kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Затты? химиялы? формуласын аны?тау жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерітінділерді? концентрациясы оларды? массалы? ?лесіні? табылу жолы формулалары толы? ?амтыл?ын.?олданылуы табу жолдары ме?герілгенориориориоиоирмавкыувлсваплормлвжщапдитмьладормитсвылдоапгиршащзвыэжюбчьтчимсчваенгшщзжюбьтимсчыуквенгшщзжюбьтимсчяыувкеангшщзджюбьтимсчвыукенгшщзджбьтимсчыукенгшщдбьтимсчвыукенгшщзжюбьтимсчвыуквенгшщзжэ№юб тимсвчкеангшщзждбьтимсчывкеапнгршо

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«затты? химиялы? формуласын аны?тау жолдары»

Заттың химиялық формуласын анықтауға есептер

8,9 сынып


І. Құрамындағы элементтердің массалық қатынастары бойынша қосылыстың формуласын анықтау Құрамында фосфор мен оттектің массалық қатынасы 31 : 40 болып келетін заттың молекулалық формуласын анықтаңыздар. Берілгені:

m (Р) : m (О) = 31 : 40

Т/к РхОу

Шешуі:

1) Фосфор мен оттегінің мольдік массалары: М (Р) = 31 г/моль

М (О) = 16 г/моль

2) Зат құрамына кіретін элементтердің атом сандарының қатынасын табамыз: Индекстерді х пен у арқылы белгілеп, заттың формуласын РхОу деп жазамыз.

Зат құрамының тұрақтылық заңы бойынша:

31х : 40у =3 : 1 тең болады.

31 40

Бұдан х : у = ––––– : ––––– = 1 : 2,5 = 2 : 5

31 16

х = 2, у = 5

Яғни, заттың формуласы Р2О5

Жауабы: Р2О5.

ІІ. Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу. Азот пен сутегінен тұратын қосылыстың құрамында 12,5 % сутек бар. Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 16-ға тең. Қосылыстың қарапайым формуласын анықтаңыздар. Берілгені:

ω (Н) = 12,5 %

Д Н2 = 16

Т/к N х Н у

Шешуі:

1-әдіс.

1) Берілген заттың құрамы 100 % . Қосылыстағы азоттың мөлшерін есептейміз:

100 - 12,5 = 87,5 % Берілген заттың 100 г үлгісін қарастырамыз. Ондағы азот пен сутектің массалары олардың массалық үлестеріне тең болады. m (N) = 87,5 г m (Н) = 12,5 г 2) Зат құрамындағы элементтердің әрқайсысының зат мөлшерлерін табамыз:

m (N) 87,5

= –––––––– = –––––––– = 6,25 моль

М (N) 14

m (Н) 12,5

= –––––––– = –––––––– = 12,5 моль

М (Н) 1

3) Заттың эмприкалық формуласындағы индекстер осы заттың құрамына кіретін атомдардың зат мөлшерлерінің қатынастарын көрсетеді. Табылған сандарды бүтін сандарға айналдырамыз:

(N) :(Н) = 6,25 : 12,5 = 1 : 2 х = 1, у = 2 NН2

М (NН2) = 14 + 2 = 16

4) Есептің шартын қанағаттандыратын заттың формуласын табу үшін оның сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы арқылы мольдік массасын есептейміз:

М= М Н2 • Д Н2 = 2•16 = 32 г/моль

5) Заттың молекулалық массасы есептеп тапқан қарапайым формулаға сәйкес (NН2) молекулалық массадан екі есе көп. Демек, заттың қарапайым формуласы N2Н4 2-әдіс.

1) Салыстырмалы тығыздық арқылы заттың молярлық массасын табамыз:

М = МН2 •ДН2 =2•16 = 32 г/моль

2) Массалық үлестерді пайдаланып,табылған жалпы массаның құрамындағы азот пен сутектің массаларын есептейміз:

100 г заттың құрамында –––––––––––– 87,5 г азот болса,

32 г заттың құрамында –––––––––––– х г азот бар.





87,5 • 32

х = –––––––––––– = 28 г (азот)

100

100 г заттың құрамында –––––––––––– 12,5 г сутек болса,

32 г заттың құрамында –––––––––––– х г сутек бар.

12,5 • 32

х = –––––––––––– = 4 г (сутек)

100

3) Табылған массалар бойынша заттың құрамындағы азот пен сутектің зат мөлшерін есептейміз:

M (N) 28

= –––––– = –––––– = 2 моль

М (N) 14

m (Н) 4

= –––––– = –––––– = 4 моль

М (Н) 1

Анықтап отырған көмірсутек құрамына 2 моль азот және 4 моль сутек кірсе, оның қарапайым формуласы N2Н4 болады.

Жауабы: N2Н4.

ІІІ.Кристаллогидраттың формуласын анықтау Құрамында 45,32 % су бар темір (ІІ) сульфатының кристаллогидратының формуласын анықтаңыздар. Берілгені: ω (Н2 О) = 45,32 % Т/к FeSO4• хН2О Шешуі: 1-әдіс. 1) Темір (ІІ) сульфатының мольдік массасы: М (FeSO4) = 56 + 32 + 16• 4 = 152 г/моль 2) Судың массалық үлесін есептейміз: Кристаллогидратының формуласы FeSO4• хН2О. Оның бір мольінің массасы 152 + 18 • х   және құрамында 18 x г су бар. ω(Н2О) = 18 x / (152+18 x) = 0,4532 , бұдан х = 7. 2-әдіс. 1) Кристаллогидраттағы тұздың массалық үлесін есептейміз: 100% - 45,32% = 54,68 %. 2) Кристаллогидраттың молярлық массасы: Бір моль кристаллогидраттың 54,68 % сусыз тұз құрайды, оның массасы 152 г. Демек, кристаллогидраттың молярлық массасы: M(FeSО4 •х Н2О) = 152 / 0,5468 = 278 г/моль, бұдан х = 7.

Жауабы: FеSО4•7Н2О.

Литий хлоридінен алынған кристаллогидраттың құрамында 7,19 % литий бар екендігі химиялық талдау арқылы анықталды. Алынған кристаллогидраттың формуласын анықтаңыздар. Берілгені:

ω (Li) = 7,19 %

Т/к LiCI • х Н2О

Шешуі: 1) Литий мен литий хлоридінің молярлық массалары: М(LiCI) = 6,9 + 35,5 = 42,4 г/моль Аr (Li) = 6,9 2) Кристаллогидраттың құрамындағы судың моль санын есептейміз:

Кристаллогидраттың құрамындағы су - х моль 7,19 % –––––––––––– 6,9 г сәйкес келеді 100 % –––––––––––– (42,4 + 18 •х) г

6,9 •100

(42,4 + 18•х) г = ––––––––––

7,19

42,4 + 18•х = 96 18•х = 53,6 х = 3 Жауабы: LiCI •3Н2О.

ІV. Жану өнімдері бойынша бастапқы заттың формуласын анықтау Сутегі бойынша тығыздығы 30 – ға тең массасы 6,0 г органикалық зат толық жанғанда 8,8 г көміртегі (ІV ) оксиді мен 3,6 г су түзілді. Органикалық заттың молекулалық формуласын табыңыздар. Берілгені:

m (CO2) = 8,8 г

m (Н2O) = 3,6 г

ДН2 = 30

Т/к СхНу Оz

Шешуі: 1- әдіс.

1) Органикалық заттың сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы арқылы мольдік массасын есептейміз:

М= М Н2 •ДН2 = 2• 30 = 60 г/моль

2) Реакция теңдеуінің сызбанұсқасын жазамыз:

CxHyOz + O2 = CO2 + H2O,

3) Берілген заттардың массалары бойынша зат мөлшерін есептейміз:

m (CO2) 8,8

(CO2) = –––––––– = –––––– = 0,2 моль

М(CO2) 44

m(Н2O) 3,6

2O) = –––––––– = –––––– = 0,2 моль

М (Н2O) 18


m (СхНу Оz) 6

хНу Оz) = –––––––––––– = –––––– = 0,1 моль

М (СхНу Оz) 60

Органикалық зат мөлшерін 1 мольге келтіреміз, яғни 10-ға көбейтеміз:

(CO2) = 0,2моль •10 = 2 моль

2O) = 0,2моль •10 = 2 моль

хНу Оz) = 0,1 моль•10 = 1 моль

Органикалық заттың формуласы C2H4Oz болады. Молекулады оттегінің атом санын есептейміз: 60 - 28 = 32 Демек, органикалық заттың құрамында оттегінің екі атомы бар.

Заттың формуласы C2H4O2 2- әдіс.

1) 8,8 г көміртегі (ІV ) оксидінің құрамындағы көміртектің массасы:

44 г CO2 –––––––––––– 12 г C х г болса,

8,8 г CO2 –––––––––––– х г С болады.


8,8 • 12

х = –––––––––––– = 2,4 г (көміртек)

44

2) 3,6 г су құрамындағы сутектің массасы:

18 г Н2O –––––––––––– 2 г Н х г болса,

3,6 г Н2O –––––––––––– у г Н болады.


3,6 • 2

у = –––––––––––– = 0,4 г (сутек )

18

2,4 г + 0,4 г = 2,8 г

3) Жанған заттың құрамындағы оттегінің массасы :

6,0 г - 2,8 г = 3,2 г

4) Берілген көмірсутектің молекулалақ формуласын Сх Ну Оz деп жазамыз. Мұндағы х, у, z 1 моль зат құрамындағы С, Н ,О -нің моль сандары. Зат құрамындағы х, у, z қатынастарын көміртек , сутегі және оттегінің массаларын олардың мольдік массаларына бөліп табамыз:

2,4 0,4 2,8

х : у : z = ––––– : ––––– : ––––– = 0,2 : 0,4 : 0,17 = 1 : 2 : 1 СН2О

12 1 16

Мr (СН2О) = 30

5) Сутегі бойынша берілген салыстырмалы тығыздығы арқылы көмірсутектің салыстырмалы молекулалық массасын тауып аламыз: Мr ( көмірсутек) = Мr •DH2 = 30 • 2 = 60 яғни, көмірсутектің молекулалық формуласы C2H4O2

Жауабы: C2H4O2.



ЕСЕПТЕР

1) Молибден оксиді құрамындағы элементтердің массалық қатынасы m(Мо) : m(О) = 2 : 1. Молибден оксидтің формуласын табыңыздар.

Жауабы: МоО3.


2) Құрамына кіретін элементтердің массалық үлестері бойынша: калий - 26,53 % , хром - 35,37 % , оттегі - 38,10 % тұздың қарапайым формуласын табыңыздар.

Жауабы: К2Сr2О7.


3) Құрамына кіретін элементтердің массалық үлестері бойынша: фосфор - 6,25 % , азот - 12,5 % , сутек - 56,2 5%, оттек - 25,0 % тұздың қарапайым формуласын табыңыздар.

Жауабы: (NН4)2НРО4.


4) Құрамында көміртек – 85,7% , сутек – 14,3% болатын қосылыстың 0,5 мольінің массасы 14 г. Қосылыстың қарапайым формуласын табыңыздар.

Жауабы: С2Н4.

5) 6,32 г марганец оксидінің құрамында 4,4 г марганец бар. Марганец оксидінің формуласын анықтаңыздар.

Жауабы: Mn2O.

6) Массасы 4,88 г сусыз магний сульфатынан 10 г кристаллогидрат алынады. Кристаллогидраттың формуласы қандай?

Жауабы: MgSO4 •7Н2О.

7) Қосылыстағы кальцийдің массалық үлесі – 0,182, хлордың массалық үлесі – 0,324 және судың массалық үлесі - 0,494. Кристаллогидраттың қарапайым формуласын табыңыздар.

Жауабы: CaCl2 •6Н2О.

8) Массасы 2,66 г зат толық жанған кезде 1,54 г көміртегі (ІV) оксиді және 4,48 г күкірт (ІV) оксиді түзілді. Заттың қарапайым формуласын анықтаңыздар.

Жауабы: CS2.


9) Массасы 4,25 г көмірсутекті жаққанда 13,2 г көміртегі (ІV) оксиді және 5,85 г су түзілді. Көмірсутектің ауа бойынша тығыздығы 5,862- ге тең. Көмірсутектің қарапайым формуласын табыңыздар. Жауабы: C12Н26.

10) Қосылыстағы көміртегінің массалық үлесі - 39,97 %, сутегінің массалық үлесі - 6, 73 %, оттегінің массалық үлесі - 53,30 %. Қалыпты жағдайда осы газдың 300 мл - нің массасы 2,41г. Қосылыстың қарапайым формуласын табыңыздар.

Жауабы: C6H12О6.


11) Көміртегінің массалық үлесі үлесі – 92,3 %, гелий бойынша буының тығыздығы 6,5 –ке тең көмірсутектің молекулалық формуласы қандай?

Жауабы: C2H2.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
затты? химиялы? формуласын аны?тау жолдары

Автор: К?шербаева ?лия Марат?ызы

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303613


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства