“ Химиктер сайысы”
Жоспары:
1. Әр топ өздерін қысқаша таныстырады
2. Металдар айтысы
3. Полиглот
4. Ғажайып химия
5. Шығармашылық жұмыс
Синтетикалық Жанармай Тама қ
талшы қ өнеркәсібі
Радиотехника Химия Шыны өндіру
Металлургия
өнеркәсіптері Медицина Цемент өндіру
Металдар айтысы
Натрий
Мен натрий,сілтілік жеңіл металмын,
Өзім жайлы баяндауға бет алдым.
Алуан түрлі қасиетім бойымда
Қосылысым сабынның да бойында.
Бу түрінде сары түске енемін.
Суыңды да айналдырам сілтіге,
Су бетінде еріп жүре беремін.
Мен ауаға сутекті де бөлемін.
Тұздарыммен астың дәмін кіргізем,
Сол арқылы зор пайдамды тигізем.
Космоста да сары түсті буыммен
Зымыранды көз алдыңда жүргізем.
Мыс
Жеңілтектік бар екен мінезіңде,
Салмағыңа сай екен мінезің де.
Бізге кезек мақтанбай бер,натрий.
Қажет металл өмірге бір өзің бе?
Мен созылғыш жұмсақ металл мыс деген,
Өмір бақи қолданыстан түспеген.
Адамзатқа қажеттігім соншалық,
Мені өндіріп алады ғой күшпенен.
Табиғаттың орын алған төрінен,
Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.
Екі түрлі валенттілік көрсетіп,
Басқалардан ерекше боп бөлінем.
Тағы айтарым:өте баяу тотығам,
Қасиетімде байқалады осыдан.
Жақсы өткізіп мен электр тоғын да,
Өткізгіштер қатарына қосылам.
Екі түрлі қола,жез қорытпам бар,
Оны жақсы біледі қорытқандар,
Қола медаль алған да жаман емес,
“ Алтын алу қайда ” деп торықпаңдар.
Таулы Алтай,Жезқазғаннан шығамын,
Жауап берем және бар ма сұрағың?
Мекен - жайым Менделеев кестесі,
29-ш ы тор көзінде тұрамын.
Алюминий
Алюминий атым бар ,өзім жеңіл,
Металмын ие болған төзімге бір.
Коррозия дегеннен қорықпаймын,
Тотықпас қасиет бар өзімде бір.
Қолданылам электр желісінде,
Осы менің негізгі жеңісім де.
Жарқыратып әр үйге жарық берем,
Бағалымын адамға сол үшін де.
Үш валентті элементпін тумысымда,
Вольфрам, мен сияқты құндысың ба?
Өндірілем Кереку зауытынан,
Қолданылам халықтың тұрмысында.
Вольфрам
Алюминий,артықтау бөсіп кеттің,
Алды артыңды байқамай есіп кеттің.
Сырың мәлім, түбі бір туыс едің,
Өтірікпен жолымды кесіп кеттің.
Өтірік « жарық берем» дегенің не?
Одан да « тоқ жеткізем» демедің бе?
Жоғары температураға төзбей тұрып,
«Жарық берем» дейсің- ау сенемін бе?
Мен - вольфрам риза еткен халықты,
Нұрға бөлеп үй,көшені,зауытты,
Электр шам балқып тұрып ішінде,
Мен емес пе шығаратын жарықты.
Табиғатта өте сирек кездесем,
Қараңғыда менсіз жарық көрмес ең.
Жарық берген инертті газ екеуміз,
Ғалымдардан сұра,маған сенбесең.
Темір
Жер әлемге кең тараған темірмін,
Өндірістің тұлғасы боп көріндім.
Қара металл патшасы боп танылдым,
Иесімін өте үлкен сенімнің,
Қарпайым үйдегі тұрмыстарда,
Дамып жатқан ең алып құрылыстарда.
Мені білмес адамның баласы жоқ,
Мен қатыспас техника саласы жоқ.
Тарихымның тамыры терең жатыр,
Египет пен Индиядан келе жатыр,
Шойын,болат,прокат құймаларым
Замананың дамуын демеп жатыр.
Никель
Несіне,темір батыр,мақтанасың?
Шыдамай коррозияға таттанасың?
Болсаң да қанша мықты кең тараған,
Тотықсаң шіріп сенде жоқ боларсың.
Кәдімгі мен боламын никель деген,
Адамдар қажетіне икемдеген.
Өзіндік әр металда қасиет бар,
Соларды,оқырманым,білсең деп ем.
Қажетті зат жерде бекер жатпайды,
Менімен де металл бетін қаптайды.
Тотықпайтын қасиетім арқылы
Темірді де коррозиядан сақтайды.
Күміс
Мен күміспін,асылмен барабармын,
Ақша болып қоғамда дараландым.
Бұйым жасап зергерлік мына менен,
Ерекше боп мәртебем бағаландым.
Менің емдік қасиетім тағы да бар,
Мүмкін болса күміс қасық тауып ал.
Сол қасықтан иондарым бөлінген,
Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар.
Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам,
Бұзылудан суыңды сақтай алам.
Тұрмыста да ,өмірде де мен өзімді,
Қай жағынан алсаң да мақтай алам.
Жарыста, топта озғанда ,
Тағады мені төсіне,
Алтыннан басқа алдыма,
Түсетінің жоқ шығар,
Мақтанайын несіне .
Алтын
Мақтана бер,мақтана бер,күмісім,
Алтын ағаң қоштағанда інісін.
Кетпе,бірақ ұмытып сен, жарқыным,
Ардақтымын жасыңа да,кәріңе,
Дүниенің менмін көркі,әрі де.
Толықсыған толған айдай, жарықпын,
Өлшемімін барлық баға,нарықтың.
Бар базардың әлемге ортақ тілі мен,
Даңқ болып омырауға да ілінген.
Мырыш
Күмісжан,жараспайды безілдеуің,
Ерекше мақтадың ғой өзіңді - өзің.
Басқада бар қасиет менде де бар,
Келді енді сөйлейтұғын менің кезегім.
Жарайды,өзіңдің - өзің мақтап ақ қой,
Мақтану сірә сізге жаққан ақ қой.
Цинкпін,латынша цинкум дейді,
Қазақша мағынасы «ақ қабат» қой.
Металл көп жөнді жөнсіз мақтанатын,
Көбінде бар кемшілік тоттанатын.
Соларды таттанудан сақтап жүр ғой,
Сыртынан мына менің «ақ қабатым».
Өндіріледі атақты Текеліден,
Қазыналы Текелі мекенінен.
Қорғағыш қасиетім бойынша мен,
Қалмаймын никель,хром екеуінен
Полиглот
Жеті жұрттың тілін біл
Өзім газбын менімен демаласың, Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
Ертеден белгілі жетеудің бірімін, «Электроника саласында» ірімін. Көптеген құймаларға кіремін, Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін
Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді, Салмақты адамды мақтауды да келістіреді .
Машина мен трактордың жаны , Қара металлургияның наны .
Өзі ауыр металға жатады, Балалар осы металл құйған сақамен атады.
Осы затпен ескі үйді аластайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды .
Атыма мен ің затым сай, Сәндік бұйым қорымын. 6-қабатта тұрсам да, Жалқаулықтың торымын .
Бірінші бөлігі көп емес, Екінші бөлігі тілсіз жау
Ғажайып химия
10
20
30
40
10
40
20
30
30
40
10
20
Химия пәні нені зерттейді?
артқа
Жауабы
Химия пәні нені зерттейді?
Химия-заттарды, олардың қасиеттерін, соның ішінде өзара айналуларын зерттейді
артқа
Химияның міндеті қандай?
артқа
Жауабы
Химияның міндеті қандай?
Заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет заттар алу, табиғи қорларды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау
артқа
Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?
артқа
Жауабы
Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?
М.В.Ломоносов
артқа
Атом-молекулалық ілім ненің жиынтығы?
артқа
Жауабы
Атом-молекулалық ілім ненің жиынтығы?
Атомдар мен молекулалар туралы мағлұматтардың жиынтығын атом - молекулалық ілім деп атаған.
артқа
Валенттілік дегеніміз не?
артқа
Жауабы
Валенттілік дегеніміз не?
Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті
артқа
Химия ғылым ретінде қай ғасырларда қалыптасты?
артқа
Жауабы
Химия ғылым ретінде қай ғасырларда қалыптасты?
ХІХ – ХХ ғасырларда
артқа
Химиялық реакция теңдеуін аяқтаңдар:
Са(ОН) 2 +НС l=
артқа
Жауабы
C а(ОН) 2 +2Н Cl=C аС l 2 + 2Н 2 О
артқа
Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер
Na + O 2 →
KOH + H 2 SO 4 →
артқа
Жауабы
4 Na + O 2 → 2 Na 2 O 2 KOH + H 2 SO 4 →
→ К 2 SO 4 + 2 H 2 O
артқа
Оксидтер дегеніміз не?
артқа
Жауабы
Оксидтер дегеніміз не?
Оксидтер – біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар
артқа
Алюминий (ІІІ) гидроксидінің құрамындағы элементтердің массалық үлесі қандай?
артқа
Жауабы
артқа
Массасы 20,8г ВаС l 2 Н 2 S О 4 пен әрекеттескенде тұнбаға түсетін
Ва S О 4 массасын есептеңдер
артқа
Жауабы
ВаС l 2 + Н 2 S О 4 = Ва S О 4 +2НС l
208г ВаС l 2 -233г Ва S О 4
20,8г –Хг
Х = 23,3г
артқа
20г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы қанша?
артқа
Жауабы
2Ca + O 2 = 2CaO
80 г 112г
20г Х г
Х = = 28г СаО
артқа
Шығармашылық жұмыс
8а – «Ауа экологиясы» 8ә – «Су экологиясы» 8б – «Өсімдік экологиясы» 8в– «Экологияның адам 8а – «Ауа экологиясы» 8ә – «Су экологиясы» 8б – «Өсімдік экологиясы» 8в– «Экологияның адам денсаулығына әсері»
8г – «Жан-жануарлар экологиясы» 8г – «Жан-жануарлар экологиясы»
Химия әлемі
Химияны оқу парыз әркізге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
Химияның әлемі қызық әрі тартымды,
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға көз ашып,
Танырсыңдар табиғаттың ғажабын.
Химияда болады көп ертегі,
Салт-дәстүрмен келе жатқан ертелі,
Химия біздің жас кеме ғой,
Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын,
Ғылымдардың негізгі бір саласы,
Химиямыз мәңгі бақи жасасын.