Просмотр содержимого документа
«"Ойлы болсаң, озып көр!" сайысының презентациясы»
«Ойлы болсаң, озып көр!»
Сайыс кезеңдері:
«Бәйге»
«Полиглот»
«Кім тез, кім жылдам?»
«Сиқырлы қобдиша»
«Зейін салсаң - ұғасың!»
«Қызықты тәжірибелер»
«Қорытынды»
І кезең. «Бәйге»
«Металдар» тобы
1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі
2. Қышқылдар дегеніміз не?
3. Химиялық элемент ұғымын алғаш енгізген
кім?
4. Химиялық байланыстың түрлерін ата.
5. Термохимиялық теңдеу дегеніміз
не?
6. Периодтық жүйеде « кен түзушілер » деген мағына білдіретін элементтер қалай аталады?
(атом)
(құрамында сутек атомы және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылыстар)
(Р.Бойль)
(коваленттік, иондық)
(жылу эффектісінің мәні жазылған теңдеу)
(халькогендер)
«БейМеталдар» тобы
Зарядталған бөлшектер қалай аталады?
2. Оксидтер дегеніміз не?
3. Зат массасының сақталу заңын кім тұжырымдады?
4. Химиялық реакцияның типтерін ата
5. Экзотермиялық реакция дегеніміз не?
6. Периодтық жүйеде « тұз түзушілер » деген мағына білдіретін элементтер қалай аталады?
(аниондар, катиондар)
(екі элементтің біреуі
оттегі болып келетін бинарлы қосылыстар)
(М.В.Ломоносов)
(қосылу, айрылу, орынбасу, алмасу)
(жылу бөле жүретін реакция)
(галогендер)
ІІ кезең. «Полиглот»
«Металдар» тобы
(темір-железо-феррум)
1. От көмір жейді, тот ... жейді.
2. Арпа бидай ас екен, алтын ... тас екен.
3. Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйылған сақамен атады.
4. Өзім газбын, менімен демаласың
Жоқ болсам, ауа жетпей қиналасың.
5. Консерві қалбыры жасалатын металл.
(күміс-серебро-аргентум)
(қорғасын-свинец-плюмбум)
(оттегі-кислород-оксигениум)
(қалайы-олово-станнум)
«Бейметалдар» тобы
Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін?
2. ... еріте білмеген ірітер,
Тері илей білмеген шірітер.
3. Ескі мата бөз болмас,
Ескі ... біз болмас.
4. Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады.
5. Көрсететін суықты, жылуды анық,
Қандай зат - құрал жасар соны құйып.
(азот-азот-нитрогениум)
(алтын-золото-аурум)
(темір-железо-феррум)
(сутегі-водород-гидрогениум)
(сынап-ртуть-гидраргирум)
ІІІ.«Кім тез, кім жылдам?»
Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден сумен жуып жіберген
дұрыс.
ІV.«Сиқырлы қобдиша»
Атақты грек қолбасшысы А. Македонскийдің солдаттары іш сүзегі ауруымен әскери қолбасшыларға қарағанда көп ауырды. Тіпті әскер басшылары бұл аурумен ауырмады. Бұл құбылыс сол кезде Македонскийдің өзін де таңқалдырды. Бұл құпия Македонскийден 2280 жыл кейін белгілі болды.
Сұрақ: Осы құпияның сыры неде?
Қосымша көмек: бұл элементтің микробтарды жоятын қасиеті бар
(қолбасшылар күміс ыдыспен, сарбаздар қалайы ыдыспен тамақ, су ішкен)
Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты, ал біреуінің үстінде тұз екіншісінде мақта. Олар өзеннен өту керек болды, үстіне тұз артқаны судан шыға салып жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысты.