Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы:Металдар ж?не оларды? ?осылыстарыны? тірі организмдердегі р?лі. »
Атырау облысы
Мақат ауданы
Доссор кенті
Абай орта мектебі
“Үздік мультимедиялық презентация”
9- сынып
Химия
Дуйсалиева Базаргул Гизатовна
химия пәні мұғалімі, ІІ санат
ПШО-2014ж,ІІІ –деңгей
Сабақтың тақырыбы:Металдар және
олардың қосылыстарының тірі организмдердегі рөлі.
Жалпы мақсаты: Металл қосылыстарының тірі
организмдегі маңызын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:Оқушыларда металдардың маңызы
туралы ой қалыптасады.
Ресурстар:Химия 9 сынып,”Атамұра” 2013ж,ғаламтор
материалдары, стикер,АКТ, түрлі-түсті
маркерлер, металл үлгілері, флипчарт.
Қолданылатын әдістер:“Миға шабуыл”, “Себеттегі ой”, “ББТЗО” кестесі,Бағалау парақшасы, Сергіту сәті.
Тапсырмалар:топтық, жеке,жұптық
І. Ұйымдастыру
“Адасқан әріптер” әдісі арқылы топтарға бөлу.
Металдардың аты бойынша әріптер таратылады. Оқушылар әріпті біріктіру
арқылы топ құрады (темір, мырыш, күміс)
ІІ. Оқушыларға табыс критерийлерін ұсыну.
Мақсаты: оқушылардың оқу мақсатына жетуі үшін оларға жасауға тиіс
қадамдарды немесе ұғыну деңгейлерін түсіндіру.
Бағалау критерийлары:
Деңгейлері (Егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті дөңгелектейміз)
І деңгей 1,2,3,4,5
Сіз білуге тиіссіз:
Жалпы баға
Металдар туралы білімнің қалыптасуы, сипаттай білу мүмкіндігі.
ІІ деңгей 1,2,3,4,5
ІІІ деңгей 1,2,3,4,5
Металдар туралы ұғымның қалыптасуы, дәлелдей білуі, топтың жұмыстың нақтылығы.
Металдар ұғымның қалыптасуы, нақты дәлелдер, ғылыми жаңалықтар, ақпаратар, мысалдармен , топтық жұмыстың нақтылығы.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Әдістер:“Миға шабуыл”
Ерекше дәрежедегі сын сұрақтары:
Химиялық элементтердің ішіндегі тұрмыста қолданылатын
металл түрлерін атап, мысал келтіріңіз?
2) Металлдар не себептен жеміріледі және өмірден мысалдар алыңыз?
3) Металдардың металдардағы ерітіндісі қалай аталады және маңызы қандай?
маңыздыларына түсінік бер?
“Себеттегі ой”
Топ оқушыларына түрлі –түсті стикер таратылып өткен тақырып бойынша сұрақтар жазып себетке салынады. Себеттегі сұрақтарды араластырып қайтадан оқушыларға таңдатылып , жауап беріп өз ойларын қорытындылайды
Әдісі: ББТЗО кестесі (топқа таратылған мәтін бойынша кестені толтырады)
Б
Ол туралы мен не білемін?
Б
Нені білгім келеді?
Т
З
Көбірек ақпаратты қайдан таба аламын?
Нені зерделеу керек?
О
Одан әрі не істеу керек?
Оқушының жауаптарына сәйкес жаңа материалға қысқаша
слайд арқылы түсінік беріледі.
Адам организімінің ұлпаларында анализ жасау барысында оларда көптеген металдардың әр түрлі мөлшерде болатындығын көрсетеді. Олардың тек кейбіреулері ғана адам организімінің қалыпты қызмет етуіне қажетті. Бұл металдардың болмауы денсаулыққа зиян, потологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеледі. Адам организіміне қажетті металдарды олардың сандық мөлшеріне қарап, екі класқа бөлуге болады. Калий, магний, кальций және натрий – макроэлементтер, қалғандары – микроэлементтер .
Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын бес-алты ғана микроэлемент тіршілік үшін маңызды деп есептелген. Зерттеудің қазіргі кездегі әдістері тіршілік үшін маңызды элементтердің санын көбейтіп отыр. Макроэлементтердің жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына әкелетіндігін көрсету оңай болса, микроэлементтердің қажеттілігін дәлелдеу қиынырақ.
Макро- және микроэлементтердің қызметі белгілі бір дәрежеде ұқсас. Олар организмде негізгі үш функция атқарады: тіс пен сүйектердің құрамына кіреді; еритін тұздар түрінде организм клеткалары мен сұйықтықтарының құрамын реттеуге қатысады; көптеген ферменттердің кофакторлары болып табылады және белоктардың құрамына кіреді.
Оганизм қызметіне байланысты
Макроэлементтер
Микроэлементтер
Кальций-1,5-2,2
Калий-0,4
Натрий-0,2
Магний-0,05
Мырыш-0,00035
Селен-0,0025
Мыс-0,0001
Әсер ету механизмі анықталмаған бірақ қатысуы дәлелденген металдар барий, стронций, кадмий,
Ми-Na, Mg, K, Al
Гипофиз-Zn, Cr
Тіс-Ca, Mg
Ми сұйықтығы-Na
Бауыр-Ca, K, Mg, Cu, Fe, Zn
Сүйек-Na, Ca, Al,Mg, K, Sr
Шаш-Ca, Zn, Al
Көз сұйықтығы-Na
Өкпе-Na, Al
Жүрек-Ca, K
Бүйрек-Ca, Na, Mg, K
Қанда-Ca, Na, Mg, K,Fe
Сергіту сәті.
Жұмбақтар шешу
Жез қораның ішінде, Темір құлын кісінеп. Қайта келіп ісіне, Кіріседі кісі көп. (Қоңырау) Мыс құлақты, жүз тісті, Жүзіне бір – ақ із түсті. (Ара) Ақ түйір айналады, орын таппай, Жүгіргендей су бетінен орын жақпай. Аздан соң суға сіңіп жоқ болады, Оқушым, ойланып көр, қойма таппай. (металл натрий)
Топтық тапсырманы орындап постермен қорғау
№1 топ. Тістің сүйектің құрамына кіретін металдардың тіршіліктегі рөлі
№2 топ. Еритін тұздар түріндегі сұйықтықтардың
құрамын реттеуге қатысатын металдар.
№3 топ. Гармондар мен витаминдер құрамындағы
металдар.
Кері байланыс
Мен көп білемін
Мен көп білген жоқпын
Мен аз білдім
Оқушыларды бағалау парақшасына қойған ұпайсандарымен және оқыту үшін бағалау.
Үйге тапсырма: Ауыр металдардың тірі организмдерге әсері.