kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама: "ХИМИЯ панiн окытудаuы инновациялык технологиялар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химия - әрі қызықты, әрі күрделі ғылым. Оны жетік меңгеру үшін жаңа өтілген материалды игеру ғана жеткіліксіз, сондай-ақ алған білімді қолдана білу керек.

Химиядан алған білім аяқ басқан сайын көптеген табиғат құбылыстарын және өндірістік процестерді түсіндіру үшін керегіңе жарайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: "ХИМИЯ панiн окытудаuы инновациялык технологиялар"»

ХИМИЯ пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар



Химия - әрі қызықты, әрі күрделі ғылым. Оны жетік меңгеру үшін жаңа өтілген материалды игеру ғана жеткіліксіз, сондай-ақ алған білімді қолдана білу керек.

Химиядан алған білім аяқ басқан сайын көптеген табиғат құбылыстарын және өндірістік процестерді түсіндіру үшін керегіңе жарайды.

Жаңаша оқытудағы басты нәрсе - бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Әр мұғалімнің өзінің сабақ өткізу барысында жеке әдіс-тәсілдері болуы қажет. Барлық жаңа инновациялық технологияны меңгеріп, оны өзіне ұнаған дұрыс нәтиже беретін технологияны білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңартып пайдаланатын болса, міне, сол - жаңашылдық..

Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушының ойы таза, білімге деген құштарлығы басым және алғыр кезеңдері. Сонымен қатар олар сабақты жеңіл түрде қабылдағанды ұнататындары сөзсіз.

Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру болып отыр. Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері  химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың  құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі  жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, мультимедия, интернет материалдарын т.б. пайдалану күнделікті сабаққа өзіндік нәтижесін беріп отырады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану-сабақтың сәтті өтуінің кепілі.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

Қорыта келгенде сабақта ақпараттық – коммуникациялық оқыту технологиясын қолдану  оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімдердің  сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама: "ХИМИЯ панiн окытудаuы инновациялык технологиялар"

Автор: Базарова Айнур Жасболатовна

Дата: 07.07.2018

Номер свидетельства: 474838


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1480 руб.
2110 руб.
1650 руб.
2350 руб.
1830 руб.
2620 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства