Просмотр содержимого документа
«Жер ?ыртысыны? ?оз?алысы, Жер сілкінісі»
§18. жер қыртысының қозғалысы.Жер сілкінісі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жер қыртысы қозғалысының түрі жер сілкінісі және оның қосалқы зардаптары туралы білім беру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс, тәсілдері: СТО,ОЖТ,АКТ, ОҮБ,т.б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, кластер, суреттер сөйлейді.
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда жер қыртысының қозғалысы туралы білім қалыптасады;
Жер қыртысының қозғалысының түрлерін біледі;
Жер сілкінісінің зардабын, оның қосалқы зардабын біледі;
Жеке, жұппен, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай алады:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеп, «зоопаркте» ойыны бойынша 3 топқа бөліну.
Әр топтың атауы «географтар», «биологтар», «сейсмографтар».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Литосфералық тақталар» сұрақтар шеруі
Литосфералық тақталар дегеніміз не?
Литосфералық тақталар қай қабаттың бетінде орналасқан?
Литосфералық тақталардың ең ірісін ата?
Литосфералық тақталар жылына неше см ығысады?
Литосфералық тақталардың ажыраған жерінде не пайда болады?
Литосфералық тақталардың түйіскен жерінде не пайда болады?
Литосфералық тақталарға мұхит асты су жотасының байланысы қандай?
Литосфералық тақталардың қандай жылжуынан шұңғымалар пайда болады?
Литосфералық тақталардың қандай жағдайында біріңғай тау түзілуі жүреді?
Литосфералық тақталар көлденең ғана жылжидыма?
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
Топтарға өз атауы бойынша тапсырмалар бөлініп беріледі. Географтар жер қыртысының қозғалыстары туралы, биологтар жануарлардың жер сілкінісін болжауға қатыстылығын, қосымша зардаптары туралы зерттейді, ал сейсмографтар жер сілкінісін зерттеумен айналысады. Топтар берілген тапсырма бойынша тірек сызба жасайды.
Географтар
Жер қыртысының қозғалыстары
Жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі тау жасалу қозғалысы
Жер сілкіну жер сілкіну ошағы эпицентр 12 балдық шкала
Сейсмографтар
Жер сілкінуді зерттеу
Сейсмикалық аймақтар сейсмограф
Жерорта теңізі менГималай Тынық мұхит белдеуі 1000 ға жуық станса
Биологтар
Жануарлардың жер сілкінуді сезінуі
Жылқы қой балық құстар мысықтар
Жер сілкінудің қосалқы зардаптары
Цунама сел көшкіні өрт опырулар сусымалар
Жаңа сабақты бекіту: (Б.Ү.Ү. кестесін толтыру)
Қорытындылау, бағалау. Оқушылардың білімін қорытындылап, формативті, сумативті бағаланады.
Үйге тапсырма беру: оқулық соңындағы 2 қосымшаны дәптерге түсіру, жер сілкінісі туралы қосымша мәлімет алып келу.