kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Чипсының пайдасы мен зияны

Нажмите, чтобы узнать подробности

жұмыс ғылыми жоба Чипсының зияны туралы айтылған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Чипсының пайдасы мен зияны»

К І Р І С П Е

Қытырлақ картоп (чипсы) балалардың және үлкендердің ең сүйікті тағамына айналған. Оның зияны туралы қанша рет айтылса да, көңіліне тоқып жүрген жастар аз. Чипсы кез келген бұрышта сатылады және сырты әдемі безендірілген, тартымды қабымен көзге түседі. Теледидардан көрсететін жарнамалар арқылы да бұл өнімнің тұтынушылары көбеюде. Қазіргі кезде ол фастфуд өнімдерінің бірі ретінде танымал.Дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.Сол себебі онкологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін және қытырлақ картоптың зияндығы туралы сіздерге айттып берсем.  Сондықтан қытырлақ картоптың құрамын зерттедім. Зерттеу барысында  қытырлақ картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендері, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Қытырлақ картоптың құрамында тұз өте көп Тұздың өте көп  мөлшерде болуы сүйектердің дұрыс өсуіне кедіргі келтіреді және жүрекке әсер етеді.Қытырлақ картопқа  әр түрлі дәмдеуіштерді қосады.

Бүгінгі таңда экология  лас заманда адамдар ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейді. Осыған орай   дүкендерде көздің жауын алатын қытырлақ картопты  көргенде әрине оны жегің келеді, қытырлақ картопты  көп мөлшерде  жеу адам денсаулығына    зиян екеніне зерттеу барысында көзім жеттім. Сол себепті «Қытырлақ картоптың зияны»  тақырыбын  таңдап алдым. Зерттеудің нәтижесінде мен енді дүкеннен қытырлақ картоп сатып алмаймын деп шештім  себебі: чипсиді жеген баланың  ойлау қабілетті өте төмен болады екен. Чипсиді алғаш жегеннен бастап оны қайта -қайта жегіңіз келе береді. Сол себебті адамды семіздікке ұшыратады. Сондықтан адам ағзасында  аллергия пайда болуы әбден мүмкін.

«Қытырлақ картоптың зияны» тақырыбын зерттеудегі мақсатым: Чипсының сапалық құрамын анықтау, адам организміне әсерін тереңірек зерттеу, зияндығы туралы халыққа жеткізу.

Осы мақсатқа сайкес мынадай міндеттер қойылады:

  • Қытырлақ картоптың  шығу тарихын анықтау.

  • Қытырлақ картоптың құрамы қандай екенін анықтау.

  • Қытырлақ картоптың адам денсаулығына  зияны қандай екені туралы мәлімет  жинау.

























I.Әдеби шолу.

1.1. Қытырлақ картоптың шығу тарихы.

Чипсыды алғаш ойлап тапқан адам – америкалық қымбат мейрамханалардың бірінде бас аспазшы болған Джорд Крам деген азамат. Тіпті чипсыдың нақты қай жылы, қай күні пайда болғаны да белгілі: 1853 жылдың 24 тамызы. Бірде мейрамханаға келген қонаққа өте қалың кесілген фри картобы ұнамай, бас аспазшыны әбден сөгеді. Елдің алдында қатты қысылған Крам картопты жай ғана жұқа емес, тіпті өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын кезек-кезек қытырлақ болғанша майға қуырған екен. Осы тағамның дәмін татып көрген қонақ риза болып, осы тағамды «чипсы» деп атаған екен. «Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» дегенді білдіреді. 1932 жылы Америкада картоп чипсыларының дәмін түрлендіріп жасау үшін тіпті ұлттық институт та құрылған. Бүгінде балалар сүйіп жейтін бұл тағам картоптың белгілі бір сорттарынан немесе картоп ұнтағынан, басқа да зиянды қоспалардан жасалады. Мамандар чипсыға адам тез үйір болады дейді.

1.2.Қытырлақ картоптың құрамы қандай?

Бір пакет чипсыдың энергетикалық құндылығы шамамен – 550 ккал болса, бұған ол құрамындағы майдың есебінен қол жеткізеді. Чипсыдың құрамында дәрумендер мен минералдар мүлдем болмайды. Чипсы қатты шөлдетіп, ісіндіреді және қалыпты рационалды калорияңызды жояды.

Чипсыларға қосылатын зиянды дәмдеуіш қоспалар. Мұндай чипсылардың дәмі картоп дәміне мүлдем ұқсамайды, оған көмекке дәм қосарлар мен дәмдеуіш қоспалар, негізінен натрий глутаматы келеді.Натрий глутаматының ең дәмсіз деген тағамды оның нақты құндылығын ұмытып тағы да жегіңіз келтіретіндей қасиеті бар.

Акриламид – ең қауіпті канцероген, егер де майды таңдамай , табаны қатты қыздырып жіберсе үй жағдайында да пайда болады.Бірнеше жыл бұрын чипсыдың құрамында акриламидтың туысы глицедамид табылған болатын.Ол ісіктің пайда болуына әсер етіп қоймай ДНҚ да өзгеріске ұшыратады.

Зиянды тағам қоспасының кодтары:

  • Тиым салынғандар: Е-103, Е105,Е111,Е121, Е123, Е125, Е126,Е130, Е152.

  • Қауіптілер: Е102, Е110, Е120, Е124, Е127.

  • Күмәнділер: Е104,Е122, Е141,Е150, Е171, Е173, Е180, Е241, Е477.

  • Ісік тудыратындар: Е131, Е210 – 217, Е240, Е330.

  • Ішек ауруларын тудыратындар: Е221-226.

  • Теріге зияндылар: Е230-232,Е239.

  • Қысымның өзгерісін тудыратындар: Е250,Е251.

  • Бөртпенің пайда болуына әсер ететіндер: Е311,Е312.

  • Холестеринді жоғарылататындар – Е320,Е321.

  • Асқазан ауруын тудыратындар: Е338 – 341, Е407,Е450,Е461- 446.

1.3.Қытырлақ картопты дайындау технологиясы.

Дүкендерде сатылатын қытырлақ картоптың дайындалу технологиясына тоқталар болсақ, картоп өсімдік майында көп мөлшерде қуырылатындықтан, май ұзақ отта тұрады, да концерегенді заттар пайда болады. Бұл өте улы зат.   Ал қытырлақ картопты көп жеген сайын жаңағы улы зат ағзаға түсіп, ісік ауруаларын туындатуы мүмкін. Бұл тек бір мысал ғана. Ал енді «чипсидың»тек картоптан ғана емес, тағы басқа да гені бұзылған заттардан жасалынатынына тоқталсақ, онда небір қорқынышты болжамдарды айтуға болады екен.чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер.




1.4. Қытырлақ картоптың зияны

1. Өзіне тәуелді етіп қояды. Принстон университетінің ғылыми қызметкерлерінің зерттеулері бойынша Чипсыны күнделікті жеу темекіге немесе алкогольдегідей тәуелділікке соқтырады екен.

2.Семіздікке шалдықтарады. Қалыпты бір қорап чипсы 510 ккал болады. Ал, ересек адамдар үшін күндізгі қалыпты калория 1800 ккал болса, балалар үшін 1200 ккал екендігін ескерсек, чипсының 1 ғана қорабы күндізгі норманың жартысын, ал 3-4 қорабы калорияның шектен тыс көбейіп, семіздікке алып келеді.

3. Құрамында құнарлы заттар жоқ. Байқап қарасаңыз, қытырлақ болғанға дейін қуырылған картоптың құрамында ешқандай минерал, дәрумен, кальций ақуызбен көмірсутегі де қалмайды.Сондықтан чипсының құрамынан біздің ағзамыз ешқандай құнарлы заттар алмайды.тек көп калорияға ғана «қарық» болады.

4.Ағзадағы тұздың көлемін арттырады. Бір қорап чипсы құрамында 0,7 г тұз болады. Ал адам үшін тұздың күндізгі қалыпты мөлшері 5-6 грамм. Ағзада тұз мөлшері көбейген жағдайда сүйектердің өсуімен жүректің жұмысы бұзылады.

5.Аллергия тудыруы мүмкін. Қытырлақ картоптың ішінде көптеген бояғыш заттар мен дәмдеуіштер болады. Олардың өздігінен ешқандай зияны жоқ. Текішіндегі картопқа тауық ет, саңырауқұлақ т.б. дәмдер беріп тұрады. Бірақ өндірушінің оларды қанша қосқанына байланысты адам ағзасында аллергия туындайды. Сондықтан чипсыны жеген кезде түшкіру сынды аллергиялық симптомдар пайда болып жатса, дереу дәрі қабылдап, келесі жолы қытырлақ картоптан аулақ болуға тырысыңыз.

Ғалымдардың зерттеуінше ерте жастағы балалар дұрыс тамақтанбағандықтан мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді екен. 1 жастан – 3жасқа дейін балалардың миының жұмыс істеу қабілеті жақсы жұмыс атқарады екен. Чипсиды жеген баланың ойлау қабілеті өте төмен болады екен. Чипси алғаш жегеннен бастап қайта – қайта жегіңіз келе береді. Сол себептен адамды семіздікке ұшыратады. Қытырлақ картоптың құрамында тұз өте көп болады. Сондықтан адам ағзасына аллергия пайда болуы мүмкін. Ал дәрумендер мен минералдар мүлдем жоқ. Сол себептен онкологиялық аурулар пайда болуы мүмкін.



























II. Тәжірибелік бөлім.

2.1.Тәжірибелер әдістемесі.

  1. Тәжірибе. Чипсының құрамындағы майдың мөлшерін анықтау.

Құрал – жабдықтары: Чипсы, сіріңке, фильтр қағазы.

Жұмыстың орындалуы:

1.Чипсыны алып, фильтр қағазына үгітеміз. Сол кезде чипсының майлылығы анықталады.

2.Чипсыны алып сіріңкемен жағыныз, сол кезде чипсының жанғанын көресіз.


  1. Тәжірибе. Чипсының құрамындағы крахмалды анықтау.

Құрал – жабдықтары: Чипсы, иод ерітіндісі, сынауық.

Жұмыстың орындалуы:

Сыныауыққа чипсыны үгітіп сынауыққа саламыз, сынауықтағы чипсыға иод ерітіндісін тамызамыз. Болған құбылысты байқаймыз.


  1. Тәжірибе. Сауалнама.

  • Сіз чипсыды жиі сатып аласыз ба?

  • Чипсыдың адам организміне әсері туралы білесіз бе?

  • Чипсы туралы үгіт-насихат жұмыстары болғанын қалайсыз ба?

  • Чипсыдың құрамы туралы білесіз бе?

  • Өміріңізді чипсысыз елестете аласыз ба?









2.2. Алынған нәтижелерді талдау.

1-Тәжірибенің қорытындысы:

1.Чипсыны фильтр қағазға үгіткенде, қағаз майланады. Чипсының құрамында майдың көп екендігі анықталды.

2. Чипсыны алып жағып қараған кезде майдың сапасының төмен болуына байланысты жанып қара болып күйді. Сапасы төмен майға қуырылғаны анықталады.


2- тәжірибенің қорытындысы:

Сыныауыққа чипсыны үгітіп сынауыққа саламыз, сынауықтағы чипсыға иод ерітіндісін тамызғанда, чипсы көк түске боялады.



3 - тәжірибе сауалнама қорытындысы:

Жоғарғы аталған сұрақтары бойынша мұғалімдер мен оқушылардан сауаланама алынды. Сауалнама қорытындысының мониторингі шығарылды.

Сауалнама мониторингі


















1 – ші сұрақ бойынша, яғни «Сіз чипсыды жиі сатып аласыз ба?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 80% - ы «иә» деп, 19 % - ы «жоқ» деп жауап берді. 2- ші сұрақ бойынша, я ғни «Чипсыдың адам организміне әсері туралы білесіз бе?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 39 % - ы «иә» деп, 61% - ы «жоқ» жауап берді. 3- ші сұрақ бойынша, яғни «Чипсы туралы үгіт-насихат жұмыстары болғанын қалайсыз ба?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 48 % - ы «иә» деп, 53% - ы «жоқ» деп жауап берді. 4- ші сұрақ бойынша , яғни «Чипсыдың құрамы туралы білесіз бе?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 25% - ы «иә» деп, 75% - ы «жоқ» деп жауап берді. 5- ші сұрақ бойынша «Өміріңізді чипсысыз елестете аласыз ба?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 78% - ы «иә» деп, 21% -ы «жоқ» деп жауап берді. Жалпы сауалнаманы қорытындылайтын болсақ, Чипсыны көбісі адам организміне зияны екенін, құрамын білмейтіндігі анықталды. Яғни біздің ауылдың тұрғындары чипсының құрамын және оның организмге кері әсері бар екендігін білмей отыр.





































2.3.Қыртылық картоппен жүргілген зерттеулер

Оған қытырлақ картоптар мен кепкен нандарға жүргізілген зерттеулер дәлел бола алады. Ғалымдар сынақты жүргізуге 12 кеміргіш жануарлар таңдап алды. Зерттеушілер кеміргіштерді төрт топқа бөліп, 1-топқа – қытырлақ картоп, 2-топқа – қытырлақ нан, 3-топтағыларға  шұжық пен фасфут тағамдарына  қосылатын  глутамат  натрий  (Е621) күшейткіші бар жемін, 4-топқа – дәнді дақыл, жеміс-жидектер берген. Зерттеушілердің  айтуына  қарағанда қытырлақ картоп жеген егеуқұйрықтар жиырмасыншы күні бірінен кейін екіншісі өле бастаған. Өлердің алдында олардың түгі түсіп, көздері көрмей қалған. Сынақ нәтижесінде жануарлардың бауыр циррозына ұшырағандығы, ас қорыту процесінің бұзылғандығы және көз жанарының бұзылғандығы анықталды. Өлген егеуқұйрықтардың бауыры сарғайып кеткен. Бұл дегеніңіз –  клеткаларды май басып, оның өліп қалғандығын білдіреді. Ал қытырлақ нан жеген егеуқұйрықтар ашуланшақтыққа бой алдыртса, ал үшінші топтағы кеміргіштер тағамға деген тәуелділікке душар болған. Тек төртінші топтағы жем мен жеміс-жидек деген кеміргіштер өзін тамаша күйде сезінген.

Жоғарыда айтылған зерттеулерге сүйене отырып жән ауылымыздың тұрғындарына таныстырып, сауаланама алу арқылы тұрғындарымыздың көбісі қытырлақ картоптың (чипсының) зиян екенін білмей тұтынатыны анықталды. Мектеп оқушыларына қытырлақ картоптың жанғанын көрсеткенде олар таң қалып, өздері неге құмартып жүргендеріне ойланып қалды.

Чипсы – дәмді өнім, алайда денсаулыққа пайдалы емес. Бірақ оны орынды қолданып, аптасын 1 рет пайдалануға болады. Денсаулыққа зиян келтірмес үшін мына ұсыныстарға көңіл бөлген жөн:

  • Чипсыды көп мөлшерде пайдаланбау.

  • Чипсыдын адам организміне әсері туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу.

  • Чипсыдың құрамындағы зиянды қосылыстарды тереңірек зерттеу.

  • Құрамында денсаулыққа зиянды қосылыстар болғандықтан, өндірушілер чипсыдың құрамын үлкен әріптермен жазу

  • Кішкентай балаларға қолдануға тиым салу немесе бағасын қымбаттату.

Чипсының құрамына май, ас тұзы және крахмал кіреді. Жоғары калориялы, майлы, химияның көмегімен дайындалған қуырылған картопты қолдану семіруге және өт жолының қабынуына алып келеді,

Менің көзқарасым бойынша, чипсы тіскебасар ретінде адам ағзасына көп зиян тигізеді, сондықтан оның орнына кепкен жемістерді пайдалануды ұсынамын, себебі бұл өнімдердің калориясы жоғары және қажетті витаминдер мен минералдық заттардан тұрады.

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы


1.Қытырлақ картоп туралы әдеби материалдар жиналды, жүйеленді;


2. Қытырлақ картоптың құрамындағы майдың көптігі, құрамындағы крахмалды анықтауға тәжірибе жасалып, қорытындыланды.


3. Қытырлақ картоп туралы мектеп оқушылары мен мұғалімдерінен сауаланама алып, маниторингі жасалып, қорытындыланды.



4. Чипсыды көп мөлшерде пайдаланбау.

  • Чипсыдын адам организміне әсері туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу.

  • Чипсыдың құрамындағы зиянды қосылыстарды тереңірек зерттеу.

  • Құрамында денсаулыққа зиянды қосылыстар болғандықтан, өндірушілер чипсыдың құрамын үлкен әріптермен жазу

  • Кішкентай балаларға қолдануға тиым салу немесе бағасын қымбаттату деген ұсыныс жасалды.


























П А Й Д А Л А Н Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р Т І З І М І


  1. Интернет желісі

  2. Химик анықтамалығы .«Шапағат -Нұр» баспаханасы 2011 ж № 4

  3. Алтын сандық газеті. 2000 ж . № 12











15



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Чипсының пайдасы мен зияны

Автор: Фазылова Динара Сабитовна

Дата: 03.11.2018

Номер свидетельства: 483378


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства