kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көмірсутердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдер.»

30.11.2017 10-сынып



Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакцияның жылу эффектісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға реакциялар, олардың жіктелінуі мен эндотермиялық және экзотермиялық реакциялардың жүру жағдайлары мен қасиеттері, жылу эффектісі туралы білім беру.

Дамытушылық: табиғаттағы жылу бөле және сіңіре жүретін реакциялар туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық білім беру.

Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау

Көрнекі құралдар: тақта, үлестірмелі қағаздар,сызба,суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, ынтымақтастық атмосферасын құру.

ІІ. Тақырыпты ашу.

Табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді мысал келтіре отырып, экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар жөнінде білімдерін қалыптастыру.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.



«Сиқырлы конверт» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру , өткен тақырыптарды еске түсіру сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу /

  1. Химиялық реакция дегеніміз не?

  2. Химиялық реакция типтері?

  3. Химиялық реакцияның негізгі белгілері?

  4. Табиғаттағы заттар айналымы?

  5. Судың, оттектің айналымы?

  6. Көміртек пен фосфордың айналымы?





ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Көптеген жану реакциясы кезінде жылу бөлінеді. Химиялық реакциялар жылу түрінде энергия бөле немесе сіңіре жүреді. Мысалы: көмір, күкірт және метан, бензин, ағаш жанғанда жылу бөлінеді. Кейде, мысалы, азот пен оттек әрекеттесіп, азот (ІІ) оксидін түзіп, жылу сіңіріледі.

Жылу бөле жүретін реакциялар – экзотермиялық реакция. Айырылу реакциялары жатады.

Жылу сіңіре жүретін реакциялар – эндотермиялық реакциялар. Қосылу реакциялары жатады.

Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффектісі деп аталады. Жылу мөлшері – Дж немесе кДж арқылы белгіленеді.

Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар – термохимиялық теңдеулер деп аталады.



Деңгейлік тапсырмалар:

1-тапсырма:

Мына реакциялардың қайсысы эндотермиялық, қайсысы экзотермиялық екенін көрсетіңдер:

Термохимиялық теңдеу

C + O2 → CO2 + 402кДж

2Cu + O2 → 2CuO + 276кДж

H2 + I2 → 2HI – 50кДж

CH4 + 2O2 → CO2 + 2H2O + 892кДж

N+ O→2NO – 180.8кДж

2-тапсырма.

S + O2 → SO2 + 296 кДж термохимиялық теңдеуі бойынша 1 кг күкірт жанғанда, қанша энергия бөлінеді?

3-тапсырма:

Егер реакцияның термохимиялық теңдеуі мынадай болса:

2Cu + O2 → 2CuO + 311кДж

6 моль мыс оттекпен әрекеттескенде қанша энергия бөлінеді?

4-тапсырма:

Массасы 1,2 г магнийді оттекте жаққанда, 30,1 кДж жылу бөлінді. Термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер.

V. Сабақты бекіту.

1. реакцияның жылу эффекті деген не?

2. экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларға мысал келтір.

3. жылу эффекті мен жану жылуының айрмашылығы неде?

4. химиялық реакцияның жылу эффектісінің шамасы қандай факторларға тәуелді болады?

5. өрттен сақтану шаралары?

VІ. Үй тапсырмасы: 27 тақырып. 5,6,7 есеп, 73-74 бет.




































30.11.2017 11-сынып

Сабақтың тақырыбы:  Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдар.Олардың құрамы,қолданылуы. Мұнайды өңдеу әдістері.

Сабақтың білімділік мақсаты:  Оқушыларға табиғи газ, мұнай, мұнайға серік газдар. Мұнайды өңдеу әдістеріжәне өнімдері туралы мағлұматтар беру.Қазақтың қара алтыны атанған мұнайдың құрамы мен жер қыртысындатаралуына тоқталу,туған өлкедегі қазба байлықтар мекенін таныстыру.Қазақстанның мұнай өндіретінорындарымен таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:  Оқушылардың бұрынғы өтілген материалды жаңа тақырыппенбайланыстыра алу қабілетін, ой-өрісін, ойлай қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:  Қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу. Мұнайдың маңызын,әлем кеңістігіндегі рөлін түсіндіру.

Сабақтың әдісі:

 1. Баяндау
2. Интерактивті
3. Түсіндірмелі - иллюстративті

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Пәнаралық байланыс: география, физика, биология

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд-презентациялар, үлестірмелі қағаздар,лабараториялық мұнайқұймасы,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, жинақталып, мұқият сабаққа қатысуларын сұрау

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

  3. Сандар сөйлейді...

1865ж **** Хлоропренді каучук алды****М.Фарадей

1932ж**** Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынды****Н.Д.Зелинский

1825ж****Бензолды алды**** А.Кекуле

  1. Терминологиялық қобдиша

Берілген терминдердің мәнін ашу.

  1. Сөзден  іске...

Бірқатар реакция теңдеулерін жазу:1.Бензолдың галогендену

 реакциясының теңдеуін жазыңыз

2. Бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

  • Миға шабуыл: Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау.

Органикалық қосылыстар тегіне байланысты табиғи және синтездік болып екіге бөлінеді.  Табиғи органикалықзаттарға: табиғи газ, мұнай,көмір, шымтезек(торф), тақтатас т.б жатады.

Синтездік: органикалық синтез арқылы жасанды жолмен алынады.(полимерлер, дәрі-дәрмектер, каучук,жасанды синтездік талшықтар)

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы анықталды.  

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: : Көмірсутектердіңтабиғи көздері. 

Табиғи және мұнайға серік газдар.Олардың құрамы, қолданылуы. Мұнайды өңдеу әдістері.

  Тақырыбымызға сай екі топқа бөлінеміз. 1-топ: Мұнай, 2-топ: Газ

  1. Көмірсутектердің табиғи көздері (география пәні мұғалімі – Р.Т.Жумагулова түсіндіреді)

Слайд-1,2

Табиғи газ және мұнайдың кездесетін жерлері

 2.Табиғи газ, мұнайдың құрамы: (Химия пәні мұғалімі түсіндіреді)

Слайд-3

                                Табиғи газ

                                                                   азот

               Метан 90-98%              күкіртсутек

                                         Басқа да көмірсутектер       инертті газдар

       Су буы           Көмірқышқыл газы

                                     Мұнайдың құрамы

 

            Қаныққан көмірсутектер                       аромат көмірсутектері

 

                                      циклопарафиндер

              Сонымен қатар органикалық қышқылдар,күкіртсутек, күкірт органикалық қосылыстар болады.

 

Мұнайға серік газдарды үш фракцияға бөледі:

  • Құрғақ газ (СН4, С2Н6)

  • Пропан –бутан қоспасы (С3Н8, С4Н10)

  • Газды бензин (С5Н12, С6Н14)

 

3.Мұнайдың физикалық қасиеттерін анықтау үшін екі топ оқушыларына мұнай құйылған лабораториялыққұтылар таратылады.

Оқушылар түрі, түсі, агрегаттық күйі, тығыздығы туралы қорытынды жасайды.

 

                               Мұнайдың физикалық қасиеттері:

  • Жанғыш;

  • Қара,қоңыр түсті;

  • Май тәрізді;

  • Судан жеңіл;

  • Қоймалжың, сұйық зат;

  • Өзіне тән иісі бар;

  • Суда ерімейді;

  • Органикалық еріткіштерде ериді;

  • Тығыздығы- 0,73-098 г/см

  1. Мұнайды өңдеу әдістері

  2. Физикалық әдіс: мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу. Ол мұнайды айдау деп аталады.

  3. Химиялық әдіс: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және көмірсутектерді ароматтандыру немесе риформинг процесі.

 

Мұнайды өңдеуге арналған қондырғы 2 бөліктен тұрады: мұнайды қыздыруға арналған түтікті пеш жәнеректификациялық мұнара.

  1. Мұнай өнімдерін крекингілеу.

Мұнайды айдағанда алынатын бензиннің мөлшері жанармайға деген сұранысты өтей алмайды, сондықтанкөмірсутектердің ірі молекулаларын айырып,бензин фракциясына сәйкес келетін кіші молекулалы көмірсутектералады. Мұнай өнімдерін 4000-тан жоғары қыздырғанда, ауыр көмірсутектер айырыла бастайды. Оларды 400-4200 С температураға дейін қыздырып, буға айналдырған күйі екінші ректификациялық мұнарада фракцияларғабөледі. Бензиннен басқа:

   2300-2500 С аралығында -ұршық майы,

 2600-305С аралығында –машина майы

3150-3250 С аралығында – жеңіл цилиндр майы

3500-3700 аралығында – ауыр цилиндр майы бөлінеді. Ең соңында гудрон қалдық түрінде қалады.

 Мұнай өнімдерін белгілі бір қысымда үлкен молекулалы көмірсутектерді қайта өңдеу арқылы бензинді құрайтынкіші молекулаларға айналдыруды крекинг деп атайды. Крекинг процесін алғаш орыс ғалымы Шухов ұсынды.

 

 

  1. Топтарға арналған шығармашылық тапсырма:

1.«Мұнай» тобына: Мұнай және мұнай өнімдерінің қолданылуы жөнінде сызбанұсқа құру, талдау.

«Газ» тобына: Табиғи және мұнайға серік газдардың қолданылуы туралы сызба құру, түсіндіру.

2.Есептер шығару:

«Мұнай» тобына: 0,5 моль этанды дегидрлегенде түзілген этиленнің көлемін тап.

«Газ» тобына: 112 л метан жанғанда түзілген күйенің (С) зат мөлшерін тап.

  1. Білімді тиянақтау

  2. Мұнайға серік газдар

  3. Табиғи газдың негізгі құрамы

  4. Мұнайдың құрамы

  5. Мұнайды өндіру әдістері

  6. Мұнайды айдау қондырғысы

  7. Мұнай фракциясы

  8. Мұнайға серік газдарды бөлу

  9. Крекинг дегеніміз не?

 

Сабақты қорытындылап, білім ағашына өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы пікрлерін іледі.

 

Бағалау: Сабаққа қатысқан жекелеген оқушылар және жақсы қатысқан топ бағаланады.

Үйге тапсырма беру: &2.16

«Табиғи газ бен мұнайдың әлем кеңістігінде алатын орны» шағын эссе жазу.

































  1. Химиялық реакция дегеніміз не?

  2. Химиялық реакция типтері?

  3. Химиялық реакцияның негізгі белгілері?

  4. Табиғаттағы заттар айналымы?

  5. Судың, оттектің айналымы?

  6. Көміртек пен фосфордың айналымы?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдер.

Автор: Лесбаева Жайнагүл Бектұрғанқызы

Дата: 08.12.2017

Номер свидетельства: 442915


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства