kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар.

Мектеп:39 ҚОЖББМ

Күні: 13.11.18


Класы: 8 «Ә»

Мұғалімнің аты-жөні: Аккуланова Б.Б

Қатысқандар: Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану

Сабақтың

мақсаты

Оқушылардың барлығы: тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі мәндерін қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі: тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табу үшін 300, 450, 600 бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі мәндерін пайдалану аясын кеңейтеді.

Оқушылардың кейбіреуі: тікбұрышты үшбұрыштың элементтері арасындағы байланысын анықтайды.

Бағалау критерийі

  • 300, 450, 600-тағы бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі, котангенсы мәндерін тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін қолданады;

  • тікбұрышты үшбұрыштың берілген элементі бойынша қалған бұрыштары мен қабырғаларын табады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік және тілдік мақсат: Оқушылар тікбұрышты үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыштың элементтері, яғни қабырғалары, сүйір бұрыштарының мәндері туралы талқылау.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Тікбұрышты үшбұрыш, сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангесі, Пифагор теоремасы және оған кері теорема.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Тікбұрышты үшбұрыштың іргелес катетінің қарсы жатқан катетке қатынасы ..., тікбұрышты үшбұрыштың қарсы жатқан катетінің іргелес катетке қатынасы ..., тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы..., тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы....

Құндылықтарға баулу

«Қазақстанның тәуелсіздігімен Астана» идеясы бойынша оқушылардың бойына патриоттық, адамгершілік, өзара сыйластық қарым-қатынастарды дамыту.

Пәнаралық байланыс

Сызудың техникалары және оларды рәсімдеу ережелері. Информатика (ақпарат алу,ақпарат іздеу, ақпаратты өңдеу,ақпаратты талдау,қабылданған ақпаратты есте сақтау,ақпаратты жеткізу, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту).

Алдыңғы білім


Тікбұрышты үшбұрыш, сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангесі, Пифагор теоремасы және кері теоремасы.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы







Ұйымдастыру кезеңі: оқушы зейінін шоғырландыру.

Ширату жаттығуы:

"Қазына іздеу жолында"әдісі бойынша сабақ тақырыбына қатысты ақпараттар жасырылады. Оқушылар жасырылған ақпараттарды табуы керек. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушылардан оларға қажетті және қажет емес ақпаратты ажырату сұралады..

Оқушыларға берілетін ақпараттар:

1. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сүйір бұрыштың косинусы деп аталады .

2. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сүйір бұрыштың синусы деп аталады.

3. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сүйір бұрыштың тангенсі деп аталады.

4. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің қарсы жатқан катетке қатынасы сүйір бұрыштың котангенсі деп аталады.

5. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы 900-қа тең.

Осы ақпараттардың қажеттілерін таңдау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Мұғалім ОМ таныстырады.

Слайд

«Сұрақ-тар»

Сабақтың ортасы











Жаңа материалды меңгеру. Оқулықпен жұмыс. "Мозайка" әдісі: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасайды. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылайды, идеялармен бөліседі, ынтымақтастықты дамытады.



1-тапсырма: «Тапсырма алмасу» әдісі жұпта оқушылардың тапсырманы талдай отырып бірлесе орындауына негізделген.

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.




Есеп

30o және 60o бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі

Барлау бұрышы камера биіктігі 30 метр болатын мұнараның төбесіне орнатылған. Мұнараның табанындағы камераның көру аймағына түспейтін кесіндінің ұзындығы d. Сурет бойынша пайда болған бұрыштардың мәндерін кестеге толтыр.


Бағалау критерийі:

  • тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табуда , -тағы бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі, котангенсы мәндерін қолдану.

Дескриптор:

  • қажетті формуланы қолданады;

  • шешімін жазады.

ҚБ: «Жұлдызша» әдісімен жұптар бірін-бірі бағалайды. Жұптардың алған жұлдызшаларының көлеміне байланысты.


2-тапсырма.

«Әткеншек» әдісі арқылы өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған тапсырма бойынша ұсыныс енгізу үшін оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді.






Дескриптор:





Бағалау критерийлері: тікбұрышты үшбұрыштың берілген элементі бойынша қалған бұрыштары мен қабырғаларын табады.

Дескриптор:

  • мәндер кестесін қолданады;

  • белгісіз элементтерін табады;

  • периметрін таба алады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек».




Оқулық 8сынып

ht





















таратпа материал-дар
























Оқулық 8сынып

http://www.okulyk-edu.kz/show/list/ocenka-book/208




Сабақтың соңы


Қорытынды

«Индекс карточкалары» әдісі. Екі беті бар карточкалар.

1-беті: өтілген тақырып бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақта.

2-беті: өтілген тақырып бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарыңды жаз.

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Индекс»

карточкалары


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


1-тапсырмада саралаудың

«Қарқын» тәсілі арқылы қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдана отырып,көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беремін.

2-тапсырмада саралаудың

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілімен кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек беріп,ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қоямын.Бұл әдіс арқылы сөзбен қолдау көрсете отырып,ынталандырамын.

3-тапсырмада саралаудың

«Дереккөздер» тәсілі арқылы кейбір оқушыларға анағұрлым қиын баспадан шыққан және электронды дереккөздермен жұмыс істей отырып,материалдың анағұрлым ауқымды көлемін меңгереді.


«Жұлдызша» әдісімен жұптар бірін-бірі бағалайды. Жұптардың алған жұлдызшаларының көлеміне байланысты.

«Екі жұлдыз, бір тілек».

«Бас бармақ» әдісі бойынша топтар бір-бірін бармақ көрсету арқылы бағалайды.


Денсаулық және

қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан, оқушылар сыныпта еркін қозғалады.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Геометрия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары

Автор: Аккуланова Багдат Букенбаевна

Дата: 07.05.2019

Номер свидетельства: 509457


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства