Просмотр содержимого документа
«Ядролы? реакциялар туралы т?сінік »
Тақырыбы:
Ядролық реакциялар туралы түсінік
Ядролық реакциялар
Туралы түсінік
Ядролық реакция – атом ядросының элементар бөлшектермен немесе басқа бір атом ядросымен әсерлесуі кезінде түрленуі.
Ядролық реакция дегеніміз – нәтижесінде ядроның құрамы мен құрылысы өзгеретін ж/е
Екіншілік бөлшек немесе гамма-квант
бөлінуімен жүретін атом ядросының басқа
ядромен немесе элементар бөлшекпен әрекеттесуі.
Радиоактивтікті
зерттеуде алғашқылар
болып А. Беккерель,
ерлі-зайыпты
Кюрилер, Эрнест
Резерфорд
белсенділік көрсетті.
Өздігінен сәуле шығару құбылысы – радиоактивтік деп аталады.
1895 жылы француз ғалымы
Анри Беккерель атом ядросының
күрделі құрлысын дәлелдейтін
құбылыс – радиоактивтікті ашты.
Оны П. Кюри, М. Кюри ж/е тағы басқа ғалымдар толығырақ зерттеген
Беккерель уран тұзының өздігінен көрінбейтін сәулелер шығаратынын байқады.
Беккерель ұзақ уақыт осы құбылысты алдын ала күн жарығына сәулелендірілген заттардың соңынан сәуле шығаруын зерттеумен шұғылданған.
Беккерель фотопластинаны тығыз қара қағазға орап, үстіне
уран тұзының қиыршықтарын сеуіп, ашық күн көзіне қойды.
Айқындағаннан кейін пластинаның тұз жатқан бөліктерінің қарайғанын көрген.
1896 жылы 24 ақпанда ауа райы бұлтты болғандықтан, кезекті тәжірибені өткізудің сәті түспеді де, Беккерель үстіне уранның тұзы себілген мыс крест жатқан пластинаны үстелдің суырмасына салып қойған.
Екі күн өткен соң пластинаны алып айқындаған кезде, онда крестің айқын көлеңкесі түрінде дақ пайда болғанын байқаған. Бұл – уран тұздарының сыртқы
факторлардың әсерінсіз-ақ өздігінен белгісіз сәуле шығаратынын көрсетеді.
Нуклондар - барлық атом ядроларын құрайтын протондар мен нейтрондардың жалпы аты
А- атомдық нөмір
Z- ядро заряды
N- нейтрон саны
Радиоактивті ыдырау заңы — атом ядроларының әр түрлі бөлшектер мен сәулелер шығара отырып, өздігінен түрлену заңы.Радиоактивті ыдырау заңын Резерфорд ашқан:
Радиоактивтілік (лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) – орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.
Альфа-ыдырау
Альфа-ыдырау кезінде атом ядросы зарядтың саны екіге және массалық саны төртке кем туынды ядроға түрленеді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жуйенің бас жағына қарай екі орынға ығысады:
Бета-ыдырау
Бета-ыдырау кезінде атом ядросының зарядтық саны бір заряд бірлігіне артады, ал массалық сан өзгермейді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жүйенің соңына қарай бір орынға ығысады:
Гамма-ыдырау
1900 жылы Вилaрд ядролық сәуле шығарудың құрамындағы үшінші компоненттің бар екенін тапты, оны гамма (у)-сәуле шығару деп атаған. Гамма-сәуле шығару магнит өрісінде ауытқымайды, демек, оның заряды жоқ. Гамма-сәуле шығару радиоактивтік ыдыраудың жеке бір түрі емес, ол альфа және бета-ыдыраулармен қабаттаса өтетін процесс.
Жасанды радиоактивтілік
Жасанды жолмен алынған ядролардың өздігінен ыдырау құбылысын жасанды радиоактивтілік деп атайды.