Просмотр содержимого документа
«К?кірт ж?не оны? ??рылысы »
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№127 Ш. Уәлиханов атындағы мектеп –лицейі
Күкірт және оның оксиді. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар
Аширова Жұмакүл
Химия пәнінің мұғалімі
2013 жылы
“Үздік слайдтар”
Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның оксиді. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға күкіртсутек, күкіртсутек қышқылы және оның тұздары табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіру.
Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ,жауап т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слаидтар, интерактивті тақта, электрондық оқулық т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: : Лездеме сұрақтар
Кокс,ағаш,күйе айырмашылықтары қандай?
Табиғатта таралуына сипаттама беру.
Көміртектің химиялық және физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
Көміртекрің п.ж.орнына қысқаша тоқталып өтелік.
Адсорбция дегеніміз не?
« Пікіралысу» стратегиясы
Бірінші топқа мынадай тапсырма: Кремнй және оның қосылыстары атом құрылысы.
Екінші топқ мынадай тапсырма: Көміртек және оның қосылыстары атом құрылысы.
Үй тапсырмасын бекіту: «Кім жылд ам?»
« ауадағы қағаз»
Көміртектің валенттігі нешеге тең?
Көмір қышқыл тұзының аты. (карбонат)
Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы ше?
Көміртектің табиғатта таралуына сипаттама бер.
Кремний валенттігі нешеге тең,салыстырмалы атомдық массасы неше?
Кремнийдің табиғатта таралуы және физикалық қасиеттері туралы айтыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Күкірсутек шіріген жұмыртқа иісті, түссіз газ. Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында, емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі. Күкіртсутек өте улы, оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танады, тіпті өліп те кетуі мүмкін. Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып, сал ауруын туғызады. Судың бір көлемінде 2,5 көлем күкіртсутек ериді.
Күкірт қышқылы – түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1,84 г/мл майлы сұйықтық. Қышқыл бетіне су тиісімен, ол дереу буға айналады, сондықтан күкірт қышқылын сумен араластыру үшін, міндетті түрде қышқылды суға аздап тамшылатып және араластыра отырып құю керек, керісінше жасауға болмайды. Күкірт қышқылы металлургияда, машина жасауда, мұнайөңдеуде, органикалық заттар – полимерлер, бояулар, дәрілік препараттар т.б. өндірісте қолданылады.
S – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 16, ат. м. 32,06. Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,05%, теңіз суында 0,08 – 0,09%. Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде (саф К.) және сульфидті (мыс., пирит, галенит, антимонит, т.б.), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит, т.б.), т.б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірт II, IV, VI – валентті бола алады, ал тотығу дәрежелері -2,0, +4, +6 болып келеді.
Физикалық қасиеттері
Күкірт – сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт келетін қатты зат. Балку температурасы 119°С. Күкірт атомының сыртқы валенттілік кабатында екі дара электроны болғандыктан, олар өзара байланыса алады.
Химиялық қасиеттері
күкірт
бейметалдармен
+O
SO
+H
H
металдармен
Cu
CuS
Fe
FeS
Na
Na
Химиялық қасиеттері S + O2=SO2S + Н 2 = Н 2 S 3 ) Cu + S = Cu S жоғары температурада 4) Fe + S = FeS 2Na + S= Na 2 S 6
Күкірт қышқылы – түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1,84 г/мл майлы сұйықтық. Қышқыл бетіне су тиісімен, ол дереу буға айналады, сондықтан күкірт қышқылын сумен араластыру үшін, міндетті түрде қышқылды суға аздап тамшылатып және араластыра отырып құю керек, керісінше жасауға болмайды. Күкірт қышқылы металлургияда, машина жасауда, мұнайөңдеуде, органикалық заттар – полимерлер, бояулар, дәрілік препараттар т.б. өндірісте қолданылады.
Күкірттің атом құрылысы
S
+16
2 ē
6 ē
8 ē
1s 2 2s 2 2p 6 3s 2 3p 4
Тотығу дәрежесі +2,-2,+4,+6
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Бірінші топ : осы тақырыпты оқып,танысып.негізгі ұғымдарын анықтау. Екінші топ : осы тақырыпты оқи отырып өздеріңе ұнаған абзацты дәптерге жазу , пікір айтып,талқылау. 1-тобына: “Сіріңке неліктен тұтанады?” Жауабы: Сіріңкенің басын тез тұтанатын жанғыш заттан жасалған. Яғни, сіріңкенің басында күкірт және калий хлоратының қосылысы бар. Сіріңке қорабыны шетінде қызыл фосфор мен шынының қосылысы бар. 2-тобына: “Бүлдіргіш ерекшеліктері” Жауабы: Тас көмір мен мұнай жанған кезде ауаға күкірт булары көтеріледі. Осы булар қышқыл жаңбырларының құрамында жерге қайта оралады да, ағаштарды, демек, тұтас ормандарды бүлдіреді.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау
Оқушылардың білімдерін бекіту : «Ой қозғау» стратегиясы Есептер шығару: А- деңгейі (стандартты білім деңгейіндегі тапсырмалар ).
В –деңгейі (орташа қиындықтағы тапсырмалар).
С -деңгейі (күрделі тапсырмалар).
Келесі тапсырмалар «Портфолио» (сабақ барысында орындалған жұмыстарын жинақтау).
Бағалау :
Үйге тапсырма
№2- тапсырма . Химиялық диктант
а) ............. буын ауруларын емдеуде пайдаланылады.
ә) Зертханада H 2 S .................. аппаратында алынады.
б) органикалық заттар шірігенде бөлінеді .......................
№3 -тапсырма. Мына теңдеуді аяқтап жазыңыздар
а) H 2 S + Mg = ә) H 2 S + Pb (NO 3 ) 2 = б) H 2 S + NaOH= в) H 2 S + O 2 =
№4 -тапсырма . Күкірт сутек қышқылының тұздарының формуласын жазыңыздар.