kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аралас саба?" та?ырыбында баяндама?а презентация

Нажмите, чтобы узнать подробности

Презентацияны ?р сыныпты? саба?ына ?олдану?а болады. ?сіресе "Сілтілік металдар", " Жалпы металдарды? сипаттамасы" т.б. та?ырыптарда ке?інен ?олдану?а болады. Презентацияда аралас саба??а ?ойылатын талаптар мен  принциптер берілген. Сонымен ?атар ?лгі ретінде бір саба?ты? ??рылымы к?рсетілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аралас саба?" та?ырыбында баяндама?а презентация»

Өскемен қаласы әкімдігінің  “Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі” КММ   2013-2014 оқу жылы  Дайындаған: Жайлаубаева Раушан Ғазизқызы  Химия және биология пәндерінің мұғалімі,  санаты I.

Өскемен қаласы әкімдігінің “Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі” КММ 2013-2014 оқу жылы

Дайындаған: Жайлаубаева Раушан Ғазизқызы

Химия және биология пәндерінің мұғалімі,

санаты I.

Аралас сабақ Аралас сабақтың принциптері 1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну. 2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек. 3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау. 4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру.

Аралас сабақ

Аралас сабақтың принциптері

1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну.

2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек.

3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.

4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру.

5. Жауапкершілік принципі. 1. Оқушы өз жолдастарының да, мұғалімнің де алдында білгенін айтады. 2. Оқушының өз жұмысын бақылауы және бағалауы. 3. Оқушының өзінің оқу іс-әрекетін өзі бақылауы үшін оған іс-әрекеттің мақсатын және жоспарларын, бағалау өлшемдерін айту. Демек мұғалім оқушыларды тақырыптың жоспарымен, мақсатымен таныстырып, оларға материалды оқу нәтижесінде нені білу және істей білу керектігін айтып, қол жеткен жетістіктерді бағалау, өлшемдерін беру керек. 4. Оқушылар білім, іскерлік, дағдыларды бақылайды, бағалайды. Бағаны барлық оқушылар білу керек. 5. Оқушы өз жұмысын тексеріп, өзіне-өзі баға беріп, өзінің бағасын жолдастарының және мұғалімнің бағасымен салыстырып отырады.

5. Жауапкершілік принципі.

1. Оқушы өз жолдастарының да, мұғалімнің де алдында білгенін айтады.

2. Оқушының өз жұмысын бақылауы және бағалауы.

3. Оқушының өзінің оқу іс-әрекетін өзі бақылауы үшін оған іс-әрекеттің мақсатын және жоспарларын, бағалау өлшемдерін айту. Демек мұғалім оқушыларды тақырыптың жоспарымен, мақсатымен таныстырып, оларға материалды оқу нәтижесінде нені білу және істей білу керектігін айтып, қол жеткен жетістіктерді бағалау, өлшемдерін беру керек.

4. Оқушылар білім, іскерлік, дағдыларды бақылайды, бағалайды. Бағаны барлық оқушылар білу керек.

5. Оқушы өз жұмысын тексеріп, өзіне-өзі баға беріп, өзінің бағасын жолдастарының және мұғалімнің бағасымен салыстырып отырады.

6. Сабақта тәртіп бұзған оқушыны ұжымның жазалағаны жақсы. Бірақ жеке тұлғаны қүрметтеу керектігін естен шығармау. 7. Оқушыны тәртіп бұзғаны үшін жазалауға болады, бірақ сабаққа нашарлығы, оқуда артта қалғаны үшін еш уақытта жазалуға болмайды. 8. Оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың бір-бірімен қатынасы шынайы болу керек, оқушылардың бір-біріне көмегі адамгершілік тәрбиесіне ықпал етеді.

6. Сабақта тәртіп бұзған оқушыны ұжымның жазалағаны жақсы. Бірақ жеке тұлғаны қүрметтеу керектігін естен шығармау.

7. Оқушыны тәртіп бұзғаны үшін жазалауға болады, бірақ сабаққа нашарлығы, оқуда артта қалғаны үшін еш уақытта жазалуға болмайды.

8. Оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың бір-бірімен қатынасы шынайы болу керек, оқушылардың бір-біріне көмегі адамгершілік тәрбиесіне ықпал етеді.

"Жауапкершілік" оқушының өз міндеттерін түсінуі, міндеттерін орындауы, жеке тұлғанық өз іс-әрекетін бақылай білуі.

Психологиялық принцип. Сабақ оқушыларды оқуға ынталандырып, оған деген оң көзқарасты тәрбиелеу керек. Маңызды және құнды себептер арқылы оқушыны оқуға итермелеп отырғаны дұрыс.

 

Аралас сабақтың кезеңдерінің сызбасы:   Жұмысты ұйымдастыру -2 мин  Өткенді қайталау -10 мин Жаңа материалды оқу 25 мин  Бекіту -5 мин  Үйге тапсырма -3 мин

Аралас сабақтың кезеңдерінің сызбасы:

 

Жұмысты ұйымдастыру -2 мин

Өткенді қайталау -10 мин

Жаңа материалды оқу 25 мин

Бекіту -5 мин

Үйге тапсырма -3 мин

Ұйымдастыру бөлімі Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты. Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары: • мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін-өзі ұстауы, жинақтылығы; • көп сөйлемеу, жігерлілік; • талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу; • психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру; • жылы жүзділік және кең жүректілік; • талапты тұрақты және жүйелі қою.

Ұйымдастыру бөлімі

Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты.

Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу

Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары:

мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін-өзі ұстауы, жинақтылығы;

көп сөйлемеу, жігерлілік;

талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу;

психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру;

жылы жүзділік және кең жүректілік;

талапты тұрақты және жүйелі қою.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Есіңізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды, қателігіне ренжімейді.

Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру.

Мұғалім оқушылардың күші мен қабілетіне дем беріп, табысқа ынталандырады, борыш сезімін, мақсатқа жетудегі табандылықты, тәртіптілікті қалыптастыру үшін жұмыстанады.

Кезең мазмұны:

1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау.

2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара алу.

3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу

4. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

5. Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту.

6. Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану.

7. Мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы. Үй жұмысын тексеру арқылы мұғалім өзінің әдістемесінің жақсы және қате жерлерін тауып, оқушылардың үлгерімдерін біліп отырады, қол жеткен нәтижелерді ескере отырып, келесі сабақтарға әзірленеді.

Мақсат пен міндетті

Мақсат пен міндетті "Бүгінгі сабақта не істейміз" - деген стендіге жазып коюға болады.

Жаңа білімді меңгеру кезеңі:

Оқу-тәрбиелік міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру.

Оқушылардың өздеріне, басқа адамдарға, сынып ұжымына, еңбекке, Отанға деген оң қатынасын қалыптастыру.

Бұл кезең дамыта оқыту принциптерін сәйкес жобаланады және жүзеге асырылады.

Кезеңнің мазмұны:

• зейінді ұйымдастыру;

• мұғалімнің жаңа оқу материалын оқушылардың қабылдауын, түсінуін, жүйелеуін ұйымдастыруы;

• жаңа материалды оқушының өзі оқып-үйреніп, меңгеретін іс-әрекетке баулу.

Жақсы нәтижелерге жеткізетін жағдайлар:

• оқушылардың сезім арқылы қалыптасқан тәжірибесін және білімдерін сабақтың мақсатына сай естеріне түсіру;

• оқушылардың ой жұмысын белсенді ететін түрлі әдістерді кең түрде қолдану, оларды ізденіс жұмыстарына қатыстыру, өздігінен білім алуға үйрететін тәсілдерді пайдалану. Балалардың жаңа материалды мүмкіндігінше шығармашылық тәсілдермен меңгеруі;

• оқу процесінде құрамы өзгеріп отыратын, екі оқушыдан тұратын, бір-бірімен қарымқатынасты диалог әдісімен жасайтын жүп құру;

• осы кезеңде мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, білімі, ой-әрісі көрінетінін есте сақтаңыз;

Кезеңнің оқу-тәрбие міндеттерінің орындалғаны туралы хабар беретін көрсеткіштер;

• егер мұғалім әңгіме, дәрістерді, түсіндіруде оқушылардың өздік жұмысы әдісін қолданса, онда дидактикалық міндеттерді орындаудың өлшемі сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың жауаптарының сапасы;

• эвристикалық әңгіме, оқушылардың өздік жұмысы, әңгімелесу әдістерін қолданғанда, компьютерлермен және Оқулықтармен жұмыс істегенде, оқушылардың жаңа білім, іскерліктерді меңгергендігін олардың жауаптары мен іс-әрекетінің дұрыстығынан, сабақтың қорытындыларын шығаруға белсене қатысуларынан көреміз.

Жаңа білімді бекіту кезеңі:Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеттері. Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау. Керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру. Кезеңнің мазмұны: • жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту; • кезекті білімді тексеру кезінде оқушының тақырыпты оқыту әдістемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру; • оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру; • жаңа оқу материалын тәжірибеде шығармашылықпен қолдану арқылы бекіту; • білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.

Жаңа білімді бекіту кезеңі:Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеттері.

Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау. Керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру.

Кезеңнің мазмұны:

• жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту;

• кезекті білімді тексеру кезінде оқушының тақырыпты оқыту әдістемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру;

• оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру;

• жаңа оқу материалын тәжірибеде шығармашылықпен қолдану арқылы бекіту;

• білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.

Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру

Оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оныорындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы оқушыларға тәрбие береді, дамытады.

Бірінші. Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне көмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік-жігерін, жауапкершілігін, саналы төртібін қалыптастыруға ықпал етеді.

Екінші. Үй тапсырмалары оқушының зейінін негізгі білім, іскерліктерге шоғырландырып, білімнің беріктігін арттырып, ең бастысы, білім және іскерліктерді қолдандырады.

Кезеңнің мазмұны:

• сабақтың қорытындысын шығару;

• оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру: оқушының білімге құмарлығын ояту (мәселені қызықты етіп қою); борыш сезімін ояту, баланың икемділіктері, талап тілектерін ескеру;

• үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар беру. Үйге берілетін тапсырманы оқушының қабілетін, әсіресе дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін қолданған дұрыс. Оқушының өзі таңдап алатын тапсырмалары - күшті тәрбие құралы;

• жұмыс мазмұнын және оны орындаудың тәсілдерін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру.

Аралас сабақтың кезеңдерінің қысқаша мазмұны осындай. Әрбір аралас сабақта барлық кезеңдері көрсетілген жүйемен сақтау міндетті емес, бәрі мұғалімнің ойға алған ісіне, педагогикалық мақсатқа сай құрылған сабақтың жүйесіне байланысты.

Аралас сабақтың 13692 нұсқасы бар. Олар пәнге, жұмыстың мазмұнына, мұғалімнің және оқушылардың мүмкіндігіне байланысты.

Білімді тексеру сабағының құрылымы:

• сабақтың бастапқы кезеңін ұйымдастыру. Бұл кезде мұғалім сабырлылық, іскерлік танытып, оқушылар бақылау жұмысынан қорықпайтындай жағдай жасау керек, себебі мұғалім оқушылардың оқу материалын одан әрі меңгеруіне қажет дайындықтарын тексереді;

• сабақтың міндеттерін қою. Мұғалім оқушыларға қай тақырып бойынша білімдерін тексеретінін айтады. Олардан керекті ережелерді еске түсіріп, өз жұмыстарында қолдануларын сұрайды;

• бақылау және тексеру жұмыстарының түрлері аталады. Олар оқу бағдарламасына сәйкес жасалған есептер, диктант, шығарма, сұрақтарға жауап беру.

• сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын, сонымен қатар қате жұмыстарды да талдайды, қателерді түзету жұмыстарын ұйымдастырады;

• білім, білікті меңгеру кезінде оқушылардың жиі қателесетін жерлері анықталып, оларды жою жолдары белгіленеді.

Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий қосылыстары  Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларға Na және K қосылыстары туралы жалпы түсініктер беріп, қатты кристалдық заттар, күшті тотықсыздандырғыштар, балқыту арқылы синтездеу, өнеркәсіпте алу, техникалық атауларына мағлұматтар беруді қалыптастыру.  Дамытушылық: Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көз-қарасын қалыптастыру.  Тәрбиелік: Өздігінен талпынып, жауапкершілікті саналы сезінетін, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.  Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ  Сабақтың типі: Аралас сабақ  Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, практикалық, ойындар т.б.  Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Na және K қосылыстары туралы жалпы түсініктер беріп, қатты кристалдық заттар, күшті тотықсыздандырғыштар, балқыту арқылы синтездеу, өнеркәсіпте алу, техникалық атауларына мағлұматтар беруді қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көз-қарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өздігінен талпынып, жауапкершілікті саналы сезінетін, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, практикалық, ойындар т.б.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:

  • І . Үй тапсырмасын сұрау:
  • Металдарға жалпы сипаттама; ПЖО.
  • Жалпы физикалық қасиеттері.
  • Жалпы химиялық қасиеттері.
  • Ме активтік қатарын кім ұсынған?
  • Ме табиғатта қандай түрде кездеседі?
М Е Т А Л Д А Р Тығыздығына қарай: Агрегаттық күйіне қарай: а) ауыр а) қатты б) жеңіл б) сұйық Түсіне қарай: а) түсті б) қара

М

Е

Т

А

Л

Д

А

Р

Тығыздығына қарай:

Агрегаттық күйіне қарай:

а) ауыр

а) қатты

б) жеңіл

б) сұйық

Түсіне қарай:

а) түсті

б) қара

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру үшін сұрақ –жауап «алгоритмін» құру. Екі топқа бөлеміз.  І –топ 1. Na сипаттама беріңдер. 2. Табиғатта Na –ң таралуы 3. Me Na қолданылуы.  ІІ -топ 4. K сипаттама беріңдер? 5.Табиғатта K-дің таралуы? 6.Na мен K табиғи қосылыстарының маңызы? ІІІ Тест тапсырмалары.  І –топ 1. NaCl –ң ең мол қоры қайда орналасқан?  А) Арал маңы  Б) Тұран ойпаты  В) Есіл өзенінің маңында 2) KClO 3 яғни бертолле тұзы қай жерде кездеседі?  А) Теңізде  Б) Топырақта  В) Шырпының басында.  ІІ –топ 3) Мұхит суларында шамамен NaCl қанша бар?  А) 10%  Б) 7,2 %  В) 2,8% 4) Na және K металдарының кристалдық торларының қай типіне жатады?  А) Кубтың көлемді орталық  Б) Гексагональдық  В) Кубтық бүйірлі орталық

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру үшін сұрақ –жауап «алгоритмін» құру. Екі топқа бөлеміз.

І –топ

1. Na сипаттама беріңдер.

2. Табиғатта Na –ң таралуы

3. Me Na қолданылуы.

ІІ -топ

4. K сипаттама беріңдер?

5.Табиғатта K-дің таралуы?

6.Na мен K табиғи қосылыстарының маңызы?

ІІІ Тест тапсырмалары.

І –топ

1. NaCl –ң ең мол қоры қайда орналасқан?

А) Арал маңы

Б) Тұран ойпаты

В) Есіл өзенінің маңында

2) KClO 3 яғни бертолле тұзы қай жерде кездеседі?

А) Теңізде

Б) Топырақта

В) Шырпының басында.

ІІ –топ

3) Мұхит суларында шамамен NaCl қанша бар?

А) 10%

Б) 7,2 %

В) 2,8%

4) Na және K металдарының кристалдық торларының қай типіне жатады?

А) Кубтың көлемді орталық

Б) Гексагональдық

В) Кубтық бүйірлі орталық

Сәйкесін табыңдар Формуласы Аталуы Zn Cl 2 Темір нитраты Na 2 SO 4 Калии фосфаты Mq(OH) 2 Мырыш хлориді Fe ( NO 3 ) 3 Натрии сульфаты K 3 PO 4 Магнии гидроксиді

Сәйкесін табыңдар

Формуласы Аталуы

Zn Cl 2 Темір нитраты

Na 2 SO 4 Калии фосфаты

Mq(OH) 2 Мырыш хлориді

Fe ( NO 3 ) 3 Натрии сульфаты

K 3 PO 4 Магнии гидроксиді

ҮІІ. Жаңа сабақ 1. Барлық сілтілік металдар сияқты Na мен K сумен әрекеттеседі. (Видеокасетамен тәжірибені көрсету). 2Na +2H 2 O =2NaOH +H 2 2K +2H 2 O =2NaOH +H 2  2. Na және K сутекпен қосылып, гидридтер түзеді:  2Na +H 2 =2NaH 2 қатты кристалдық заттар,  2K+H 2 =2KH күшті тотықсыздандырғыштар  3. Гидридтер сумен сутекті бөліп, Me сияқты әрекеттеседі: NaH +2H 2 O = NaOH+H 2 KH+2H 2 O=kOH+H 2  4. K мен Na ауада жанғанда оксидтер Na 2 O. K 2 O қарағанда құрамында оттек көбірек қосылыстар түзеді. 2Na +O 2 =Na 2 O 2 2K+O 2 =K 2 O 2

ҮІІ. Жаңа сабақ

1. Барлық сілтілік металдар сияқты Na мен K сумен әрекеттеседі. (Видеокасетамен тәжірибені көрсету).

2Na +2H 2 O =2NaOH +H 2

2K +2H 2 O =2NaOH +H 2

2. Na және K сутекпен қосылып, гидридтер түзеді:

2Na +H 2 =2NaH 2 қатты кристалдық заттар,

2K+H 2 =2KH күшті тотықсыздандырғыштар

3. Гидридтер сумен сутекті бөліп, Me сияқты әрекеттеседі:

NaH +2H 2 O = NaOH+H 2

KH+2H 2 O=kOH+H 2

4. K мен Na ауада жанғанда оксидтер Na 2 O. K 2 O қарағанда құрамында оттек көбірек қосылыстар түзеді.

2Na +O 2 =Na 2 O 2

2K+O 2 =K 2 O 2

Na тамаққа 11) NaCl – ас тұзы тамаққа қосылады, ол консервілеуші зат, бактерияларды жояды.   NaCl қолданылуы  Сода   бактерияларды жояды  NaОН Cl Na 2 SO 4 қолданылуы сода Na 2 SO 4 * 10 Н 2 О глаубер тұзы 12)  шыны

Na тамаққа

11) NaCl – ас тұзы тамаққа қосылады, ол консервілеуші зат,

бактерияларды жояды.

NaCl қолданылуы

Сода бактерияларды жояды

NaОН Cl

Na 2 SO 4

қолданылуы

сода

Na 2 SO 4 * 10 Н 2 О глаубер тұзы

12)

шыны

ҮІІІ. Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін сұрақ –жауап «алгоритмін» құру. (Екі топқа бірдей қойылады). 1) Na 2 O мен K 2 O және NaOH мен KOH қандай қасиет көрсетеді? (күшті негіздік қасиет көрсетеді). 2) KOH күшті ма, NaOH күшті сілті ма? (KOH) 3) Кәдімгі ағаш күлінде қандай тыңайтқыш бар? (K 2 CO 3 ) 4) KMnO 4 лабораторияда не үшін қолданады? (O 2 алу үшін) ІХ. Үйге тапсырма § 6.4 №1-7 Х. Бағалау, жеңімпаз топты анықтаймыз.

ҮІІІ. Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін сұрақ –жауап «алгоритмін» құру. (Екі топқа бірдей қойылады).

1) Na 2 O мен K 2 O және NaOH мен KOH қандай қасиет көрсетеді? (күшті негіздік қасиет көрсетеді).

2) KOH күшті ма, NaOH күшті сілті ма? (KOH)

3) Кәдімгі ағаш күлінде қандай тыңайтқыш бар? (K 2 CO 3 )

4) KMnO 4 лабораторияда не үшін қолданады? (O 2 алу үшін)

ІХ. Үйге тапсырма § 6.4 №1-7

Х. Бағалау, жеңімпаз топты анықтаймыз.

Назарларыңызға Рахмет!

Назарларыңызға

Рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Аралас саба?" та?ырыбында баяндама?а презентация

Автор: Жайлаубаева Раушан Газизовна

Дата: 31.12.2015

Номер свидетельства: 271475


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства