Просмотр содержимого документа
«Бейорганикалы? кластар арасында?ы генетикалы? байланыс та?ырыбына саба? жоспары»
Тақырып: Бейорганикалық кластар арасындағы генетикалық байланыс
Мақсаты: І. Оқушылардың тарау бойынша алған
білімдерін тексеру, пысықтау, тиянақтау.
ІІ. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін
арттыру, бағыт-бағдар бере отырып,
өздіктерінен жұмыс жасай білуге үйрету,
жұмыс дағдысын нығайту.
ІІІ. Химия ұғымының сабақтастығын қалып-
тастыру, еңбекке баулу.
Сабақ жоспары:
Бейорганикалық кластар бойынша формула құрастыру
Реакция теңдеуін аяқтау
Есептер шығару
4.Сергіту сәті
5.Сарамандық жұмыс
Ойды жинақтау
Бейорганикалық кластар бойынша формула құрастыру
Na2 O2 NO3 CO3 К СІ
Реакциятеңдеуінаяқта
І топ Х+ НС1 = АІCl3 + Y
СаО + СО2 = Х
ІІ топ Х + Fe(OH)3 = FeCl3+Y
X+Y = К2SО4 +H2O
ІІІ топ SiO2 +X = Na2SiO3+Y
Na2CO3 +X = NaCl +CO2+ Y
IVтопХ + НС1 = АІCl3 + Y
Na2CO3 +X = NaCl +CO2+ Y
2АІ + 6НС1 = 2АІCl3 + 3H2
СаО + СО2 = СаСО3
6НС1 + 2Fe(OH)3 = 2 FeCl3+3H2O
2КОН+ Н2SО4 = К2SО4 +2H2O
SiO2 +2NaОН= Na2SiO3+H2O
Na2CO3 + 2НС1= 2NaCl +CO2+ H2O
Есептершығару
І есеп
18г көміртегі жанғанда түзілген көмір қышқыл газының массасын
анықта: Химиялық реакция теңдеуі: С + О2 → С О2
Берілгені : Шешуі:
Т/к:
ІІ есеп
Реакцияның термохимиялық теңдеуі: S + O2 = SO2 + 297кДж. 1 кг. күкірт оксиді түзілгенде бөлінетін жылу мөлшерін және осы реакцияға жұмсалатын оттегінің көлемін есептеңіз:
Берілгені: Шешуі:
Т/к:
ІІІ есеп
Аллюминийдің күкірт қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін құрастырыңыз. 9г. аллюминий қышқылды «ерігенде» бөлінетін сутектің (қ.ж.) көлемін есептеңіз.
Берілгені: Шешуі:
Т/к:
Сергіту сәті
Берілген формулаларды ата және олар қай класка жататынын есіне түсір
Сарамандық жұмыс
Тұздарды алу
Қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі.
Мынадай айналымдардың теңдеулерін құрыңдар
1. С→ СО2 → Н2СО3 → СаСО3 → Са О
2.Fe → Fe2О3 → FeCl3 → Fe(OH)3 → Fe2(SО4)3
3. АІ → АІCl3 → АІ(OH)3 → АІ2O3 → АІ(NO3)3
4. S → SO2 → SO3 → H2SO4 → BaSO4
Химиялық элементтер
→
Металдар Бейметалдар
→ →
Негіздік оксидтер Қышқылдық оксидтер
→
→
Негіздер Қышқылдар
→ →
Тұздар
Үйге тапсырма:
$: 49. 129 бет, №6-№8
Cабақтың тақырыбы: Галогендер.Хлорсутек,тұз қышқылы мен хлоридтер. Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық маңызы.
Мақсаты: Білімділік: Хлор.Галогендер.Хлорсутек,тұз қышқылы мен хлоридтер. Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық маңызына сипаттама беру Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа қызығуышылығын ояту, танымдық,ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, жұмыс дағдысын нығайту. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жеке тұлға болып қалыптасуға, жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу . Көрнекілігі: Тірек сызба,слайдтар. Сабақтың түрі: СТО технологиясы бойынша оқыту Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару,химиялық монтаж,тәжірибелер. Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, қазақ әдебиеті, физика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын
сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Айналуларды жүзеге асырыңдар
H₂ HCI KCI K₂SO4 K3PO4
ІІІ. Жаңа сабақ « Мағынаны тану» Галогендер.Хлорсутек,тұз қышқылы мен хлоридтер.Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық маңызы.
Хлор галогендерге кіретін улы зат. Ол мұхит пен көлдерде тас тұзы түрінде кездеседі. Хлорды 1774 жылы швед химигі Карл Вильгельм Шееле ашқан.Ол хлорды марганец диоксидінің тұз (хлорсутегі) қышқылымен әрекеттесуі кезінде алған.Ал 1810 жылы ағылшын химигі Хемфри Деви оны химиялық элемент ретінде анықтаған.
Хлордың қолданылуы:
1. Суды,сонымен қатар бассейндердегі суды тазалауда;
2. Сұйық және ұнтақ тәрізді түрдегі хлор ізбесін дайындауда;
3. Метилен хлориді,хлороформ мен көміртегі тетрахлориді сияқты хлороорганикалық еріткіштер өндірісінде;
4. Күкірт хлориді мен тионил хлориді сияқты маңызды бейорганикалық химиялық заттар алуда;
5. Киім – кешек ағартқышын,дезинфекциялаушы құралдар,инсектицидтер,пластмассалар мен тұз қышқылын дайындауда;
6. Бояулар,аэрозольдар және зымыран отыны өнеркәсібінде қолданылады.
ХЛОР – ЖАСЫЛ САРЫ ТҮСТІ ГАЗ
Хлор қосылыстары ас тұзы,мүсәтір адам баласына өте ертеден белгілі, ал элементтік хлор болса, белгілі болғанына аса көп уақыт болған жоқ. 1772 жылы ағылшын ғалымы Джозеф Пристли ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде түссіз газ бөлінгенін байқайды.
Ол газды сынап бетіне жинап,ол мурия қышқылы деп атады ( «Мурия» - тұздық,тұзды су). Одан екі жыл кейін 1774 жылы Швед химигі К.Шееле мурия қышқылының қасиеттерін зерттеуге кірісті. Ол бірде мурия қышқылын пиролюзитке,марганецтің (IV) табиғи оксиді әсер еткенде сары – жасыл түсті газ түзілгенін көрді. Дегенмен К.Шееле жаңа элемент алдым деп ойламады да, тек мурия қышқылынан флогистон сызданған ауаны бөлім алдым деп есептеді. Тек 1810 жылы ағылшын химигі Г.Дэви көптеген тәжірибелерден кейін К.Шееле бөліп алған газдың жай зат екенін анықтады. Жаңа элементке Г.Дэви түсіне сәйкес «Chlorine» «хлорин» (грекше «хлорос» сары – жасыл) деген ат берді. Кейінірек 1812 жылы француз химигі Ж.Л.Гей – Люссак ол атты «хлор» деп өзгертті,бұлай айту қолайлы болды, дегенмен Англия мен АҚШ – та қазіргі дейін Г.Дэви қойғандай атап келеді
Хлордың алынуы
Хлорды натрий фториді немесе балқыған натрий фторидінен электр тогын өткізу арқылы алады. Бұл процесс индустриядағы ең маңызды саудалық процестердің бірі болып табылады,ал реакция нәтижесінде түзілген өнімдер – натрий гидроксиді мен хлор – ең көп қолданатын материалдар. Су ерітіндісімен әрекеттескенде сутегі түзіледі.
Хлордың қасиеттері
Жасыл – сары түсті улы газ.
Өткір иісі бар газ.
Ылғалды ауада түтіндейді.
Сутегімен жарылғыш реакциясы кезінде сутегі хлориді түзіледі.
Сумен әрекеттескенде,сутегі хлориді мен сутегі гипохлоридінен тұратын қосынды түзіледі:
СІ2 + Н2О НСІО + НСІ
Хлор натрий гидроксидінің суық ерітіндісімен реакцияға түскенде натрий хлориді мен натрий гипохлориді түзіледі:
СІ2 + 2NaOH NaCI + NaOCI + H2O
Хлор натрий гидроксидінің ыстық ерітіндісімен реакцияға түскенде натрий хлориді мен натрий хлоратының қосындысы түзіледі:
3CI2 + 6NaOH 5NaCI + NaCIO3 + 3H2O
Хлорлылау қышқылы өте әлсіз және ерітіндіде тұрақсыз. Молекулаішілік тотығу – тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде ол біртіндеп сутек хлоридіне және оттекке ыдырайды:
+1+1 -2 -1 0
НСIО = НСI + О
Бұл кезде реакциялық қабілеті жоғары атомдық оттек бөлінеді. Сондықтан жаңа дайындалған хлор суы – күшті тотықтырғыш,ол сондай – ақ кейбір реакцияларды жүргізгенде хлор көзі ретінде қолданылуы мүмкін. Хлор күйдіргіш натр ерітіндісімен хлорлылау қышқылының тұздарын (гипохлорит) және натрий хлоридін түзе әрекеттеседі:
0 +1 -1
СI2 + 2NaOH = NaCI + H2O
Хлорсутек,тұз қышқылы және хлоридтер.
Хлорсутек НСІ – түссіз газ, ауадан ауыр.Судың бір көлемінде 500 көлемге жуық хлорсутек ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.
Концентрлі күкірт қышқылы мен натрий хлоридін әрекеттестіру арқылы хлорсутекті алуға болады:
NaCI + H2SO4 = NaHSO4 + HCI
Қайнатқанда NaHSO4 натрий хлоридіне әсер етіп, Na2SO4 және НСІ түзе әрекеттеседі:
NaHSO4 + NaCI = Na2SO4 + HCI
Бірақ та бұл әдіс қымбатқа түседі (күкірт қышқылының шығымын қажет етеді),ал алынған хлорсутек аса таза болмайды.
Қазіргі кезде хлорсутекті синтездік жолмен – хлор ағынында сутекті жағу арқылы алады:
Н2 + СІ2 = 2НСІ
Алынған хлорсутекті суда еріткенде,күшті қышқылдар қатарына жататын тұз қышқылы түзіледі.
Тұз қышқылы электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдармен,оксидтермен және көптеген металдардың гидроксидтерімен әрекеттеседі. Ол кейбір тұздардың ерітінділерімен алмасу реакциясына түседі:
Zn + 2HCI = ZnCI2 + H2
MgO + 2HCI = MgCI2 + H2O
NaOH + HCI = NaCI + H2O
AgNO3 + HCI = AgCI + HNO3
Мынадай жағдайларға көңіл аудару қажет. Егер хлордың суда еру процесі қайтымды болса,хлор сілтіде еріген кезде тепе – теңдік толығымен оң жаққа ығысады. Мұны реакция нәтижесінде қышқыл емес,олардың тұздары және аз диссоциацияланатын қосылыс – судың түзілуімен түсіндіруге болады.
Газтектес хлор кальций гидроксидімен де (сөндірілген әк) хлорлы немесе ағартқыш әкті түзіп әрекеттседі,негізгі құрамдық бөлігі СаОСІ2 тұзы болып табылады:
СI2 + Са (ОН)2 = СаОСI2 + Н2О
Осылай хлорлы әкті – тұз және хлорлылау қышқылының аралас тұзы түрінде қарастыруға болады.
Хлорлы әк – хлордың өткір иісі бар, ақ ұнтақ,күшті тотықтырғыш. Оны маталарды,қағаздарды ағартуда дезинфекциялаушы зат ретінде қолданады. Хлорлы әктің бұл қасиеттері ауада СО2 және ылғал әсерінен мына реакцияның жүруімен түсіндіріледі:
2СаОСI2 + СО2 + Н2О = CaCO3 + CaCI2 + 2HCIO
Бұл реакцияның жүру себебі хлорлылау қышқыл көмір қышқылына қарағанда әлсіз,демек,тұздарынан ығыстырылады. Түзілген НСIО жоғарыда айтылғандай атомдық оттек түзе ыдырайды,ол хлорлы әктің тотықтырғыш,ағартқыш және дезинфекциялағыш қасиеттеріне себепші болады.
Хлор белсенді элементтер қатарына жатады.Ол қалыпты жағдайда көптеген металдармен қосылады Хлор қалыпты жағдайда сутекпен баяу әрекеттеседі,ал жарықта немесе қыздырғанда жарылыс бере жүреді, бұл реакцияның тізбекті механизмімен түсіндіріледі.
Хлорсутек – тұншықтырғыш иісті,суда жақсы еритін түссіз газ. Сулы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады. Тұз қышқылының көптеген тұздары (күміс,қорғасын,бір валентті сынап және мыс тұздарынан басқа) суда жақсы ериді.
Хлорид иондарының күміс иондарымен әрекеттесу кезінде AgСІ тұнбасының түзілуі, хлор иондарына сапалық реакция болып табылады.
Сен білесің бе? ...
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде хлор химиялық шабуылда алғаш рет қолданылған. Ол тұншықтырады,шырышты қабықты тітіркендіреді, ал сұйық хлор теріні күйікке шалдырады.
Тұз қышқылының тұздары.
Тұз қышқылының тұздары хлоридтер деп аталады. Олардың көпшілігі суда ериді,тек күміс,қорғасын,бір валентті сынап және мыс хлоридтері ерімейді. СІ – иондарының Ag+ иондарымен әрекеттесуі кезінде AgСІ тұнбасының түзілуі – хлор ионына сапалық реакция болып табылады. Тұз қышқылының маңызды тұздарына – натрий,калий,мырыш кальций тұздары және т.б. жатады.
Натрий хлориді немесе ас тұзы тамақ өнеркәсібінде қолданылады,сондай – ақ хлор, натрий,тұз қышқылы,натрий гидроксиді,сода және т.б. Алуда негізгі шикізат болып табылады.
Калий хлориді – маңызды минералды тыңайтқыш.
Мырыш хлоридінің ерітіндісін темір жол шпалдарына сіңіріп шіруден сақтау үшін,сондай – ақ дәнекерлеу кезінде пайдаланады.
Кальций хлориді – суытқыш қоспа дайындауға қажет. Сусыз СаСІ2 газдарды кептіру үшін қолданылады.
Йод.
Йод – галогендерге кіретін бейметалды химиялық элемент. Ол – галоген
дердің ішінде ең ауыр және жерде сирек кездесетін элемент. Ол теңіз суында еріген йодидтер түрінде,кейбір минералдарда және топырақта кездеседі. Йод Менделеев кестесінің ХVII тобында орналасқан.
Йодтың қасиеттері
Көгілдір,қара түсті,жылтыр,қатты элемент.
Суда аздап еріп,сары түсті ерітінді түзеді.
Өткір иісі бар.
Йод аммоний гидроксидімен әрекеттескенде йодидтер түзіледі.
Йодтың қолданылуы
Йод дезинфикциялаушы құрал ретінде қолданылады.
Оны фотография процесінде пайдаланады.
Йодты бояғыш заттар мен дәрі дәрмек өндірісінде пайдаланады.
Аналитикалық химияда оны реагент ретінде қолданады.
Оны гермицидтер мен антисептиктер жасауда пайдаланады.
Йодты медецинада йодоформ және йод тұнбасы түрінде қолданады.
Ол ішуге жарамды суды дайындауға арналған суды тазалау таблеткаларының ингредиенті болып табылады.
Йод – өзінің күлгін буына сай аталған элемент.
Йодты 1811 жылы француздын шағын фабриканты сабын мен селитра қайнатушы химик – технолог Бернар Куртуа ашқан. Йод өзі ашылғанға дейін қосылыстары да белгісіз болған элемент. Көптеген басқа елдердегі сияқты Францияда да теңіз балдырларын жағып,сода алатын да,одан сабын қайнатып,оқ – дәріге керекті селитра өндіретін. Ол өзінің қабілетін сода алатын теңіз балдырларының күлін зерттеуге арнайды. Оны күл ерітіндісін қайнататын мыс қазандардың неліктен ерте бүлінетіңдігі мен күлден қажетті тұздарды алғаннан кейінгі қалдықтың нендей заттардан тұратындығын білу қызықтырады. Куртуа қазандағы қалдық ерітіндіге әр түрлі реагенттермен әсер етіп көреді. Бірде ол ерітіндіге концентрациялы күкірт қышқылымен әсер еткенде күлгін түті ауыр будың бөлінгенін байқайды. Ол жаңа зат болып шықты. Оны зерттеумен әр елдің ғалымдары айналысты. 1813 жылы Жозеф Гей – Люссак пен Хэмфри Дэвидің бұл зат туралы ғылыми мақалалары жарық көрді.Бір жылдан кейін бұл ғалымдар Куртуа ашқан заттың элемент екенін тағайындап,жаңа элементті грекше күлгін түсті деген сөзге сәйкес йод деп атады.
Йодтың адам өміріндегі маңызы
Осы жайында тағы бір шындыққа ұқсас әзіл әңгіме бар. Бірде Куртуаның иығындағы мысығы қарғып түсіп күкірт қышқылы бар шөлмекті қағып кетіпті де,ондағы қышқыл балдыр күлінің үстіне төгіліпті,одан будақтаған күлгін бу бөлініпті дейді. Куртуа йодты осылай кездейсоқ ашыпты – мыс. Куртуаның йодты ашу жөнінде Ж.Гей – Люссак,Х.Дэви,т.б. Кейбір ғалымдар болмаса,кезінде оның жаңалығына ешкім де мән бермеген,мойындамаған. Тек жүз жылдан кейін ғана француздар оны еске алып,оның тұрған көшесін Куртуаның есімімен атаған.
Йодтың алынуы
1.Йодты теңіз балдырларын жаққан кезде пайда болатын күлден алады.
2. Натрий хлориді,калий хлориді мен калий сульфаты сияқты тұздарды сумен жуып,күлден тазартады.
3. Қалдықты марганец диоксиді мен концентрациялы күкірт қышқылымен қыздырып,таза йод алады:
2I(-) + MnO2 + H(+) Mn(2-) + 2H2O + I2
Сен білесің бе?...
Йод – 131 – қалқанша бездерін емдеуде пайдаланатын йодтың радиоактивті изотопы.
БРОМ
Бром – қалыпты бөлме температурасында сұйықтыққа айналатын жалғыз бейметалды элемент. Ол – галогендердің үшінші мүшесі және көптеген бейорганикалық заттарда кездесетін табиғи элемент. Бром Менделеев кестесінің ХVII тобында орналасқан.
БРОМНЫҢ АЛЫНУЫ
Бром теңіз суында натрий бромиді сияқты бром тұздары (NaBr) түрінде кездеседі.
Ең алдымен,натрий бромиді немесе калий бромиді бар теңіз суына хлорды қосады.
Содан кейін газ тәрізді хлорды бром иондары бар сұйықтықтан өткізеді.
Соның нәтижесінде элементарлы бром бөлінеді.
2Br(-) + CI2 Br2 + 2CI(-)
Сен білесің бе?...
Бром теріні, тыныс алу жүйесін,ас қорыту жолын зақымдайтын,тіпті өлімге әкелуі мүмін улы сұйықтық.
БРОМНЫҢ АШЫЛУЫ
1826 жылы француз химигі Антуан Жером Балард химиялық элемент ретінде бромды хлордан бөліп ашқан.
БРОМНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Қызыл – қоңыр түсті сұйықтық.
Эфирлер,спирттер мен көміртегі тетрахлориді сияқты органикалық сұйықтарда ериді.
Сумен әрекеттескенде сутегі бромиді (HBr) мен гипобромды қышқылы (HBrO) түзіледі:
Br2 + H2O HBr + HBrO
4. Платина мен палладий сияқты белсенді емес металдармен реакцияға түсетін жоғары белсенді элемент.
5. Калиймен реакцияға түскенде жарылыс түзіледі
БРОМНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Бромды:
Жануды бәсеңдететін материалдар дайындауда;
Ұңғыларды бұрғылауда;
Зиянды жәндіктерді жоятын пестицид пен химикаттар өндірісінде;
Фотографиялық қосылыстарда,табиғи мұнай мен газ шығаруда;
Бояулар дайындауда;
Алтын өндіруде қолданады.
БРОМ – САСЫҚ ЭЛЕМЕНТ
Бромның ашылу тарихы біреулерге абырой атақ әперсе,екінші біреулерге орны толмас өкініш әкелген элемент.Бромды үш бірдей химик қолына алып тұрып,оның екеуі абайсыза қолдарынан шығарып алған.Бромның ашылған жылы 1826 жыл деп есептелінеді.Оны ашқан франциялық жас химик,Монпелье қаласындағы университетінің пепараторы Антуан Жером Балар (Баляр).
Балар алғаш профессор Ангаданың басшылығымен шалшықтардың ащы суын зерттеумен айналысады.Ол суды суалту арқылы ас тұзының кристалдарын бөліп алғанда,суда натрий сульфатының қалғанын байқайды. Қалған ащы суды жете тексеру мақсатында оған хлор жібергенде су қызыл – қоңыр түске боялған.Ол кейін бұл тәжірибені теңіз суына да жасаған.Онда бұл құбылыс шалшық судадағыдан да қызықты нәтижелер берген. Теңіз суындағы бөлінген қоңыр – қызыл түсті сұйықты эфирде ерітіп,бөліп алып зерттегенде жаңа элементке тап болған.Балар алғаш бұл сұйық металл болар деп жорамалдаған,оған «мудрид» (латынша «muria» - суалтқан ерітінді) деген ат берген.Балар өз жаңалығын 30 – қараша, 1825 жылы Париж ғылым академиясына хабарлайды.1826 жылы шілдеде оның жұмысы тыңдалып,комиссия құрылады.Комиссия құрамына белгілі үш химик кіреді,олар: Луи Никола Воклен,Луи Тенар және Жозеф Гей – Люссак.Барлығы да Монпельенің жас химигінің мәлімдегеніндей біріне сәйкес хлор йод тәрізді атау керек екенін ескертеді.Осылайша бром герекше (бромос «Вготоа» сасық деген сөз) иісіне сәйкес аталыпты.
ФТОР
Фтор – Менделеев кестесінің ХVII тобында орналасқан ең жеңіл галоген. Ол фтор шпаты,фторапатит пен криолит сияқты минералдарда кездеседі.
ФТОРДЫҢ АЛЫНУЫ
Фторды сутегі фториді мен калий фторидінен құралған қосынды арқылы электр тогын өткізіп алады. Бұл тәсіл Муассан тәсілі ретінде белгілі.
ФТОРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Өзіне тән өткір иісі бар,сары түсті газ.
Сумен араласқанда жарылғыш сипаттағы реакция өтеді және сутегі фториді түзіледі:
2F2 + 2H2O 4HF + O2
3. Ол броммен,йодпен реакцияға түскенде түссіз сұйықтықтар түзеді.
БҮЛДІРГІШ ФТОР
Ғалымдар фторды зерттеушілерге көп қайғы – қасірет әкелген «күнәһар» элемент деп санайды. Фтор элементінің ашылуы әңгіме етіп айтарлық үлкен бір өкінішті уақиға. Адам баласы құрамында фторы бар кейбір минералдарды бұрыннан білген. Бірақ өздеріне үйреншікті флюоритте ажал әкелетін жаңа элементтің бар екенін білген жоқ.Флюориттің құрамынан балқытқыш қышқылдың алынуы мұң екен: енді ғалымдар флюоритті зерттеуге баса назар аударды.
Балқытқыш қышқылдың бөлініп алынған жылы (1771 ж.) фтор элементінің ашылған жылы болып саналады.
Ең соңында фторды бос күйінде француз химигі Анри Муассон 1886 жылы фторсутек қышқылына (балқытқыш қышқыл) фторлы калийді араластырып,электролиздеу арқылы алады. Осы кезде А.Муассон да бір көзінен айырылып, мүгедек болып қалды.
Фтор органикалық қосылыстар синтездеуде,шыны өңдеуде,ағашты шіруден сақтауда т.б. мақсаттарда қолданылады. Фтор өсімдіктер мен жан – жануарлар,адам өміріңде де елеулі рөл атқарады. Ауыз судың құрамында фтор жетіспесе тіс аурулары пайда болады,т.б.
Сен білесің бе?...
Фтор – жоғары қысым мен температурада оқшау газдармен қоса барлық элементтермен әрекеттесетін ең белсенді элемент.
Фтордың қолдынылуы
Фреондар суытқыштар өндірісінде;
Органикалық фторлы қосылыстар синтезінде;
Центрифугаларда уран изотоптарын бөлуге арналған уран гексафторидін алуда;
Тіс пастасын дайындауда;
Тістердің бүлінуін тоқтату үшін су ерітінділерінде қолданылады.
ІV. Бекіту:
Химиялық монтаж – галогендер.
Периодтық жүйенің жетінші топшасында орналасқан төрт элемент фтор,хлор,бром,йод. Олардың ішінде фтор,хлор – газ, бром – сұйық, йод – қатты зат. Бұлар галогендер деп аталады. Ол грек сөзі «гальс» - тұз түзуші деген сөз. Шыныңда да бұл төрт элемент металдармен қосылып тұздар түзеді.Ол тұздардың адам баласының өмірінде орасан зор маңызы бар. Галогендер жөнінде жүргізуші сөз алады.
Жүргізуші:
Ғалымдар іздеп жаңалық,
Элемент ашты сан алып.
Олардың бәрін білеміз,
Тұр кестеде қамалып!
Галогендер қатары,
Жақындап бері келіңдер!
Таныстырып біздерге,
Сыр шертіп бір беріңдер!
Фтор:
Жұртқа әйкілі кесірі,
Галогендер өкілі
Тоғызыншы торға қамалған
Фтор сері мен болам! –
деп бас иіп өзін таныстырады.Сөзін ары қарай жалғастырып:
Иісім күшті,сары түсті Қосылысымды кальциймен,
Активтігім керемет. Білесің бе шпатты.
Мендей ылаң,зиян қылған Қорытқанда металды,
Болмапты еш элемент! Шихтаға соны қосады.
Талай ғылым қиған жанын Дифтордихлор метанның.
Мені табу кезінде, Қасиеті соншалық
Сутекті мен шын көңілмен «Фреон» - деп атайды.
Қосып алып өзіме. Қолдан аяз тудырам.
Аспанға аттым аспаптарын Негізделіп осыған
Дэви,Нокс Георгтың Тоңазытқыш жасайды.
Сөйтіп жүріп,Муассон атты Қосылысым тағы бар
Ер ғалымға жолықтым. Тетрафтор этилен
Тұзағымды алып,суға салып Полимерім тамаша
Электролиз жолымен. Пластмасса,тефлон
Аты шулы,аса улы Қышқылға,суға төзімді,
Таза затым алынды. Пайдаланады жер - көкте
Тұрмыстан тек,ыдысты жеп Өмірдің жаңа көзі деп
Зығыр қылдым әркімді, Айтпаған мені ел текке
Сонымен мен шыны жеген Баяндадым мен достар,
Озбыр газбын әйгілі, Азды – көпті сырымды.
Сөз берейік ендеше
Жетекшіміз сөз,ертекке! –
Жүргізуші:
Жетер фтор!
Күшіңе де,ісіңе де,
Қауым берер төрелік.
Келші бері,хлор енді
Сені тыңдап көрелік!
Осы кезде жайлап басып жасыл сары халат киген хлор сахнаға шығады. Оның төсінде және арқасында үлкен етіп,хлор деп жазған таңбасы бар. Өзін таныстырып хлор сөйлеп кетеді.
Хлор:
Газбын өткір,иісті, Бишофит деп атайды. Мен де алғаш ешкімге көнбедім.
Салмағым ауыр ауадан. Кальцийменен қоспамнан, Ақыры ғалымға бағындым
Өткен талай соғыста, Кептіргіштер жасайды. Жап – жасыл газ болып алындым.
Тұншыққан менен көп адам. Сынапты қоспам бар жерде Түсіме қарап хлор деп атады,
Емеспін мен зиянды, Бактерия болмайды. Менен көптеген улы препарат жасады
Жақтарым көп пайдалы. Жерде де,мұхитта да,көлде де Суды мен микробтан тазарттым,
Білесің бе ас тұзын, Кездесем дала мен шөлде де, Матаны қардай ғып ағарттым.
Көрдің бе,онсыз ас ішіп. Бос жүру жағына осал ем Қағазды,каучукты,дәріні,
Қосылысымнан күмісті Қосылам бар жерде металмен Алуда мені адам жараттың.
Фото қағаз алады Глаубер де,Шееле де,Пристли де, О,Адамзат кенеттен,
Магниймен қоспамды, Алам деп өзімді бос күйде. Өзіне жау қылдың аздаған.
Жұмсады ұзақ жыл еңбегін, Мен түзген фосген мен ипприттен,
Жасадың қырғынның қаруын.
Жүргізуші:
Жетер фтор!
Күшіңе де,ісіңе де,
Қауым берер төрелік.
Келші бері,хлор енді
Сені тыңдап көрелік!
Осы кезде жайлап басып жасыл сары халат киген хлор сахнаға шығады. Оның төсінде және арқасында үлкен етіп,хлор деп жазған таңбасы бар. Өзін таныстырып хлор сөйлеп кетеді.
Хлор:
Газбын өткір,иісті, Бишофит деп атайды. Мен де алғаш ешкімге көнбедім.
Салмағым ауыр ауадан. Кальцийменен қоспамнан, Ақыры ғалымға бағындым
Өткен талай соғыста, Кептіргіштер жасайды. Жап – жасыл газ болып алындым.
Тұншыққан менен көп адам. Сынапты қоспам бар жерде Түсіме қарап хлор деп атады,
Емеспін мен зиянды, Бактерия болмайды. Менен көптеген улы препарат жасады
Жақтарым көп пайдалы. Жерде де,мұхитта да,көлде де Суды мен микробтан тазарттым,
Білесің бе ас тұзын, Кездесем дала мен шөлде де, Матаны қардай ғып ағарттым.
Көрдің бе,онсыз ас ішіп. Бос жүру жағына осал ем Қағазды,каучукты,дәріні,
Қосылысымнан күмісті Қосылам бар жерде металмен Алуда мені адам жараттың.
Фото қағаз алады Глаубер де,Шееле де,Пристли де, О,Адамзат кенеттен,
Магниймен қоспамды, Алам деп өзімді бос күйде. Өзіне жау қылдың аздаған.
Жұмсады ұзақ жыл еңбегін, Мен түзген фосген мен ипприттен,
Жасадың қырғынның қаруын.
Жүргізуші:
Жетер фтор!
Күшіңе де,ісіңе де,
Қауым берер төрелік.
Келші бері,хлор енді
Сені тыңдап көрелік!
Осы кезде жайлап басып жасыл сары халат киген хлор сахнаға шығады. Оның төсінде және арқасында үлкен етіп,хлор деп жазған таңбасы бар. Өзін таныстырып хлор сөйлеп кетеді.
Хлор:
Газбын өткір,иісті, Бишофит деп атайды. Мен де алғаш ешкімге көнбедім.
Салмағым ауыр ауадан. Кальцийменен қоспамнан, Ақыры ғалымға бағындым
Өткен талай соғыста, Кептіргіштер жасайды. Жап – жасыл газ болып алындым.
Тұншыққан менен көп адам. Сынапты қоспам бар жерде Түсіме қарап хлор деп атады,
Емеспін мен зиянды, Бактерия болмайды. Менен көптеген улы препарат жасады
Жақтарым көп пайдалы. Жерде де,мұхитта да,көлде де Суды мен микробтан тазарттым,
Білесің бе ас тұзын, Кездесем дала мен шөлде де, Матаны қардай ғып ағарттым.
Көрдің бе,онсыз ас ішіп. Бос жүру жағына осал ем Қағазды,каучукты,дәріні,
Қосылысымнан күмісті Қосылам бар жерде металмен Алуда мені адам жараттың.
Фото қағаз алады Глаубер де,Шееле де,Пристли де, О,Адамзат кенеттен,
Магниймен қоспамды, Алам деп өзімді бос күйде. Өзіне жау қылдың аздаған.
Жұмсады ұзақ жыл еңбегін, Мен түзген фосген мен ипприттен,
Жасадың қырғынның қаруын.
Бұдан кейін бір адым кейін шегініп,басқа галогендердің қатарына тұрады. Кезек жүргізушіге тиеді.
Жүргізуші:
Жеке – жеке галогендер,
Қасиетін жыр етті.
Осылардың кіші інісі,
Тыңдайықшы йодты.
Қажет болған ұдайы,
Медицина «құдайы»
Йод,енді сен сөйле!
Йод та өзіндік кейпімен күлгін түсті халат киіп сахнаға шығады. Басында медиктердің ақ қалпағы болады, онда йод деген таңба жазылған.
Йод:
Күлгін түсті кристалды денемін,
Көп жылдардан пайдаға асып келемін.
Соғыста жарақат алған адамның,
Қансыратпай өмірін сақтап қаламын.
Кездесетін изотопым тым көп – ақ,
Еріп жүрген теңіз – мұхит суында.
Қыздырсаңыз сұйылмастан бірден – ақ,
Айналамын күлгін йод буына.
Әсер еткен өсуіне мүшенің,
Кіремін мен құрамына гормонның.
Мен жетпесем,дендерің сау болмайды,
Мойныңа үлкен зоб кеп орнайды.
Галогендер бәрі қатар тұрып бір дауыспен:
Тұз түзетін элементпіз
Пайдалымыз бәріміз.
Тыңайтқышпыз біріміз
Кейбіреуіміз дәріміз.
Гүлдетеміз бау – бақшаны
Көбейтеміз дәнді біз.
Осы тұрған төртеуміз,
Бәріміз де достармыз
Адамға түрлі нәр беріп,
Игілігін қоштармыз!
КІМ ЖЫЛДАМ
1. Инертті газдар тобына жататын элемент.
2. Қандай элементтің аты қазақ тіліне аударғанда «сасық» деп аталады?
(бром – бромос деген сөз).
ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР
Қандай жағдайда хлормен дем алу пайдалы?
Қандай металды броммен жағуға болады?
Қандай капустада йод көп болады?
Йод спиртте ерігенде қандай түске келеді?
Қандай элемент қазақ тіліне аударғанда «сасық» деп аталады?
Хлорлы калий өсімдікке қандай жағдайда пайдалы?
Қандай газдардың қоспасын күн сәулесіне қоюға болмайды?
Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл бар?
Ас тұзы кейде неге ылғал тартады?
Жұмыртқаның қабығын сындырмай қалай аршуға болады?
Қызықты тәжірибелер
«Әр түрлі балдырлар»
Мұны «жасауға» алты цилиндр немесе алты стакан, 50 проценттік кремний қышқылының 1 литр натрий тұзы (сұйық шыны),хлорлы мыс,хлорлы кобальт,хлорлы никель,хлорлы марганец және хлорлы алюминий тұздарының ұсақ кристалдары керек.
Алты стақанға 1 литр кремний қышқылының натрий тұзы тең бөлініп құйылады да, бірінші стақанға хлорлы темір, екінші стақанға хлорлы мыс,үшіншісіне хлолрлы кобальт,төртіншісіне хлорлы никель,бесіншісіне хлорлы марганец,алтыншысына хлорлы алюминий тұздарының бірнеше кристалдары салынады.
Біраздан кейін әр стақанда әр түрлі «балдырлар» өсе бастайды. Темір тұзы салынған стақанда қоңыр балдыр,кобальт тұзы салынған стақанда көк балдыр және т.б. түрлі – түсті балдырлар тармақталып өседі.
Ерітіндіде балдырлардың өсуі мына төмендегі құбылыстарға байланысты. Натрий силикатына салған тұз кристалдарының сыртын жұқа қабыршақ баса бастайды.
Бір бағытта туатын диффузияның әсерінен су молекулалары қабыршақтың ішкі қабатына өтеді де, ішкі қысымның күшеюінен қабыршақ жарылады. Қабыршақтың жарылған жерінен тұздың ерітіндісі жалпы ерітіндіге өтіп,ол тағы жұқа қабыршақпен жабылады. Бұдан кейін жоғарыдағы құбылыстың әсерінен қабыршақ тағы да жарылады. Осылайша балдырлар тармақталып «өсе» береді. Бұл жолмен әлгі тұздардың қоспасын бір стақандағы натрий селикатына салу арқылы бірқыдыру «орман» өсіруге болады.
ОТСЫЗ ТҮТІН.
Мұны жасауға қажетті заттар: тұз қышқылы НСІ, мүсәтір спирті NH4OH, екі шыбық.
Халық арасынд: «отсыз түтін жоқ, бұлтсыз жауын жоқ» деген мақал бар. Бірақ ол барлық уақытта да дұрыс бола бермейді, өйткені химияның көмегімен отсыз түтін де жасауға болады екен. Ол үшін екі шыбықты бірін тұз қышқылына, екіншісін мүсәтір спиртіне батырып, екеуін біріне – бірін жақынтайық. Осы кезде шыбықтардың түйіскен жерінен будақтаған қою ақ «түтін» шығады. Ал оларды бір бірінен ажыратсаң, түтін басыла қалады. Бұл көріністі бірнеше рет қайталауға болады. Шыбықтардың түйісуінен тұз қышқылы мен мүсәтір спиртінің түтінденетін себебі – бұл екеуінің қосылуынан хлорлы аммонийдің кристалдары түзіледі. Бұл шын мәнінде түтін емес, түтін дегеніміз негізінен алғанда СО мен СО2 қоспаларынан және т.б. Заттардан тұрады. Жоғарыда жасалған тәжірибенің химиялық реакциясы:
NH4OH + HCI = NH4CI + H2O.
«Ой толғаныс»
Айналуларды жүзеге асырыңдар
CI2 HCI CI2 KCIO3 O2
21,4 г аммоний хлориді мен 12 г кальций гидроксидінің қоспасы қыздырылғанда түзілген газдың массасы (г).
0,5 л ерітіндісіндегі NaCI массасы 5,85 г. Ерітіндінің молярлық концентрациясы.
40 г кальций карбонаты мен 30% - тті 160 мл тұз қышқылының ерітіндісі(тығыздығы 1,15 г/мл) әрекеттескенде түзілген газды натрий гидроксидінің артық мөлшердегі ерітіндісі арқылы өткізгенде алынған тұздың массасы.
V. Үйге тапсырма
84 г натрий карбонаты мен 0,5 моль хлорсутек ерітінділерін аралыстырғанда бөлінетін газдың (қ.ж.) көлемі
Оқу,есептер жинағынан тапсырмалар орындау
VІ. Бағалау
Тақырыбы:Химиялық байланыстың негізгі түрлері.Ковалентті байланыс.
Сабақтың мақсаты: 1.Саяхат сабағы арқылы,химиялық байланыс түрлері тақырыбын терең ұғындыру 2.Оқушылардың білімі мен білігін әрі қараай дамыта түсу. 3.Оқушыларды ғылыми ізденіске тәрбиелеу,өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу. Міндеті: 1.Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыра ұғына білу. 2.Саяхат кезінде алған жаңалықтарын пайдалана білу.
Үй тапсырмасын тексеру «сұрақ-жауап» арқылы тексеру 1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі бойынша бір элементке сипаттама
2.Электртерістілік дегеніміз не? 3. Электіртерістілік топ, период бойынша қалай өзгереді? 4. Электіртерістілік ең жоғарғы элемент,ең төменгі элемент?
ІІ аялдама– “Ауа кеңістігі”
Ол үшін ауаның құрамына тоқталамыз.Ауаның құрамындағы сутек,оттек, азот молекулалары өзара бірдей екі атомнан тұратын жай затттар H2 O2 N2 ковалентті полюссіз байланыс түзеді. Электіртерістіктері бірдей сутектің 2 атомының әрекеттесіп молекулаға айналуын қарастырсақ.Сутек атомы оң зарядты ядродан және оны қоршаған шар пішінді электрон бұлтынан тұратындығы белгілі.Осындай екі атом әрекеттескенде, олардың электрон бұлыттары жақындасып бірімен-бірі араласады.
ІІІ аялдама – “Табиғи су қорларына “
Баріміз білеміз теңіз суларындатұз коп кездесетінін.Сол тұздардың арасындағы байланыс и о н д ы қ байланыс түзеді .Атомдарэлектрондарын беріп жіберу немесе қосыпалу арқылы оң нетеріс зарядталады.Мұндайзарядталған атомдар иондар деп аталады.Демек.қарама-қарсы зарядталған иондарарсындағы байланысты иондық байланыс деп атайды. 1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып.иондық байланыс түзіледі.
ІV аялдама «Өндіріске»
Біз білеміз өндірісте әртүрлі заттар өндіреді соның ішінде қышқыл өндіретін зауытқа саяхатқа атанамыз.Жалпыалғанда әрекеттесуші атомдардың электіртерістіктерінің азғантай болса да айырмашылықтарына байланысты, көбіне молекулалар ковалентті поюсті байланыс түзеді.Коваленттік полюсті байланыс көбіне қышқылдарға тән .
Ой толғаныс.
Берілген кестенің сәйкес бағанына мына заттарды толтырыңыз
1. Электртерістік дегеніміз не? А)атомның электрон беру қабілеті Б)қосылыстағы атомның электронды өзіне тарту қабілеті. С)атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті.
2. Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді? А)солдан оңға қарай өседі Б)алдымен өседі,сосын кемейді С)артады
3. Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді? А)артады Б)алдымен өседі,сосын кемейді С)кемейді
4.Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз а)NaF CaF2 Na2SO4 б) N2 Na2S HF с) K2SO4 O2
5.Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз а) Na2SO4 б) HF с) O2
6.Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді? А)электртерістігіайқын айырмашылық бар элемент атомдары Б)электртерістігі бірдей С)электртерістігінде айырмашылық аз.
8)Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады? А)иондық б)коваленттік с)металдық
9.Оттек молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі? А)1 б)2 с) 3
10. Иондық байланыс қалай жасалады? А)атом электронын электртерістілігі жоғары
aтомға беруі
Б)ортақ электрон жұбының түзілуі
С)электрондардың жалпылануы
Тест жауаптары:
1.б 2.а 3.с 4.а 5.с 6.а 7.а 8.б 9.б 10.а
Жұбыңды тап:
Ковалентті полюсті NaCl
байланыс H 2
Ковалентті полюссіз KBr
байланыс HCl
Иондық байланыс O 2
Оқулықтан 2-3 есепті шығар
Ү- аялдама «Үй жағалауы»
Үйге тапсырма 63 тақырып,1есеп (169бет)
Бағалау.
Тақырыбы Химиялық элементтердің валенттілігі
Үй тапсырмасын тексеру. І топ: Химиялық элемент туралы сипаттау. ІІ топ: Химиялық элементтің салыстырмалы атомдық масса туралы мәлімет беру. ІІІ топ: Химиялық элементтің салыстырмалы молекулалық массасы туралы сипаттама. IV топ: Химиялық формула туралы мәлімет беру.
Химиялық элементтердің валенттілігі
Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті. Мысалы, сутек элементі басқа элементтермен мынадай қосылыс түзеді: НСІ, Н2О, NH3, CH4 . Cутектің бір атомы басқа элементтің бір атомынан артық қоса алмайды. Сондықтан валенттілік өлшемі ретінде сутектің валенттілігі алынған. Валенттіліктің мәнін формуладағы элементтер таңбасының үстіне рим сандарымен көрсетеді
Хлорсутек молекуласында бір валентті хлор атомы бір валентті сутектің бір атомын қосып алса, су молекуласында екі валентті оттек атомы сутектің екі атомын, аммиакта үш валентті азот атомы сутектің үш атомын, ал метандағы төрт валентті көміртек атомы сутектің төрт атомын қосып алады. Валенттілік мәндері – элемент таңбасының үстіне не оң жағына жақша