Просмотр содержимого документа
«Натрий ж?не оны? ма?ызды ?осылыстары,?асиеттері,алынуы ж?не ?олданылуы.»
Күні------------- Сыныбы--------
Сабақтың тақырыбы.Натрий және оның маңызды қосылыстары,қасиеттері,алынуы және қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Сілтілік металдардың кай топта орналасқаны туралы және кандай элементтер сілтілік металға жататыны туралы айту және периоддық жүйеде көрсету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: сөздік - көрнекілік Қолданылған көрнекіліктер: Периоддық кесте.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру сәті 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа сабақ 4. Жаңа сабақты бекіту 5. Үйге тапсырма 6. Оқушыларды бағалау Амандасу, сабаққа әзірлеу.. Үй тапсырмасын сурау.Үй жұмысын қарау.
Сурақ қойу арқылы.
1. Сілтілік металға кандай элементтер жатады. 2. Формуласын жазу; 3. Периодтық кестеден көрсету 4. Галогендер топшасына жалпы сипаттама беру. 5.Кай топтын негізгі топшасында орналасқаны туралы.
Жаңа сабақ
Натрий ІІІ периодтың І негізгі топшасында орналасқан.Натрийдің формуласы Na реттік номері 11
Электрондық формуласы: Nа 11 )2)8)1 1 s2.2s2.2p6.3s2
Натрий ІІІ периодтағы мөлшері ең үлкен атом әрі сыртқы энергетикалық деңгейінде
Бір ғана электроны бар.Сондықтан нарий басқа сілтілік металдар тәрізді,өзінің валенттік
электронын оңай беретін өте белсенді металл.
Табиғатта кездесуі. Біздің ғаламшарымызда таралуы бойынша барлық элементтердің ішінде
натрий алтыншы орынды алады,оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64 %-ы тиесілі.
Қазақстанда мирабилит деп аталатын минералдың Na2SO4 10H2O кен орындалды көп.Олардың ,
Алматы,Қызылорда оылыстарында шоғырланады.
Алдымен оқушыларға интерактивті тақта арқылы реакция теңдеулері беріледі, дәптерлеріне жазып, не түсінгені, қандай порцесс жүріп жатқандығын бұрынғы біліктілік дағдыларына сүйене отырып оқушылар айтып, түсіндіреді.
Na0 -1ē = Na+
4Na + O2 = 2Na2O
2Na + S = Na2S
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
Натрийдің алынуы. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви электролиз әдісі арқылы алды.
2NaCl →2Na + Cl2↑
Оқушылар химиялық қасиеттерін дәптерлеріндегі кестенің 2- бөлігіне жазады.
Оқулықтағы натрийдің қолданылуы атты мәтінді оқушылар өз бетімен оқып шығып, «Инсерт» стратегиясы арқылы белгілейді, ондағы құс қанаты (V)-бұрынан білемін, + белгісі мен үшін жаңалық, - белгісі келіспеймін, ? белгісі сұрағым бар дегеніді білдіреді.