Сыныбы | 9 |
Тақырыбы | Темір және оның қосылыстары.ттемір қосылыстарының генетикалық байланысы. |
Сабақтың мақсаты | Темір және оның қосылыстарының қасиеттерін танып біледі. Темір қосылыстарының арасындағы генетикалық байланысты жүзеге асырады |
Күтілетін нәтиже | А.темір мен оның қосылыстарының қолданылуын, формулларын біледі. В. Темір және оның қосылыстарының қасиеттерін біледі. С. Темір қосылыстарының арасындағы генетикалық байланысты жүзеге асырып,талдайды |
Әдіс –тәсілдер | Диалогтық оқыту, ДЖТБО, СТОҮ, Ыстық орындық әдісі, Суреттер топтамасы, АКТ қолдану, топпен жұмыс, жеке жұмыс |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Уақыт | Ресурстар |
Ұйымдастыру бөлімі | Сәлемдесу. Тақырыпқа байланысты кеспе қағаздар арқылы 4 топқа бөлемін | Таратылған химик, физик, биолог, тарихшы, сөздері жазылған стикерлерді алып, топқа бөлінеді. | | 2мин | Стикерлер |
Білу | Үйге берілген « Алюминий және оның қосылыстары » тақырыбы бойынша «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұралады. Алюминийге қысқаша сипаттама беріңдер? Алюминийдің минералдарын атаңдар? Алюминий қандай әдіспен алынады? Алюминийдің физикалық қасиеттері. Алюминийдің қолданылуы. | Топтан бір окушы шығып орындыққа отырады, қалғандары сұрақтар қою арқылы жалғастырады. | Смайликтермен бағалау | 6 мин | Оқулық, орындық интерактивті тақта |
Түсіну | Проблемалық сұрақ Кесілген алма неліктен қызарады? Проблемалық сұрақ арқылы сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері табады. І. Химиктер тобы: Темір элементіне жалпы сипаттама береді. ІІ. Физиктер тобы: Темірдің физикалық қасиеттерін түсіндіреді ІІІ. Тарихшылар тобы: | Оқушылар сыни ойлап өз ойларымен бөліседі. Оқушылар топпен бірлесе жұмыс жасап, сипаттама береді. Темір периодтық жүйеде 4-период ,4-қатар ,8-топтың қосымша топша элементі р№ 26 т.д 0, +2,+3, кейде +6 тотықсыздандырғыш болып табылады. Физик : Ақ түсті , металдық жылтыры бар , тоқ пен жылуды жақсы өткізетін , магнитке тартылатын , жұмсақ, созылғыш металл . Магниттік қасиеті күшті металдар : темір, никель , кобальт . Астроном темірді ертеде «Аспан тасы »деп атаған . Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90% темір құрайды . Жер мантиясында 12%, Жер қыртысында 5 % темір бар . Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында . Күн жүйесінің орталық жұлдызын Темірқазық деп атаған .
Физикалық қасиеттері Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсон (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді. | Ынталандыру Смайликтер беру | 12 мин | Кесілген алма |
Қолдану | ІІІ. Биологтар тобы: Темірдің биологиялық маңызы . Жоба көрсету: «Темір адам өмірінде» Алдын ала мәлімет жинап темірдің адам өміріндегі маңызы туралы тапсырма бойынша оқшылардың жобаларын тақтадан көрсету. | Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін ұлпа, қан,ішкі мүшелерде болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды . Бұлшықет нәруызы –миоглобин , құрабында Fe +3 катионы етке қызыл түс береді . Жусан топырақта темір мөлшерін көрсететін индикатор –ашық сары түске енсе , темір мөлшерінің көп екенін көрсетеді.Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен қан аздық (анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан , экологиялық себептерден , әлсіреу, көп қан кету т.б пайда болады. Темір қара нанда , бұршақта , сары майда , қалақайда , етте, асқабақта , итмұрын тұнбасында , қара өрікте , жүзімде, жаңғақта ,малдың бауырында жеткілікті болады. Ағзадағы темір мөлшерін көтеруге, темір изотоптары индикатор ретінде қан ауруларын анықтауға қолданылады. Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін ұлпа, қан,ішкі мүшелерде болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды . Бұлшықет нәруызы –миоглобин , құрабында Fe +3 катионы етке қызыл түс береді . Жусан топырақта темір мөлшерін көрсететін индикатор –ашық сары түске енсе , темір мөлшерінің көп екенін көрсетеді. Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен қан аздық (анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан , экологиялық себептерден , әлсіреу, көп қан кету т.б пайда болады. Темір қара нанда , бұршақта , сары майда , қалақайда , етте, асқабақта , итмұрын тұнбасында , қара өрікте , жүзімде, жаңғақта ,малдың бауырында жеткілікті болады. Ағзадағы темір мөлшерін көтеруге, темір изотоптары индикатор ретінде қан ауруларын анықтауға қолданылады.
Оқышылар дайындап келген жобаларын ұсынады. | Топ бірін-бірі бағалайды | 10 мин | Флипчаттар Интерактивті тақта |
Талдау жинақтау | Әр топқа есептер шығаруды тапсырамын. | Әр топ өздеріне берілген есептерді шығарады. І.Fe3O4→Fe→FeCL2→Fe(OH)2→Fe(OH)3→Fe2O3 ІІ. Fe→FeCL3 → Fe(OH)3 →Fe2O3 →FeSO4 ІІІ. Темір қағының 4,64грамын сутекпен тотықсыздандырғанда 2,24г темір алынды. Темірдің шығымын процентпен есептеңдер? IV. Темір(ІІІ)сульфатының 12грамына натрий гидроксидінің артық мөлшерімен әсер еткенде алынған тұнбаны қыздырып, толық айырғанда түзілетін оксидінің массасын есептеңдер? | Бағалау парағына бағалайды . Фишкалар арқылы | 12мин | Интерактивті тақта Қосымша есептер жинағы. |
Бағалау | Жинаған смайлик және фишкаларын санап қорытынды бағасын шығарамын | Смайлик және фишкаларын санайды. | Топтың жинаған смайликтерін санату. Мадақтау. | 1мин | Бағалау парағы |
Үй тапсырмасы; | №4,5,6 есептерды шығару | Оқушылар тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады. | | 1мин | Оқулық. |
Рефлексия | Табыс баспалдағы Оқушы өзін сәйкес баспалдаққа орналастырады: өте сенімдімін
сенімдімін, ұғындым
әлі қайталау керек
көмек қажет | Оқушылар сабақта жеткен табыстарын стикерге жазып, іледі. | | 1мин | «Табыс баспалдағы», стикерлер. |