Просмотр содержимого документа
«Химия п?нінен интеллектуалды марафон »
М.Әуезов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп
Жоғары санатты, химия – биология пәндері мұғалімі:
Кадирова Несіпжан Медеуқызы
Интеллектуалды марафон
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
9-10 сынып оқушыларымен химия пәні бойынша өткізілген сыныптан тыс жұмыс.
Талғар қаласы
2014 -2015 оқу жылы
Интеллектуалды марафон «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: Оқушылардың білім дәрежесін тексеру, пәнге қызығуын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, үздік окушыны анықтау.
Жоспары:
І – тур. «Бәйге»
ІІ – тур. «Полиглот»
ІІІ – тур. «Химия әлемі»
ІV – тур. «Жорға»
V – тур. «Егерде мен болсам......»
Көрнекіліктер: 201, 202, 203, 301, 302, 303, 401, 402, 403 сандары жазылған кесте, реактивтер, жарыс жоспары, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
І. Ұйымдастыру:1) Жарысқа қатысушыларды таныстыру;
2) Олардың ұстанымдарымен таныстыру;
3) Жарыс шарттарын хабарлау;
4) Қазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. І – тур«Бәйге». Тур тапсырмасы: (8-оқүшы)
1. Заттар мен олардың қасиеттері мен өзгерістері туралы ғылым. (Химия)
2. Заряды + 1 бөлшек. (протон)
3. Ядросында протон саны бірдей атомдар түрі. (хим.элем)
4. Қазіргі кезде неше элемент белгілі? (110)
5. Периодтық жүйедегі элементтердің көлденең қатары. (период)
6. Электрон жұбы арқылы жүзеге асатын байланыс. (коваленттік бай-с)
7. Теріс және оң зарядталған атомдар? (иондар)
8. 6,02*10²³ саны нені білдіреді? (Авагадро саны)
9. Қай элементтің атомдық массасы 14? (N-азот)
10. ē беру процесі қалай аталады? (тотығу)
11. 3-периодта ІІ-А топта, реттік № 13. Бұл қай элемент? (Алюминий)
12. Ең электр теріс элемент? Эт.-4-ке тең? (фтор)
13. Заряды жоқ болшек (нейтрон)
14. Тұздың суда еруі қандай құбылыс? (физикалық)
15. Фенолфталейн сілтіде қандай түске боялады? (таңқұрай)
16. Алмаздың кристалл торын қандай бөлшектер құрайды? (атомдар С)
17. Периодтық кесте неше топтан тұрады? (7)
18. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффициент)
19. Көмір қышқылының тұздары қалай аталады? (карбонаттар)
20. Заттың химиялық жлмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі? (атом)
6 оқушы
ІІ - тур « Полиглот ».Химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан хим. элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек.
І - бөлім.
1. Өзім газбын менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттек, кислород, оксигениум)
2. Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутек)
3. Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны (темір)
4. Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады (қорғасын, свинец, плюмбум......)
5. Таңбасы айдаһарға ұқсайды,
Ал түсі алтынға ұқсайды (......)
ІІ - бөлім. Анаграммадан сөз құрастыру, формуласын қазақша, орысша атау.
1. ус-су (Н2О)- вода
2. тотегі – оттегі О2 – кислород
3. тегіус – сутегі Н2 - водород
4. тоза – азот – N2 - азот
5. дой – йод – У2 – йод
6. мазла – алмаз – С – алмаз
7. торф – фтор – F – фтор
8. тифгра – графит – С – гарфит
ІІІ – тур. « Химия әлемі »( 4 оқушы)
2О1 Биология. Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан ғана болған, сонда да авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі не?
(ауа, су, топырақ таза болған)
2О2 География. Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте
(эпицентр)
3О1 Қазақ әдебиеті. Шоқан оқыған оқу орын қай қалада орналасқан?
(Омбы)
2О3 Валеология. Адам ағзасының қалыптасуы қанша жасқа келгенде аяқталады.
(22,23 жас)
3О2 Математика. Үшбұрыш төбесін қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын сызық (медиана)
3О3 Физика. Макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдарын ең алғаш ашқан ғалым?
(Ньютон)
4О1 Химия. Қай галоген бактериаларды өлтіріп, ден саулықты қорғайды?
(хлор)
4О2 Химия. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады?
(тұз қышқылы)
3О3 Химия. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына шалдығады?
(фтор)
ІV – тур. (3 оқушы)
1. Дәрігерлердің беретін анттың авторы (Гиппократ)
2. Иіс газының формуласы (СО)
3. Темекі құрамындағы қышқыл (никотин)
4. Судың мольдік массасы? (18 г/моль)
5. Ең жеңіл газ (сутек)
6. Пышақпен кесуге болатын металдар (Na, Ca)
7. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (моль)
8. Мыстың латынша атауы (купрум)
9. Бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектер (атом)
10. Натрий неше валентті? (1)
11. Ауадағы оттектің массалық үлесі (21%)
12. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым (С. Аррениус)
13. Жану реакциясы кезінде не бөлінеді? (жарық, жылу)
14. Оттектің салыстырмалы молекул. массасы (32 г/моль)
15. Ұйқы безі қандай гормон боледі? (инсулин)
16. Ең жеңіл металл? (литий)
17. Сілтілік ортада фенолфтолейн қандай түске боялады? (таңқұрай)
18. Бром молекуласындағы химиялық байланыс (коваленттік полюссіз)
19. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
20. Нобель қандай затты патенттеу арқылы байыды? (динамит)
21. Оттектің аллотропиясы (озон)
22. Тамақ өнеркәсібінде темірмен байыту үшін қай азық түлікке темір қосады? (ұнға)
23. Суда еритін негіздер қалай аталады? ( сілтілер)
24. Өмір мен ойдың элементі (фосфор)
25. Сұйық металл (сынап)
26. Отқа жанбас, суға батпас (мұз)
27. Атом – молекулалық ілімді жасаған кім? (Ломоносов)
28. Марганцовканың формуласы (КМnО4)
29. Қалқанша бездің ауруы қай элемент жетіспесе болады? (йод)
30. Электрон беру қандай процесс (тотығу)
V – тур. Егерде мен болсам.... (2 оқушы)
Берілген реактивтермен тәжерибе жасайды. Реакция нәтижесінің толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазады. Кім жылдам, сол оқушы жеңімпаз атанады.