Сабақтан тыс пәндік іс-шара «Рухани жаңғыру - химия саласында»
Сабақтан тыс пәндік іс-шара «Рухани жаңғыру - химия саласында»
Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақтан тыс пәндік іс-шара «Рухани жаңғыру - химия саласында»»
Абай облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
Сабақтан тыс пәндік іс-шара
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру - химия саласында»
(интеллектуалдық сайыс)
Өткізген: пән оқытушысы
А.Н.Саменова
2023 – 2024 оқу жылы
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру - химия саласында» интеллектуалдық сайыс Мақсаты: Студенттердің білімін тексеру және химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту, логикалық ойлау, есте сақтау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, оларды тез ойлануға, тапқырлыққа, ізденуге баулу. Көрнекіліктері: интерактивті тақта, презентация мен слайдтар
Өткізілетін орны: 611-дәрісхана
Қатысушылар: 1-курстар Жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттерді белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.
Кіріспе сөз:
Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.
Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа биім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек. Сырттан келетін, елді әлсірететін, ең соңында елді тәуелсіздіктен айыратын нәрселерге тарихтағы қазақ жастарының рухани деңгейімен қарсы тұруы, ауызбіршіліктің, білімі арқылы саясаты мен тәжірибесі күшті жаумен иығын теңестіре білуінде. Бұл жаста болса қазақтың ұл, қыздарының заманынан қалмай болашақты зерделеп, ұлттық мүдде деңгейінде ойланған деңдеңгейін көрсетеді.
Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді
Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан жаңарудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.
Қорытындылай келе, рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, қазіргі ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, жасампаз ұлт ретінде үнемі түлеп, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркендеп отырмасқа лажымыз жоқ. Бір сәт мүлгіп кетсек ғарыштың жылдамдығымен дамып жатқан әлемде, өркениет көші бізді күтіп тұрмай біраз жерге ұзап кетеді. Содан соң ол көшті қуып жетіп, оған ілесу қиындай түседі. Сондықтан, рухани жаңғыру да ұлт ретінде жаңғырып, дамып отыруымызбен қатар жүруі керек. Бірақ, осы рухани жаңғыруды бесжылдықтармен, онжылдықтармен өлшеу қиындау. Себебі, бұл – рухани дүние. Ал рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Қазақ халқының рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, ғылымы өркендеп, мәдениеті мен дәстүрі үстем болып, мейрімді, адал, ақылды, білімді, бауырмал, ұлтшыл, елшіл, кеңпейіл, отаншыл жандар қауымы қаумалаған қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әр азаматы өзі-ақ жан-тәнімен сезінеді.
1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен студенттер! 2 жүргізуші: 1-курстар аралығындағы «Рухани жаңғыру - химия саласында» интеллектуалдық білім сайысына қош келдіңіздер! 1 жүргізуші: Ойын шаттарымен таныс болыңыздар 1 - тур: 2 топ өздерін таныстыру әр топқа 20 ұпайдан беріледі 2 - тур: берілген 10 сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі. 3 - тур: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі. 4 - тур: Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі. 2 жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек. 1 жүргізуші: Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе. 2 жүргізуші: 2 тур. «иә» және «жоқ» 1 жүргізуші: 1 - ші топқа. 1. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? «Иә» 2. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? «Жоқ» 3. Судан екі есе жеңіл металл Калий ма? «Жоқ» 4. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? «Иа» 5. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? «Жоқ» 6. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? «Жоқ» 7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті аллотропия деп атала ма? «Иа» 8. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма? «Иа» 9. Натрий тұздары жалынды сары түске бояй алама? «Иа» 10. Сілтілік металдарға темір жата ма? «Жоқ» 2 жүргізуші: 1. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым Аррениус па? «Иә» 2. Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама? «Жоқ» 3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? «Иә» 4. Азот молекуласы полюссіз коваленті байланыс түзе ма? «Иә» 5. Заттар және олардың бір - біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма? «Жоқ» 6. Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? «Иә» 7. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? «Иә» 8. Ең қиын балқитын металл алтын ба? «Жоқ» 9. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? «Иә» 10. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? «Иә» 1 жүргізуші: Ойын ойнату. 2 жүргізуші: Ойлай болса ІІІ турымызға кезек берсек. Әр бір дұрыс жауапқа 30 ұпайдан берілетінін естеріңізге сала кетейін. 9 сынып оқушылары алдарыңызда алты ұяшық тур соның ішінен біреуін таңдаңыздар: 1 - ші ұяшық: Дәрігерлер беретін анттың авторы? (Гиппократ) 2 - ші ұяшық: Қан қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент? (Калий) 3 - ші ұяшық: Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент? (Бром) 4 - ші ұяшық: «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик – ғалымы. (Д. И. Менделеев) 5 - ші ұяшық: Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент (Йод) 6 - ші ұяшық: Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (Активтелген көмір) 1 жүргізуші: Әнге кезек берейік. 2 жүргізуші: Мынадай тамаша әннен кейін, ойынымызды жалғастырайық. 4 - тур: Осы турдың шартын естеріңізге сала кетейін. Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі. IV тур. Ставка қою. 1 жүргізуші: Бұл заттың 0, 9% - дың ертіндісі физиологиялық ерітіндісі деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл затты химиялық атауы қандай? (Натрий хлориді) 2 жүргізуші: Сүйекті қаптайтын элемент (Кальций) 1 жүргізуші: Натрий гидро карбонатының тұрмыстық атауы? (Ас содасы) 2 жүргізуші: Қан қысымын өлшейтін аспап. (Тонометр) 1 жүргізуші: Элементтің атын тауып қазақша, орысша, латынша аттарын атаңыз. Өзі ауыр металға жатады. Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын - свинец - плюмбум) 2 жүргізуші: Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл. (Тұз қышқылы) 1 жүргізуші: Жер бетінде химиялық таза темір барма, бар болса ол қайдан шыққан? (метеорит темірі) 2 жүргізуші: Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді? (Температура) 1 жүргізуші: Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым? (Экология) Интеллектуалдық олимпиаданы әділқазы мүшелері қорытындылап, жеңімпаздар марапатталады.