kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жас химик ?атарына ?абылдау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жас химик ?атарына ?абылдау" жарыс т?рінде ?теді

Ма?саты:

білімділік: о?ушыларды? химия п?нінен ал?ан білімдерін толы?тыру, шы?дау, бекіту ж?не интеллектуалды? де?гейін аны?тау;

дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау, есте са?тау ?абілеттерін арттыра отырып, на?ты ж?не н?ктелі ?абылдау?а, ?з ойын еркін жеткізуді дамыту;

т?рбиелік: о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттырып, ізденімпазды??а, жауапкершілікке, ?йымшылды??а, адалды??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жас химик ?атарына ?абылдау" »

Жас химик қатарына қабылдау

Мақсаты:

білімділік: оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтыру, шыңдау, бекіту және интеллектуалдық деңгейін анықтау;

дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, нақты және нүктелі қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту;

тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Типі: сыныптан тыс сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, есептер, тәжірибелер.

Көрнекілік: интербелсенді тақта, слайд, Менделеев кестесі, реактивтер, химиялық ыдыстар.


Жарысқа қатысушылар: 8 – сынып оқушылары, ұйымдастырушылар – 9,10- сынып оқушылары, 11 – cынып оқушылары - әділқазылар.

Жүргізілу барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Жас химиктер қатарына қабылдау» тақырыбында өткелі тұрған сайысқа қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Біздің әділқазы мүшелерімізді де таныстыра отырайық, олар – 11- сынып оқушылары ... Олар өте қатал және сіздерді әділетті бағалайтын болады. (Жоғары балл – 5). Сонымен, біз бастаймыз!!!

1-жүргізуші: 1-конкурс: Әр топ өздерінің командасының атын, ұранын, төсбелгісін айтып, қорғау керек.

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгін бізде мереке, ал мереке қонақсыз болмайды. Онда сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтауға сиқыршы химик келді. Қарсы алайық!

1-жүргізуші: Ал, оқушы балалар,

Толғанып бір ойлаңдар.

Сендерге сұрақ беремін,

Жылдам жауап табыңдар.

Біздің келесі турымыз – «Бәйге» деп аталады. Бұл турда сандар берілген, бұл сандар Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің реттік нөмірлері. Осы реттік нөмірде қандай элемент тұрғанын тауып, олардың бірінші әріптерін қолдана отырып, химиялық сөздер құрастыру керек. 2 минут уақыт ғана беріледі.

1-жүргізуші: Енді ортаға қайтадан сиқыршы химигімізді шақырайық, оыс жолы бізге қандай сиқыр жасап таң қалдырады екен?

2-жүргізуші: Келесі турымыз – «Бізден – сұрақ, сіздерден – жауап» деп аталады. Біз сұрақ қоямыз, сіздер дұрыс жауабын айтасыздар. Сонымен бастайық!

  1. Судың формуласы

  2. Периодтық жүйені құрастырған.

  3. Латынша мыстың аты

  4. Тұз қышқылының формуласы

  5. Ас тұзының формуласы

  6. Атом құрамындағы зарядсыз бөлшек

  7. Химия нені зерттейді?

  8. Тыныс алуға қажет газ

  9. Периодтық жүйедегі ең 1-ші элемент

  10. Қазақстанның ең бірінші академигі

  11. Оттегінің атомдық массасы

  12. Күкірттің латынша атауы

  13. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі.

  14. 1869 жылы қандай оқиға болды?

  15. Атом құрамындағы бөлшектер

  16. Сілтілік металлдарды атаңдар

1-жүргізуші:

«Сырларым бар химикке болған аян,

Таба алсаң сырларымды етем баян».

Осы қысқа мерзімде Менделеевтің периодтық жүйесін қаншалықты меңгергендеріңді тексерейік. Олар туралы жұмбақтар жасырамыз. Жауабын үш тілде айту керек (қазақша, орысша, латынша). Дұрыс жауапқа 5 ұпай қойылады.

Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса, тіршілік өмірде жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (оттегі, кислород, оксигениум)


Ауаны шарлап кезеді,

Таза күйде пайдасыз.

Білгіш болсаң айта ғой,

Қосылысы - өмір өзегі. (азот, азот, нитрогениум)


Табылса бұрын там-тұмнан,

Қазір көп әрбір өлкеде.

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде (алюминий, алюминий, алюминиум)


Қара металлургияның наны,

Машина, трактордың жаны (темір, железо, феррум)


Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық,

Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (сынап, ртуть, гидраргирум)


Ертеден белгілі жетеудің бірімін,

Электроника саласында ірімін.

Көптеген құймаларға кіремін,

Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін (мыс, медь, купрум)


2-жүргізуші: Келесі тур «Бұл қай ыдыстар?» деп аталады. Суретте көрсетілген ыдыстарды атау және олар не үшін қолданылатын айту қажет.

1-жүргізуші: Келесі тур – анаграммаларды шешу.

  1. ЙТНАРИ

  2. ЙГМАНИ

  3. РХОЛ

  4. МНИКРЕЙ

  5. СОРФОФ

  6. ТЕТІОГ


    • Алғашқы буыным тасқын су, екіншісі мал құлағындағы белгі. Екеуі бірігіп химиялық элемент құрайды (Сел + Ен = Cелен)

    • Антониміне «көп» сөзінің,

«Тілсіз» жауды тіркесең.

Көз алдыңда өзгерермін

Қажетті тыңайтқышқа айналып (Аз + От =Азот)

  • Өзім темір, өзім шалбар,

Егер теріс қарай оқысаң

Болармын бірі – қазба байлықтың,

Айтшы, мен сонда кіммін. (Сым. Мыс)

  • Бірінші буыным – сұрау есімдігі, екіншісі – сан есім. Қос буынды біріктірсең, газға айналып шыға келем. (Не? + Он = Неон)

2-жүргізуші: Келесі турымыз – қиылған карточкалардан химиялық сөздер құрастыру.


1-жүргізуші: Балалар, жарайсыздар және де «Химик» деген атқа лайықты екенсіздер! Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып, ант сөздерін бізбен бірге қайталаңыздар.

  • Жер бетіндегі кез келген заттың химиялық қасиетін есте сақтауға;

  • Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық элементті жаттап алуға;

  • Спиртшамындағы спиртті босқа қолданбауға;

  • Ұнтақ заттарды шашпауға;

  • Сұйық заттарды төкпеуге;

  • Химия пәнін жақсы оқуға және ешқашан сабақтан қалмауға;

  • Үй тапсырмасын уақытымен орындауға;

  • Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

2-жүргізуші: Енді сайысымызды қорытындылайық. Ол үшін әділқазыларға сөз берейік.

1-жүргізуші: Әділқазылардың шығарған ұпайына байланысты, мынадай номинациялар бойынша марапаттауға рұқсат етіңіздер:

  1. Білімді химик

  2. Зерттеуші химик

  3. Жас химик


Осымен біздің сайысымыз аяқталды, бәріңізге рахмет! Сау-саламатта болыңыздар!






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Жас химик ?атарына ?абылдау"

Автор: Хайбуллина Гульмаржан Шакимовна

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192886


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства