kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көпбұрыштар тақырыбын қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Көпбұрыштар, көпбұрыштардың түрлерін меңгерту. Оқушылардың көпбұрыштар туралы алған білімдерін кеңейте отырып, есепте қолдануды үйрену; бізді қоршаған ортадағы көпбұрыштар туралы білу;

Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыту; ой ұшқырлығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершілік және өзін–өзі бағалау қасиеттерін қалыптастыру; ұқыптылыққа, сызбаны дұрыс сызуға баулу; ұлттық тәрбие беру.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көпбұрыштар тақырыбын қайталау»

Сынып   9

  Пән: геометрия

Мұғалім: Тилеуова А

Тақырыбы

Көпбұрыштар тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Көпбұрыштар, көпбұрыштардың түрлерін меңгерту. Оқушылардың көпбұрыштар туралы алған білімдерін кеңейте отырып, есепте қолдануды үйрену; бізді қоршаған ортадағы көпбұрыштар туралы білу;

Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыту; ой ұшқырлығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершілік және өзін–өзі бағалау қасиеттерін қалыптастыру; ұқыптылыққа, сызбаны дұрыс сызуға баулу; ұлттық тәрбие беру.  

Сабақтың түрі, әдісі

 бекіту; білім мен дағдыны тиянақтау; жүйелеу сабағы.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

- Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.

- Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады.

- Өздігінен кез-келген көпбұрыштарға берілген есептерді шеше алады.

- көпбұрыштардың қоршаған ортада кездесетіндігіне көздері жетеді. 

Ресурстар

Интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, сызба, жазба материалдар, оқулық.

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдас-тыру кезеңі

Геометриялық фигураларды таңдата отырып, екі топқа бөледі

Оқушылар фигуралар бойынша 2  топқа бөлінеді

Білу

 

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында төмендегідей «Кроссворд» шешу.   (көлденеңінен) 

1. Кез келген дөңес n-бұрыштың ... бұрыштарының қосындысы (n-2)*180 градусқа тең.  (ішкі)        
2. Егер көпбұрыштың кез келген қабырғасының созындысы көпбұрыштың басқа қабырғаларын қиып өтпейтін болса, онда мұндай көпбұрыш ...көпбұрыш деп аталады. (дөңес)
3. Жай тұйық сынық сызықпен шектелген фигураны ... деп атайды. (көпбұрыш)
4. Тұйық сынық сызықтың төбелері көпбұрыштың ... деп аталады. (төбелері)
5. Кез келген сынық сызықтың ұштарын кесінділермен қоссақ ... сынық сызық шығады. (тұйық)
6. Тұйық сынық сызықтың буындары көпбұрыштың ... деп аталады. (қабырғалары)
7. Егер көпбұрыштың әрбір қабырғасы белгілі бір шеңберді жанайтын болса, онда бұл көпбұрыш шеңберге ... сызылған деп аталады. (сырттай)
8.Егер әрбір төбесі белгілі бір шеңбердің бойында жататын болса, онда көпбұрыш шеңберге ... сызылған деп аталады. (іштей)                                                                                         

Өзін–өзі тексеру

Әр топ рет бойынша бір-бір сұраққа кезекпен сұрақты оқып,жауа-бын тақтаға жазады.

 

 Түсіну

Көпбұрыштардың ішінде дұрыс көпбұрыштармен жеке танысу себебіміз табиғатта және техникада, тұрмыста дұрыс көпбұрыштар көп кездеседі және қолданылады. Оның көп кездесу себебі дұрыс көпбұрыштар симметриялылығымен ерекшеленеді. Әсіресе сәндік-әсемдік жұмыстарында, сәндік архитектурада қолданылады. Сондықтан дұрыс көпбұрыштарды білуге және сыза білуге адамдар ертеден құштар болған. Табиғаттың өзі әсемдікпен сәндіктен құралған екен. Химиядан білеміз бинзол молекуласы дұрыс алтыбұрышты кристалдар. Алманы қақ ортасынан кесіп бөл де, дәндеріне қара ,олар бесбұрыш құрайды. Қар ұшқындары алтыбұрышты мұз кристалдардан тұрады, сонымен бірге әрбір қар ұшқыны қайталанбайды. Бал аралар балды алтыбұрышты қуыстардан тұратын арнайы торда сақтайды, олар карез деп аталады.

Топтарға ортақ сұрақ:
Дөңес көпбұрыштардың дұрыс болу шартын айтыңдар.
1. Барлық қабырғасы тең.
2. Барлық бұрыштары тең.
I топқа сұрақ:
Үшбұрыштың түрлерін айт. Қайсылары дұрыс көпбұрышқа мысал болады?

II топқа сұрақ:
Төртбұрыштың түрлерін айт. Қайсылары дұрыс көпбұрышқа мысал болады?

Екі топқа ортақ сұрақ: Ортақ қасиеттерін айт. (Жауап:Тең қабырғалы үшбұрыш және квадрат. Барлық бұрыштары және қабырғалары тең.)
Сұрақ: Қандай дұрыс көпбұрыштың түрлері бар екен? (Дұрыс көпбұрыштарды көрсетеміз.)
Көпбұрыштар қабырғалары көбейген сайын неге ұқсап бара жатыр? (шеңберге). Демек шеңберді сансыз көп қабырғалы көпбұрыш деуге болады екен.
Стреометриядағы геометриялық фигуралар дұрыс көпбұрыштардан жасалған:                                                                          

                                              

Оқушылар жаңа сабақты өздері меңгереді.   Оқушылар топпен пікірлесіп, берілген тапсырмаға топтың бір мүшесі жауап береді.

 

 

Қолдану 

I топқа тапсырма

№384  1) Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 1350 болса, онда оның неше қабырғасы бар?

Шешімі:    (n-2)*1800  = 1350*n     (8)

№386 1)  Дұрыс көпбұрыштың әрбір сыртқы бұрышы 360 болса, онда оның неше төбесі бар?

Шешімі:   36* n=360     (10)                                 

II топқа тапсырма

№384 2) Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 1500 болса,онда оның неше қабырғасы бар?

Шешімі:  (n-2)*1800  = 1500*n     (12)

№386 2) Дұрыс көпбұрыштың әрбір сыртқы бұрышы 240 болса, онда оның неше төбесі бар?

Шешімі:  24* n=360     (15)                                 

Жеке жұмыс

(оқулықпен жұмыс)

Дұрыс көпбұрыштың қасиеттерін есепте қолдану;

 

Талдау

 

I топқа тапсырма. Бесбұрыш сызыңдар.

1) Ішкі бұрыштарының қосындысын тап.

2) Әр бір ішкі бұрышы неше градусқа тең екендігін тап.

3) Әр бір төбесіндегі сыртқы бұрышы неше градусқа тең екендігін тап.

4) Периметрі 30см болса, қабырғаларының ұзындығы неше сантиметр?

II топқа тапсырма. Алтыбұрыш сызыңдар.

1) Ішкі бұрыштарының қосындысын тап.

2) Әр бір ішкі бұрышы неше градусқа тең екендігін тап. 

3) Әр бір төбесіндегі сыртқы бұрышы неше градусқа тең екендігін тап.

4) Периметрі 30см болса, қабырғаларының ұзындығы неше сантиметр?          

 Топ мүшелері бірлесіп, өз тапсырмала рын жылдам орындауға тырысады. Тапсырма жауабын түсіндіреді. Өзге топтар жауаптардың дұрыстығы немесе дұрыс еместігі жөнінде өз пікірлерін айтады.

Жинақтау

Қорытын-дылау

Әр топқа бірдей сұрақ.

Табиғатта, техникада және тұрмыста кездесетін көпбұрыштарға мысалдар келтір. (құрақтар, шайбы, карез, қар т.б.)

 Ұжымдық жұмыс

Бағалау

Бағалау парағы

 

Оқушы-ның аты-жөні

Үй тапсырма-сы

 Кросс-ворд

топқа сұрақ

Есеп-тер

Топқа тапсыр-ма

 Мысал-дар ойлау

Ұпай саны

Баға

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 ұпай-жоғары - 5
5-6 ұпай - 4
3-4 ұпай - 3
1-2 ұпай - 2

Топ басшысы бағалайды. Бағалау қорытындысын айтады.

Үйге тапсырма (1мин)

№ 387, №388 ; тақырыпты оқу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Рефлексия (2 мин)

Аты:___________________________________

1. Мен сабақ қызықты/қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта көп нәрсені үйрендім/үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият/зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі/сирек қатыстым.
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/риза емеспін.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Геометрия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Көпбұрыштар тақырыбын қайталау

Автор: Тилеуова Алимаш

Дата: 06.06.2019

Номер свидетельства: 513700


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства