kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химияны? адам ?міріндегі ма?ызы (Баяндама)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л баяндамада химияны? адам ?міріндегі ма?ызы мен ролі туралы білуге болады. Химия - бізді? елімізді? ?ркендеуі к?мегін тигізуде. Сонды?тан химияны о?у барлы? о?ушылар ?шін ма?ызды. Мен химияны адам ?міріні? ажырамас бір б?лігі деп білемін. Себебі, жан жа?амыз?а ?арап отырса?ыз, тама?ы?ыз, киімінізді? барлы?ы дерлік химия.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химияны? адам ?міріндегі ма?ызы (Баяндама)»

Home » Этнография » Химия – Қазақ елінің болашағы!

Химия – Қазақ елінің болашағы!

 Этнография  2014.08.29 2 пікір 2,336 қаралған

Химияның дербес пән болғанына ұзақ уақыт болмаса да, сонау әлмисақтан күнделікті тұрмыста нақтылы қолданылып келген. Мысалы, май мен күлдің қасиетін пайдаланып қолдан сабын жасаған, айран ұйытып, қымыз ашытқан. Химияның дамуы ерте заман, таяу заман және осы заман сияқты ұқсамаған дәуірлерді басып өтті. Мыс, темір сияқты металдарды және қорытпаларды қорыту, шарап ашыту сияқтылардың бәрі де – химияның алғашқы табыстары. Тас көмір, мұнай, табиғи газ сияқты жанар заттарды ашу және пайдалану, қағаз жасау техникасының жарыққа шығуы мен дамуы сияқтылар адамзат қоғамының дамуында маңызды рөл атқарады. Дәрі-дәрмек химиясы мен металлургия химиясының кең көлемде зерттелуі таяу заман химиясының жарыққа шығуына және дамуына тамаша негіз қалады. Атом-молекула ілімінің орнауы таяу заман химиясының дамуындағы бір белес болды. Таяу заман химиясының дамуы барысында адамдар қыруар элементтерді арт-артынан тапты, сонымен бірге материалдық дүниенің негізгі заңы – элементтердің периодтық заңын ашты. Атом ядросы моделінің орнауы, спектрлік тәжірибелердің өте дәл сандық мәліметтерге ие болуы, радиациялық тәжірибе құбылыстары, фотоэлектр эффектінің табылуы негізінде орнаған осы заманғы заттардың құрылыс теориясы адамдарға заттардың ішкі сырын, сондай-ақ микро бөлшектердің мәнін терең де ғылыми түрде ұғындырды. Сондай-ақ заттарды зерттеу атом-молекула деңгейіндегі микро салаға бет алды, сонымен бірге, химияның басқа пәндермен тығыз қарым-қатынасынан химия ғылымының өрісі барған сайын кеңейді. Жаймалағыш туннельді микроскоптың сәтті зерттеліп жасалуымен адамдар атомның кескінін және қозғалыс күйіндегі химиялық өзгерісін анық бақылай алатын болды.

Бүгінгі күнде, химияға және ауыл шаруашылығы мен қоғамдық тұрмысқа тығыз байланысты болған материал, энергия қайнары, кеңістік пен тіршілік арасындағы байланыс күннен күнге қоюланды, әрі химия осылардың арасындағы алтын көпірге айналды.

Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағының (IUPAC) бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы 2011 жылды – «Халықаралық химия жылы» деп жариялаған. Халықаралық химия жылы ресми түрде 2011 жылдың 27-28 қаңтарында Париж қаласында ашылды. БҰҰ Бас ассамблеясының Халықаралық химия жылын өткiзу туралы қарарында: «Іргелi химияның жетiстiктерi қазiргi материалдық әлемнiң кiлтiн табудың заманауи деңгейiн анықтайды, ал химиялық технологиялар мен үдерiстер климаттың өзгеруi, халықты таза сумен, тамақпен және энергиямен қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны сақтау сияқты ғаламдық мәселелердi шешуде маңызды рөл атқарады» делiнген. Халықаралық химия жылының ұраны «Химия – бiздiң өмiрiмiз, бiздiң болашағымыз» деп аталады. Осы ұранның өзi аталған ғылымның адамзаттың тұрақты дамуындағы маңызды рөлiн айқын көрсетедi. Химия ғылымының ел экономикасындағы алар орынын 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелi индустриалды-инновациялық мемлекеттiк бағдарламасынан да байқауға болады. Бағдарламада анықталған экономиканың басым секторларының барлығы да – мұнай-газ секторы, мұнай химиясы, тау-кен металлургиясы, химия өнеркәсiбi, атом өнеркәсiбi, фармацевтика өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы тiкелей химия ғылымының жетiстiктерiмен және химиялық технологиямен тығыз байланысты. Шын мәнiсiнде де, химия ғылымының ауқымы өте кең және заттардың бiр түрiн екiншiсiне айналдыруға және практикада қолдануға бағытталған. Ал Қазақстанда, 2011 жылы химиктердiң тұңғыш халықаралық бiрлестiгiнiң құрылғанына 100 жыл толды.

Кезiнде Б. А. Бiрiмжанов «Бiз – химия ғасырының тұрғындарымыз» атты сөзi қазiргi уақытта өмiр шындығына айналып отыр.

Ал, біздің  Қазақстан – өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм, яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.

Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі. Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар жазықтарда кездестіруге болады.

1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 110 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70 %-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.

Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.

Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және  Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан атқылады. Ал, 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазакстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына шамамен 55 млн тонна мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн тонна көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн тонна өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді.Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.

Қазіргі кезде Қарағанды  алабы 3600 км2 жерді алып жатыр. Бұл Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 кабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд тонна.

Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Павлодар облысында ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150 м.  ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн т. көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай көмір алаптарын игеру басталып, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде кайта құру, кайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар.

Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кені, Жаманайбат мыс кені) мыс қоры 10 млн. тоннадан асады.

Қазір жер-жаһанда техника саласы қарыштап дамып тұр. Кезінде арман болған көптеген жайлар бүгінгі күні ешкімге таңсық емес. Ыбырай Алтынсарин атамыздың айтқаны айдай келгендей. Алғашқы ағартушымыз екі ғасырға жуық уақыт бұрын өнер-білім бар жұрттың өрісі кең екенін тілге тиек еткен еді. Қазіргі уақытта Қазақстанда инновациялық жоба­ларға маңыз берілуде. Яғни, жаңашыл идеяларға мемлекет тарапынан қолдау жасала




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Химияны? адам ?міріндегі ма?ызы (Баяндама)

Автор: М?хамедияр Зина Исламбек?ызы

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 319123


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства