??ажетті заттар: калий селитрасы, шала жан?ан к?мір, к?кірт, штатив, спирт шамы, пробирка.
? Калий немесе натрий селитрасын пробирка?а салып, штативке бекітеміз де, спирт шамымен ?ыздыра бастаймыз. Осы кезде селитра бал?иды, ал одан ?рі ?ыздыра берсек к?піршіктенеді. Спирт шамын ?рі ?кетіп, бал?ы?ан селитра?а шала жан?ан к?мір тастаса?, ол бірден то алады да, к?шті жер?ырап жана бастайды. Енді сол пробирка?а бір едір т?йір к?кірт салса?, реакция к?шейе т?седі. Температура кенет жо?арлайды. Егер к?кірт пен шала жан?ан к?мірді ?айта салса? температураны? к?шейгендігінен пробирканы? т?бі а?ып кетеді, жо?ар?ы жа?ынан отты жалын лаулайды.
? Осы пайдалан?ан к?кіртті?, к?мірді?, селитраны? белгілі бір м?лшерінен алын?ан ?оспалардан мылты??а ?олданылатын ?ара д?рі жасалады. Мылты?ты? ?ара д?рісі ?опарылыс кезінде мынадай химиялы? реакция ж?реді.
? 2KNO3 +S+3C=K2S+N2+3CO2
?
Просмотр содержимого презентации
«Қызықты тәжірибелер»
Қызықты тәжірибелер
Қара дәрінің өздігінен от алуы.
- Қажетті заттар: калий селитрасы, шала жанған көмір, күкірт, штатив, спирт шамы, пробирка.
- Калий немесе натрий селитрасын пробиркаға салып, штативке бекітеміз де, спирт шамымен қыздыра бастаймыз. Осы кезде селитра балқиды, ал одан әрі қыздыра берсек көпіршіктенеді. Спирт шамын әрі әкетіп, балқыған селитраға шала жанған көмір тастасақ, ол бірден то алады да, күшті жерқырап жана бастайды. Енді сол пробиркаға бір едір түйір күкірт салсақ, реакция күшейе түседі. Температура кенет жоғарлайды. Егер күкірт пен шала жанған көмірді қайта салсақ температураның күшейгендігінен пробирканың түбі ағып кетеді, жоғарғы жағынан отты жалын лаулайды.
- Осы пайдаланған күкірттің, көмірдің, селитраның белгілі бір мөлшерінен алынған қоспалардан мылтыққа қолданылатын қара дәрі жасалады. Мылтықтың қара дәрісі қопарылыс кезінде мынадай химиялық реакция жүреді.
- 2KNO 3 +S+3C=K 2 S+N 2 +3CO 2
Парафиннің ауада «жануы».
- Қажетті заттар: парафин, спирт шамы, пробирка, шыны түтік.
- Бұл үшін парафин штативке бекітілген пробиркаға салынып қыздырылады да , сұйылып, 90 0 С градусқа жетіп қайнаған кезде оның ішіне иілген ұзындау шыны түтікті салып, жайлап үрлейді. Сонда парафинді үрлеудің әсерінен пробиркадан отты бұлт атқылайды. Бұл тәжірибені түрлі кештерде жасап, пайдалануға болады.
Көрінбейтін бояу.
Қажетті заттар: бір процентті фенолфталейннің спирттегі ерітіндісі, тозаңдатқыш, соданың бес проценттік ерітіндісі, тұз қышқылының бес проценттік ерітіндісі, бір парақ қағаз,акварель шөткесі.
Бір процентті фенолфталейннің спирттегі ерітіндісіне плакат қаламы мен бір парақ қағазға «достық» деген сөз жазылады. Бұл кезде спирт қағаз бетінен тез ұшып кетеді оның бетінде із қалмайды. Қағаз кепкеннен кейін , тозаңдатқышпен қағаз бетіне соданың бес проценттік ерітіндісін бүріксеңіз,жаңағы жазу қайта пайда болады. Енді үстіне тұз қышқылының бес проценттік ерітіндісін бүрксеңіз, әлгі бояу лезде жойылып кетеді. Бұл тәжірибені тек жазу жазып қоймай суретте салуға болады.
Атылатын бөтелке.
- Тәжірибе жасауға қалың бөтелке, резеңке тығын, мрамор, тұз қышқылының ерітіндісі керек. Шампан бөтелкесінің тығынын босатса, тарс ететіні белгілі. Шампанның атылуын қолдан жасауға болады. Ол үшін шампан шарабының бос бөтлкесіне мрамордың бірнеше түйірін тастайды да үстіне сұйылтылған тұз қышқылын құяды. Бөтелкенің аузын мықтап тығындап, оны оны кісі жоқ жаққа қаратып қояды. Сәлден соң тығынның атылып кеткенін байқайыз. Демек, бұл тәжірибеде тұз қышқылы мен мрамордың әрекеттесу нәтижесінде көмір қышқыл газының қысымын пайдаланамыз. Ал быжылдап тұратын газды сусындарды даярлағанда, ондағы қантты заттардың ашып, көмір қышқыл газын бөлу әрекетін пайдаланады.
- 2HCl+CaCO 3 =CaCl 2 +H 2 O+ CO 2
Стол үстіндегі «вулкан».
- Мұны тәжірибе арқылы көрсету үшін мынадай заттар керек:Қос хром қышқыл аммоний тұзы, фарфор тостағанша, қанттың бертолет тұзымен қоспасы, тау макеті, концентрлі күкірт қышқылы.
- Фарфор тостағаншаны тау макетінің үстіндегі шұңқырға көрінбейтіндей етіп орналастырады да, оның ішіне қос хром қышқыл аммоний тұзының үстін ойыстырып, үстіне қанттың бертолет тұзымен қоспасын салады. Кейін концентрлі күкірт қышқылына білдірмей батырылған шыны таяқшаны қоспаға тигізеді. Осы кезде қоспа жанып, оның әсерінен қос хром қышқыл аммоний да айналасына каптата ұшқын шашып, вулканның атқылағанындай құбылыс көрсетеді. Қ ос хром қышқыл аммоний жанғанда , бқл айрылады, ал соның нәтижесінде жасыл түсті хром оксиді және азот, су буын түзеді.
- (NH 4 ) 2 Cr 2 O 7 - -Cr 2 O 3 + 4H 2 O +N 2
Бес түрлі жалын.
- Қажетті заттар:бертолет тұзы елу проценттік 200мл ерітіндісі, 5 стақан, 5 парақ ақ қағаз, (NaNO 3 ) , Sr (NO 3 ) 2 ,, Ba (NO 3 ) , Cu (NO 3 ) 2 тұздарының 5 проценттік ерітінділері, 5 темір штатив, сіріңке т.б.
Иа,түстері бірдей бес парақ қағазды бес түрлі жалынмен жандыруға болады. Ол үшін бертолет тұзының 200 мл ерітіндісін бес стақанға тең етіп құйып, әр стақанға бірден беске дейін нөмірлеп қояды. Бірінші стақандағы ерітінді сол күйінде қалады да, 10 миллилитрдей әр тұздардың үстіне екінші стақаннан бастап жеке жеке құйылады.
Мысалы, екінші стақанға азот қышқылы натрий, үшінші стақанға азот қышқылы стронций, төртінші стақанға азот қышқылы барий, бесінші стақанға азот қышқылы мыс тұзының ерітінділері құйылады. Бұдан кейін бес парақ қағазды әрбір стақандағы ерітіндіге бірнеше рет батырып, оларды батырған сайын кептіріп отырады. Тәжірибені көрсетер кезде бес парақты бес штативке бекітіп,бір мезгілде жағады. Осы кезде бес парақ әр түрлі түспен жанып кетеді. Мәселен, тек бертолет тұзына батырылған бірінші қағаз ақшыл жалын, екінші , (NaNO 3 ) ке батырылған қағаз сары жалын, үшінші Sr (NO 3 ) 2 батырылған қағаз қызыл жалын, төртінші Ba (NO 3 ) , жасыл жалын, Cu (NO 3 ) 2 батырылған қағаз көк жалын шығарып жанады
Қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсету.
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымдық көзқарастарын дамыту үшін әр түрлі тақырыптардан өткізілетін кештер, үйірмелер, топ-серуендер, жарыстар, т.б.жұмыстар кең түрде жүргізіліп келеді. Оқушылармен өткізілетін химиялық кештердің бір бөлімі қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетуге арналады.
- Қызықты химиялық тәжірибелерден өз алдына танымдық кеш ұйымдастыруға болады. Егер кеш баяндамасыз өткізілсе, жүргізушінің кіріспе сөзінен кейін қызықты тәжірибелерді бірден көрнекі көрсетуге кірісу керек. Онда әрбір тәжірибеге бір оқушыдан немесе бір тәжірибеге екі оқушыдан бөлінеді, әрбір оқушы өзі жасайтын тәжірибені бірнеше рет жасап дағдыланады. Тәжірибені әр түрлі қызықты әңгімелермен байланыстыра көрсету өте тиімді. Қызықты тәжірибелердің «кілтін» немесе мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өздерін ойландырып айтқызған дұрыс. Тәжірибе жасайтын оқушыларды таңдап алудың да өзіндік ерекшелігі бар. Тәжірибе жасайтын оқушшы өзінің сөзімен іс-қимылымен оқушыларды шын мәнінде «сиқыршы» тәрізді тартатындай болуға тиіс. Сондай тәжірибелердің кейбіреуі беріліп отыр.
Отты ұнтақ.
- Марганец қышқыл калийден оттегін ешқандай аспапсыз –ақ бөлуге және шаланы оттегінің әсерімен маздатып жандыруға болады. Бұл үшін әуелі ағаш жаңқасын даярлап алады. Одан соң алдын ала уатылған марганец қышқыл калийдің ұнтағын шала жанған ағаш жаңқасының үстіне себелеп салады да, ағаш жаңқасының үш жағынан үрлейді. Бұл кезде марганец қышқыл калий шала жанған ағаш жаңқасының шоғына тиіп, өзінің бойынан оттегі бөліп шығарады. Оның әсерінен шала тұтанады да , жан –жағынан әдемі ұшқындар шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Ағаш көмірі ауада жанғаннан таза оттегінде әлде қайда ашық және күшті жанады. Олай болса, ауада неге нашар жанады?- деген сұрақ туады. Оның себебі ауаның құрамында жануды «қаламайтын » оттегінің шағын бір бөлігіне төрт еседей болып келетін азот бар. Сондықтан ол ауада нашар жанады. Бұл тәжірибеге: марганец қышқыл калий тұзы, ағаш жаңқасы пайдаланылады.
-
- 2KMnO 4 → K 2 MnO 4 +MnO 2 +O 2
Тиімді «операция».
- Операцияны жасау үшін: бес проценттік родон қышқыл калий немесе родон қышқыл аммоний, хлорлы темір тұзының ерітіндісі,пышақ(скалпель), мақта, бір стақан су дайын болу керек.
- Операция жасалатын адамның білегі бес проценттік родон қышқыл калий тұзының ерітіндісімен әрлі берлі жағады. Бұдан соң хлорлы темір ерітіндісінен алып, білекті пышақтың сыртымен сызып «кескілейді». Осы кезде білектен кып-қызыл «қан» шыққан секілді болады. Өйткені родон қышқыл темірдің түсі қызыл қан тәрізді. Операция жасап болғаннан кейін, ерітінді жағылған жерді сулы мақтамен сүртіп тастайды.
- Реакция теңдеуі:
- 3KCNS+FeCl 3 =Fe(CNS) 3 +3KCl.
-
Қола тиынды күміс тиынға айналдыру
. Қажетті заттар: қола тиын, азот қышқыл сынап тұзы, азот қышқылы, бір стақан су, мақта.
Қола тиынды қалайша күміс тиын жасауға болады?
Бұл үшін мыстан немесе қоладан жасалған тиындарды қысқышпен ұстап концентрлі азот қышқылында тоттан тазартып, суда жуып алу керек. Олар сумен шайылып болғаннан кейін, он проценттік азот қышқыл сынап тұзының (бұл өте улы, сондықтан сақ болу керек!) ерітіндісінде бір-екі минуттай ұсталады. Металдардың активтік қасиетіне сай мыс сынапты ерітіндіден ығыстырады. Ол мыстың бетіне қонады. Осы «күмістелген» тиынды ерітіндіден алып, суға шайғаннан кейін мақтмен сүртіп , көрушілерге береді. Бірақ аз уақыттан соң «күміс » тиын қайта қалпына келеді.
- Hg(NO 3 ) 2 +Cu=Cu(NO 3 ) 2 +Hg
Отты жаңбыр.
- . Қажетті заттар: хлор алатын аспап, сурьма ұнтағы, шыны ыдыс, түтікті тығын.
- Отты жаңбыр қалай жаумақ? Талабымыз болып зерттей білсек, ол да қолда екен. Ол үшін жарты литрлік шыны ыдысқы арнаулы аспап арқылы хлор жинайды. Оның аузын вазелин жағылған шыныны алып, сурьманы ыдыстағы қасықпен себеді. Сурьма хлорда жаңбыр тамшысы тәрізді күшті отты ұшқын шығарады. Реакция нәтижесінде сурьманың үш валентті және бес валентті хлорлы қосылысы түзіледі. Бұл қосылыс улы, сондықтан ыдыстағы түтіннің бәрі оның қабырғасына қонғаннан кейін ғана барып ашып, жуу керек.
-
- 2Sb+4Cl 2 =SbCl 3 +SbCl 5
Скипидардың өздігінен жануы
- Бұл тәжірибені жасау үшін скипидар, химиялық стақан, құм салынған қалбыр, фарфор тостағанша, азот қышқылы, күкірт қышқылы, пипетка пайдаланылады. Сіріңкені жақпай ак скипидар өздігінен жанады дейсіз бе? Қызық екен! Бұл да ғалам кереметтерінің бірі десеңізші! Сонда қалай жанады?
- Ол үшін құмы бар қалбырдағы фарфор тостағаншаға бірдей мөлшерде тәжірибе алдында ғана алынған азот қышқылы мен күкірт қышқылының қоспасын құяды да, оның үстіне ұзын пипеткамен скипидар алып, жайлап тамызады. Міне, осы кезде скипидар қоспасында тотығып тұтанып жанады да, оның орнында тек күйе ғана қалады. Бұл тәжірибе химия пәнінен өткізілетін сабақтарда оқушының алған теориялық білімін бекіту үшін жасалады.
- C 10 H 16 +4O 2 =8H 2 O+ 10C
-
-
Қант отсыз жағылады
- . Мұны істеу үшін қажетті заттар: концентрлі күкірт қышқылы, бертолет тұзы, қант, фарфор тостағанша, құм салынған қалбыр, азот қышқылы, пипетка. Отсыз қантты жағу үшін екі грамм бертолет тұзын фарфор келіде жайлап қана майдалайды. Бұдан кейін бертолет тұзына араластырмай тұрып, қантты да бөлек келіде қнтайды. Қанттың ұнтақталұан бір бөлігіне бертолет тұзының ұнтақталған екі бөлігін қосып араластырамыз. Араластыру кезінде қатты үйкеліс болмауын ескеру керек. Қоспаны құм салған қалбырдағы фарфор ыдысқа салады да, үстіне 1-2тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызады. Қоспа ілезде тұтанып, жанады. Бұл тәжірибені мектеп оқушыларымен жоғары оқу орнының студенттерінің лабораториялық жұмыстары кезінде, кең аудиторияға көрсетуге болады. Мұнда бертолет тұзының күкірт қышқылында тотығу кезеңіндегі бөлінген атомдық оттегінің әсерінен қант тотығы жанады.
- C 12 H 22 O 11 +O=11H 2 O +12C
Жұмыртқаның қабығын сындырмай қалай аршуға болады?
- Пайдаланылатын заттар: піскен жұмыртқа, тұз қышқылы, химиялық стақан, су.
- Ол үшін химиялық стақанға 2:1 бөлігіндей тұз қышқылының ерітіндісі құйылады да ,оның үстіне бұрынырақ пісіріліп , суытылған жұмыртқа салынады. Жұмыртқа алғашқы кезде стақандағы қышқылдың біресе үстіне біресе түбіне түсіп тынымсызданады. Бұл құбылыстың болу себебін жұмыртқаның сыртындағы көмір қышқыл кальцийдің тұз қышқылымен әрекеттесіп, соның нәтижесінде көмір қышқыл газының түзілуінен деп түсіну керек.
- Жұмыртқаның сыртындағы қабығы көмір қышқыл кальций түгелімен тұз қышқылымен әрекеттесіп ериді де, оның сыртында жұқа ақ қабығы қалады. Оны аршымай тұрып суда жақсылап жуып, соңында жұқа қабықты сыпырып тастайды. Жұмыртқаның сыртында жуғаннан кейін қалған тұз қышқылының жұғыны болса, оның зияны жоқ. Себебі ішкен тамақты қорыту үшін адамның асқазаны да тәулігіне едәуір мөлшерде тұз қышқылын бөледі.
- 2HCl+CaCO 3 =CaCl 2 +H 2 O+ CO 2
Сүңгігіш жұмыртқа
- . Пісірілген, бірақ қабығы аршылған жұмыртқа, бес процентті натрий сілтісі, тар ауызды ыдыс немесе сүт құятын бөтелке, көмір қышқыл газын алатын аспап сияқты заттар мұны көрсетуге жетіп жатыр. Ауызы жұмыртқаның көлемінен сәл тарлау ыдысқа сілті ерітіндісі құйылады. Оның үстіне Кипп аппараты арқылы алынған көмір қышқыл газы ауаны ығыстырғанша жіберіледі. Одан соң жұмыртқаның сүйір жағын ыдыстың түбіне қаратып салғаннан кейін, ыдыстың аузындағы жұмыртқаны аздап басады. Бірақ, жұмыртқаны сырттан итермеседе , өздігінен сыймайтындай етіп орналастырады. Бұдан соң ыдыстың түбіндегі ерітіндіні әрлі берлі шайқаса, жұмыртқа жайлап қана қозғалып, бірте бірте ыдыстың түбіне қарай сүңгіп кетеді. Мұның мынадай сыры бар. Ыдыстың ішіндегі көмір қышқыл газы мен сілтіні шайқағанда, олар өзара әрекеттеседі де, ыдыстың ішіндегі қысым бірден төмендейді. Ал өздігінен ене алмайтын жұмыртқа сырттағы қысымнан барып ыдыстың ауызынан оп оңай сияды да, сүңгіп кетеді.
- 2NaOH+CO 2 = Na 2 CO 3 + H 2 O
Дем алудан лайланатын су
- . Қажетті заттар: әк суы, пробирка, имек түтік. Адам дем алып ,дем шығарған кезде немесе заттың шіру процестерінен көмір қышқыл газы мен жылу бөлінетіні бізге мәлім. Бұл құбылыс ешнәрсенің сырттан тигізетін әсерінсіз ақ өздігінен болады. Мұны, «жалынсыз жану» немесе «жайлап жану» деу де орынды. Осылай жайлап жанудың нәтижесінде біздің денемізде белгілі мөлшерде температура сақталады.
Біздің организмімізден дем шығару кезінде көмір қышқыл газының бөлінетіндігін дәлелдеу үшін мөлдір түсті әк суын пробиркаға құйып, оны түтік арқылы үрлесек әк суы лезде лайланады. Бұл көмір қышқыл газымен әк суының өзара әрекеттесіп, көмір қышқыл кальцийдің түзілгенін көрсетеді.оның формуласы: Ca(OH) 2 + CO 2 =CaCO 3 + H 2 O Егер әк суын ұзақ үрлесек, жаңағы лайланған ерітінді еріп кетеді, себебі суда ерімейтін көмір қышқыл кальций, суда еритін қышқыл көмір қышқыл кальцийге айналады. Формуласы:
- CaCO 3 + CO 2 + H 2 O↔Ca(H CO 3 ) 2
- Егер пробирканы қыздырса , алғашқы реакция қайта жүреді.
-
Бромда жанатын металдар
- . Қажетті заттар: бром, алюминий ұнтағы, қалайы мен сурьма ұнтағы, металл-калий, металл-натрий.
- Бром қ.ж. тұншықтырғыш , өткір иісті, қызғылт күрең сұйық. Осы бір ауыл сұйықтың өзіне тән бір қасиеті бар.
- Фарфор тостағаншаға бін не екі шымшым алюминий ұнтағын салып, оның үстіне бірнеше тамшы бром тамызайық. Міне, осы кезле алюминий броммен өте күшті әрекеттесіп жанады. Екінші және үшінші тостағаншаларға тағы да аздаган қалайы мен сурьманың ұнтақтарын салып, бром тамызсақ, олар да бромда жанады.Енді калийге бром тамызсақ , бұрынұы реакцияларданда күшті жүреді. Бұларды ұыздырсата ешқандай өзгеріс байқалмайды.
- 3Br 2 +2Al=2AlBr 3