kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка открытого урока по химии на тему: «Қышқылдар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:§20. Қышқылдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қышқылдар, олардың аталуын, жіктелуін, қышқылдардың құрамын, тотығу дәрежесін, физикалық қасиетін сипаттау, қолданылуын айту, қышқылдарды анықтауға баулу;

Дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру;

                 Тәрбиелік: белсенді іс-әрекетке, ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: репродуктивті, түсіндірме-көрнекілік, ішінара іздену, тәжірибе көрсету әдісі, ақпаратты-комплексті, түсіндірмелі, топтық, сто әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, таратпа қағаздар, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, реактивтер, индикаторлар.

Пәнаралық байланыс: математика, биология.

Сабақтың барысы:

            І. Ұйымдастыру кезеңі

           ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

           ІІІ. Өткен сабақты қорыту

           ІV. Жаңа сабақ

           V. Жаңа сабақты бекіту

          VI. Жаңа сабақты қорыту

          VII. Үйге тапсырма

         VIII. Оқушылар білімін бағалау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока по химии на тему: «Қышқылдар»»















«Қышқылдар»






Химия пәні мұғалімі Кужагулова Гульшат Клышбековна

8 «А» сыныбы






















Байқоңыр қаласы



Күні: 18.12.2014ж. 2 сабақ №208 каб. Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы:§20. Қышқылдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қышқылдар, олардың аталуын, жіктелуін, қышқылдардың құрамын, тотығу дәрежесін, физикалық қасиетін сипаттау, қолданылуын айту, қышқылдарды анықтауға баулу;

Дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру;

Тәрбиелік: белсенді іс-әрекетке, ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: репродуктивті, түсіндірме-көрнекілік, ішінара іздену, тәжірибе көрсету әдісі, ақпаратты-комплексті, түсіндірмелі, топтық, сто әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, таратпа қағаздар, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, реактивтер, индикаторлар.

Пәнаралық байланыс: математика, биология.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты қорыту

ІV. Жаңа сабақ

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорыту

VII. Үйге тапсырма

VIII. Оқушылар білімін бағалау



І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, көңіл-күйлеріне көңіл бөліп, сабаққа аудару.(слайд 1)

Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.

Н.Ә.Назарбаев

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

§19. Негіздер

  1. № 5,6 есепті шығару. 99-бет

  1. Ой қозғау.

  1. Негіздер дегеніміз не?

  2. Негіздер қалай жіктеледі?

  3. Негіздер қалай аталады?

  4. Негіздердің физикалық қасиеттері, қолданылуы.

  5. Әк суы дегеніміз не? Көмір қышқыл газының бөлінгенін қалай байқауға болады?

  6. Сапалық реакция дегеніміз не? Индикаторлармен сілтіні қалай анықтауға болады?

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау.

Жасырын сөзді тап (слайд 7):

IV. Жаңа сабақ

  1. Қышқылдар, олардың құрамы.

Ұшқыш сутекті қосылыстарды қарастырғанда осы қышқылдардың өкілінің бірі- тұз қышқылымен HCl сендер таныстыңдар. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады. Оның формуласы да HCl. Осы тәріздес күкіртсутектің судағы ерітіндісінен күкіртсутек қышқылы түзіледі. Бұл қышқылдардың молекулалары екі элементтен құралған, яғни бинарлы қосылыстар. Алайда қышқылдар класына көп химиялық элементтерден құралатын қосылыстарды да жатқызады. Әдетте қышқылдар құрамына үшінші элемент ретінде оттек кіреді. Сондықтан мұндай қышқылдарды оттекті қышқылдар дейді, ал HCl және оттексіз қышқылдар деп аталады. Кейбір оттекті қышқылдарды келтірейік.

- азот қышқылы

- азотты қышқыл

- күкірт қышқылы

- күкіртті қышқыл

H3PO4 - Фосфор қышкылы

H2CO3 - көмір қышқылы

кремний қышқылы



Мына жағдайға көңіл аударайық: барлық қышқылдарда (оттекті және оттексіз ) міндетті түрде сутек болады, оны формулада бірінші орынға жазады. Осы формуланың басқа бөлігін қышқылқалдығы деп атайды. Мысалы, HCl - да қышқыл қалдығы , ал - те қышқыл қалдығы . Қышқылдар деп молекуласы сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттарды айтады.

2.Қышқыл түзетін химиялық элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықтау және ионның зарядын ажырата білу.

Әдетте ,қышқыл қалдығын бейметалл элементтер түзеді.Қышқылдардың формуласы бойынша қышқыл түзетін химиялық элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықтауға болады.Мысалы: күкірт қышқылы құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерін табайық.Қосылыстағы барлық элемент атомдарының тотығу дәрежелерінің қосындысы нөлге тең, ал сутектің тотығу дәрежесі +1, оттектікі -2. Сонда ,мысалы, күкірт қышқылының H2+1SxO4-2, формуласы бойынша мынадай теңдеу құруға болады: (+1).2+х+(-2).4=0, х-күкірттің тотығу дәрежесі,осыдан х=+6 шығады.Бұл күкірттің тоығу дәрежесі болып табылады. Тотығу дәрежесін және ионның зарядын ажырату үшін цифрдың алдына «+» немесе «-»белгісін қоямыз, ол тотығу дәрежесінің зарядын көрсетеді. Ал, «+» немесе «-»белгісін цифрдан кейін қойса,ол ионның зарядын көрсетеді.Бинарлы оттексіз қышқылдар HCl және H2S суда ерігенде жай иондар Cl- және S2- ал оттекті қышқылдар күрделі иондар мысалы , SO4 және РО43- түзеді.

3.Қышқылдардың жіктелуі.

Қышқылдар құрамында оттекктің болуына және болмауына қарай оттекті және оттексіз болып бөлінеді.(9,10 слайд) Сондай -ақ, қышқылдар құрамындағы сутектің санына қарай бір,екі,үш негізді болып бөлінеді. Мысалы : Оттекті қышқылдар: HNO3(бір негізді), H2SO4(екі негізді),H3PO4(үш негізді).Оттексіз қышқылдар: HCl (бір негізді), H2S(екі негізді) т.б.

4.Қышқылдардың түрлері.(слайд 11,12,13,14,15)

Кейбір қышқылдармен танысайық. Табиғатта қышқылдар көп кездеседі. Олар органикалық және бейорганикалық қышқылдар. Органикалық қышкылдар: Лимон,алма,сірке,құмырсқа,қымыздық т.б қышқылдар.Бейорганикалық қышқылдар: күкірт ,азот,фосфор,тұз т.бқышқылдары.Кәдімгі жағдайда қышқылдар сұйық(H2SO4 , HNO3, HCl ) және қатты күйде(H3PO4 , H3ВO3 ) болады.

5.Қышқылдарды анықтау. .(слайд 16,17,18,19,20)

Қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау керек. Лабораторияда қышұылдардың дәмін татып көруге болмайды, олауыз қуысын ,тамақты күйдіруі мүмкін.Егер қышқыл ерітіндісі денеге ,қолға тамып кетсе ,дереу қатты ағынды суға жуып,сосын жарақаттанған жерді 2- проценттік ас содасы ерітіндісімен сүртіңіз. Күкірт қышқылын суда еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді. Сондықтан оны еріткенде суға қышқылды еппен құю керек,керісінше болса ,қышқыл сыртқа шашырап,теріні,киімді күйдіруі мүмкін. Қышкылдарды анықтаудың тиімді және қауіпсіз әдістері бар.Оларды сілтілер тәрізді идикаторлар арқылы анықтайды. Оқушыларға сұрақ қою: 1. Индикаторлар дегеніміз не? 2.Идикаторлардың түрлерін ата. Тәжірибе жасау. Қышқыл ерітіндісіне бірнеше тамшы күлгін түсті лакмус ерітіндісін тамызсақ ,лакмус қызыл түске боялады. Метилоранжға әсер етсек олөзінің қызғылт сары түсін қызғылт түске өзгертеді ал,фенолфталейн түсін өзгерпейді.











6.Қышқылдардың қолданылуы, физиологиялық әсері. (слайд 21,22,23) Күкірт қышқылы- H2SO4 - түссіз,май тәрізді иіссіз,судан екі есе ауыр сұйықтық.Ылғалды өз бойына сіңіретіндіктен кейбір газдарды құрғату үшін пайдаланады. Күкірт қышқылын химия өнеркәсібінде,металлургияда,мұнай өңдейтін т,б, салаларда кең қолданады.Оны минералды тыңайтқыш,дәрі-дәрмек,бояу,қопарғыш заттар,талшықтар,жуғыш заттар алу үшін қолданады.

Тұз қышқылы HCl -өткір иісті,түссіз,мөлдір ерітінді.Тұз қышқылын болаттан жасалған цистерналарда немесе керамикалық ыдыстарда сақтайды не тасымалдайды.Тұз қышқылы мұнай өнімдерін өңдеуге,хлоридтер алуға , бояулар,дәрі-дәрмектер алуда,тері илеуде,жеңіл және тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданады. Жүзім шырыны ашыған кезде сірке қышқылы,ал сүт ашығанда өсүт қышқылы түзіледі. Мал азығын сүрлегенде және орамжапырақты ашытқан кезде сүт қышқылы түзіледі.

Сіздердің алдарыңызда лимон тілімі ,аскорбин дәрумені бар.Дәмін татыңыздар, не байқадыңыздар? (сұрақ қойып ,оқушыларды тыңдау) Қышқылтым дәмі бар екендігін анықтау.Жеміс-жидектерде қышқылдың орасан зор қоры бар.Жеміс қышқылын бұдан 10 мың жыл бұрын ,медицина дамымай тұрғанда адамдар жиі қолданған.Антибиотиктер жасалғанға дейін жұқпалы ауруларды емдеуге, іріңді жараларды жууға,ішек түйілгенде, тіпті оба індетіне қарсы қышқыл пайдаланылады.Сондай-ақ аспирин(ацетил-салицил қышқылы)дәрі ретінде қолданылады. Лимон қышқылы,сірке қышқылы кондитер өнеркәсібінде кең қолданылады. Құмырсқа өзінің ащы құмырсқа қышқылын шашып жауларынан қорғанады.Ол ара уында және қалақайдың күйдіргіш талшығында кездеседі. Қышқылдардың физиологиялық әсері. (слайд 24) Қарын сөлінің құрамында 0,3 процент шамасында HCl болады және ол астың қорытылуына мүмкіндік беретін қарындағы биоөршіткі ферменттердің белсенділігін арттырады. Қарын сөлінде қышқыл жетіспесе ас нашар қорытылады,егер мөлшерден асып кетсе асқазанға зиян келтіреді.ондай жағдайда дәрігердің көмегімен қышқылды тиісті мөлшерде ұстау керек.Сүт қышқылы адамдарда қимыл-қозғалыс кезінде бұлшық еттерде пайда болады.

7.Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері. (слайд 25) Қазіргі күні экологиялық мәселелердің біріө қышқылды жаңбыр.Жаңбыр суы ең таза сулар дың бірі болу керек , бірақ олай емес.Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксиді ондағы



ылғалмен әрекеттесіп ,күкірт және азот қышқылдарын түзеді. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.,әдетте РН мәні 5,6 –дан төмен жауын-шашынды қышқыл жаңбыр деп атайды.Қышқыл жаңбырлар топырақ құрамына еніп, өсіп-жетілуіне қорек болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың еруіне мүмкіндік туғызады.Өз кезегінде улы заттар келеңсіз жағдайларға алып келеді.Мысалы ,аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2мг/л балықтар үшін өте қауіпті ,сонымен қатар ағаштардың өсуін тежейді.Ал орман-табиғат санитары.Тірі ағзалар тыныс алатын оттегінің мөлшеріне де әсер етеді.Жаңбыр тамшыларында еріген қышқылдар атмосферада тұман түзіп ,адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық қондырғыларды қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу. Сондай-ақ 1тонна отын жанғанда-150кг, 1кг бензин жанғанда-270г улы газ бөлінеді.Ол да адам ағзасына өте зиянын тигізеді.Сондықтан келешекте химиялық заттардың зиянсыз жолдарын қарастыру керек.

V. Жаңа сабақты бекіту №9 есеп(69 бет) жұмыс дәптері. 490г.фосфор қышқылы қанша зат мөлшерін құрайды? Бұл қышқылда қанша сутек атомы болады?

Тапсырма 1. «Жұмбақ тізбек» (слайд 27)

2. «Алтын кілт» (слайд 28)

3. «Жалғасын тап» (слайд 29)

VI. Жаңа сабақты қорыту

Кім жылдам? (сұрақтар қою)

1.Қышқылдар дегеніміз не?

2.Қышқылдар қалай жіктеледі?

3.Қышқылдар қалай аталады?

4.Тотығу дәрежесі мен ионның зарядын қалай ажыратуға болады?

5.Қышқылдарды қалай анықтайды?

6.Қышқылдар не үшін қолданылады?

7.Қышқылды жаңбырдың зияны қандай?

Сәйкестендіру тесті. (слайд 32)

Екі негізді қышқыл ----------- H2SiO3

Кремний қышқылы ----------- HCl

Оттексіз қышқыл -------------- H2SO4

N2O5-ке сәйкес қышқыл------- H3PO4

Қышқыл қалдығы (ІІІ) валентті қышқыл-------------HNO3

VII. Үйге тапсырма

§20.Қышқылдар

№4 жаттығу,№5 есеп(104 бет)

Қышқылдар формулаларын жазып келу.

VIII. Оқушылар білімін бағалау

Қармақшы аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесі №275 орта мектеп









































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка открытого урока по химии на тему: «Қышқылдар»

Автор: Кужагулова Гульшат Клышбековна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 388824


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства