Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие на тему «Металдар патшалы?ы кімге б?йырады?»»
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Алматы қаласы Алатау ауданы №180 жалпы білім беретін мектеп
«Металдар патшалығы кімге бұйырады?»
атты сыныптан тыс шараның жоспары
Пән иесі: Алматы қаласы Алатау ауданы №180 ЖББМ химия пәнінің мұғалімі Искакова Турсынай Алгазиевна
Алматы – 2015
Жаратылыстану ғылыми пәндер онкүндігін қорытындылауда өткізілген «Металдар патшалығы кімге бұйырады?» атты сыныптан тыс шараның жоспары
Мақсаты: Оқушыларға өнеркәсіп пен техникада жетекші роль атқаратын маңызды металдар, олардың қасиеттері, қосылыстары, алу әдістері, қолданылатын салалары, маңызы жөнінде түсінік қалыптастыру.
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Негізгі бөлім
1 жүргізуші:
Жиналып бас қосқанда бүгін бәрі,
Сауығып сана сергіп тынығады.
Биология, математика, география,
Химия, физика – жаратылыстану ғылымдары.
2 жүргізуші:
Адамзатқа үйреткен ең дұрысты,
Техникамен дамытқан өндірісті.
Жаратылыстану ғылымдары арқасында,
Осы ғасыр өзгеше кең тынысты.
1 жүргізуші:
Қош келдіңіздер қорытынды кешімізге,
Мол жетістік, өркениет десі бізде.
Табам десең табиғат тамашасын,
Ғылымның теңізінен кешіп ізде.
2 жүргізуші:
Жарқырап күн көзінде болашағы,
Химия қиындықпен таласады.
Химия - ырыс-құты көкке шырқай,
Ертеңгі болашаққа жол ашады.
1 жүргізуші :
Қызық думан - өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ!
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап.
1 оқушы:
Тауды бұзып тас жарып,
Үңгіртауды пойызға
Салып берген химия.
Дұшпандарды талқандап,
Тобасына келтіріп,
Жеңіс туын халқыма
Алып берген химия.
Тоқтар менен Талғатты
Ғаламшарға көтеріп
Алып ұшқан химия.
2 оқушы:
Ұйқың қашып түнімен,
Сыздағанда қарының,
Аш күзендей бүгіліп,
Ауырғанда бауырың,
Дертке дауа химия.
Жұпар иісін аңқытып,
Жауқазындай жастарды
Жарқылдатқан химия.
Алтын дәннен мол өнім,
Алып берген жұртыма,
Қарқылдатқан химия.
3 оқушы:
Ыбырай атам айтқандай
Көзді ашып жұмғанша
Жылдам хабар шетелден
Алып берген химия.
Бес түлікті мыңғыртып,
Машинаны зыр жүгіртіп,
Мол дәулетті ауылға
Алып келген химия.
4 оқушы:
Бәйтеректі жоғары
Асқақтатып аспанға,
Мектеп пенен клубты
Шалқақтатып асқарға
Бейбітшілік, келісім,
Мәдениет сарайын
Соғып берген қазаққа,
Абыройды еліме,
Алып берген химия.
5 оқушы:
Жамбыл атам жырласа,
Күндіз - түні таусылмай,
Тасты тіліп, мұз жарып
Талқандап құзды құлатып,
Оқу - білім өнерді
Өркендеткен химия.
6 оқушы:
Қарасаң химияның қақпасына
Неліктен сутегі тұр нақ басында?
Қалайша бұл қатарды қойды екен,
Иілген көгілдір түс тақтасына?
Агрегат күйде газдар ортасында,
Ең жеңіл сутегі тұр тақ басында
Азот та, оттек те, фтор, хлор
Орынын алған қарап массасына.
Оң жақта гелий, неон, аргонменен,
Криптон, ксенон мен радон деген
Иілтіп массасымен майыстырған
Көгілдір шартты белгі- түссіз деген.
7 оқушы:
Алдында бұл қақпаның бром, сынап
Неліктен түсіп кеткен төмен құлап?
Бұларда күрең түсті бром болса,
Ал сынап көрінеді ғой жарқырап.
Қақпаның сол жағында тізбек металл
Бекетов берген орын заңмен қатал.
Белсенді, кернеу қатар валенттігін,
Жаңылмай, ауыстырмай қалай айтар.
Сан ғасыр жете алмаған байтақ арман,
Негізі бұл әлемнің шайқап алған.
Алпыс үш элементті зерттеп біліп,
Кезінде Менделеев заң ғып жазған.
8 оқушы:
Ол заңмен жеті период орналасқан,
Тігінен сегіз топ та арна арна ашқан.
Толтырып сол арнаның бос орынын,
Бұл күнде бар элемент жүзден асқан.
Период басталады металдардан,
Инертті бейметалдар соңы болған.
Жетінші период та бітпей келген,
Бұл күнде аяқтауға таяп қалған.
Период заңыменен құрған қатар,
Біртіндеп бейметалдық топқа жатар.
Кішіге, үлкенге де, бітпегенге
Период осы заңын қайталатар.
9 оқушы:
Металға бай ғой біздің Қазақстан,
Қазақтың жаннат жері- ғажапстан
Шымкентте ақса қорытқан қорғасыны,
Жезқазған тау тұрғызған таза мыстан
Химиктер металл сырын көп біледі,
Жылуды, токты жақсы өткізеді.
Осындай металл қазір қанша десең,
80-ге санын оның жеткізеді.
1 жүргізуші: Өнеркәсіп пен техниканың қарыштап үдемелі дамуына үлес қосып жатқан 40 металдың орны ерекше. Адам мен жануар ағзасының үйлесімді дамуына әсер етіп жатқан тіршілік металдарының ролі тіпті ерекше. Геология зерттеушісі Георгий Агрикола: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды...
Егер металдар болмаса адамдар жабайы аңдардың арасында аянышты өмір сүрген болар еді»,- деген екен. Олай болса барлық саланың негізі, дем берушісі металдар жөніндегі «Металдар патшалығы кімге бұйырады?» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Зал төрінде, хан тағында отырған хан жарлық береді:
Уа, жиналған алқалы жұрт халайық,
Жаңа жарлық оған зейін салайық.
Хандық тақты тапсырамын құрметпен,
Металдардың таңдап бірін алайық.
Қане, уәзір бастап жібер сайысты,
Қадағалап халық тұрсын әр істі.
Болар екен менен қайсысы,
Патшалықтың хандығына лайықты.
Уәзір:
Уа, ағайын назар салып тыңдаңыз,
Бізбен бірге бірігіңіз жырлаңыз,
Көмегіңіз керек боп тұр біздерге,
Металдарды бізбен бірге сынаңыз.
Металдарым өз жарысын бастасын,
Артық сөйлеп әдебінен аспасын,
Насихаттап қасиетін бойдағы,
Мақтансын бір патшалықтан қашпасын.
Уәзір айтысқа жарқырап келіп отырған алтынды шақырады:
Рұқсат алып сөз бастайық халқымнан,
Металдардан биіксің сен нар тұлғаң.
Сайысымыз жарқырап бір жайнасын,
Сөзімізді бастайықшы алтыннан.
Алтын – оқушы:
Ғылым менен білімде әркімнің өз орны бар,
Айтысарлық бүгінде өзіндік менің орным бар.
Әшекейлік заттардың мен боламын төресі,
Бұл сайыста шешуші мені қайсың жеңесің?
Бүгінгі күн айтатын қасиетті бойдағы
Мына отырған халайық мақтаншақ қой демесін.
Әшекей боп сәнде ғана жүрмеймін,
Адамға зор күш- қуат та үндеймін.
Әрекетіне сан алуан заттардың,
Енжармын мен құлағымды да түрмеймін.
Сол себепті бекзат металл аталдым,
Соңындамын кернеулілік қатардың.
Алюминий – оқушы:
Құр бекерге мақтанба алтын шырақ,
Асқақтатпа нарқыңды артығырақ
Табылса бұрын там-тұмнан,
Қазір көп әр өлкеде,
Қымбат болды алтыннан,
Менің нарқым ертеде.
Болмаса да айтарлықтай салмағым,
Көп металдан ардақтымын алдамын.
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап,
Жердің жүзін көк аспанды шарладым
Дюралюмин дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары.
Тұрмыста үстел, ыдыс- аяқ кереует,
Бағандардың бұйдаларын қостым мен
Қағаз да мен кәмпит, шайды сәндеген,
Тоққа балқып келіп тұрған ән де мен.
Вольфрам - оқушы.
Алюминий артықтау бөсіп кеттің,
Алды-артыңды байқамай есіп кеттің.
Сырың мәлім,түбі бір туыс едің,
Өтірікпен жолымды кесіп кеттің
Өтірік «жарық берем » дегенің не?
Одан да «ток жеткізем» демедің бе?
Жоғары температураға төзбей тұрып,
«Жарық берем» дейсің-ау сенемін бе?
Мен - вольфрам риза еткен халықты,
Нұрға бөлеп үй-көшені зауытты.
Электр шам балқып тұрып ішінде,
Мен емес пе шығаратын жарықты.
Табиғатта өте сирек кездесем,
Қараңғыда менсіз жарық көрмес ең.
Жарық берген инертті газ екеуміз,
Ғалымдардан сұра, маған сенбесең.
Уәзір:
Вольфрам, сабыр сақта қызбаланба,
Керексің бәрің бірдей бұл ғаламда.
Мысқа да сөз берейік күтіп отыр,
Өзгені не жетеді сыйлағанға.
Мыс – оқушы:
Мен созылғыш, жұмсақ металл мыс деген,
Өмір бақи қолданыстан түспеген
Адамзатқа қажеттігім соншалық,
Мені өндіріп алады ғой күшпенен.
Табиғаттың орын алған төрінен,
Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.
Екі түрлі валенттілік көрсетіп,
Басқалардан ерекше боп бөлінем
Тағы айтарым: өте баяу тотығам,
Қасиетім де байқалады осыдан.
Жақсы өткізіп мен электр тогын да,
Өткізгіштер қатарына қосылам.
Екі түрлі қола, жез қорытпам бар,
Оны жақсы біледі қорытқандар.
Қола медаль алған да жаман емес,
Алтын алу қайда деп торықпаңдар.
Таулы Алтай Жезқазғаннан шығамын,
Жауап берем және бар ма сұрағың?
Мекен жайым- Менделеев кестесі,
29-шы тор көзінде тұрамын.
Уәзір:
Қызғылт мыс таныстырып өзіңізді,
Жеткіздіңіз көп шындыққа көзімізді.
Келіпті таласуға мырыш батыр
Берейік енді соған сөзімізді.
Мырыш - оқушы:
Еңсеңді қызғылт мысым тік ұстадың,
Жөн болар басқаны да ұғысқаның.
Жарайды өзіңді –өзің мақтап-ақ қой,
Мақтану, сірә, саған жаққан-ақ қой.
Цинкпін, латынша цинкум дейді
Қазақша мағынасы «ақ қабат» қой.
Металл көп жөнді- жөнсіз мақтанатын,
Көбінде бар кемшілік тоттанатын,
Соларды таттанудан сақтап жүр ғой
Сыртынан мынау менің «ақ қабатым»
Өндіреді атақты Текеліден,
Қазыналы Текелі мекенімнен.
Қорғаныш қасиетім бойынша мен,
Қалмаймын никель, хром екеуінен.
Уәзір:
Мырышжан осы жерле аялдағын,
Белгілі болды әлемге таралғаның.
Кезекті берейікші натрийға,
Тұздары қажеті ғой адамзаттың.
Натрий- оқушы:
Мен-натрий сілтілік жеңіл металмын,
Өзім жайлы баяндауға бет алдым.
Алуан түрлі қасиетім бойымда,
Қосылысым сабынның да бойында.
Бу түрінде сары түске енемін,
Суыңды да айналдырам сілтіге,
Су бетінде еріп жүре беремін,
Мен ауаға сутекті де бөлемін.
Тұздарыммен астың дәмін кіргізем,
Сол арқылы зор пайдамды тигізем.
Космоста да сары түсті буыммен,
Зымыранды көз алдыңда жүргізем.
Уәзір:
Кезек бердік магнийге,
Айқайламай жаймен айтшы
Құлақ салдық жай үніңе.
Магний - оқушы:
Мен-магний күміс түсті металмын,
Көп жағдайда магнезия аталдым.
Жапырақта хлорофильді түзуші,
Тіршіліктің көзі болып кете алдым.
Жануарда, адамда да бармын мен,
Талай снаряд, бомбаларды жардым мен.
Қайткенде де болашағым зор менің,
Полиграфия да артты маған зор сенім
Тіршіліктің тірегімін, көзімін,
Дұрыс болар есте сақтап сенгенің.
Күміс – оқушы:
Мақтанасың сен ғана жер бетінде,
Ғажайып бар металдай келбетіңде
Түсің, түрің, қадірің, қасиетің,
Келер ме екен менімен теңдесуге?!
Сабырлысың күмістей,
Салмақты деп мақтайды.
Мен тұрғанда аппақ боп,
Қарап саған жатпайды.
Жарыста, топта озғанда,
Тағады мені төсіне.
Алтыннан басқа алдыма,
Түсетінің жоқ шығар
Мақтанайын несіне.
Алтын - оқушы:
Мақтана бер, мақтана бер , күмісім,
Алтын ағаң қоштағанда інісін.
Кетпе бірақ ұмытып сен, жарқыным,
Ардақтымын жасыңа да, кәріңе,
Дүниенің менмін көркі, әрі де.
Толықсыған толған айдай жарықпын,
Өлшемімін барлық баға нарықтың,
Бар базардың әлемге ортақ тілі-мен,
Даңқ болып омырауға да ілінем.
Уәзір:
Кальций қайда, кальцийдің жөні бөлек,
Тіршілік пен құрылыста орның ерек.
Патшалыққа талассаң сен несі айып,
Куә болсын мына отырған халайық.
Кальций - оқушы:
Кальций деген күміс түсті металмын,
Өмір бойы керегіңе жете алдым.
Менмін - ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын,
Тіршілікке қажет металл аталдым
Қыртысында жердің мен де кездесем,
Артық болмас «жер металы мен десем»
Ғарыштағы ракета да, ұшақтан,
Қолтаңбамды табасың сен іздесең.
Жануардың бақалшағы, қаңқасы,
Жер бетінің минералы, әр тасы,
Сан құрылыстың сәулеті де негізі,
Қаланады менен ғана ойланшы.
Уәзір:
Дана халық ардақ тұтқан баласын,
Әлпештеді, өсірді оның санасын.
Ұмытылмасын деген игі ниетпен,
Санасына құйып берген қорғасын.
Келесіде сөз берейік енді біз,
Қорғасыным өзі жайлы толғасын.
Қорғасын – оқушы:
Мен бүгін патшалыққа таласпаймын,
Ретпен өзім жайлы баяндаймын,
Орным сол тоғызыншы қатарданмын,
Алға қой деп ешкімге қасармаймын.
Ұстамды да сабырлы,
Адамдардың теңеуі.
Қорғасындай салмақтым ,
Бекерге олай демейді.
Қойдың сүтін мадақтап,
Теңейді халық біздерге.
Оқ жасайтын қасиетім,
Таныс бүгін сіздерге.
Сырым көп әлі ашпаған,
Жол табыңыз іздеуге.
Уәзір:
Темір шырақ, сен неге үндемейсің?
Қыздырып соқса иленесің,
Балға мен төстен ғана именесің.
Қасиет бар бойыңда мақтанатын,
Тек кемшілік тезірек тоттанатын.
Темір - оқушы:
Мақтанбаймын, қараңдаршы, халайық,
Айналаға көз жүгіртіп қарайық.
Болат жолды көтере алмас ешбір күш,
Қане, менің қасиетімді санайық.
Жыртсам тыңнан топырақ көтеріп,
Тырмалаймын, тұқым шашып неше пұт.
Ғарышқа да алып ұшам адамды,
Жерді айналдым артыма от, із өріп.
Қарапайым үйдегі тұрмыстарда,
Дамып жатқан ең алып құрылыстарда,
Мені білмес адамның баласы жоқ,
Мен қатыспас техника саласы жоқ.
Тарихымның тамыры терең жатыр,
Египет пен Индиядан келе жатыр,
Шойын, болат, прокат құймаларым,
Замананың дамуын демеп жатыр.
Никель - оқушы:
Несіне темір батыр мақтанасың?
Шыдамай коррозияға таттанасың.
Болсаң да қанша мықты кең таралған,
Тотықсаң шіріп сен де жоқ боласың.
Кәдімгі мен боламын никель деген,
Адамдар қажетіне икемдеген
Өзіндік әр металда қасиет бар,
Соларды, оқырманым, білсең деп ем.
Қажетті зат бекер жерде жатпайды,
Менімен де металл бетін қаптайды.
Тотықпайтын қасиетім арқылы,
Темірді де коррозиядан сақтайды.
Асығып-аптығып имамның киіміндегі оқушы бала кіреді:
Доғарыңдар, тоқтатыңдар сайысты,
Талассаңдар күн күркіреп жай ұшты.
Құран Кәрім аятында айтылған,
Темір досқа тең келесің қайсың?
Құранда 26 сүре – Әл-Хадид сүресі – қазақша темір сүресінде былай деп атап көрсетілген: «Сондай-ақ темірді түсірдік. Онда мықты күш, әрі адамзат үшін қажеттер бар».
Патшалыққа таласқан металдар «Жаратқан ием қолдай көр, сақтай көр бір өзің» деп жалбарына сахнадан шығып кетеді. Хан мен уәзірі темірді қолтығынан демеп, қошеметтеп таққа отырғызады. Металдардың арасынан натрий металы болған оқушы ортаға шығып, жиналғандардан кешірім сұрай былай дейді:
Кешіріңіз қателік бізден кетті,
Көзіміз осы жайға қазір жетті.
Жазылыпты Құран Кәрім сүресінде,
Металдардың жоқ екен ғой есінде.
Хан өзінің тағын босатып, уәзір екеуі темірді құрметтеп таққа отырғызады.
Хан:
Әр қырынан көрсетті өзін металдар,
Болмады ешкім тек темірге жете алған.
Темір басшы, қалғаны қосшы болып,
Орындалсын армандары бет алған.
Уа, халқым, қолдаңыздар темірді,
Сүрем десең шат – шадыман өмірді.
Күннен-күнге гүлденіп бұл патшалық,
Болса екен қашан да елім көңілді.
Таққа отырған темір:
Жеңіс деген жақсы сәт қой ежелден,
Қандай жақсы мұндай сәтке кенелген.
Енді, достар, баяндаңдар мен жайлы,
Тәнті болсын тарихыма көрермен.
Мен жайлы айтты 26-шы сүреде,
26-шы орындамын периодтық жүйеде.
Бұл дегенің жаймен болған нәрсе емес,
Кім асады тәңір жазған киеден.
1 жүргізуші:
Иә, темірді қолданбайтын саланы табудың өзі қиын. Жасампаз металл ретінде әлі де дами беретіні ақиқат.«Қайда қарасақ та, қай көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары», -деп М.В.Ломоносов айтқандай темірсіз бірде-бір өнеркәсіп орнын көзге елестете алмайтынымыз баршаға аян.