kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“?аза?ты? ?лтты? ойындарын химия п?нінде пайдалануды? ма?ызы.”

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ?аза?ты? ?лтты? ойындары туралы м?лімет беру.Химия п?нін о?ыту ар?ылы ?лтты? ойындарды бойларына дарыту.?лтты? ойындарды ойнау ар?ылы мазм?нды есептерді шы?ару?а,химиялы? реакцияларды орындау?а,термин с?здерді естерінде ?алдыру?а да?дыландыру.?з хал?ыны? ?лтты? ойындарын білуге ?мтылдыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“?аза?ты? ?лтты? ойындарын химия п?нінде пайдалануды? ма?ызы.” »


Қазақтың ұлттық ойындарын химия пәнінде пайдаланудың маңызы.”

Әрбір күн өзгеріске толы. Бүгінгі жауапты кезеңде күн талабына сай оқушыларға жан-жақты білім беру әр ұстаздың ең негізгі міндеті. Елдің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ . Ал жас ұрпақтың білімді,тәрбиелі,саналы, бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуі, ол ұстазға байланысты. Сондықтан да мұғалім әрбір сабақты түрлендіріп, оны оқушылар жалықпайтындай етіп өткізу керек. Оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беруі керек.

Мектепте химия пәні оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Алайда бұл пәнді кейбір оқушылар тез игеріп кете алмайды. Сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті де, қызығушылығы да әр түрлі. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақ бойы оларды белсенді қалыпта ұстап, сабақты өз бетінше меңгеруге құлшындырып, ынтасын арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдістерін іс-тәжірибеде қолдану міндеті мұғалімдерге жүктеледі.Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі-ұлттық ойындарды қолдану болу табылады. Химия сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады және қазағымыздың ұлттық ойындарын ұмытпауға септігін тигізеді.Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындары. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданып жатыр. Сондай оқу – тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойын және тәрбие. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Халық ойындарын химия сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Химия сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы: ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасын тексеруге оқушылардың түгел қатысуына мүмкіндік туғызады. Ортасында оқушылардың шаршағанын басып, сергіту жаттығуы мақсатында қолданылады. Сабақтың соңында сабақты бекіту немесе сол сабақтан алған білімді жинақтау.Химия сабағында «қиын ұғымдарды,термин сөздерді,мазмұнды есептерді,реакцияларды» баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес.Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді. Мысалы "Орамал тастау"ойыны

(Топтан қысқа тез жауап алатын сұрақ қоямыз.)

Химиялық жұмбақтар шешу

1.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепіреді

«А» деген элемент.

Бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі ешуақытта жанып көрген емес.

Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Оттегі)

2. «В» деген элемент қай металдың болсын орнын басуға әзір- ақ ,

бірақ қанша буырқанса да , одан металл шығып көрген емес.

Ойлаңызшы бұл қай элемент (Сутегі)

3. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ,

екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент.

Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Неон)

"Сырыққа шығу"ойыны.

Реакция тендеулерін аяқтау

Бірінші топқа. P + O2 ═ ; S + O2═ ;

Екінші топқа. P + H2 = ; P + Zn =

"Теңге ату"ойыны.

Әр топ өздері дайындап әкелген тест тапсырмаларымен алмасады.

Бес сұрақтан болуы тиіс.

Тест сұрактары.

Протон тобы:

1)ІІ-ші период, ІҮ-ші топтың негізгі топшасының элементі: а) Ва; б) С; в) АІ.

Периодтық жүйеде элементтердің көлденең бағыттағы жиынтығы қалай аталады?

а) период; б) топ ; в) қатар

2) Са – атомында қанша а) протон 20, нейтрон 20; б) протон 20, нейтрон 40; в) протон 40, нейтрон 40.

З) Мg – атомында қанша а) протон 12, нейтрон 12; б) протон 12, нейтрон 24; в) протон 24, нейтрон 12

Электрон тобы;

Периодтық жүйеде элементтердің тік (вертикал) бағыттағы жиынтығы қалай аталады? а) период; б) топ; в) қатар

1) Қышқылдарды көрсет

а) H2 SO4, HCI,. H3PO4; б) K2O, BaO , CO2; в) НСІ, Са(ОН)2, АІ2О3

2) Мына қосылыста Н2РО3 фосфор неше валентті:

а) екі ; б) төрт ; в) бес.

Химия сабағында оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы зор. Өйткені логикалық ойлау арқылы оқушының шығармашылық қабілеттері дамиды, ол өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді. Шығармашылықпен еңбек ететін оқушыда логикалық ойлау зеректігі, терең білім алу қабілеті дамиды.

«Сенің елдігің - тарихыңды зерттеуден басталады»,- деген Қадыр Мырзалиев сөзі де адамға көп ой салады. Сондықтан шәкірттерімді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі,адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу міндеттімін. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз. Дарын иелерін таңдау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, келешегіне жол сілтеу, құқығын қорғау басты мақсатым. Өйткені талантты, шығармашыл оқушы басқалармен салыстырғанда қоғамға көп пайда әкеледі.


Орындаған: Жаумбаева Гулзар Сайлауовна

Новенький ЖОББМ



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
“?аза?ты? ?лтты? ойындарын химия п?нінде пайдалануды? ма?ызы.”

Автор: Жаумбаева Гулзар Сайлауовна

Дата: 25.01.2015

Номер свидетельства: 161166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства