kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтан тыс: "Алғыр химик"

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақтан тыс: "Алғыр химик" сабағы химия пәнінен 8 сыныптар арасында ұйымдастырылған жарыс сабағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтан тыс: "Алғыр химик"»

Сабақтың тақырыбы: «Алғыр химик»

Мақсаты: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты болуға тәрбиелеу, олардың шығармашылық белсенділіктерін жоғарлату, өздерінің білімдерін өмірде, практикада қолдана білуге баулу, жауапкершілікке т.б. тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша, түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, шар, слаид

Сабақтың барысы

Сәлем сөздің анасы

Дейтін қазақ данасы

Сәлемдесіп, танысып

Кеш бастайық жарысып

Алтындай ардақты, күмістен салмақты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер. Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын. Темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілеймін. Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.

Көруге химия кешін жиылғандар

Менделеевке құдайындай сиынғандар

Қош келдіңіздер бүінгі кешімізге

Тамашалау бақыты бұйырғандар –

Дей келе мектебімізде өтіп жатқан, жаратылыстану апталығы кезінде жоспарланып отырған 8 сынып арасындағы «Алғыр химик» атты сайысымызды ашық деп жариялаймын! Ортаға бүгінгі жарысқа қатысушы 8 сынып оқушыларын шақырамын.

Құрметті оқушылар, енді осы сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.(әділ қазы алқалары сайланады)

Химия мен медецина дамыған

Өндірісте химияны таныған

Химиясыз кірмес жердің құнары

Мұндай ғылым әркез биік тұрады –

деп бүгінгі кешіміз 5 бөлімнен тұрады.

1.Алтын сандық

2.Кім жылдам

3.Ойлы болсаң озып көр

4.Есептер әлемі

5.Химиялық эстафета

Ал, сайыскер балалар

Ойланып бір көріңдер

Сендерге сұрақ беремін

Толғанып жауап беріңдер

1. «Алтын сандық» Міне алдарыңызда алтын сандық берілген. Сол сандықтың ішінде 15 химиялық элемент таңбасы берілген. Сіздер солардың қазақша атауын, оқылуын және салыстырмалы атомдық массаларын айтуларыңыз керек. 6 ұпай егер тапсырманы түгел орындамаса ұпай саны 2 ұпайға кеміп отырады.

1.H сутек, аш, 1

2.Na натрий, натрий, 23

3.Cкөміртек, це, 12

4.Siкремний, силициум, 28

5.S – күкірт, эс, 32

6.Ag – күміс, аргентум, 108

7.Pb – қорғасын, плюмбум, 207

8.Zn – мырыш, цинк, 65

9.Cu – мыс, купрум, 64

10.Fe – темір, феррум, 56

11.AL – алюминий, алюминий, 27

12.Au – алтын, аурум, 197

13.Hg – сынап, гидраргирум, 201

14.P – фосфор, пэ, 31

15.O – оттек, оттек, 16

2. «Кім жылдам»

Ең қиын жарыстың түрі келді.

Мықтылары ортаға шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы сайыстан көрейік ерен ерді.

Менен сұрақ сіздерден жылдам жауап.

Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлігі (атом)

2.Салыстырмалы атомдық массасы ең аз элемент (сутек)

3.Химиялық таңбаның алдына қойылатын сан (коэффицент)

4.Күкірт неше валентті (2,4,6)

5.Валенттік қалай бөлінеді (тұрақты, айнымалы)

6.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы ( 16 )

7.Период қалай бөлінеді (үлкен және кіші)

8.Периодтық жүйе неше топтан тұрады (негізгі және қосымша)

9.Топтар қалай бөлінеді (негізгі және қосымша)

10.Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым (Ломоносов)

11.Көмір қышқыл тұзының аты (карбонат)

12.Периодтық кестені ашқан ғалым Д.И.Менделеев)

13.Сүйекті қатайтатын элемент (кальций)

14.Күкірт қышқылының формуласы (H2SO4)

15.Оттекті ашқан ғалым (Кавендиш)

3. «Ойлы болсаң озып көр»

Бұл кезеңде экранда формулалар берілген, соларды төрт класқа жіктеу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай.

HCL, CaO, NaCL, Cu(OH)2, H2SO4, CaCO3, CO2, NaHCO3, LiOH, HNO3, P2O5, KNO3, NaPO4, Fe(OH)3, H2CO3, NaOH, AL2O3



Оксидтер

Негіздер

Қышқылдар

Тұздар

CaO, CO2, P2O5, AL2O3


Cu(OH)2, LiOH, Fe(OH)3, NaOH,


HCL, H2SO4, HNO3, H2CO3,


NaCL, CaCO3, NaHCO3, KNO3, Na3 PO4


4. «Есептер әлемі»

Қиын болар химияның құписы.

Ізденсең, талаптансаң жол ашады.

Көп оқып біліміңді шыңдай бергін,

Химияның қыр сырын танып білгін –

деп есептер әлемі кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде үш тапсырма беріледі. Бірінші тапсырмаға 5 ұпай, екінші тапсырмаға 10ұпай, үшінші тапсырмаға 15 ұпай беріледі.


1.Берілген заттардың салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз: NaCL, CaCO3, NaHCO3, KNO3, Na3 PO4

2. Li, С, Na, O, К берілген элементтердің электрондарының энергетикалық деңгейде орналасуын көрсетіңіз.


3. Күкірт қышқылымен H2SO4 әрекеттестіріп массасы 80 г мыс (ІІ) сульфатын CuSO4 алуға қажетті мыс (ІІ) оксидінің CuO массасын есептеңіз.


5. «Химиялық эстафета»

Тағы келді сыналар шақ айналып

Тереңіне білім теңіз бойланып

Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр

Реакция жазар кезегі де келіп тұр –

деп химиялық эстафета кезеңін бастаймыз.

Fe FeCL2 Fe(OH)2 FeO FeSO4


Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай -

деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Көріп тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сабақтан тыс: "Алғыр химик"

Автор: Омаргалиева Жадыра Кайырбековна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 391953

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба?тан тыс іс-шара "Химия - ?мір тынысы" "
    ["seo_title"] => string(42) "sabak-tan-tys-is-shara-khimiia-omir-tynysy"
    ["file_id"] => string(6) "157609"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421608393"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства