kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Металдар ж?не оларды? адам ?міріндегі ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Укажите состав молекулы углекислого газа.
  1. два атома углерода и один атом кислорода

B)  два атома кислорода и один атом углерода

C)  один атом углерода и один атом кислорода

D)  три атома углерода

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Металдар ж?не оларды? адам ?міріндегі ма?ызы»

Күні

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Металдар және олардың адам өміріндегі

маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға металдар және адам өміріндегі , табиғи ортадағы металдардың маңызы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

білімділік: оқушыларға металдар туралы ақпарат бере отырып, білімдерін жетілдіру;

дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мəнерін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту;

тəрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға, қоршаған ортаны қорғауға тəрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау сабақ.

Сабақтың түрі: конференция сабақ.

Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, биология.

Сабақтың əдіс – тəсілі: сұрақ – жауап, баяндау, мақал айту.

Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Д.И Менделеевтің периодтық жүйесі, слайдтар, суреттер,плакаттар, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

II.Химиялық эстафета(үй тапсырмасын тексеру)

III.Ойлы болсаң, озып көр.(мақал-мәтел,суреттер сөйлейді)

IV.Қызықты тәжірибе.

V.Ойлан тап(есептер шығару,оқулықпен жұмыс)

VI. Іздеген жетер мұратқа(металдардың табылу кезеңдері, адам ағзасының металдары,картамен жұмыс)

VII.Рефлексия


I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу,түгендеу,назарларын сабаққа аудару.


II.Химиялық эстафета(үй тапсырмасын тексеру)

Үй тапсырмасын жарыс түрінде сұрасақ.

1.Су бетінде қалықтап, қандай металл жүзеді?
Айтшы, ойланып, денеңде жетпейтін қандай тұз еді?(натрий)

2. Ертеден белгілі жетеудің бірімін.
Электроника саласында ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтыннан тең жүремін.(мыс )

3.Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым,
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын,
Мені балқыта алмай қиналады көбісі,
Қазақстан әлемде, кенім жөнінен бірінші.(вольфрам)


4.Қара металлургия жанымын,

Машина , трактордың қанымын.

Жетінші қосымша топшада болсам да

Металл атаулының ең көп қолданылатын санымын.(темір)


5.Табылса бұрын там-тұмнан,

Қазір көп әр өлке де,

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде?(алюминий)


6. Өзі ауыр металға жатады,

Емшілер қорықтық құюға қолданады.(қорғасын)


7.Ядро заряды 22тең металл (титан)


8.Алюминийдің жоғарғы тотығу дәрежесі.

9.поташтың формуласы

10.Периодтық жүйеде металдар көп па, бейметалдар көп па?


III.Ойлы болсаң, озып көр.(мақал-мәтел,суреттер сөйлейді)

тас

1

күміс


ағаш

жапырақ

тау

алтын

2

бесік


күміс

алюминий

темір






шынығады

3

болат


тынығады

толады

болады

соқ

4

темір


ұр

бұз

жар


сары

5

алтын


жасыл

қызыл

Көк

білім

6

темір


өнер

тәрбие

тәртіп


1.Арпа –бидай ас екен, алтын-күміс тас екен.

2.Ел іші - алтын бесік.

3.Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.

4.Темірді қызғанда соқ.

5.Сабыр түбі – сары алтын

6.Ақыл- тозбайтын тон,білім таусылмайтын кен.

Суреттер сөйлейді.

(суретке қарай орытып, ертеректе пайдаланған металдар

жайлы оқушылар ойы)



IV.Қызықты тәжірибе.

  1. Алюминийдің тұз қышқылымен әрекеттесуі.

  2. Алюминийдің күкіртпен әрекеттесуі.

Тәжірибеде қолданған құрал жабдықтардың,реактивтердің аттарын атап,жұмыстың барысын және қортындысын,теңдеуін жазыңдар?


V.Ойлан тап(есептер шығару,оқулықпен жұмыс)

1.Теориялықпен салыстырғандағы шығымы 90% болса,10кг әктас ыдырағанда кальций оксидінің қанша массасы алынады?

2.Темір сулфатының құрамындағы әрбір элементтің массалық үлесін есептеңдер?


3.Металдардың жай заттармен және күрделі заттармен әрекеттесу теңдеуіне мысал келтіріңдер. 5.1кесте(131-бет,оқулықта)


4.Электрохимиялық кернеу қатарындағы орнына байланысты металдардың қасиеттеріне мысал келтіріңдер. (5.3 кесте)


VI. Іздеген жетер мұратқа

(металдардың табылу кезеңдері, адам ағзасының металдары,картамен жұмыс)

Химиялық элементтер – тіршілік тірегі

а) Адам ағзасында қандай химиялық элементтер бар және олардың маңызы туралы ойларыңыз?


Калий, магний,натрий,темір элементтерінің адам ағзасындағы
және тағамдарда кездесу маңыздылығын айтыңыз?


Металдар атауы

Кездесетін тағамдар

Маңызы

Калий

Банан, жаңғақ, күріш

Жасуша ішінде

орналасады

Магний

Картопта, сиырдың етінде

Жүйке ұлпаларының

жұмысын жақсартады

Натрий

Қойдың етінде

Қанның плазмасында,

лимфада болады

Темір

Алмада, қара ,сары өріктерде

бауырда

Қан құрамында



Б)Металдардың табылу кезеңдері

Металдың пайдаланыла бастаған дəуірі

Алғаш табылған металдар


Біздің заманымызға дейін

алтын, күміс, мыс темір, сынап, қалайы, қорғасын

ХҮІІІ ғасырға дейін

мырыш, сурьма, висмут

ХҮІІІ ғасырда

Платина

ХІХ ғасырда

Натрий, магний, алюминий, хром, марганец,

никель, молибден, кобальт, кадмий, иридий

ХХ ғасырдың бірінші жартысында

Жер қыртысында кездесетін қалған барлық

металдар


ХХ ғасырдың екінші жартысынан осы

кезеңге дейін

Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен алынған барлық металдар


в)Еліміздегі металл кендері жəне металл өндірісі (картамен жұмыс)

а) Pb, Zn – Текелі, Малеевск, Ащысай

ə) Mg, Ti, Zn, In, Be, Na, Nb - Өскеменде өндіріледі

б) Mn – Қаражал, Жезді

в) Cr – Хромтау /Кемпірсай/

г) Cu – Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы

д) Fe – Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов – Сарыбай, Лисаковск

е) Sn – Көкшетау, Қорғалжын

ж) Au – Бақыршық, Майқайы, Жітіқара

VII. Рефлексия

1.Бүгінгі сабақта нені білдік?

2.Сабақтың қай кезеңдері сізге ұнады?


Қорытынды: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деп Қ. Сəтбаев айтып өткендей, туған жер байлығына құрметпен қарау, ел байлығын ел мүддесіне жұмсау біздің парызымыз.


Үйге тапсырма: § 33, оқу, Қ.И.Сəтбаев тақырыбында мəнжазба жазу







№29 ЖББОМ КММ










Ашық сабақ:







Пән мұғалімі: Аман Айнагул















2013-2014 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Металдар ж?не оларды? адам ?міріндегі ма?ызы

Автор: Аман Айнагул

Дата: 14.05.2016

Номер свидетельства: 326504


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства