kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«БІЛГІРЛЕР ОТАУЫ» атты сыныптан тыс іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушыларды? физика курсынан ал?ан білімдерін, таби?атта?ы физикалы? ??былыстарды? ??пиясы мен сырын аша білуге ?рі ?олдана білуге ?йрету;

Дамытушылы?: О?ушыларды? ой ?рістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, ?абілеттерін ?алыптастыру;

Т?рбиелік: ?жымды? ?рекетке, ?арым-?атынас жасай білуге, ?зіндік ж?мыс?а, а?паратты тауып ?олдана,пайдалана білуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Интелектуалды ойын, ?орытындылау, ж?йелеу саба?ы

К?рнекіліктер: интерактивті та?та, плакат, ?лестірмелі материалдар, суреттер.

Барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і

а) Сайысты? ж?ргізілу барысымен таныстыру.

б) ?діл?азылар ал?асын сайлау.

-                   Армысыздар, ?адірлі ?стаздар мен білім мен ?нерге ??штар о?ушылар! Адам баласы тек білім, ?ылым ар?ылы ?з орнын табады. “Білігі к?шті бірді жы?ады, білімі к?шті мы?ды жы?ады”, “К?пті? к?ші бірлікте” деген дана халы?. Болаша? ?асырда білім те?ізінен ж?зіп ?ткендер ?ана елімізді? тірегі, с?йініші болады деп ойлаймыз. Сонды?тан  б?гінгі “Білгірлер отауы ” атты сайысымыз?а ?ош келді?іздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««БІЛГІРЛЕР ОТАУЫ» атты сыныптан тыс іс-шара »

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ





















Математика, физика және информатика онкүндігі аясында өткен

«БІЛГІРЛЕР ОТАУЫ»

атты сыныптан тыс іс-шара











Өткізген: физика пәнінің мұғалімі

Букабаева А.Т.















Семей қаласы

Қатысушылар: 9-сынып оқушылары

Сабақтың тақырыбы: " Білгірлер отауы"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана,пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интелектуалды ойын, қорытындылау, жүйелеу сабағы

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі материалдар, суреттер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.

б) Әділқазылар алқасын сайлау.

  • Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Білгірлер отауы ” атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Армысыздар, ағайын

Ағайын тілін табайын

Есенбісіз ұстаздар

Шаршамайтын қыс-жаздар

Кешке келген аман ба,

Отырамын деп жайланып.

Көрермендер аман ба,

Отырған анау сайланып,

Бәріңізге бір сәлем!

Онда кешті бастайық.


– дей отырып ортаға әділқазыларды шақырайық!

Сайысты бастамас бұрын 9 «А», 9 «Ж», 9 «Е» сынып оқушыларына викториналық сұрақтар қою арқылы сайысқа қатысушыларды анықтаймыз. Ең көп сұрақтарға жауап берген 7 оқушы сайысқа қатысуға мүмкіндік алады. Сұраққа қол көтерін жауап береді.



Сұрақтар:

  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

  3. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

  4. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  5. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

  6. Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан? (янтарь)

  7. Атмосфералық қысым қандай шамаға байланысты ? (Биіктіке)

  8. Денеге басқа дене әсер етпесе өз жылдамдығын сақтау құбылысы? (Инерция)

  9. .Айға алғаш қонған қай елдің азаматтары? (американдық Армстронг пен Олдрин)

  10. Эклиптика деген не? ( Күннің бір жыл ішінде жүріп өтетін сызығы – эллипс бойымен болады, осы траекторияны эклиптика деп атайды )

  11. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы (ақиқат) болжамды ұсынған ғалым. (В.Франклин)

  12. Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)

  13. Жәй көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)

  1. Жарық жылдамдығының шамасы неге тең? (3*108 м/с)

  2. Қандай планеталарды төменгі деп атаймыз? (Жер орбитасының ішіндегі)

  3. Уранның басқа планеталардан айырмашылығы неде?(өз белдеуіне перпендикуляр бағытта айналады)


- Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік, сайысымыз жеті бөлімнен тұрады. Әр турдан өте алмаған қатысушы сайыстан шығып отырады.

Ойынның барысы:

1.«ТАНЫСТЫРУ» (әр оқушыөзін таныстырады);
2. «ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» (викториналық сұрақтар);
3. «СИҚЫРЛЫ КУБИКТЕР» (кубиктердің астына жасырынған физикалық формулаларды табу)
4. «ҚҰБЫЛЫСТАР!» (айтылған мақал-мәтелдер қандай физикалық құбылыс екенін түсіндіру);
5. «БЕЙНЕ СҰРАҚ» (экранда қойылған бейне сұраққа жауап беру);

6. «КӨМЕККЕ КЕЛЕТІН ЖҰМБАҚ» (физикалық жұмбақтың шешуін тауып, орыс және ағылшын тіліне аудару);


«ТӘЖІРИБЕЛЕР» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
7.

1-ТУР:«Таныстыру». Бұлтурда әр бір сайысқа қатысушы өзін таныстырып өтеді.

Әр бір қатысушыға 5 ұпай беріледі.

2-ТУР.«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР». Әрбір оқушы берілген сандардытаңдау арқылы, сол санның астында жасырынған сұраққа жауап беру керек. Әр бір дұрыс жауап берген қатысушыға 5 ұпай беріледі.

1 саны.Оны “сер” деп атаған.Оны классикалық механиканың атасы деп атаған.

Оның құрметіне күштің өлшем бірлігіне аты берілген.

Жауабы:И.Ньютон

2 саны. Бұл ғалым кім және ол қандай жаңалық ашты?

Жауабы: Ең алғаш радионы ойлап тапқан ғалым А.С.Папов.

3-саны. Өзінің ашқан жаңалығына қатты қуанып, Эврика!, Эврика!...деп айқалаған ғалым.

Жауабы: Архимед.

4-саны. Ең алғаш атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым кім?

Жауабы: Эрнестет Резерфорд.

5-саны. Бұл ғалым зат құрылысының негізін салған ғалымдардың бірі.

Жауабы: Михаил Валильевич Ломоносов.

6-саны. Өмірдегі маңызын

Электромагниттік өрістің

Фарадейменен қоса-

Біле білген ғалым кім?

Жауабы: Д. Максвелл.

3-ТУР.«СИҚЫРЛЫ КУБИКТЕР». Әр бір сайысқа қатысушы кубиктерді таңдайды, кубиктердің астына жасырынған физикалық формулаларды табу керек.Әр бір дұрыс жауап берген қатысушыға 5 ұпай беріледі.





Сандар

Формула

Формуланың аталуы

1 саны

v=ωR

сызықтық жылдамдық


2 саны



Ньютонның 2-ші заңы

3 саны



Түзу сызықты бірқалыпты үдемелі қозғалыстың орын ауыстыруы


4 саны

P=mv

Дененің импульсі


5 саны


Математикалық маятниктің периоды




4-ТУР. «ҚҰБЫЛЫСТАР».Әр бір сайысқа қатысушыға мысалдардар беріледі. Сол мысалдар қандай физикалық заңға сәйкес келетінін түсіндіру.Әр бір дұрыс жауап берген қатысушыға 5 ұпай беріледі.

  1. Аузы күйген үрлеп ішеді.

  2. Кесеу ұзын болса қол күймейді?

  3. Темір жолдағы рельстер арасында саңылау қалдырылады?

  4. Айран ашыту?

  5. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе , әлде күркіреген дауысты естиміз бе?

5-ТУР. «КӨМЕККЕ КЕЛЕТІН ЖҰМБАҚ». Физикалық жұмбақтың шешуін тауып, орыс және ағылшын тіліне аудару керек.Әр бір дұрыс жауап берген қатысушыға 5 ұпай беріледі.

а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді.
5 ұпай

б) Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт .
3 ұпай

в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді.
2 ұпай

г) жердегі ең ақылды кім?
1 ұпай

Жауабы: Адам-Человек-Man

а) Адам организмінде бар зат.

5 ұпай

б) Заттың үш күйінің біреуі.

3 ұпай

в) Үш күйде де бола алады .

2 ұпай

г) Жерде онсыз өмір жоқ.

1 ұпай

Жауабы: Су-Вода-Water

а) Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады.

5 ұпай

б) Іші ауаға толы.

3 ұпай

в) Спортшы осы денемен дос.

2 ұпай

г) Шар тәріздес.

1ұпай

Доп-Мячь-Ball

6-ТУР.«БЕЙНЕ СҰРАҚ».

1.Бұл планета алып планеталардың ішіндегі ең жақсы зерттелген планета. Диаметрі бойынша Жерден 11есе, ал масса бойынша 300 есе үлкен. Айналу осі орбита жазықтығына перпендикуляр болғандықтан, онда ешқандай жыл мезгілдері ауыспайды. Ол басқа алып планеталар сияқты өз осі төңірегінде өте тез айналып қозғалад. 16 серігі бар. .Атмосферасы тығыз болып келеді Бұл қай планета?

Жауабы: Юпитер.

2. Домбырамен күйсандықтан бір нота орындағанда,. осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей бола ма?

Жауабы: Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады. Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз.

7-ТУР. «ТӘЖІРИБЕЛЕР» Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып, физикалық тәжірибе жасау.Дұрыс жасалған тәжірибеге 10 ұпай беріледі.

1-тәжірибе

Берілген приборларды пайдаланып заттың көлемін анықта. Приборлар: мензурка, су құйылған ыдыс, әр түрлі ыдыстар мен денелер.

2-тәжірибе

Ток көзін (батарея),өткізгіш сымдар, шам, кілт, амперметр, вольтметрді пайдаланып тізбектегі ток күші мен кернеуді өлшеңдер?

  • Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз."Физиканың жас білгірлері" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Қорытынды. Әділқазылар алқасы сайысқа қатысқан топты бағалайды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«БІЛГІРЛЕР ОТАУЫ» атты сыныптан тыс іс-шара

Автор: Букабаева Асем Тусупжановна

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166674


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства