kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жас химиктер қатарына қабылдау» Сыныптан тыс жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка внеклассного мероприятия. «Жас химиктер қатарына қабылдау» Сыныптан тыс жұмыс
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жас химиктер қатарына қабылдау» Сыныптан тыс жұмыс»

«Жас химиктер қатарына қабылдау»

Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы: «Жас химиктер қатарына қабылдау»


Мақсаты:Оқушыларға терең де тиянақты білім беру,пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс жасай алатын болашақтың іскер де жігерлі,білімді ұрпағын даярлау.

Сабақтың түрі:сайыс

Көрнекілігі:интерактивтті тақта,ватман,маркерлер.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушылармен сәлемдесу.

б)оқушыладың сайысқа даярлығын тексеру.

ІІ.Кіріспе

Бастаушы: Бүгін 8 сыныптар аралығында өткізгелі отырған сыныптан тыс іс-шара «Жас химиктер қатарына қабылдау» деп аталады.Сайысымызға

8 А сынып оқушылары қатысқалы отыр.

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайындай сыйынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар.

Сайысымызды сарапқа салатын аділ-қазы алқасымен таныстырайқ.... Сайысымыз төмендегідей тур бойынша болады.

І.Таныстыру.Ұраны,төс белгісі.

ІІ.Серпіліс.(сұрақ-жауап)

ІІІ «Полиглот»

IҮ Химиялық жұмбақтар

ҮІ Өзіңді тексер (есеп шығару)

Беріктігін білдіріп салтымызға.

Жеңіс деген біздерге сол емес пе,

Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға.

Жоқ ешкімнің шатасы,

Үлкендердің батасы.

Топ басшысы таныстыр

Сәлем - сөздің атасы.


І.Таныстыру.Ұраны,төс белгісі бойынша/5 ұпай/

Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған.

ІІ.Серпіліс

Менен сұрақ,сіздерден жылдам жауап /дұрыс жауапқа 1ұпай/

1-топқа қойылатын сұрақтар:

1. Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (Зат)

2. Заттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін белгілер ... деп аталады. (Қасиеттері)

3. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)

4. Көмірдің жануы қай құбылысқа жатады? (Химиялық)

5. «Бөлінбейтін» ең ұсақ бөлшектер. (Атомдар)

6. Екі жай зат бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде, бір күрделі заттың түзілуі қандай реакция типіне жатады? (Қосылу)

7. Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы. (16)

8. Мыстың латынша аты? (Купрум)

9. Плюмбум - ... (Қорғасын)

10. О әрпімен белгіленетін элемент. (Оттегі)

11. Таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазылған реакциялар. (Химиялық теңдеулер)


2-топқа қойылатын сұрақтар:

1. Заттардың агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)

2. Заттардың өзара ұқсастығын көрсететін белгілер ... (Қасиеттері)

3. Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар қалай аталады? (Әртекті)

4. Жаңбырдың жаууы қандай құбылысқа жатады? (Физикалық)

5. Бір күрделі зат пен жай заттың әрекеттесуі, қандай реакция типіне жатады (Орынбасу)

6. «Эс» таңбасы... (Күкірт)

7. Кремнийдің латынша аты (Силициум)

8. Мырыштың таңбасы (Zn)

9. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар? (Коэффициенттер)

10. «Аргентум» ... (Күміс)

11. Темірдің салыстырмалы атомдық массасы? (56)

Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі.

Біліміңді көрсетер кезің келді

Басталмақшы кезеңіміз келесі

ІІІ. «Полиглот» ойыны. Сұрақтарда кездесетін элементтердің қазақ, орыс, латын тілінде айту керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай, жартылай жауапқа 5 ұпай.

1. Сұйық металл (сынап – ртуть - гидраргирум)

2. Ауаның негізгі құрам бөлігі (оттегі – кислород - оксигениум)

3. Қай элементтің жетіспеуітіс ауруына ұшыратады? (фтор – фтор - фторум)

4. Сүйек қатайтатын элемент (кальций – кальций - кальциум)

5. Қай элемент бактерияларды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды? (хлор – хлор - хлорум)

6. Ақыл арымас, .... шірімес (алтын – золото - аурум)

7. Қай металды қызған кезінде соғу керек (темір – железо - феррум)

8. Мысықтың кейінгі екі әрпін алып тастаса, қандай элемент шығады? (мыс – медь - купрум)



IҮ Химиялық жұмбақтар /дұрыс жауап берген топқа 1ұпай/

1.Исі де,дәмі де жоқ, ұсталмайды,

Болмаса ол, Жер бетіне өмір жоқ.

Ақыры жанған отын тұтанбайды,

Қалады қарауытып, көмір боп шоқ.(Оттек)

2. Қыздырып соқсаң иеленеді,

Балға мен төстен именеді. (Темір)

3. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас қайнатсаң да, отынды үйіп

Көрсететін зат, құрал жасар соны құйып (Сынап)

4. Өзім темір, өзім шалбар,

Егер теріс қарай оқысаң,

Болармын бір қазба байлықтың,

Айтшы, мен сонда кіммін? (Мыс – сым)

Білмейтінін білем деп олжа қуар,

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.

Химияны болжаммен ұға алмайсың,

Формуланың оң жағы, сол жағы бар,-дей келе « Өзіңді тексер» сайысына да кезек келген сияқты

ҮІ Өзіңді тексер/дұрыс жауап берген топқа 1ұпай/


І топқа Массасы 20г тұзды 180г суда еріткенде, түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есепте./10%/


ІІ топқа 60 г суға 20 г ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша? /25%/


Әділ қазылар қорытынды шығарғанша көрермендерді де сынап көрсек, бәлкім сендердің араларыңда да химиктер отырған шығар.

Көрермендермен ойын: «Мен кіммін?»

1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)

2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)

3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. (Селен)

4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)

Бүгінгі сайсымыздың қорытындысы бойынша қорытындылау.

Сөз кезегі әділ-қазы алқасына беріледі…


Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,

Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.

Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан

Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз

Жарайсындар сегізінші сынып оқушылары,бүгін біз барлығымыз сендерді «Жас химиктер» қатарына қабылдауна лайық екеніне көз жеткіздік.Бірақ ен алдымен сендер ант берулерін керексіндер. Менін артымнан мына сөздерді қайталандар.


Біз,сегізінші сынып оқушылары химия сабағында техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға ,үй тапсырмаларын орындауға және барлық сұрақтарға жауап табуға. Ант береміз! Ант береміз! Ант береміз!


Іс шаранын аяғында оқушыларға «Жас химик күәлігі» тапсырылады.

Химия – ел ырысы, ғасыр үні,

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Молшылық көзі-химия

Апат та өзі - химия,

Тылсым ғылым бұл - химия!

Бүгінгі химиялық кешіміз осымен аяқталды, зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!






















«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №17

жалпы білім беретін орта мектебі»МКМ











«Жас химиктер қатарына қабылдау»

Сыныптан тыс жұмыс













Майсабекова А.Е



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жас химиктер қатарына қабылдау» Сыныптан тыс жұмыс

Автор: Майсабекова Аина Ермековна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377513


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства