II топ металдарына жалпы сипаттама. Кальций және магний
II топ металдарына жалпы сипаттама. Кальций және магний
сабақ жоспары, презентация, II топ металдарына жалпы сипаттама және кальций мен магнийдің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын, алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық формулаларды және химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«II топ металдарына жалпы сипаттама. Кальций және магний»
Мақсаты:
Студенттерді II топ металдарына жалпы сипаттама және кальций мен магнийдің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын, алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық формулаларды және химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
Міндеттері:
Білімділік : Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций мен магнийдің атомының құрылысы, қасиеттері, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жанында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Тәрбиелік : Студенттерді оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылық : Студенттерді өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой - өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі, география.
8. Натрий және калиймен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігіережелерін сақтау керек пе?
9. Натрий гидрокарбонатын қайда қолданады?
ІІ топ металдарына сипаттама
Жалпысипаттамалары
Табиғатта таралуы
Магний – табиғатта таралуы бойынша VI II орында , массалық үлесі бойынша 1,9%. Ол 200-ге жуық минералдын құрамына кіреді: магнезит және доломит, карналлит, оливин , форстерит, бруцит, асбест. Магнийдің көп мөлшері мұхит, теңіз және тұзды көлдердің суларында бар. Орташа есеппен 1м³ суда 1 кг шамасында магний болады.
Кальций көп таралған элементке жатады. Жер қыртысындағы құрамы бойынша ол V орында, оның массалық үлесі - 3,4 % . Табиғатта кальций қосылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: кальций тұздарынан таулы массивтер және сазды тау жыныстары түзілген, ол теңіз, өзен суларының, өсімдік , жануар және адам организмдерінің құрамына кіреді.
Алынуы
Физикалық қасиеттері
Магний – ақ түсті металл, пластикалығы басым, жеңіл созылады және иіледі. Ол ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид қабықшасымен қапталады, сондықтан да мөлдір емес. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді. Тығыздығы 1,739 г/см³ Балқу температурасы, 651°С.
Кальций – күмістей ақ түсті жеңіл металл. Оның ауамен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады, сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Тығыздығы, 1,55 г/см³
Қайнау температурасы, 1107 °С.
Балқу температурасы, 840 °С
Қайнау температурасы, 1482 °С
Химиялық қасиеттері
I. Магний
2Mg + O 2 = 2MgO (магний оксид і )
Mg + Cl 2 = MgCl 2 ( магний хлориді)
Кәдімгі температурада галогенмен әрекеттеседі, галогендерді атмосферада қыздырғанда бұл металдар тұтанады: Mg + CI 2 = MgCI 2
II.Кальций
Ауада қыздырғанда жанады және галогендермен әрекеттеседі: 2Са + О 2 = 2СаО ( кальций оксиді ) Са + Вr 2 = СаВr 2 (кальций бромиді)
Са + 2 Н 2 О = Са(ОН) 2 + Н 2
(Кальций гидроксиді)
III.Олар қыздырғанда сутекпен, азотпен, күкіртпен, фосформен, көміртекпен және басқа бейметалдармен тотығады:
Са + Н 2 = СаН 2 (кальций гидриді);
3 Са + N 2 = Са 3 N 2 ( кальций нитриді ); 3Mg + N 2 = Mg 3 N 2 ( магний нитриді );
Са + S = Са S ( кальций сульфиді ); Mg + S = MgS ( магний сульфиді );
3 Са + 2 Р = Са 3 Р 2 (кальций фосфиді); 3 Mg + 2 Р = Mg 3 Р 2 ( магний фосфиді);
Са + 2 С = СаС 2 (кальций карбиді) ;
Биологиялық рөлі
Магнийдің ағзада жетіспеушілігі миокард инфарктына алып келеді. Оның қанда аз болу себебі – стресстің немесе шаршағандықтың белгісі. Ол үлкен адамға күніне 300-500 мг мөлшерде қажет.
Кальций адам ағзасында өте кең таралған макроэлемент, ол көп мөлшерде қаңқада және тісте кездеседі. Оның үлкен адамға қажет мөлшері 800-1000 мг, ал жас балаға 600-900 мг. қажет. Кальцийдің сіңірілуіне аспирин, қымыздық қышқыл әсер етеді. Сондай-ақ ағзаның кальцийді сіңіруіне магний қажет екені көрсетілген.
Магний нанда, сүт , ет және басқа күнделікті тағамдарда аз болады. Құрамында көп мөлшерде кальций бар тағам ішу адамның өмір жасын ұзартатындығын швед ғалымдары зерттеген. Тістен басқа ол сүйекте болады.
Олар жемістер мен көкөністерде көптеп кездеседі.
Қолданылулары
Магнийд ің берік және жеңіл құймаларын авиацияда және машина жасауда кеңінен қолданады. Бұл құймаларға электрон (Mg, Al, Zn, Mn) , магналит және т.б. жатады. Магнийді шойынға қосқанда шойынның беріктігін және иілгіштігін едәір жоғарылатады.
Кальций құймаларын, жоғары сортты болат алу үшін пайдаланады. Кальций және қорғасын құймаларын подшипник өндіріснде қолданады.
Кальций мен магнийдің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін өнеркәсіпте кейбір бағалы және сирек металдар алу үшін қолданады.
Күш сынасу – «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».
«Кім жылдам?» ойыны.
«Кім тапқыр?» ойыны
4. «Шешімін тап» есеп сайысы .
1- тапсырма: Теңдеуді шығар: CаО + Н 2 О =…; Мg + O 2 = …; Na 2 O + H 2 O=…. 2- тапсырма: Мынадай айналымдардың реакция теңдеулерін жазыңдар: Са→СаО→Са(ОН) 2 →Са(NO 3 ) 2
3- тапсырма: Теңдеуді шығар: MgO + H 2 O = ….; MgO +HCI = …. + ….; Na 2 O + H 2 SO 4 = Na 2 SO 4 + ….