Ойынның мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу; Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, сабақта алған білімдерін, интеллектін жетілдіру.
Тәрбиелік: сайыс барысында ұжымдық коммуникативтік дағдыларыын қалыптастыру.
Дамытушылық: өз бетімен ізденіп, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, алған білімдерін пайдаланып, алғырлыққа, шапшаңдыққа, тез ойлнуға, тапқырлыққа баулу.
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қымбатты сайысқа қатысушылар! Бүгінгі біздің «: Химия додасы» атты сайысқа қош келіпсіздер! Білген сайын келеді біле бергім Біле беру емес пе тілегі елдің Бүгін осы сайыста жеңіске жет Білімді әрі білікті жас жеткіншек. Сонымен, сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық. Топтармен танысу рәсімі (музыка орындалады).
І кезең «Бәйге»
II кезең «Жорға»
ІІІ кезең «Полиглот»
IV кезең «Рефлексия»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Химия додасы» атты интелектуалды ойын»
Тақырыбы: «Химия додасы» атты интелектуалды ойын Ойынның мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу; Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, сабақта алған білімдерін, интеллектін жетілдіру.
Тәрбиелік: сайыс барысында ұжымдық коммуникативтік дағдыларыын қалыптастыру.
Дамытушылық: өз бетімен ізденіп, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, алған білімдерін пайдаланып, алғырлыққа, шапшаңдыққа, тез ойлнуға, тапқырлыққа баулу.
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қымбатты сайысқа қатысушылар! Бүгінгі біздің «: Химия додасы» атты сайысқа қош келіпсіздер! Білген сайын келеді біле бергім Біле беру емес пе тілегі елдің Бүгін осы сайыста жеңіске жет Білімді әрі білікті жас жеткіншек. Сонымен, сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық. Топтармен танысу рәсімі (музыка орындалады).
І кезең «Бәйге»
II кезең «Жорға»
ІІІ кезең «Полиглот»
IV кезең «Рефлексия»
І кезең «Бәйге»
1. Жүргізуші қатысушыларға «Kahoot» программасы арқылы қарапайым сұрақтар қояды. (7 - 8 сынып курсынан) 2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда ұпайлар иеленеді. 3. Жауап әр топтан ұялы телефондары арқылы беріледі. 4. Жауапқа 20 секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
Сұрақтар: 1. Көлемдік қатынастар заңын ашқан ғалым?
А. Авогадро
Ж. Л. Гей-Люссак
Ж. Пруст
М. В. Ломоносов
2. Құрам тұрақтылық заңын ашқын ғалым?
А. Авогадро
Ж. Л. Гей-Люссак
Ж. Пруст
М. В. Ломоносов
3. Заттар массасының сақталу заңы?
А. Авогадро
Ж. Л. Гей-Люссак
Ж. Пруст
М. В. Ломоносов
4. Судың 1 молінің мольдік массасы?
18 г
18 моль
18 г/моль
18
5. Электртерістілігі бірдей атомдар арасында болатын байланыс түрі?
Ковалентті полюсті
Ковалентті полюссіз
Иондық
Металдық
6. Күшті электролит
күкірт қышқылы көмір қышқылы сірке қышқылы фосфор қышқылы
9. Диссоциациялану дәрежесіне әсер етпейтін фактор
Еріткіштің табиғаты Ерітіндінің концентрациясы Температура Қысым
10. Әлсіз қышқыл
CH3COOH H2SO4 HNO3 HCl
11. Күшті электролиттер диссоциацияланады
Бөлшектеп Жартылай Іс жүзінде толығымен Сатылап
12. Алюминий сульфаты ерітіндісінде лакмус индикаторының түсі
қызыл көк таңқурай түсті сары
13. 10,6г натрий карбонаты тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген газдың көлемі
4,4л 2,24л 22,4л 44 л
14. Зарядталған бөлшек
атом молекула ион нейтрон
15. Ерітіндісінде фенолфталеин индикаторының түсі таңқурай түсті болатын қосылыс
H2SO4 K2CO3 NaCl AlCl3
16. 100 молекула тұздың 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі
40% 60% 4% 6%
17. 50г 26,5% - тік натрий карбонатының ерітіндісіне 24,5г күкірт қышқылын құйғанда, бөлінген газдың (қ.ж) көлемі
5,6л 2,8л 56л 28л
18. Сілтілік металдарды алу әдісі:
электролиз
пиролиз
гликолиз
гидролиз
19. Мыстың периодтық жүйедегі орны:
4 период 1А топша
1 период 4А топша
4 период 1Б топша
1 период 1А топша
20. 43,4 г сынап (ІІ) оксиді айырылғанда түзілетін оттектің зат мөлшері:
0,1 моль
0,2 моль
0,02 моль
0,23 моль
21. Конфигурациясы 6s2 болатын элемент:
полоний
астат
барий
күміс
22. Реттік нөмірі №13 элементтің орналасқан тобы:
3
2
5
1
23. Күкірттің жану теңдеуіндегі тотықтырғыш алдындағы коэффициент:
5
2
1
4
II кезең «Жорға»
Бүгін де химия барлық жерде, Құрылыста, техникада, өндірісте. Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер, Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер,
1. Бұл кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша таңдау жасайды: Түстер, тұрмыстағы химия, әрқилы сұрақтар, т. б 2. Қатысушыларға үш тақырып беріледі. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10; 20; 30; 40 балл беріледі. 3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. 4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді. 5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады. 6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде жалауша көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады. 7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті. 8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
«Түстер»: 10 – Суретте берілген ерітінді атауы. (Калий перманганаты)
20 – ? + лакмус = қызыл (қышқылдық орта)
30 – Суретте берілген заттың атауы. (Күкірт)
40 – Суреттегі жалынның түсін қандай элемент береді. (Натрий)
«Тұрмыстағы химия»: 10 - Адам ағзасында кездесетін микроэлементтер. (иод,фтор,алюминий,бром) 20 –Күнделікті өмірде қолданатын зат? (тұз) 30 - Адам дем шығарғанда қанша % СО2 бөледі? (4%) 40 - Бұл заттың 0, 9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста да қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (NaCl натрий хлориді)
«Әрқилы сұрақтар»:
10 – Шерлок Холмс кітабында қандай элементпен қайланысты қателік болды? (Фосфор, бұл элементпен итті бояды)
20 - Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз? (оттек)
30 - Ежелгі грек ертегісіндегі батырдың атына сәйкес элемент (тантал) 40 - Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
IІІ кезең «Полиглот»
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе. Қатысушылар берілген жұмбақты шешу немесе мақалды аяқтау арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған сөзге 10 ұпай)
1. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, айс,) 2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air) 3. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ (Темір, железо, iron 4. Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода, water) 5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt) 6. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold) 7. Иісі, түсі, өңі жоқ Табиғатта онсыз өмір жоқ Өсімдіктен аламын Өміріме нәр қыламын. Жауабы: Оттек, кислород, oxygenium 8. Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас екен. Жауабы: Күміс, Серебро, silver
IV кезең «Рефлексия»
«Padlet» программасы арқылы қатысушылар өткен «Химия додасы» интеллектуалды ойынынан алған әсерлерін, тілектерін, кемшіліктер (болған жағдайда) жазады. (Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
Құтты болсын ұтып алған бас бәйге, Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге. Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан Ала бер жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз
«Бәйге» (Кахут)
«Жорға» (ұяшықтар)
«Полиглот»
1 топ
2 топ
3 топ
Критерий:
1 сайыс «Бәйге» (Кахут): 1 орын – 50 ұпай
2 орын – 40 ұпай
3 орын – 30 ұпай
2 сайыс «Жорға» (ұяшықтар): қатысушылар таңдаған ұяшық сұрағына дұрыс жауап берсе, ұпай болып есептеледі. Жауап бере алмаған жағдайда, келесі топ қатысушыларына мүмкіндік беріледі. Егер «Кот в мешке» ұяшығы түссе сол топқа бонус есебінде 5 ұпай беріледі.
3 сайыс «Полиглот»: әр дұрыс жауап берген сұраққа 10 ұпайдан беріледі