. Кейбіреулер газ көпіршіктері сусынды жақсы қандырады десе, кейбіреулері ол көпіршіктердің ауызда ыңғайсыз жағдай тудыратындығын айтып жатады. Көмірқышқыл газының өзі негізі зиянсыз, бірақ ол ішті кептіріп мазаны кептіруі мүмкін. Ол әсіресе ішек құрылысы ауратын адамдарға зиян болып табылады. Мысалы, кока – кола сусынының құрамы мынадай: қант, бояуыш,қантты колер(Е150), кармазин (азорубин) (E122), ортофосфор қышқылы (E338), кофеин, табиғи дәмдеуіштер.

Газдалған сусындардың адам ағзасына әсері.

Адам ағзасының 60% суддан тұрады. Судың балансын сақтау үшін біз күнделікті су қабылдаймыз. Кейбіреулері кофе, кейбіреулері шәй, енді біреулері газды сусындарды пайдаланып жатады. Кез- келген сусынның негізгі құрамы су болып табылады. Сусындарда судан басқа біздің ағзамызға әсері бар басқа да заттар кездеседі. Ол әсердің зияны да бар, пайдасы да бар, қабылдаған сусын мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдардагаздалған сусын шығару өндірістері де олардың шығарған өнімдері де көбейіп келеді. Олардың негізгі құрамы синтетикалық иісті заттардан алынған тағамдық бояуыштар және дәмдеуіштер.Сонымен бірге кейбір өндірістер сусын құрамына қолдануға қажетсіз тағамдық қосымшаларды қосып, оны құрамында көрсетпейді. Соңғы жылдарда газдалған сусындарды пайдалану өсіп барады, бұл дәрігерлердің назарын аударып отыр.Қазіргі кезде балаларда қантты көп мөлшерде пайдаланады. Жасөспірімдерде қазір сүт тағамдарын аз мөлшерде қабылдайды, ендеше олардың ағзаларындағы кальций мөлшері де аз деген сөз. Көп мөлшердегі қант адамның эндокриндік жүйесіне және ұйқы бездерінің қызметіне кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге қанттың мынадй мөлшері адамда артық қант мөлшерінің туындауына әкеліп соқтырады.Ол денсаулыққа өте зиян келтіріп, артық салмақ қосуға, қант диабетіне және атерсклерозға әкелуі мүмкін. Америкалық дәрігерлер артық салмақтың болуын ертеден-ақ кока- кола мен басқа да газды сусындарды көп пайдаланумен байланыстырады. Артық салмақ Америкада нағыз эпидемия болып саналады.

Газдалған сусындар шөлді қандырмайды, ол өзіне құштарлық тудыратындығы дәлелденген. Сұйықты көп мөлшерде қабылдау, ағзадағы сулы- тұзды балансты бұзады. Оның әсерінен май алмасуында да өзгерістер болып, қандағы холестерин мөлшері көбейіп кетеді. Осыдан барып атеросклероз және жүрек-қан тамырларының ауруларына әкеліп соғуы мүмкін. Стоматологтар да газды сусыедарды аз мөлщерде қабылдауға ұсыныс жасайды. Өйткені ол тістегі тіс жегісінің пайда болуына көмектеседі.Газдалған сусындар құрамында көптеген қышқылдар кездеседі, ол тіс кіреукесінің сртқы қабаттарының желінуіне әкеліп соқтырады. Газды сусындардағы қант әсіресе балалардың тістерінің қалыптасып өсуіне зиянын тигізеді. Зерттеулерге қарағанда сусын құрамындағы қант қана емес, қышқылдардың зияны өте көп, фосфор және көміртегі қышқылы тістің тіс кіреукесін ерітіп, тіс жегісін тудырады.

Газдалған сусындарда сергіткіш зат ретінде кофеин қосылады. Ол балаларда қосымша жүйке жүйесінің қозуын туындатады. Сонымен бірге кофеин сол сусынға құштарлық сезімін пайда болдырады.

Балаларға газдалған сусындарды беруге тиым салады. Ғылыми зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек, жасөспірімдер,күніне 1300 мг кальций қабылдауы тиіс екен, ал олар қазір кальцидің небәрі 800 мг мөлшерін ғана қабылдайды.Кальцидің жетіспеушілігі сүйектерді жұмсартып, остеопарозға әкеліп соқтырады.Кальций әсіресе 18 жасқа толғанға дейін адамның дамып өсуіне өте қажетті болып саналады. 12-29 жас аралығындағы адамдардың газды сусындарды көп пайдаланатындығы анықталған. Оның барлығы адамдарда тістегі тіс жегісінің пайда болуына, остеопорозға, семіздікке, бүйректе тастың пайда болуына, қант диабетіне әкеліп соқтырады.



II.2. Практикалық бөлім

1.Газды сусындардың құрамымен танысу.

Газдалған сусындардың құрамымен және ондағы тағамдық қоспаларының түрімен танысу үшін, мен олардың жапсырмаларындағы зат құрамымен танысып шықтым.

2.Газдалған сусын құрамындағы заттардың адам ағзасына әсерін зерттеп қарау.

Мен шындығында газдалған сусындардың қандай екенін, оның адам ағзасына қандай әсері бар екенін зерттеу үшін тәжірибе жасап көруге көштім. Олүшін маған жұмыртқа қабығы мен тырнақ бөліндісі қажет болды. Иә, иә кәдімгі тырнақ, адам ағзасының бір бөлігіне жататын тырнақ. Ал жұмыртқа қабығын алған себебім , оның құрамында көп мөлшерде кальций бар, ал ол біздің сүйектерімізбен , тістеріміздің негізгі құрамы болып есептеледі.



3.Адам ағзасының құрамына кіретін, жасушалық құрылыс пен кальций тұздарына кофеин мен қышқылдардың әсерін анықтау.

Петри ыдысына жұмыртқа қабығын және тырнақ бөлігін саламыз, Оның біреуіне «Кока- кола», екіншісіне минералды су, үшіншісіне « Спрайт» құямыз. Ортофосфор қышқыл және кофеин ағзадағы кальциді жойып жібереді, сондықтан «Спрайт» және «Кока- кола» құйылған, жұмыртқа қабығы қарайып тез сынғыш, өте нәзік болып қалды, ал минералды су құйылған үлгіде ешқандай өзгеріс болмады.

Сонымен, біз газдалған су құрамында ортофосфор қышқылы бар екенін білеміз.Оның әсерінен су тез буланады, ал өзі концентірлі ерітіндіге айналады. Біз білеміз концентрлі ерітінділер барлығын ерітіп күйдіріп жібереді. Біз бұған бір аптадан кейін көз жеткіздік, «Кока- кола» құйылған ыдыстағы тырнақ толығымен жоқ болып кеткен.


4. Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен танысу.

Ішінде қағы бар, шәйнекке түнгі уақытқа «Спрайт» құйып қойдық. Таңертең қақтан ештеме қалмағанын көрдік. Бұл тағыда бір рет газдалған сусындар құрамында қышқыл бар екенін көрсетеді.

Біз тағы да үш стакан алдық, оларға «Кока- кола», «Спрайт», және минералды су құйдық. Содан соң олардың әрқайсысына бір- бір қағы бар шеге салдық. Біраз уақыт өткен соң, «Кока- кола» және «Спрайт» құйылған ыдыстағы шегелердің қағы кетіп тазалана бастағанын көрдік. Бұл тәжірибеден қағы бар кез – келген ыдысты немесе затты осы «Кока-кола» немесе «Спрайтпен» жууға болатынын көрдік.

Ал енді, киімдегі қалың кірді де осы сусындардың көмегімен кетіруге болады. Олүшін кір киім тұрған ыдысқа бір бутылка «Кока- кола»құямыз, үстінен синтетикалық жуғыш ұнтақ салып, киім жуатын машинкаға салып қоямыз. Бұл тәжірибені біз өте кір орамалмен жасадық, шындығында да, кірдің көп бөлігінің жоқ болып кеткенін көрдік.

5. Біздің мектептегі оқушылардың газдалған суды пайдалана ма?, соны анықтау мақсатында олармен саулнамалар жүргізу.

Біз мектеп оқушыларының қанша бөлігі газдалған су ішеді екен соны анықтау үшін, 5-8 сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргіздік.

45 оқушыдан сауалнамалар алынып, оның қорытындысы шығарылды.

Сен қандай сусынды қалайсың?

  1. Газдалған – 33

  2. Кәдімгі суды – 12

Қандай газдалған сусынды жақсы көресің?

  1. «Кока-колны» - 10

  2. «Спрайт» - 10

  3. Минералды суды – 25

Газдалған суды жиі ішесің бе?

  1. күнделікті – 15

  2. аптасына бір рет – 20

  3. өте аз ішемін – 10

Неге газдалған сусн ішесің?

  1. Өті дәмді – 41

  2. білмеймін – 4

Газдалған сусындар пайда әкеле ме жоқпа??

  1. Иә – 8

  2. Жоқ – 37







































III.Зерттеу қорытындылары

Газды сусындардың құрамымен және олардағы тағамдық қоспларымен танысу үшін өзімізге тәжірибеге алған сусындардың жапсырмаларын оқып қарап шықтық.Қорытындысын мына 1-ші кесте түрінде толтырдық.

Кесте 1. Өндірістік жапсырмаларындағы жазылған, өнімнің құрамын зерттеу қорытындысы.

Газдалған сусынның аты

Негігі құрамы

Тағамдық қоспалары

Дәрумендер

экстрактар

консерванттар

Дәмін күшейткіш дәмдеуіштер

Бояуыштар

Қышқыл реттегіштер

Минералды су

«Сары ағаш»

Ішуге арналған су, көмірқышқыл газы

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Спрайт

Тазартылған ішуге арналған су, қант, көиірқышқыл газы

Табиғи дәмдеуіштер, аспартам, калий ацесульфамы

жоқ

Лимон қышқылы, натрий цитраты

жоқ

жоқ

натрий бензоаты

Кока-кола

Тазартылған ішуге арналған су, қант, көиірқышқыл газы

Табиғи дәмдеуіштер

Қантты колер

Ортофосфор қышқылы, кофеин

жоқ

жоқ

жоқ



3.Адам ағзасының құрамына кіретін, жасушалық құрылыс пен кальций тұздарына кофеин мен қышқылдардың әсерін анықтау.

Жасалған тәжірибелер негізінде, газдалған сусындар құрамындағы тағамдық қоспалардың адам ағзасына қандай әсері бар екендігін анықтадық. Тәжірибе қорытындысы келесі 2 кестеде көрсетілген ( 3 және 4 қосымшаны қараңыз).


Кесте 2. Адам ағзасына газдалған сусындардың әсерін зерттеудің қорытындысы.

Газдалған сусынның аты

Жұмыртқа қабығы

Тырнақ бөлігі

Спрайт

Өте нәзік, сынғыш

Өзгермейді

Кока - кола

Өте нәзік, сынғыш, қара дақ пайда болады

Барлығы еріп кетеді.

Минералды су

«Сары ағаш»

Өзгеріс жоқ

Өзгеріс жоқ


4. Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен танысу.

Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен танысу үшін жүргізілген зерттеудің қорытындысы 5-ші және 6-шы қосымшаларда көрсетілген.

5. Біздің мектептегі оқушылардың газдалған суды пайдалана ма?, соны анықтау мақсатында олармен саулнамалар жүргізу.

Ғылыми жоба жұмысын бастағаннан кейін 5- 8 сынып оқушылары арасында, қандай газдалған сусынды оқушылар көп пайдаланады екен? , осы сұраққа жауап табу мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Жүргізілген сауалнамалар қорытындысына сүйенсек, газдалған сулардың адам денсаулығына ешқандай пайдасы жоқ екенін біле тұрса да, оқушылардың 73% газдалған сусындарды, соның 44% «Кока-кола» мен «Спрайтты» пайдаланады екен.













IV.Қорытынды.

Газдалған сусындардан зерттеу мақсатында «Кока-кола», «Спрайт», және минералды су «Сары ағаш» алынды. Зерттеу нәтижелері негізінде мынадай қорытындылар жасалды:


Газды сусындардың құрамымен және олардағы тағамдық қоспларымен танысу үшін өзімізге тәжірибеге алған сусындардың жапсырмаларын оқып қарап шықтық, соның нәтижесінде газдалған сусындар зиянды деген қорытындыға келдік. Мысалы, Ағзаға зиянды дәм күшейткіш- аспартам, ыдырау нәтижесінде өте улы зат формальдегид түзеді, консерванттар натрий бензоаты, канцероген ортофосфор қышқылы бар

  1. Кейбір газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен тәжірибе жүзінде таныса отырып, оның адам ағзасына да зиянды деген қорытынды жасадық.

  2. Адам ағзасының құрамына кіретін, жасушалық құрылыс пен кальций тұздарына кофеин мен қышқылдардың әсерін зерттеу негізінде газдалған сусындарды көп мөлшерде пайдалану, сүйектің ауруы остеопорозға, тіс ауруы тіс жегісіне апарып соғатыны анықтадық. Сонымен газдалған сусын құрамына кіретін барлық қоспалардың адам ағзасына әсері бар екенін анықтадық. Олардың зияндылығы қауіпке дейін апарып соғады, әсіресе аллергиясы бар адамдарға өте қауіпті!

Сусынның дәмін, иісін, түсін келтіретін барлық химиялық қоспалар, сонымен бірге сақталу мерзімін ұзарту үшін қосылатын консерванттар адам ағзасына аса қауіпті болып саналады.

Газдалған сусындар құрамында сонымен қатар көмірқышқыл газы болады, көп мөлшерде пайдаланған сусыннан асқазан – ішек жолдарының сілемейлі қабықшасын қоздырып гастриттің пайда болуына, іштің кебуіне әкеліп соғады. Сондықтан ішек құрылыстары ауратын адамдарға , соның ішінде гастритпен, асқазанның ойық жарасында, он екі елі ішектің ауруларында мүлдем мұндай сусындарды ішуге тиым салады.

«Пепси-Кола» құрамында кездесетін ортофосфор қышқылы артық мөлшерде қолданудан ағзада кальций жетіспеушілікті және тас байлану ауруларын тудырады.

Ұзақ уақыт пайдаланудан бұл сусындардан адамдарда аллергия ауруы туындайды.

Бірақ осы ұсыныстардың барлығы бірдей дәлелденбеген.

Мысалы, салқындатқыш сусындардың бәрі бірдей семіздік ауруын қараптан қарап тудырмайды. Құрамында қант болғаннан кейін олардың әрине калориясы жоғары болады, бірақ, семіздікті сусындардың өзі емес, оны егер шектен тыс көп ішсе ғана ол калорияны жоғалтпай жатып екіншісі қосылғаннан адамда артық салмақ пайда болады. Шектен тыс көп мөлшерде пайдалану адамның бүкіл ағзасына зиянды болып табылады. Шегені қақтан тазалау «Кока-кола» құрамындағы қышқыл реттеуіш ортофосфор қышқылының әсеріне байланысты. Бұл қышқыл бізге химия курсынан белгілі тұз қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл. Ал тұз қышқылын білеміз, ол адамның асқазанында асқазан сөлінің құрамында кездеседі, ендеше ортофосфор қышқылының кереметтей адам ағзасына зияны бар деуге де болмайды.

Әрине , газдалған сусындар тәтті, бірақ адам ағзасына зияны жоқ, сенімді, кәдімгі таза суға жететін ештеме жоқ. Ал егерде суда көпіршіктер болсын десең, одан да стакан минералды суды пайдалан. Онда да көпіршіктер бар, олар жасанды емес, табиғи көпіршіктер.

Минералды сулардың шипалы қасиетін өте ерте кездерден, осыдан төрт мың жылдар бұрын, Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айтылған болатын. Ұлы ғалым Гиппократ өзінің «Ауа,су және жергілікті жер туралы» еңбегінде ауруларды храм ішінде ерекше сумен емдегендіктері туралы айтылған.Минералды судың шипалы қасиетін олар құпия ұстаған.

Біздің тәжірибелерден де көрініп тұрғандай, минералды сулар адам ағзасына ешқандай зиян тигізбейді. Сондықтан адамдар газдалған сусындардың зиянды әсерін өздері біліп ойланулары тиіс. Келесі жолы, газдалған суды дүкеннен сатып алған кезде де ойланып алыңыз, барлық нәрсенің өз шегі болуы керек. Газдалған сусынды мүлдем ішуге долмайды демеймін, бірақ мынадай қйын емес шараларды орындауға болады деп ойлаймын.

- сусын алған кезде, оның жапсырмасындағы жазулармен танысуға ерінбе;

- Табиғи негізде жасалған сусындарды алуға тырыс;
- Газдалған сусындардан соң міндетті түрде ауызды таза сумен шаюға тырыс;

- ауыз қуысының жалпы гигиенасын сақта;

- Газдалған сусындарды жиі әрі көп мөлшерде пайдалан берме;

Газдалған сусындар өте қуіпті сусындар емес, әйтпесе дүкендерде сатылмас та еді ғой, бірақ әр нәрсені өз шегімен пайдаланып, сақтанғанның еш зияны болмайды. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!











Қолданылған әдебиеттер

1.http://mirsovetov.ru/a/medicine/nutrition/soda-water.html

2.http://www.leovit.ru/pages_472.html

3.http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D0%B2%D0%BE%D0%B4%D0%B0

4.http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-1137/

5.http://lurkmore.ru/%D0%9A%D0%BE%D0%BA%D0%B0-%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%B0

6.http://otruta.com/details.php?p=68

7. «Экология в мастерских». Белова Н.И., Наумова Н.Н.

8. Журнал «Биология мектепте», № 3,2001 г.

9. Газета «Биология», № 44, 2002 г.,статья «Информированность населения о пищевых добавках»

10. Статиялар жинағы «Искусственная пища».

11. Научно – методический журнал «Классный руководитель», № 4, 2004 г.,

ст. «Как сохранить здоровье».

















Қосымша

Қосымша 1

Фото 1. Газдалған сусындардың зерттеуге алынған түрлері





Қосымша 2

Фото 2. Гадалған сусындардың адам ағзасына әсерін бақылау







Қосымша 3

Фото 3. Газдалған сусындардың адам ағзасына әсер етуінің қорытындысы



Қосымша 4



Фото 4. Газдалған сусындардың адам ағзасына әсері











қосымша 5





Фото 5,6. «Спрайттың» тазартқыш қасиетін бақылау.

Фото 7,8. «Кока-коланың» тазартқыш қасиетін зерттеу.



Фото 9,10,11. Шегелердегі қақты тазалау



Қосымша 6

Фото 12. Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерінің қорытындысы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?ылыми жоба : «Газлал?ан сусынны? пайдасы ж?не зияны»

Автор: Ш?ріпхан Алма Ермеккызы

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281428


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства