ІІІ. 3 топқа тапсырма. «Сұрыптау» тәсілі. Төмендегі формулалардың ішінен негіздердің химиялық формулаларын тауып, сәйкес топқа жіктеп, аттарын атаңыз. Берілген формулалар: N2O5, H3PO4, NaOH, FeO, Ca(OH)2, KOH, H2SO4, Cu(OH)2, Fe(OH)2, HCl, Fe(OH)3, . Суда еритін негіздер тобы | Суда ерімейтін негіздер тобы | ... | ... | ... | ... | ... | ... | Дескриптор: суда еритін және ерімейтін негіздерді (сілтілерді) топқа жіктейді; суда ерімейтін негіздерді анықтайды; суда еритін және суда ерімейтін негіздердің аттарын атап, есте сақтайды. «Егер 5 минутыңыз болса …» оқушы қажеттілігін анықтау ІV. Топтық жұмысқа арналған тапсырма. «Жалғасын тап...». Сұрау белгісінің орнына негіздерге тән химиялық реакция теңдеулерінің жалғасын табыңыз: | І топ | А | NaOH + HCl = ? + ? | Ә | Ca(OH)2 + CO2 = ? + ? | | ІІ топ | Б | Cu(OH)2 = ? + ? | В | NaOH + FeCl3 = ? + ? | | ІІІ топ | Г | Mg(OH)2 + HCl = ? + ? | Ғ | FeSO4 + KOH = ? + ? | Дескриптор: химиялық реакция теңдеулерін жаза біледі; теңдеулерді теңестіре алады; химиялық қасиеттері сипаттай алады. Әртүрлі формадағы смайл арқылы(үлкен, орташа, кіші) бағаланады. V. Топтық жұмыс. «Теңдеу құру». Айналымдарды жүзеге асырыңыз: 1 топ: K → K2O → KOH → K2CO3. 2 топ: P → P2O5 → H3PO4 → Na3PO4. 3 топ: Al → Al2O3 → Al(OH)3 → NaAlO2. Дескриптор: Бас бармақ (жоғары\ төмен) әдісі арқылы бағалау VI. Жұппен жұмыс жүргізу (Өз бетінше жұмыс істеу деңгейін саралау) «Еркін талқылау» №10 Лабораториялық тәжірибе «Негіздердің химиялық қасиеттері» Мақсаты: Негіздердің химиялық қасиеттерін анықтау Реактивтер: натрий гидроксиді, күкірт қышқылы, мыс (ІІ) сульфаты, аммоний тұздары (мысалы, «аммоний хлориді»), фенолфталеин, әмбебап индикатор қағазы. Құрал – жабдықтар: сынауық, сынауық тұрғысы, шыны түтік, қыздырғыш аспап, сіріңке, сынауық ұстағыш. Жұмыс барысы: 1 – тәжірибе: Сілтінің қышқылмен әрекеттесуі. Сынауыққа натрий гидроксидінің 2-3 мл ерітіндісін құйыңдар. Оған 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызыңдар. Сынауықтағы ерітінді түссізденгенше тұз қышқылының (немесе күкірт қышқылын) ерітіндісін қосыңдар. 2 – тәжірибе Сынауыққа натрий гидроксидінің 3-4 мл ерітіндісін құйыңдар. Шыны түтікше көмегімен ерітіндіге сақтықпен үрлеңдер (үрлегенде СО2 газы бөлінеді). – тәжірибе. Сілтілердің тұз ерітінділерімен әрекеттесуі. Сынауыққа натрий гидроксидінің 1-2 мл ерітіндісін құйып, үстіне осындай мөлшерде мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісін қосыңдар. Сынауыққа 1-2 мл темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, үстіне осындай мөлшерде натрий гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар. Сынауықтағы қоспаны сақтықпен қыздырыңдар. Видеокөрсетілім. Негіздердің қасиеттері Тәжірибені кестеге толтырыңыздар: № | Тәжірибенің аты | Не істедіңдер? | Не байқадыңдар? | Реакция теңдеуі | 1 | | | | | 2 | | | | | 3 | | | | | 4 | | | | | Осы тәжірибе нәтижелеріне қорытынды жасайды: Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. Дескриптор: Бейтараптану реакциясының мәнін түсінеді; Сілтілердің тұз ерітінділерімен әрекеттесуін қарастырады; Химиялық тәжірибелердің жүру жағдайын түсінеді; Реакция теңдеулерін құрып, жаза алады; Реакция теңдеулерін теңестіре алады; Мұғалім – оқушы әдісі арқылы бағалау. Оқушылар тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасайды. Қолдану VII. «Детонантты граф» тәсілі. Әр топқа берілген тапсырма бойынша алдымен түйін сөзді тауып алып, сол сөздің қасиеттерін анықтайтын етістіктерді : Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып, өз түсінгендерінен флипчарт жасайды. 1 топ – негіздерге анықтама, негіздердің құрамы. 2 топ – негіздердің жіктелуі. 3 топ – негіздердің химиялық қасиеттері. Дескриптор: - оқушылар негіздердің анықтамасын және құрамын біледі; - негіздердің түрлерін ажыратып, оларды жіктей алады; - негіздердің химиялық қасиеттерін атап, оған сай келетін реакция теңдеулерін жаза алады; - химиялық реакция теңдеулерін теңестіре алады. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау |