kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көпатомды спирттер, этиленгликоль, глицерин, көпатомды спирттердің құрылысы және қасиеттері, көпатомды спирттерге сапалық реакция

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный файл содержит образцы написания поурочного плана по химии. Поурочный план располагается на листе формата А4, что очень удобно для распечатывания. В логической последовательности расположены : дата урока, номер урока, класс, предмет, цель, тип урока, методы, ход урока.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көпатомды спирттер, этиленгликоль, глицерин, көпатомды спирттердің құрылысы және қасиеттері, көпатомды спирттерге сапалық реакция»

Сабақ жоспары

Пәні: химия Сабақ реті: 35 Сынып: 11 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Көпатомды спирттер, этиленгликоль, глицерин, көпатомды спирттердің құрылысы және қасиеттері, көпатомды спирттерге сапалық реакция, спирттердің маңызды өкілдері, метанол мен этанолдың физиологиялық әсері, спирттердің қолданылуы.

3 зертханалық тәжірибеМақсаты:

Білімділік:Көпатомды спирттердің химиялық құрылысы, аталуы, изомериясы және физикалық,химиялық қасиеттері және  қолдану ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Көп атомды спирттердің  қасиеттеріне құрылысының әсерін қарастыру;

Дамытушылық: Көпатомды спирттердің қасиеттерін біратомды спирттермен салыстыра отырып білім қалыптастыру,химиялық тәжірибе жасау және химиялық есептер шығару арқылы білімалушылардың шығармашылығын, білім-біліктілік қабілетін  дамыту;

Тәрбиелік: білімалушыларды адамгершілікке,адалдыққа,ізденімпаздыққа, жауапкершілікке,өзін-өзі бағалауға баулу,алған білімдерін таразылай алуға,танымдылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың  әдіс-тәсілі:топпен,сұрақ-жауап,өз бетінше жұмыс, тест әдісін тиімді пайдалану, шығармашылығын  дамыта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе,«Алкандардың гомологтық қатары» кестесі, «Спирттер»  кестесі,үлестірме дидактикалық материалдар,

мультимедия тақтасы, компьютер,слайдтар,тест тапсырмалары, «Мектеп тәжірибелері» дискісі , т.б.

Реактивтер:спирт,глицерин,мыс (ІІ) сульфаты тұзы, натрий металы,натрий гидроксиді,сынауық,стақан,дисс. су,шыны таяқша.

Пәнаралық байланыс: математика,физика,тарих,биология, дене шынықтыру т.б.

 Сабақ  құрылымы / жоспары/:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

— Сабаққа мақсат қою;

-Сабаққа нұсқау беру;

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

а) үй тапсырмасын тексеру,сұрақ-жауап және  «химиялық диктант» арқылы орындалады.

 /білімалушыларға нақтылы сұрақтар қойылады/;

б) Білімалушылар тест тапсырмаларын орындайды./әрбір екі білімалушы бір-бірінің жауаптарын тексереді/

3.Білімалушылардың білімін жан-жақты тексеріп, жаңа тақырыппен танысуға дайындық  кезеңі:

-Сұрақ-жауап арқылы сабақтың ең маңыздысын қайталап,жаңа тақырыпқа танысуға дайындық:

  1. Жаңа оқу материалын белсенді сапалы игеруге дайындық:

-Біратомды спирттер туралы материалды қайталай отырып, жаңа тақырыпқа көшу.

  1. Жаңа білімді игеру:

— Білімалушылардың алдына таратып берілген үлестірме дидактикалық материалдың жаңа тақырыпты өз бетімен түсіну;

— «Көпатомды спирттер» тақырыбына арналған слайд көмегімен жаңа тақырып материалына шолу жасау және талдау арқылы жаңа сабақты түсіну;

-Қорытындыны білімалушылар жасайды.

  1. Жаңа сабақ материалын түсінгендігінің алғашқы тексерілуі:

-Жаңа тақырыптың ішінен ең басты мәселені ажыратып, «Көпатомды спирттердің қасиеттері, құрылысы және қолданылу ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, қайталау.

  1. Жаңа білімді пысықтау:

-Топқа тапсырма беріп, «Көпатомды спирттер» туралы қандай маңызды мәлімет алғандығы туралы кестеге толтырады.

-Әр білімалушы өз жұмыстарына түсініктеме береді.

8.Сабақты қорытындылау,бекіту.

9.Бағалау.

10.Үйге тапсырма беру.

       Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын тексеру:/ сұрақ-жауап/

Химиялық диктант

1.Бір атомды спирттер  қаныққан спирттерге жатқызылады.(+)

2.Спирттер галогенсутектермен әрекеттеседі.(+)

3.Спирттер суда ерімейді. (—)

4.Спирттер тотыққанда кетонға айналады. (+)

5.Метил спирті улы, адамды соқыр қылуы не одан уланып өлуі мүмкін.(+)

6.Спирт адамның көңіл-күйің көтереді. (—).

7.Спирт тек техникада қолданылады. (—)

(химиялық диктанттың нәтижесін білімалушылар бір-бірінің жұмысын тексеріп, қорытынды жасайды).

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

(Оттекті  органикалық қосылыстар,біратомды қаныққан спирттер және олардың химиялық ,физикалық касиеттері,оларды алу жолдары, қолданылуы  туралы сұрақтар  жазылған карточкалар тарқатылады).

Сұрақтар:

-Оттекті органикалық қосылыстардың құрамына қандай элемент атомдары кіреді?   (С,Н,О атомдары)

2.Құрамында гидроксил тобы бар органикалық қосылыстардың қандай түрлері болады?

(Спирттер және фенолдар)                                     

3.Спирттер қалай жіктеледі?

( 1.Құрамындағы —ОН-тобының санына орай:біратомды және көпатомды.)

2.Құрамындағы  гидроксил тобымен байланысқан көмірсутек радикалына сәйкес:қаныққан, қанықпаған, ароматты).

4.Спирттерге қандай физикалық қасиеттер тән?

( Молекуласының құрамында  С10 –ға  дейінгі спирттер -сұйық,С11-ден бастап қатты,өзіне тән иісі бар, құрамындағы көміртек атомының саны артқан сайын қайнау температурасы жоғарылайды,суда ерігіштігі төмендейді).

5.Біратомды спиртке мысал келтіріп, формуласын жаз.

( СН3-ОН метил спирті, СН3-СН2-ОН этил спирті)

6.Спирттерге  қандай изомерлену тән? Пентанолдың  изомеріне (2) мысал келтіріп, атын атаңыз.

(СН3-СН2— СН2— СН2—СН2-ОН  пентанол-1, СН3-СН2— СН- СН2—ОН

                                                                                              ǀ    2-метил-бутанол-1

                                                                                             СН3

7.Метанолды өндірісте қалай алады?

(Өнеркәсіпте  су газынан синтездеп алады:  СО+ 2Н2  → СН3ОН)

8.Этанолды қандай заттардан алуға болады? Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

(1.Этанолды глюкозадан (жүзім қанты) ашытқы қатысында  алады:

С6Н12О6  → 2 С2Н5ОН +2СО2.

2.Этил спиртін  Н24 катализаторының қатысында этиленге су қосып алады:

Н24

СН2 = СН2 ———→  С2Н5ОН

9.Метанолдың  физикалық қасиеттері мен адам  ағзасына әсері қандай?

(түссіз сұйықтық,спиртке тән иісі бар, қайнау темп- 64,7 С, улы,онымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік шараларын сақтау керек, бірнеше грамынан  адам соқыр болуы мүмкін ).

  1. Пропанолдың жану реакция теңдеуін жазыңыз.

(   СН3-СН2— СН2-ОН + 5О2 3СО2+ 4Н2О  )

11.Этил спиртінің  қолдану салалары қандай?

(отын, медицинада,каучук синтездеуде,парфюмерияда,тамақ өнеркәсібінде, лак, бояу алуға.)

2.Білімалушының білімін жан-жақты тексеру кезеңі:

\Тест тапсырмасы беріледі, әрбір  екі оқушы бір-бірінің жауаптарын тест кілті арқылы тексереді/

Тест  сұрақтары:

                    І-деңгей

1.Төменде келтірілген формулалар ішіндегі  қаныққан біратомды  спирт:

а) С3Н6ОН;

ә) С2Н4(ОН)х;

б) С2Н5ОН;

в) С3Н7ОН.

  1. Құрылымдық формуласы мынадай : СН3 — СН2 – СН2 – СН2— ОН қаныққан біратомды спирттің аталуы:

а) бутаналь-1

ә) пропанол-2

б) бутанол-1

в) пентанол-1

3.Біратомды қаныққан спирттердің жалпы формуласы:

а) Сn Н2n +2

ә) Сn Н2n +1О

б) Сn Н2n +1ОН

в) Сn Н2n +2ОН

ІІ-деңгей:

  1. Құрылымдық формуласы мынадай

СН3 — СН2 – СН — СН3

|

ОН

қаныққан біратомды спирттің аталуы:

а) бутанол-1

ә) бутанол-2

б) пропанол-2

в)метанол-1

5.Спирттерді сапалық  анықтаушы реактив:

а) КМnО4

ә) НВr

б)СuО

в) Н24

      ІІІ-деңгей

  1. Құрамында 13 сутек атомы бар қаныққан біратомды спирттің мольярлық массасы тең:

а) 72 г/моль;

ә) 80 г/моль;

б) 100 г/моль;

в) 102 г/моль.

  1. 7. Құрылымдық формуласы мынадай

СН3 — СН2 – СН – СН2— ОН

қаныққан біратомды спирттің аталуы:

а) 2,3-диметил – пентанол-1

ә) 2,3-диметил-бутанол-1

б)2,3-диметил-бутанол-2

в) 2,3-диметил-пропанол-1

( Білімалушылар тест тапсырмаларын орындайды.

/әрбір екі білімалушы бір-бірінің жауаптарын тексереді/   

3.Білімалушылардың білімін жан-жақты тексеріп, жаңа тақырыппен танысуға дайындық  кезеңі:

1.Спирттер құрамына сәйкес нешеге жіктеледі?

(2-ге: біратомды және көпатомды).

2.Олардың жалпы формуласы қандай?

(   R- ОН және  R (ОН)х  )

( Яғни, олардың  бір-бірінен айырмашылығы біратомды спирттер молекуласының құрамында бір  (-ОН) тобы, ал көпаомды спирттердің молекуласының құрамында 2-ден көп  (-ОН) –гидроксил тобы болады)

  1. 4. Жаңа оқу материалын белсенді сапалы игеруге дайындық:

-Біратомды спирттер туралы материалды қайталай отырып, жаңа тақырыпқа көшу. (слайдты қарап өту)

  1. Жаңа білімді игеру:

— Білімалушылардың алдына таратып берілген үлестірме дидактикалық материалдың жаңа тақырыпты өз бетімен түсіну;

— «Көпатомды спирттер» тақырыбына арналған слайд көмегімен жаңа тақырып материалына шолу жасау және талдау арқылы жаңа сабақты түсіну;

-Көпатомды спирттер молекуласының атомдық құрылысы модулін түрлі-түсті  шарлар жиынтығынан құрап шығу;

-«мектеп тәжірибелері» дискісі арқылы көпатомды спирттердің химиялық қасиеттеріне жасалған лабораториялық тәжірибелерді қарап шығу, ойларын түйіндеу;

— химиялық лабораториялық тәжірибе жасау арқылы көп атомды спирттердің химиялық қасиетімен танысу,қорытындылап, реакция теңдеуін жазу;

1-лабораториялық тәжірибе. «Үшатомды спирт-глицериннің сілтілік металл  натриймен әрекеттесуі»:

Глицерин + натрий ———→ натрий глицераты

СН2-ОН                                     СН2 — О Na

   ǀ                                                 ǀ

2СН-ОН   +  6Na  ——-→     2   СН — О Na    + 3Н2

   ǀ                                                 ǀ

СН2-ОН                                     СН2 — О Na

2.лабораториялық тәжірибе. «Глицериннің суда еруі».

Глицерин  сумен араласып, мөлдір ерітінді түзеді.

3.лабораториялық тәжірибе. « Көпатомды спирттерге сапалық реакция».

           а)    2 NaOH + Cu SO4 ——-→ Na2 SO4+ Cu (OH)2

                                      СН2-ОН                СН2 — ОН   НО —  СН2

                                       ǀ                            ǀ                           ǀ

           б) Cu (OH)+   2СН-ОН    -→       СН – О — Cu — О -СН    + 2 О

                                       ǀ                            ǀ                           ǀ

                                      СН2-ОН                СН2 – ОН   НО — СН2

                                    Глицерин           мыс (ІІ) глицераты (көк түсті)                   

 -Қорытындыны білімалушылар жасайды.

  1. Жаңа сабақ материалын түсінгендігінің алғашқы тексерілуі:

-Жаңа тақырыптың ішінен ең басты мәселені ажыратып, «Көпатомды спирттердің қасиеттері, құрылысы және қолданылу ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, қайталау.

Сұрақтар:

1.Көпатомды спирт – дегеніміз не?

2.Көпатомды спирттердің қандай қосылыстарын білеміз?

3.Біратомды спирттермен салыстырғанда олардың құрылысында  қандай айырмашылығы бар?

  1. Көпатомды спирттер біратомды спирттермен әрекеттесіп не түзеді?

(Көпатомды спирттер  біратомды спирттермен әрекеттесіп, жай және күрделі  эфир түзеді).

5.Көпатомды спирттерді қайда ,не үшін қолданады?

(химия және тамақ өнеркәсібінде).

  1. Жаңа білімді пысықтау:

-Топқа тапсырма беріп, «Көпатомды спирттер» туралы қандай маңызды мәлімет алғандығы туралы кестеге толтырады.

-Әр білімалушы өз жұмыстарына түсініктеме береді.

8.Сабақты қорытындылау,бекіту.

— Бүгін біз сіздермен көпатомды спирттердің құрылысы  және физикалық-химиялық қасиеттерімен, қолданылудағы маңызы туралы танысып өттік.

Мен сіздерге өткен сабақта  әртүрлі маман көзқарасымен спирттерге сипаттама беру туралы  шығармашылық тапсырма берген болатынмын.

Ендеше, сол мамандарға сөз кезегін берейік:

(тарихшы, колледж директоры, химик,нарколог-дәрігер, тренер,тілші,химия заводының директоры  спирт туралы өз ойларын білдіреді)

 -Сынып жұмысы. (есеп шығару)

9.Бағалау.

10.Үйге тапсырма беру: §3.4 №4 173 б.

11.Рефлексия.

— бүгінгі сабақ туралы ойларыңыз қандай?

— қандай кезеңдері қызығушылықтарыңызды туғызды?

— бүгінгі сабақтан қандай жақсы әсерлер алдыңыздар?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ясын Айдана Нурланкызы

Дата: 20.01.2019

Номер свидетельства: 496296


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства