І. Қызығушылығын ояту Электролиттердің молекулалары толық диссоциациялана ма әлде жартылай диссоциациялана ма? Электролиттердің диссоциациялануы неге байланысты? Бірдей мөлшерде, бірдей концентрацияда алынған тұз және сірке қышқылының электрөткізгіштігіне жүргізілген көрнекті тәжірибенің негізінде, оқушылар бұл ерітінділердің электрөткізгіштігі әртүрлі болатыны туралы қорытынды жасайды. ІІ. Мағынаны тану Тұз қышқылы сірке қышқылына қарағанда иондарға көбірек диссоциацияланады. «Диссоциациялану дәрежесі» ұғымы және α = — .... (мұндағы n – иондарға ыдыраған бөлшектер саны, N – еріген молекуланың жалпы саны) формуласының мәнін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы, 20С0-та тұз қышқылының концентрациясы с (НСl) = 0.9 моль/л болған жағдайда диссоциациялану дәрежесі: α = 0,91 немесе 91%. Содан соң оқушыларға деңгейлі тапсырмалар бойынша оқулықпен өзіндік жұмыс орындау ұсынылады. Тапсырма. Оқулықты пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер. 1.«Ерітіндіде сірке сірке қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,013% немесе 1,3%-ке тең» деген сөйлем нені білдіреді? 2.Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуладан: а) 70; ә) 5 молекула ионға ыдыраған жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең болады? 3. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі класына жататын электролиттерге 2 мысалдан келтіріңдер: а) күшті; ә) орташа; б) әлсіз. 4. Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуланың 70-і немесе 10-ы иондарға ыдыраған жағдайда, электролиттің диссоциациялану дәрежесі неге тең? 5. Диссоциациялану дәрежесі 0,31%-ке, 50%-ке, 25%-ке тең дегенді қалай түсінуге болады? Мұғалімнің мүмкіндігіне қарай диссоциациялану дәрежесінің концентрацияға, температураға және электролиттің табиғатына тәуелділігін экспериментті түрде көрсетуіне болады. Мысалы, электрөткізгіштікті сынайтын аспапты пайдаланып, сірке қышқылының электрөткізгіштігін тексеруді қарастырамыз. Алғаш электр шамы әлсіз ғана жылтыраса, ерітіндіге су құйған сайын шам жарқырап, жануы күшейе түседі. Диссоциациялану дәрежесінің электролиттің табиғатына тәуелділігін NaOH және KOH, HF және HCl электролиттерінің электрөткізгіштігін салыстыру мысалында қарастырамыз. Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану дәрежесінің температураға тәуелділігін де көрсетуге болады. Бұл үшін құралдың жоғары жағындағы сымғ амперметрді қосамыз, ал электрөткізгіштікті сынайтын аспапты стақандағы қыздырылған (қайнатуға жеткізбей) және қыздырылмаған сірке қышқылының ерітіндісіне саламыз. Күшті және әлсіз электролиттер туралы ұғым бекіту үшін оларменг бірге мынадай кестені толтыруға болады. |