1. «Галерея» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан сурет (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіледі жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Суретте не бейнеленгенін сұрау арқылы сабақ тақырыбына назар аударту. Жаңа сабақтың мақсаттарымен таныстырылады. 2. «Дауыстап ойлау» әдісі арқылы жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді. «Сен білесің бе?» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмаларды жеке орындайды. Саралау тапсырмасы. 1)Әр энергетикалық деңгейде болатын электрондардың максимал саны қалай анықталады? 2)Берілген атомдар үшін Бор диаграммасын құрастырыңдар: а) көміртек, ә) фтор, б) кремний, в) хлор 3) көміртек пен азоттың, көміртек пен кремний атомдарының құрылысын салыстырыңдар. 4)Қай элементте 13 электрон бар? 5)Келесі сөйлемдерде қандай элементтер туралы айтылған? а) 5 протоны бар элемент; ә) 20 нейтроны бар, 20 протоны бар элемент. 6)Төменде қай электрон бұлттар бейнеленген: 7)Кестені толтырыңыз: Атомның электрондық құрылысы | Элемент | 1s2 2s1 | | 1s2 2s2 2p1 | | 1s2 2s2 2p3 | | 1s2 2s2 2p5 | | 1s2 2s2 2p6 | | | | Дескриптор 1.Әр энергетикалық деңгейде болатын электрондардың максимал санын анықтай алады. 2.Электрондық бұлттарды бейнелей алады. Орбитальдарға электрондарды орналастыра алады. 3.Элементтердің электрондық конфигурациясын жаза алады. |